Драмалық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті рөлді ойынға ұқсас. Драмалық ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде болғаны дұрыс.
Шығармашылық ойындарға бала өзінің ойлап тапқанын, бастамасын, өзіндігін көрсете алатын ойындар жатады. Балалардың ойындардағы шығармашылық көрінулері әртүрлі: сюжетті ойлап табу мен ойынның мазмұнынан, ойлап тапқанын жүзеге асыру жолдарын іздеуден бастап әдеби шығармамен берілген рөлдерге енуге дейін. Балалардың шығармашылық сипатына, ойындарда пайдаланылатын ойын материалына қарай шығармашылық ойындаррежиссерлық, сюжеттік-рөлдік, театрландырылған, құрылыс материалдары бар ойындарға бөлінеді. Дәстүрлі педагогикада режиссерлық ойындар ойын әрекетінің ерекше бір түрінде көрінбей, сюжеттік-рөлдік ойындар арнасында қарастырылғанын атап өту керек. Соңғы жылдары режиссерлық ойындарды сюжеттік-рөлдік ойындардың өзіндік бір түрі ретінде сипаттайтын зерттеулердің пайда болуына байланысты, оларды жекешелеу үрдісі қалыптасуда. Режиссерлық ойындардың негізгі ерекшелігі оның басымдығы жеке ойындар екендігінде, мұнда бала жалпы алғанда, қиялдағы жағдайды басқарады, барлық қатысушылар үшін бәр уақытта әрекет етеді.
Мектепке дейінгі жоғары жас – қиял-ойынның өсу кезеңі. Осы ойынның психологиялық-педагогикалық сипаттамасын А.Н.Леонтьев, Н.А.Короткова, Н.Я.Михайленко. берді. Оның ерекше шығармашылық әрекет ретіндегі құндылығы атап өтіледі, оның барысында бала жаңа сюжетті мінсіз жоспарда жасайды (өз ұғынулары түрінде). Ойын жиі белгілі бір ойдан табылған қаһарман – ойыншықтар, ертегі, мультфильм персонажы айналасында өрбиді. Қиялдан пайда болған образдар сөйлеу сипаты, қозғалыстар, ым-ишарат, экспресситік көріністер сынды білдіруші құралдардың арқасында безендіру алады. Қиял-ойын негізі – бірізді өзара байланысқан ойын оқиғаларын ойдан табудағы педагог пен баланың тең шығармашылығы. Балаларды таныс ертегінің сюжетін өзгертуге үйрету нәтижелі болып табылады (соңын жаңадан құрастыру, басқа ертегілердің персонаждарын қосу және т.б.). Модельдеу, атап айтқанда, ертегі сюжетінің сызбасын жасау, персонаждардың символикалық суреттерін пайдалану арқылы баланың қиялын жаңа арнаға бағыттауға болады(Л.А.Венгер, О.М.Дьяченко).
Төрт және бес жаста балалардың ойынында сюжеттің тұтастығы, көрсетілетін оқиғалрдың өзара байланысы байқалады.Мектеп жасына дейінгі балаларда бұрын олар ойнаған белгілі сюжеттерге деген қызығушылық қалыптасады (жанұя, аурухана, құрылысшылар, көлік жіне т.б. ойындары). Балалар сюжеттік желістер сияқты біріктіре отырып, жаңа әсерлерге, таныс ойындарға тез үн қатады. Мазмұнның баюына баллардың ойын барысындағы өзара әрекеті көмектеседі, егер де әрқайсысы өзінікін жеке енгізсе. Мысалы, әкесі өзен пароходының капитаны қызметін атқаратын Сережа «тәрбиешіге» балаларды Мәскеу өзені бойынша серуендетуді ұсынады. Рұқсат алғаннан кейін, орындықтардан пароход жасайды, оның бортында жүргіншілерді қарсы алады. Осы жаста ойында көрсетілетін баланың шынайы өмірде игерген және өзіне аса қызығушылық тудырмайтын жағдаяттарды қорытындылау және ұғыну сезімдері қалыптасады. Сөйтіп, егер де балалар, балабақша ойынын ойнай отырып, ұзақ тамақтанса, шыны-аяқтан ішсе, бес жасар балалар қасықты аузына апара сала, түскі аспен тамақтануды аяқтайды. Кейбір жағдайда балалар символикалық әрекеттермен шектеледі: матрос «теңіздің орнындағы» бөлмеде жүзіп бара жатады.
Театрланған ойындар әдеби шығармалар кейіпкерлерінің (ертегілер, әңгімелер, арнайы жазылған саханалау (инсценировка) рөлін ойнауды ұсынады. Әдеби туындылардың қаһармандары ойнаушы адамдарға, ал олардың бастан кешкендері, бала қиялымен өзгертілген өмір оқиғалары ойынның сюжетіне айналады. Театрланған ойындардың ерекшеліктерін байқау қиын емес: олар дайын сюжетке ие, демек бала қызметі шығарманың мәтіні арқылы алдын ала анықталады. «Бұл ойындардағы баланың шығармашылығы неде болып тұр?» деген сұрақ туындайды. Оларды шығармашылық ойындар тобына жатқызу орынды ма? Бұл театрланған ойын балалардың шығармашылықтары үшін бай әрі кең орын болып табылады.
Театрланған ойында қаһарман бейнесі, оның негізгі сипаттары, әрекеттері, қобалжуы шығарма мазмұнымен анықталады. Баланың шығармашылығы кейіпкерді шынайы бейнелеуде көрсетіледі. Оны жүзеге асыру үшін кейіпкер қандай екенін, неліктен ол бұлай жасайтынын, оның жағдайын, сезімін көз алдына келтіру, яғни оның ішкі жан дүниесіне ену қажет. Және бұны шығарманы тыңдау үдерісінде істеу тиіс. Ақпараттың аудиовизуалды құралдары
Театрланған ойындарды (спектакльды көрсету) сюжеттікрөлдік (театрдағы ойын) ойындармен біріктіру балаларды бірбіріне ортақ идеямен, әсерленумен жақындатуға, әрбір балаға өзінің белсенділігін, индивидуальдылығын, шығармашылығын көрсетуге қызықты қызмет негізінде топтастыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |