Смк пп 3-91-01 Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралы Ереже / Положение о защите курсовой работы ( проекта) Издание /басылым 1/2022 Стр/бет



бет7/10
Дата20.05.2022
өлшемі490,5 Kb.
#35165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жансая курстық жұмыс

СМК ПП-5.3-91-01
Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралы Ереже /
Положение о защите курсовой работы
( проекта)

Издание /басылым
1/2022
Стр/бет.
5 из 30





3.Іс-тәжірибелік бөлім
3. Шағын жинақталған мектепте музыканы кіріктіріп оқытудың ерекшелігі
Мектепте музыкалық білімді кіріктіріп оқыту қазіргі жаңартылған білім бағдарламасында да жақсы көрсетілген. Педагогикада эстетикалық тәрбиелеудің бір бөлімі ретінде осы музыканы сабақ барысына кіріктіріп оқытуда жатады.
Жалпы сабақ барысына музыканы кіріктіріп оқыту эмоционалды оқуышылардың қабілетін артады. Олардың рухани жан дүниесі байып, адамгершілік өркениетінің қалыптасуына, рухани жан дүиесі мен көзқараасының баюына пайдасын тигізеді. Музыкамен жұмыс істеу барысында оқуышылардың эмоционалды толғаныстары мен сабаққа деген қызығушылықтарын, эстетикалық қабілеттерін аша түседі. Оқушыны толғанысқа түсіріп ойлау, есте сақтау, қиялдау, зейін қою, ерік күші сынды психологиялық күйлерге енеді. Ияғни, оқушы сабақ барысында еркіндікті сезінеді. Ал еркіндік қазіргі жаңартылған білім бағдарламасының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Оқушы музыканы сезіну арқылы өнерге деген құштарлығы немесе өзіндік қабілеті ашылуы мүмкін. Бұл тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты ұйымдасады. Және де оны ұйымдастырудың әртүрлі аспектілерін қолданады.
Сабақ барысына музыканы кіріктіріп түрлі пәндерді оқушыларға үйретуге болады. Мысалы , бастауыш сыныптың «әдебиеттік оқу» пәніндегі батырлар жыры және ертегілерді дауыстап оқу барысында сол оқылған шығармаға сай әуезді ән қосып қою - оқушының оқып жатқан шығарманы тебіреніп оқуына көмегін тигізеді. Және тыңдаушы, ияғни сыныптастарын да елітіп әкетері сөзсіз. Оқушылар шығарманы оқи отырып, шығармадағы көріністерді көз алдына алып келеді. Ияғни шығарманың дұрыс түсінуіне жол ашып, жақсы талқы болады. Шығарма дұрыс түсіндірілгендіктен де, тапсырмаларды орындау барысында ешқандай қиындықтар туындамайды. Оқылым дұрыс орындалғандықтан ғана шығарма бойынша берілетін айтылым, жазылым жұмыстары толық, түсінікті, жәнеде дәлелді орындалады.
Сонымен қатар, дүниетану сабағында да музыкалық бейнероликтермен және аудиолармен жұмыс жасауда сабақтың есте қаларлықтай үғынымды болуына көмектеседі. Мысалы, өтілетін тақырып «Табиғат құбылыстары» болатын болса, сәйкесінше тақырыпқа сай бейнеролик көрсетілуі керек. Бейнероликте табиғаттың тосын-сыйлары көрсетіле отырып, дыбыстары да қосылуы тиіс. Сонда оқуышы табиғаттың әлі білмеген құбылыстарын көзбен көре отырып, дыбыс естіп сезіне алады.
Математика сабағында санамақтарды, немесе көбейту кестесін жаттату кезінде арнайы әуендерді қосып айтуға болады. Бұл арқылы оқушы берілген тапсырманы жеңіл әуезді түрде жаттай отырып, сабаққа дайын бола алады.
Ағылшын сабағында да осы әдісті қолдануға болады. Оқушыларға кітаптан ағылшын әліпбиін жаттау әлдеқайда қиынға соғуы мүмкін. Ал, музыкалық жолмен айтқызу оқушылардың әліпбиді тез меңгеруіне пайдасын тигізеді. Және де кез-келген уақытта осы әуен арқылы айтып бере алатын дәрежеде болады. Сол сияқты әліпбиден бөлек басқа да түстерді, сандарды, және отбасыға байланысты сөздерді үйрету барысында да бұл әдісті қолдану өте дұрыс шешім деп білемін.
Менің ойымша, музыканы мектеп бағдарламасындағы барлық пәндерде атқарар рөлі үлкен. Себебі музыка оқушы жанына еркіндікті сыйлайды. Сол арқылы оқушы сабаққа белсенді қатысып, ұтымды пікірлерін ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет