Балалар өміріндегі қимылды сюжетті – рөлді ойындардың орны. Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда, бұл қазіргі баланың әдетте, көп уақытын өзіне қызықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында саналық өзгерістер туғызатындығынан болады. Мысалы, қолына түскен затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің үйреткендерін орындағанда бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ, бала бір әрекетімен – екінші әрекетті, бір затпен – екінші затты бейнелегенде ғана нағыз ойын болады. Ойын әрекеті символикалық сипатта өтеді. Тек ойында ғана бала санасында белгілі бір функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады.
Бала ойында заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рөлді алады да, соған сәйкес, іс-әрекет жасай бастайды. Өзін аттың немесе қорқынышты аңның орнына қояды, көбіне ересек адамдарды, анасын, тәрбиешісін, ұшқышты, жүргізушіні бейнелейді. Айналасындағыларға қатысты міндеттер – бала өзіне алған рөлді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан алған рөлін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, «сатып алушыны» ойнаған бала өзінің алған заттары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігер рөлі шыдамды болуға және ауруға талап қоя білуге міндеттейді. «Дәрігер» өзіне құрмет пен сенімділік қарым-қатынасты, өзі берген нұсқауларды емделушілердің орындауларын талап етуге құқы бар.Қимылды сюжетті рөлді ойынның мәні рөлді ойнаушының өзіне қойылған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты құқықтарын іске асыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |