Смайлова Рсалды Кадиржановна Торғай селосы 014-2015 оқу жылы Алғысөз Әдістемелік құралды құрастырған кезде Қайым, Р. Сәтімбеков, Ә.Әметов, Ж.Қожантаева " Биология" пәніне арналған сынып оқулық


Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары



бет12/24
Дата04.05.2023
өлшемі435,5 Kb.
#89944
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
дидактические материалы 7 сынып

Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:


1.Қазақтың қылшық жүнді, құйрық саулықтарын еділбай, дегерес қойларының қошқарларымен жұптастыру арқылы шығарылған қолтұқым? (Қарғалы)
2. Қойдың жабайы арғы тегі? (Муфлон)
3. Он саулықтың басын құрайтын кәсіптің иесі? (Қойшы)
4. Арқардың құлжасы (қошқары) мен жергілікті саулық қойларын жұптастыру арқылы алынған қолтұқымы? (Арқар меринос)
5. Қылшық жүнді құйрықты қолтұқымның бірі? (Еділбай)
6. Етті-жүнді, әрі етті- майлы (құйрықты) бағытта шөл-шөлейтті жердің табиғатына бейімделген қой қолтұқымы? (Дегерес)
7.Ұяң жүнді құйрықты қолтұқымдардың бірі? (Сараджын)
8. Қазақстандағы қой шаруашылығы әр аймақтың табиғат ерекшелігіне сәйкес неше бағытта жүргізіледі? (Төрт)
9.Әдемі және қымбат бағалы елтірісі арқылы дүние жүзіне белгілі қой тұқымы? (Қаракөл)
Сөзжұмбақ тақырыбы: "Ірі қара"
(Ірі қара шаруашылығы)


Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:
1.Сиырдың пірін атаңыз? (Зеңгібаба)
2. Бұдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген жануар? (Жабайы тур)
3.Қырдың қызыл сиыры, Әулиеата, Алатау, Қарала, Симменталь тұқымдары өсірілетін бағыт? (Сүтті)
4.Жергілікті қазақ, қалмақ сиырларын Англиядан әкелінген герефорд бұқаларымен жұптастыру арқылы алынған қолтұқым? (Ақбас)
5.Жергілікті сиырларды голланд қолтұқымының бұқаларымен ұрықтандыру арқылы алынған сиыр қолтұқымы? (Әулиеата)
6.Сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын күдір тұқымдастарның өкілі? (Сиыр)
7. "Сүт- табиғаттың өзі дайындап берген өте құнды тағамы" деп сүтті жоғары бағалаған ғалым? (Павлов)



II-бөлім. Тест тапсырмалары
Біржасушалы жануарлар
1.Белгілі дене пішіні сақталмайтын біржасушалы жәндіктер:
А) кірпікшелілер
В) плазмалылар ++
С) талшықтар
Д) бунақденелілер
Е) ішекқуыстылар
2.Біржасушалы қарапайым жәндіктерде зәршығару мүшесі:
А) жасыл без
В) жабынды қабықша
С) жиырылғыш вакуольдер++
Д) несепағар
Е) бүйрек
3.Вольвокс шоғырының пішіні:
А)үтір В) таяқша С) шар++
Д)спираль Е) оралма
4.Денесі кірпікшелермен қапталған, цитоплазмасында бір үлкен және бір кішкене- екі ядросы болатын:
А) безгек паразиті
В) қантышқақ амеба
С) жасыл эвглена
Д) кірпікшелі кебісше++
Е) кәдімгі амеба
5.Арцелланың қозғалу мүшесі:
А) қылауатқышы
В) кірпікшелері
С) жалғанаяқтары++
Д) табанымен
Е) талшықтары
6.Өсімдік пен жануарлардың туыстығына дәлел бола алатын біржасушалы жәндік:
А) арцелла В) домалаңғы
С) амеба Д) жасыл эвглена++
Е)кірпішелі кебісше
7.Адамды тері ауруына ұшырататын талшықтылар тобының бір өкілі:
А) безгек паразиті В) лейшмания++
С)қантышқақ Д) кірпікшелер
Е) талшық
8.Амебаның пішіні:
А)шар тәрізді В) дөңгелек
С) тұрақсыз++ Д) сопақша
Е) таяқша
9.Жасушасында хлоропластары бар қарапайым жәндік:
А) арцелла
В) амеба
С)дизентерия амебасы++
Д) вольвокс
Е) кірпікшелі кебісше
10. Адам мен жануарлардың ішінде тіршілік етіп, ішектің сілемейлі қабықшасын зақымдайтын біржасушалы қарапайым жәндік:
А) амеба В) дизентерия амебасы++
С) эвглена Д) лейшмания Е)арцелла
11.Қарапайымдылар түрлерін алғаш ашқан ғалым:
А) Роберт Гук
В)К.А.Тимирязев
С)Әкелі-балалы Янсендер
Д)С.Г.Навашин
Е) Антони Ван Левенгук++
12.Денесінде бақалшағы бар бір жасушалы қарапайым жәндік:
А) амеба В) кірпікшелі кебісше
С) арцелла++ Д)эвглена Е)лямблия
13.Қазіргі кезде қарапайымдылардың... мыңға жуық түрі белгілі.
А) 80 мың В) 70 мың++ С) 50 мың
Д) 40 мың Е) 60 мың
14.Паразитті тіршілік ететін амебаның түрі:
А) бақалшақты В)бақалшақсыз
С) кәдімгі Д) сәулелі
Е) қантышқақ++
15.Құм шіркейлері арқылы таралатын тері ауруының түрі:
А) безгек ауруы В) лейшманиоз++
С)дизентерия Д) гоммоз
Е) қышыма ауруы
16.Ұйқы ауруын қоздырғышы:
А) лямблия В)трипаносома++
С) опалина Д) лейшмания
Е) инфузория
17.Аш ішекте және өт жолында тіршілік ететін паразит қарапайым жәндік:
А) лямблия++
В) қантышқақ амебасы
С) құртамыш
Д) безгек паразиті
Е) трипоносома
18.Жасыл эвгленаның кірпікшелі кебісшеден айырмашылығы....
А) кірпікшелердің болуы
В) жарықсезгіш көздің болуы++
С) ядросының болуы
Д) қылауатқышының болуы
Е) гетеротрофты жолмен қоректенуі
19.Кірпікшел кебісшенің сезімталдық қызметін атқарады:
А) тері жабыны
В) дендрит
С)арнайы талшықтар++
Д) аксон
Е) мұртшалар
20.Біржасушалылардың түр саны:
А) 50 мың В) 40 мың С) 70 мың++
Д) 80 мың Е) 60 мың
21.Безгек ауруын таратушы:
А) безгек маса++ В) қандала
С) кене Д) шіркей Е) сона
22.Денесінде бақалшақ болатын амебаның бірі:
А) арцелла++ В) вольвокс
С) кірпікшелі кебісше Д) жасыл эвглена
Е) амеба
23. Амебаның қозғалуы:
А)еттері арқылы
В) талшық арқылы
С) кірпікшелері арқылы
Д)жалған аяқтары арқылы++
Е)қозғалмайды, субстратқа бекінген.
24.Қарапайымдылардың зәр шығару мүшесі:
А) бүйрек В) жасыл жұп без
С) вакуоль++ Д)несепағар
Е) жұлдызша тәрізді түтік
25.Кірпікшелі кебісше үшін қылауатқыштың қызметі:
А) зиянды заттарды шығару
В) қоласыз жағдайлардан қорғану
С) қозғалу, қорегін қармау (ұстау)
Д) қорытылмаған қалдықтарды шығару++
Е) жарықты сақтау
26.Амебаның ядро саны:
А) 3 В) 2 С) 1++ Д) 4 Е) 5
27.Ішектің қабырғасындағы сілемейлі қабықшаны бүлдіріп, жара қылады:
А) кәдімгі амеба В) құртамыш
С) лямблия Д) қантышқақ амеба++
Е) лейшмания
28.Плазмалылар класына жататын жәндіктер:
А) кәдімгі амеба++ В)жасыл эвглена
С) лямблия Д) трипаносома
Е) кірпікшелі кебісше
29.Жиырылғыш вакуольдің қызметі:
А) ас қорыту
В) көмірқышқыл газы, зиянды заттар еріген судың артық мөлшерін сыртқа шығарылуы++
С)сыртқы ортадағы суды сіңіру
Д) тыныс алу
Е) газ алмасу
30.Қарапайымдылардың қоректенген кезде түзілетін бөлігі
А) кіші ядро
В) жиырылғыш вакуоль
С) асқорыту вакуолі+
Д)кірпікшелер
Е) үлкен ядро
31.Амебаның тыныс алуы:
А) суда еріген оттегімен++
В) азотпен
С) көмірқышқыл газымен
Д)судағы көмірқышқыл газымен
Е) ауадағы оттегімен
32.Қорытылмаған қалдықтарды қылаулатқыш арқылы сыртқа шығарады:
А) вольвокстер
В) талшықтылар
С)кірпікшелі кебісше++
Д) амебалар
Е)лямблия
33.Қолайсыз жағдай болғанда амеба:
А) циста түзеді++
В)спора түзеді
С) финкаға айналады
Д) өледі
Е) күрт көбейе бастайды
34.Қарапайымдыларға әсер ететін тітіркендіргіштерге жатпайтыны:
А) шу++ В) тамақ С) жарық
Д)қышқыл Е) тұз ерітіндісі
35.Қантышқақ (дизентерия) амебасы цистасының адам организміне енуі:
А) ауа арқылы
В) қайнамаған су арқылы++
С) ауру адамдар арқылы
Д) киім арқылы
Е) тамақ арқылы
36.Адам мен жануарлардың ішек жолдарында паразиттік тіршілік ететін біржасушалы жәндік:
А) қантышқақ амеба++
В)кірпікшелі кебісше
С) кәдімгі амеба
Д) безгек паразиті
Е) жасыл эвглена
37.Жасыл эвгленаның көбеюі:
А)жыныссыз ұзыннан бөліну арқылы++
В) бүршіктену арқылы
С) циста түзу арқылы
Д) жынысты жолмен
Е)көлденең екіге бөліну арқылы
38.Талшықтылар класына жататын жәндіктер:
А) полиптер
В) тұщы су гидрасы
С) кірпікшелі кебісше
Д) кәдімгі амеба
Е) жасыл эвглена++
39.Құм шіркейлері арқылы таралатын тері ауруының түрі:
А) лейшманиоз++
В) гоммоз
С) қышыма ауруы
Д) безгек ауруы
Е) дизентерия
40.Өсімдік пен жануарлардың туыстығына дәлел бола алатын біржасушалы жәндік:
А) амеба
В) жасыл эвглена++
С) арцелла
Д) лейшмания
Е) кірпікшелі кебісше
41.Хинин, акрихин дәрілерінің емдік қасиеті:
А) сүзекті құрту
В) безгек масаларын құрту++
С) обаны жою
Д) құтырманы ою
Е) қантышқақты құрту
42.Шөгінділерінен мұнайдың қоры түзілетін жәндіктер:
А) бақалшақты біржасушалылар++
В) кірпікшелер
С) талшық
Д) лейшмания
Е) безгек паразиті
43.Безгек ауруын қоздыратын паразитті ашқан ғалым:
А) А.Лаверан++
В) Л.Пастер
С)Янсен
Д) Р.Гук
Е) А.Левенгук
44.Лямблияның таралуы:
А) көмекейге
В) ішектерге++
С) өкпеге
Д) қарынға
Е) бауырдағы өт қалтасына
45.Жасыл эвглена денесіндегі жасыл тақташалар қалай аталады:
А) вакуольдер
В) көзшелер
С) хлоропластар++
Д)ядрошықтар
Е) ядролар
46.Безгек паразитінің көбеюі:
А) эритроциттер арқылы++
В) бауыр арқылы
С) адам өкпесі арқылы
Д) ішектер арқылы
Е) тері арқылы
47.Ауыратын сиырдың сүті арқылы таралатын ауру:
А) дизентерия
В) туберкулез
С) гоммос
Д)сальмонелла
Е) сарып (бруцеллез)++
48.Жарықта жасыл өсімдіктер тәрізді, ал қараңғыда жануарлар тәрізді қоректенетін қарапайымдар:
А) амеба
В) кірпікшелі кебісше
С) жасыл эвглена++
Д) трианосома
Е) лейшмания
49.Осы жәндіктер шөгінділері арқылы геологтар мұнай қорын анықтайды:
А) былқылдақденелілер
В) көпжасушалылар
С) құрттар
Д) біржасушалылар++
Е) бунақденелілер
50. Вольвокстың жеке жасушалары байланысады:
А) цитоплазмалық көпірше арқылы++
В) қабықша арқылы
С) байланыс жоқ
Д) арнайы жіпше арқылы
Е) талшығы арқылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет