Т/Ж10.1.2.1-Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;
А/И10.2.2.1-шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау
Сабақ
мақсаттары
-Әдеби шығармадағы көтерілген әлеуметтік мәселені ұлттық мүдде тұрғысынан түсінеді;
-Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды.
Жетістік критерийлері
-Шығарманың мазмұнын талдау;
- Көтерілген мәселелерді анықтау;
- Шығарманың өмірмен байланысын саралау;
Тілдік мақсат
-Түсінеді
-Талдайды
-Мәселені анықтайды
-Өмірмен байланысын саралайды
Нақты,ерекшеленген
Өлшенетін
Қолжетімді
Орындалатын
Белгілі бір уақыт ішінде шектеледі
«Фишбоун» графикалық органайзер-проблемаларды анықтау және одан шығу жолдарын қарастыру моделі болып табылады.
«Дара құты» графикалық органайзер- оқушылар бір тақырыпқа постер жасайды.
«Үш жақтағы күнделік» әдісі-сабақ тақырыбы айтылады, оқытылатын мәтін таныстырылады. Мәтінді оқу барысында әрқайсысы жеке күнделік толтырады. Жұмыс нәтижесін жұпта, топта талқылау.
«Венн» диаграммасы-Бір бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни, салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
«Үш пікір»-ортаға бір тақырып тасталады. Сол тақырып төңірегінде оқушының 3 пікір айтуға мүмкіндігі бар. Бұл әдіс сыныптағы оқушылардың бәрі тең дәрежеде пікір білдіруге мүмкіндік жасайды.
Сабақ мақсатынан, оқу мақсаттарын жасауға үйрендім. ҚМЖ жасап, SMART мақсатын қойып, оған жетудің жолдарын үйрендім. Тиімді оқытудың әдіс – тәсілдерін үйрендім. Саралап оқытуды тиімді әдістерін, сонымен тапсырмаға дескриптор жасауға үйрендім.
Тренер мен әріптестердің көмегімен мен ықшам сабақ жасауға үйрендім.
Тренер мен әріптестеріміздің жұмыстарын бағалап, кері байланыс жүргізіп отырдық.
Тренермен кері байланыс жүргізген кезде әр түрлі ресурстарды қолдандық.
Келешекте мен жаңартылған оқу бағдарламасы аясында алған білімімді өз тәжірибемде тиімді етіп қолданамын. Сабақты жоспарлауда оқушылардың қажеттіліктерін ескеріп отырамын. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мен дескрипторларын өзім құрастырамын.