Смк пп 3-91-01 Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралы Ереже / Положение о защите курсовой работы (проекта) Издание /басылым 1/2017 Стр/бет из 37


Балалардың түрлі жас топтарында денсаулықтарын сақтау мен ынталандырудың заманауи технологиялары



бет7/34
Дата07.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#18530
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Балалардың түрлі жас топтарында денсаулықтарын сақтау мен ынталандырудың заманауи технологиялары:

Қимылды және спорттық ойындар ұйымдастырылған оқу қызметінің бөлігі ретінде, күнделікті серуенде, баяу, орта және жоғары қимыл деңгейіне байланысты – топ бөлмесінде өткізіледі. Мектепке дейінгі ұйымдарда спорттық ойындардың элементтері ғана (футбол, волейбол, баскетбол) қолданылады.

Стретчинг – ортаңғы топтан бастап аптасына 2 рет 30 минуттан, тамақ ішкеннен кейін кем дегенде 30 минут өткен соң дене шынықтыру немесе музыка залында, топ бөлмесінде, жақсы желдетілген бөлмеде өткізілетін музыканың сүйемелдеуімен орындалатын арнайы жаттығулар. Дене сымбатының бұзылысы және жалпақ табандылылығы бар балаларға ұсынылады.

Коммуникативтік ойындар – ересек топтан бастап, аптасына 1-2 рет 30 минуттан өткізіледі, бірнеше бөліктерден тұрады. Оларға әңгімелесулер, этюдтер және сурет салумен, мүсіндеумен, би билеумен және т.б. қимыл деңгейі әртүрлі ойындар енеді.

Саусақ жаттығулары – кіші топтан бастап жеке немесе шағын топпен өткізіледі. Барлық балаларға, әсіресе тілінде кемістігі бар балалармен жүргізу ұсынылады. Кез- келген ыңғайлы уақытта өткізіледі.

Релаксацияны кез келген ыңғайлы бөлмеде өткізуге болады, педагог релаксация технологиясы қарқынын, балалардың жағдайына және мақсатына байланысты анықтайды. Байсалды классикалық музыканы, табиғат дыбысын қолдануға болады.

Көзге арналған жаттығулар – кіші жастан бастап көзге түскен салмақтың қарқынына байланысты күнделікті 3-5 минуттан кез-келген бос уақытта өткізіледі. Көрнекі материал, педагогтің көрсетуін қолдану ұсынылады.

Құм терапиясы – кіші мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшаға бейімделуіне көмектесетін, баланың жан-жақты дамуын қалыптастыратын әдістердің бірі ретінде белсенді түрде қолданылады: шығармашылық қабілеттерін, ойлауын дамыту, сөздік қорды байыту және маңызды фактор- баланың психологиялық денсаулығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет