Смк пп 3-91-01 Курстық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау туралы Ереже / Положение о защите курсовой работы (проекта) Издание /басылым 1/2017 Стр/бет из 37


Ф. Лесгафт ойындарды екі топқа бөлді



бет9/34
Дата07.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#18530
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Ф. Лесгафт ойындарды екі топқа бөлді:

• имитациялық (еліктеушілік) – өзіндік шығармашылдық ойындар;

• қозғалыс ойындары (ережесі бар ойындар).

Н. К. Крупская былай көрсетеді:

• балалардың өздері ойлап тапқан ойындары – шығармашылық ойындары;

• үлкендердің ойлап тапқан ойындары - ережесі бар ойындар.

Мұндай классификация шартты түрде, шығармашылдық ойындарда да оларды реттейтін, рөлдерді анықтайтын және өзара әрекетті сипаттайтын ереже болады. Ережесі бар ойындарда балалар шығармашылығы орын алады.



В. В. Давыдов Ресей педагогикалық энциклопедиясында балалар ойындарының екі негізгі түрін бөліп көрсетеді:

• жасырын ережелі ойындар – сюжеттік-рөлдік ойындар, онда ережелер жасырын сипаттағы сюжетпен және рөлмен анықталады;

• ашық (бекітілген) ережелі ойындар, онда арнайы ереже жасалады, олар дайын және ойынның міндетті бөлігі болып саналады, ойынға жол береді (дидактикалық, қозғалыс, дамытушы, көбінесе музыкалық, ойын-ермек, интеллектуалдық ойындар).

И. Я. Михайленко, Н. А. Короткова балалар ойынының классификациясына мыналарды кіргізеді:

• сюжеттік ойындар – ерекшелігі амалдардың шартты сипатында;

• ережесі бар ойындар – нақты анықталған және орындау үшін міндетті ережелері бар, қатаң, формалды іс-әрекет. Бұл ойындардың ерекшелігі – қатысушылар арасындағы жарыс, нәтиженің ерекше болуы (ұтыс) және үлкен табысқа жеткен жеңімпаздың болуы. Сюжеттік ойындар жеке және ұжымдық болуы мүмкін. Ережелі ойындар, кем дегенде, екі адамы бар іс-әрекеттің біріккен түрі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет