Өзектілігі: Мектепке дейінгі балалық шақ- бұл бала ағзасын одан әрі дамытуға негізделетін алғышарттарды қалыптастыру кезеңі. Барлық бірлескен әрекет түрлерінің ішінде қимыл-қозғалыс ойыны мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық қасиетің дамытуға елеулі ықпал етеді. Қимыл-қозғалыс ойын мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік адамгершілік тұрғыдан дамытуға, сондай-ақ мектепте оқуға қызығушылық тудыруға және дайындауға, бірлесіп әрекет ете білуге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың болжамы:Ойын - дене тәрбиесі құралы. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар. Қимыл-қозғалыс ойындарының мазмұнына баланың ой-өрісін кеңейтетін және оның түсінігін нақтылай түсетін көптеген таным материалдары енгізілген. Сюжетті ойындардың тақырыбын адам өміріндегі кейбір оқиғалар, табиғат құбылысы, жануарларға еліктеу құрайды. Балаларды дамытуда ойын іс-шаралары ұйымдастырылады, ойын арқылы баланың психикасында сапалы өзгерістер туады. Ойын арқылы баланың шығармашылық ойлау қабілеті бағаланады.