Социал Жҧмабаев есеней естелігі



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата24.03.2017
өлшемі0,74 Mb.
#10151
1   2   3   4   5   6   7   8   9
батырлары,  Марал  ишан  Белгібай,  Ырсай,  Сексен  хажы,  Шӛңке,  Тҧрлыбек, 
Майемер,  Табей,  Қырғыз  сынды  бектері  Уақтың  Ермен  биі,  Атығайдың 
Маңдай
16
,  Тоқтамыс,  Қҧрымсы  билері,  Байтоқа,  Қаратоқа  мырзалары, 
Қарауылдың Бекболат биі, Жолдыбай батыры, Бӛгенбай шешені, Ӛмір сатан 
мырзалары,  Қызылжар  татарының  Шарафидден,  Самед  мырзалары  оң 
баталарын берген соң, мені боз іңгеннің сҥтіне шомылдырып, ҥстіме шымқай 
ақ киім кигізіп, халайық ақ киізге отырғызып кӛтеріп, Сібір қазақтарының аға 
шорасы сайлады. Ҥлкен той жасады, сол жиында жасы ҧлғайған Шақшақ би 
маған ақ батасын берді. Бірақ, Ресей патша ӛкіметінің ел жаулаушы  
9
Тіленші  –  Орта  жҥз  Ашамайлы  керейдің  Кӛшебе  руынан  шыққан,  Абылай  хан  тҧсынан  ел  билігіне  араласқан  қазы,  әкесінің  аты  – 
Тоқбай. 
10
Киікбай  –  Ашамайлы  керейдің  Еменәлі  руының  Таз  атасынан  шыққан  би,  әкесінің  аты  –  Айтуған.  Ол  –  Атығай  Шал  ақынның 
қҧрдасы,  досы.  Тіленшімен  қатар  шыққан,  Киікбай  Уәли  хан  тҧсындағы  беделді,  шешен  кісі.  Киікбай  мен  Шал  ақын  бала  жігіт 
кездерінен ҥзеңгілес жолдас болыпты. 
11
Қолдас  –  Ашамайлы  керейдің  Еменәлі  руына  жататын  Ескене  әулетінен  шыққан  батыр,  әкесінің  аты  –  Сандық.  Есенейдің  әкесі 
Естемес балуанмен ҥзеңгілес жолдас болған кісі. 
12
Тоқсан  –  Еменәлі  керейдің  Алдай  әулетінен  шыққан  Ҥш  жҥзге  есімі  әйгілі  би,  әкесінің  аты  –  Жабай  батыр.  Тоқсан  –  Естемеспен 
жолдас болған кісі. 

 
33 
13
Итіке – Ашамайлы керейдің Балта елінен шыққан атақты батыр (1762-1831жж), әкесінің аты Жандос батыр. Жандос – Атығай Қҧлеке 
батырдың  апасы  –  Кҥлімжанды  алған  жездесі.  Итіке  мен  Қолдас  Есенейді  батырлыққа  баулыпты,  Есенейді  ел  билеуге  Тіленші, 
Киікбай, Тоқсан, Маманай шешендер баулыған екен.  
14
Бидалы Уаққа жататын елдер. 
15
Сҥйір – Уәли ханға қызмет еткен батыр. Сҥйір 1765 жылы туып, 1842 жылы қайтыс болған кісі. Есеней ел билеген кезде Сҥйір орта 
жастан асқан адам болса керек. Сҥйірден ҧрпақ қалмапты. 
 
ҧлықтары  мені  шора  деп  танғысы  келмеді.  Олар  мені  Сібір  қазақтарының 
және Қызылжар, Омбы, шаһарларында тҧратын татарлардың аға старшинасы 
ретінде  ғана  таныды.  Қоныстарға  тиісе  қоймады,  салықты  да  кӛбейте  алған 
жоқ. 
1819  жылы  –  қоян  жылы  жазда  Шортанды
17
  мен  Кетрампор
18
 
аралығында,  Шортанды  мен  Тҥмен  шаһары  аралығында,  Торыайғыр  мен 
Челябі аралығында жаңбыр болып, бҧл аймақтарда егін, шӛп жақсы шықты. 
Қазақ шекарасының кӛп жерінде жаңбыр жаумай, қуаңшылық болды. Торғай 
аймағындағы Қыпшақтардың бір тобы Сыр бойына ауып кетті..  
Тоболдағы  Батыс  Сібірі  генерал-губернаторы  қулыққа  кӛшіп,  бізді 
алдап-арбап ҧстағысы келді.  
Уәли  хан  сол  1819  жылы  –  қоян  жылы  қайтыс  болды.  Оның  ҥлкен 
баласы  Ғҧбайдолла  хандықтың  жойылуына  қарсы  болды.  Ол  ӛз  әкесінің 
орнына  Орта  жҥзге  хан  болғысы  келді.  Ғҧбайдолланы  Қасым  сҧлтан  мен 
оның  балалары:  Есенкелді,  Саржан,  Ағадай  қолдады.  Бірақ  соғысқа  олар 
қатыспады. 
Жандарал  бізден  соғысты  тоқтатуды  талап  етті.  Біз  олардан  жер-
суымызды  қайтаруды  талап  еттік.  Аманатқа  бала  беруді  тоқтаттық.  Әрине, 
біздің  соғысымыз  аса  ҥлкен  соғыс  емес  еді.  Соғысты  тоқтатсақ,  шҧрайлы 
жерлердің  бәрінен  айыралатын  болдық.  Бҧл  Батыс  Сібір  мҧсылмандарына 
анық мәселе болды. Салық тӛлемедік. 
Сырт  елдер  мені  қарадан  хан  болды  дейтін  кӛрінеді.  Шындығында 
қарадан хан болған жоқпын. Мен ҥш жыл шора болдым. 
1821  жылдың  қараша  айынан  бастап,  Ресей  әскерімен  қақтығысты 
тоқтаттық,  тҧтқын  алмастырдық,  бітім  болды.  1822  жылы  –  жылқы  жылы 
Ресей  патшасының  Басуәзірі  Сперанский  келіп:  «Сібір  қазақтары  аймағы 
Сібір қазақтары округі болып аталсын, сен соған аға сҧлтан боласың»,-деді. 
Бҧл  сӛзді ол  Омбыға  Керей-Уақ,  Атығай-Қарауыл  елдерінің  басты  кісілерін 
жинап  алып:  «Ресейге  бағынышты  болғанмен,  ӛздеріңді  ӛздерің 
басқарасың»,-деп, хабарлағаннан кейін айтты. Жҧртты шошытқысы келмеді-
ау деймін. Менің орынбасарларым тҥгел мҧсылмандардан болды. Біреуі ғана 
татар  мырзасы  болды,  ал,  қалған  ҥшеуі  қазақ  бектері  болды.  Біз  1822-1824 
жылдары  аға  сҧлтан  билігінің  іс  жҥзінде  атқарылатынын  (тәжірибемен) 
айқындап бердік. Сол-ақ екен 1824 жылы Сібір қазақтары округі Қҧсмҧрын, 
Кӛкшетау  дуандары  болып,  екіге  бӛлінді.  Мен  аға  сҧлтан  болғанн  жоқпын. 
«Қҧсмҧрын  дуанына  аға  сҧлтан  боласың»,-деп,  ӛзімді  ҥміттендіріп  қойды. 
Қҧсмҧрын  дуаны  ашылмады.  Мен  Қызылжар  аймағындағы  Ашамайлы 
керейдің (ӛз елімнің) аға старшинасы (рубасысы) болып, 1824-1834 жылдар  
16
Маңдай  –  Атығайдың  Бағыс  руынан  шыққан  ірі  би,  оның  әкесінің  аты  –  Жанҧзақ.  Маңдайдың  ӛзі  де,  ағасы  –  Тоқтамыс  та  Сібір 
қазақтары  шорасы  Шақшақ  бидің  оң  қолдары  болған  екен.  Маңдай  да,  Тоқтамыс  та  1824  жылдан  бастап  Кӛкшетау  дуанында  аға 
сҧлтанға кезекпен ауысып орынбасар (заседатель) болыпты, екеуі де патша ӛкіметінен қҧрметті қазақ атағын алған екен. Бҧл Маңдайды 
Атығайдың Қҧдайберді руының Тілеп атасынан шыққан Маңдай батырмен шатастырмау керек. 
17
Шортанды – Ақмола қаласының солтҥстігіндегі темір жол станциясы. 

 
34 
18
Кетрампор – Екатеринбург – Свердловск қаласы. 
аралығында ел басқардым. 1833 жылы Ресей патшасы Петербургке шақырып 
алып, 1822-1824 жылдарғы еңбегімді бағалап, Анна лентасын қадаған алтын 
медаль  берді  және  грамотамен  бекітіп,  қҧрметті  қазақ  атағын  берді.  1834-
1852 жылдар аралығында қазы болдым. Жалпы 1843 жылдан бергі қызметім 
ӛзіңе белгілі ғой. Оны айтудың керегі де жоқ. 
Дуан ашу Ресей патшасына оңайға тҥскен жоқ. 1824 жылы Сарыарқаның 
орталық  аймағынан  Қарқаралы  округі  ашылды.  Қалған  дуандар  бірте-бірте 
ашылды.  Ресей  патшасының  Бас  уәзірі  Сперанский  Орта  жҥзді  он  дуанға 
бӛліп, билемек болған екен. Оныншы дуан ашылғанмен, тоғыз дуан ашылып 
жҧмыс  істеді.  Оныншы  дуан  бертінде  Жетісу  ӛңірінде  қҧрылды.  Сол  бізге 
қарады. Ол 1854 жылға дейін Қоқан хандығына қарап  келген ӛлке еді.   
Абылай хан қайтыс боларынан бір жыл бҧрын Ҧлы жҥз бен Орта жҥзге 
ортақ  ӛзін  аға  хан  сайлатып,  Уәлі  деген  баласын  біздің  Орта  жҥзге,  Әділ 
деген баласын Ҧлы жҥзге хан сайлатыпты. 
Абылай ханның Жанайдан кейінгі тәуір баласы Әділ болса керек. Бірақ 
сол  Әділдің  жасы  ҧлғайғанын  пайдаланып,  кейін  Қоқан  ханы  Ҧлы  жҥзді, 
Жетісудағы Матай, Садыр, Наймандар, Ҧлы жҥздің Албан, Суан, Сарыҥйсін, 
Шапырашты,  Жалайыр  рулары  қарап,  Ресейдің  қоластына  кірді.  Матай, 
Садыр, Жалайыр Ресейге қарадық дегенмен, оларға 1854 жылға дейін Ресей 
қҧрығы тҥскен жоқ. Әрине, тоғыз дуан
19
 Батыс Сібір жандаралына бағынды. 
Жандаралдар Бас уәзірге бағынды. Міне, енді сол дуандар таратылып, қазақ 
билігі  ҧсақталып,  мың  ҥйдің  басшысы  болыстық  қызмет  қана  қазаққа 
бҧйырады. 
Кенесары-Наурызбай  бастаған  кҥрес  Ресей  патшасына  қарсы 
бағытталған  халық  соғысына  айналғанда,  біздің  мҧсылмандар  сорлы 
болмайтын еді. 
Аға сҧлтандықтың орнын уезд басуы, дуан басының орнына ояз бастығы 
– орыс шенеунігі тҧруы, рубасылардың (аға старшинаның) қызметі жойылуы, 
оның  қызметін  бірнеше  ҧсақ  болыстық  билеушілер  атқарулары,  рудың 
әрқайсысының  бірнеше  болысқа  бӛлінуі  біздің  қазақ  жҧртының  Ресей 
патшасының  торына  тҥсіп,  мықты  бҧғауға  тап  болғандығының  айғағы 
екендігін  әлеумет  әлі  ҧғына  қойған  жоқ.  Ресей  патшасының,  Қытай 
патшасының, Қоқан ханының бҧғауларына тҥспеген қазақ қалмады ғой. 
Аға сҧлтандық биліктің ӛзі де ӛлмешінің кҥні болатын. Ӛйткені, онда да 
қазақ  орыс  патшасына  бағынды  ғой.  Қайсымыз  болайық  жандаралдың 
аузына қарадық. Оны ӛзің де білесің. 
Шоң мырза: 
-  Батыр  аға,  ел  сізді  Қазан,  Ҥргеніш  шаһарларындағы  медереселерде 
оқып,  діни  білім  алған  ғҧлама  дейді.  Біреулер  Ҥпіде  оқыды  дейді.  Қазанда 
оқысаңыз білесіз ғой. Қазанда татарша баспахана қай жылы ашылды? Қҧран 
Қазан баспасынан әуелі қай жылы басылып шықты? Соны білгіміз келеді? 
Тоғыз  дуан  деп  1824-1844  жылдары  Орта  жҥз  жерінде  ашылған  Кӛкшетау,  Қарқаралы,  Ақмола,  Атбасар,  Аманқарағай,  Баянауыл, 
Ҥшбҧлақ, Аягӛз, Кӛкпекті дуандарын айтады. 
 
 

 
35 
Есеней қазы: 
- Балам-ай, сауалың да кӛп болып кетті. Қартайған кісінің кӛп сӛйлегені 
де  лайық  емес.  Оның  ҥстіне  мен  білімпаз  кісі  емеспін.  Сонда  да  айтайын. 
Қазан  шаһарында  ертеде  баспахана  болмаған  кӛрінеді.  Қазандағы 
молдалардың  кӛпшілігі  Ҥргеніш,  Самарқанд,  Бҧқара  шаһарларындағы 
медереселерді  оқып  бітіргендер,  ал,  азшылығы  Есіләмпол  (Стамбол), 
Табыраз  шаһарларындағы  медрееселерде  оқып,  соларды  тәмамдап 
шыққандар еді. Медреселер мен мешіттерді Қазандағы татар бектері, билері, 
ғҧламалары  ӛз  беттерінше  ашқан  екен.  Кейін  оларға  Ресей  патшасы 
рҧқсатсыз  медресе,  мешіт  ашуға  тыйым  салды.  Қазір  бізде  де  солай.  Мен 
Ғазим  деген  татар  бегінің  ашқан  медересісінде  оқыдым.  Соны  тәмам  еткен 
кезде  Ғазим  Хиуа  хандығына  бір  топ  татар  шонжарын  бастап  кӛшіп, 
Ҥргенішке  барып,  сонда  ҥй  сатып  алды,  медресе,  мешіт  ашты.  Қазандағы 
мешіті мен медересесін Ядгир деген немере інісіне беріп кетті. 
Ғазим  де,  оған  ерген  татар  мырзалары  да  біздің  Қызылжар,  Кӛкшетау 
аймақтарындағы  Керей-Уақ,  Атығай-Қарауыл  елдерінің  игі  жақсыларымен 
кӛп жылдан бері дос адамдар екен. Себебі, олар сауда-саттықпен айналысып, 
Қызылжар,  Омбы,  Қорған,  Тҥмен  шаһарларына  керуенмен  келіп,  сондағы 
базарларда  сауда  жасаумен  бірге  қазақ  ауылдарына  барып,  кездеме,  қант, 
шай, ӛрік мейіз, айна, тарақ, қағаз, қалам-сия, дәуіт сатып, мол жинап әкетіп 
жҥрген.  Сондағы  олардың  сҥйенетіндері  ел  басшылары  болыпты.  Әрине 
татар саудагерлері қазақтың билері мен бектеріне, батырларына, имамдарына 
тарту-таралғылар берген. Тіпті қазақ шонжарларының балаларына қыздарын 
да ҧзатқан ғой. 
Ғазиммен,  оның  інісі  Ядигермен  менің  әкем  Естемес  балуан  да  дос 
болған. Ғазим Ҥргенішке барып, Хиуа ханына қызмет етті. Ол Қазақтармен, 
Қарақалпақтармен  дос  болды.    Ғазимнің  нӛкерлері  де  қазақтарға  жағымды 
болды. Мен тағы да Ғазимнің ҥйінде тҧрып, ол ашқан медереседе оқып, соны 
тәмам еттім. 
Қазандағы  медересеге  дейін  ӛзіміздің  Қызылжардағы  1767  жылы 
Кӛшебе керей Шақшақ батыр Кӛшекҧлы (1740-1837жж) ашқан ескі медересе 
оқып,  соны  тамадаған  болатынмын.  Асқан  ғҧлама  –  молдамын  деп  ӛзімді-
ӛзім мақтай алмаймын. Шариғат жолымен билік айтқаным рас. Бҧйрықтарға 
хадим әрпімен қол қойып отырдым. Ал, орысша қатынас қағаздарға жҥзігімді 
бастым.  Онда  орыс  әрпімен  жазылған.  Орта  жҥз  Ашамайлы  керей  Есеней 
Естемесов  деген  жазуды  орысша  сауаты  бар  зергерге  жаздыртқан  едім.  Ол 
жҥзігім мӛр сияқты болды. 
Қырым  татарлары  арқылы  Стамбол  шаһарынан  (Тҥрік  мемлекетінің 
ертедегі  астанасынан)  Қазандағы  татар  бектері  бірлесіп,  ақша  (алтын 
есебімен)  беріп,  баспахана  қҧрал-жабдықтарын  алдырып,  1785  жылы  жазда 
баспахана  ашқан  екен.  Қҧран  Қазанда  алғаш  рет  1787  жылы  басылып 
шығыпты. 
Шоң мырза: 
- Сардар аға, Сіздің Қызылжарға, Мәулітке татарлар қашан қоныстанды? 
Олар Қазаннан келген бе? 

 
36 
Есеней қазы: 
-  Жарайды  айтайын.  Қызылжарға  татарларды  қоныстандырған  Кӛшебе 
керей Шақшақ би екен. 1773-1777 жылдары Батыс Сібір мҧсылмандарының 
Ресей  патшасына  қарсы  қарулы  кҥресі  болыпты.  Сол  шайқастарда  Шақшақ 
шора  мҧсылман  әскерін басқарыпты.  Ол  сол  кезде  жас батыр  екен.  Абылай 
хан оны қолдапты.  
Шақшақ    батырдың  соққысына  шыдай  алмай,  Қызылжардың  алғашқы 
тҧрғын  орыстары  қашып  кетіпті.  Бос  қалған  кентке  Кӛшекҧлы  батыр  Сібір 
татарларының  Ескер,  Қарабаш,  Қҧралаш  руларының  кӛптеген  ӛкілдерін 
кӛшіріп  әкеп  қоныстандырыпты.  Оларды  Шақшақ  шора  сауда-саттыққа 
пайдаланыпты. Татардың жас жігіттері Шақшаққа сарбаз болыпты. 
1795  жылы  наурыздың  басында  Ертіс  ӛзенінің  шығысындағы  елсіз 
далаға он бес мың ҥй Керей кӛшіп кеткен соң, солардың орнын толтыру ҥшін 
Кӛшекҧлы  шора  Сібір  татарларының  Ескір,  Сҧңқар  руларының  бірталай 
шаңырақтарын кӛшіріп алып, Қызылжар шаһарына қоныстандырған екен. Он 
бес  мың  шаңырақ.  Ашамайлы  керейдің  бҧрынғы  мекені  Омбы  мен  Тҥмен 
шаһары  аралығындағы  ормандар  мен  кӛлдер  еді.  Сол  керейлердің  кӛшуіне 
Уәли  хан  мен  орыс  ҧлықтары  себепкер  болғаны  айдан  анық!  Орта  жҥз 
қазақтары  Уәлиді  хандықтан  алу  туралы,  оның  орнына  қарай  демей,  тӛре 
демей,  адал,  әділ,  іскер,  батыр  кісіні  хан  қою  керектігі  жайында  Ресей 
патшасына  1794  жылы  ӛздерінің  талаптарын  жазады.  Алайда  қазақтардың 
жазған  хатына  Ресей  патшасы  жауап  қайтармапты.  Соған  кейіген  Орта  жҥз 
қазақтары  қарулы кҥреске шықпақ болып, қыс ішінде қару-жарақтар соғып, 
кӛктемде  жорыққа  шығу  керектігін  айтып,  рубасылар  бір-біріне  арнаулы 
адамдар  арқылы  хат  жолдайды.  Сол  қимылды  Уәли  хан  Тобылдағы 
жандаралға  жеткізеді.  Жандарал  Петерборға  хат  жолдап,  Ресей  патшасына 
хабарлайды.  Патша  ӛзінің  бір  саясатшысын  жандаралға  жібереді.  Ресей 
патшасының  айлакер  шенеунігі  мен  жандарал  ақылдасып,  Абақ  керейдің 
Жантекей атасынан шыққан Ер Жәнібек Бердәулетҧлы (1710-1805жж) деген 
қарт  сардарға  елші  жібереді.  Елші  Ер  Жәнібекке  мол  сыйлық  әкеп  береді. 
Оның  қолына  Ресей  патшасының  жасанды  хатын  тапсырады.  Хатта:  «Том 
шаһары мен Барнауыл кені аралығынан жеке хандық қҧрып береміз, Ертістің 
шығысындағы  елсіз  далаға  қоныстаныңыздар,  соған  хан  боласың, 
қоластыңызға  еліңізді  кӛшіріп  әкетіңіз,  Том,  ҧста  қыстақ
20
,  Кемер
21
 
ӛңіріндегі,  Тоқтамыс  хан  обасы  маңындағы  татар  атаулы  сіздің 
қарамағыңызда  болады.  Соған  разы  боп,  келісім  шартқа  қол    қойыңыз!?»  - 
деген  сӛздер  айтылады.  Елші  дінге  де  ерік  берілетінін  айтады.  Соған 
алданған  әрі  аңғал,  әрі  қарт  батыр  Жәнібек  Шақшақ  шора  бастаған  Тӛрт 
момын елінің билері мен бектерінің, ғҧламаларының, соларды қолдаған тӛре-
қожалардың:  «Батыр,  кӛшпеңіз,  ӛз  қонысыңызға  зар  боп  қаласыз,  елдің 
обалында  қаласыз.  Олар  сізді  алдап  тҧр.  Кейін  ӛкініп  саныңызды  соғасыз. 
Кәпірлерсіз-ақ,  сізді  ӛзіміз  де    хан  кӛтереміз!»-деген  сӛздеріне  қҧлақ  аспай, 
Ашамайлы керейге жататын он екі ата – Абақ керейдің кӛптеген ауылдарын 
және басқа да Ашамайлыға жататын Керей руларының бірталай ауылдарын – 

 
37 
барлығы  он  бес  мың  тҥтінді  бастап,  Ертістің  мҧзы  сӛгілмей  тҧрып,  сол 
ӛзеннің шығысындағы елсізге кӛшіп кетеді.  
Расында,  Орта  жҥздің  игі  жақсылары  қартайдым  дегеніне  болмай, 
Жантекей  керей  Ер  Жәнібекті  ӛз  беттерінше  Уәлидің  орына  хан  сайлауға 
дайындалған  екен.  Сонда  Ер  Жәнібек:  «Мені  қартайғанда  хан  сайлап 
қайтесіңдер. Мен  ханға  Бас  ақылшы болайын.  Хан  Бағыс  Атығай-Тоқтамыс 
Жанҧзақҧлы  болсын,  Орта  жҥздің  әскеріне  Ордабасы  Кӛшебе  керей  Сартай 
Кӛшекҧлы  баһадҧр  болсын.  Бас  уәзір  Нҧрымбет  керей  Арал  Қҧрбанҧлы 
болсын.  Қалған  уәзірлерді  Арғын-Қыпшақ,  Уақ
 
адамдарынан  ӛздерің 
сайлаңдар!  Кӛшебе  керей  Тіленші  бҧрынғыша  қазы  болсын!  Шақшақ  Сібір 
қазақтары шорасы қалпында қала берсін!»-деген екен. Сол сӛзді 1794 жылы – 
барыс  жылы  қазан  айының  аяғында  рубасылар  қуаттап,  1795  жылы-қоян 
жылы  жаздың  басында  Шағалалы  кӛлінің  жағасында  хан,  уәзір,  ордабасы 
сайлауын ӛткізбек боп келіскен  екен. Алайда жандаралдың азғырындысына 
еріп,  Ер  Жәнібек  хан  сайлауын  тоспай,  он  бес  мың  ҥй  Ашамайлы  керейді 
ӛзіне  ілестіріп,  кӛше  жӛнелген  екен.  Соның  салдарынан  Уәли  ханды  Орта 
жҥз қазақтары орнынан ала алмаған екен. 
Керейлер онан кейін 1805 жылы кӛктемнің аяғында, 1811 жылы жаздың 
басында  1822  жылы-жылқы  жылы  жаздың  басында  Кӛкшетау,  Қызылжар 
аймақтарынан,  Қорған,  Тҥмен,  Омбы  шаһарлары  тӛңіректерінен  кӛшіп, 
Қҧлынды  даласына  барды.  Оларға  ілесіп,  Уақтардың  да  жартысынан  кӛбі 
кӛшіп, Қҧлындыға барды. Ақыры олар 1835 жылға дейін Алтай, Шәуешекке 
ауып барған.  
1795-1805  жылдары  әуелі  он  бес  мың  керей
22
  онан  кейін  де  мыңдаған 
шаңырақ  керейдің  Қҧлынды  даласына  орнығып,  ақыры  1805  жылы-сиыр 
жылы  жазда  Алтай,  Шәуешекке  босқа  кӛшіп  баруы  да  қартайған  Ер 
Жәнібекті  Ресей  патшасы  жандаралдарының  Том  мен  Шәуешек  арасынан 
хандық  қҧрып  береміз  деп  екінші  рет  алдауының  нәтижесі.  Сӛйтіп,  Ресей 
патшасы  Ер  Жәнібекті  хандық  қҧрып  береміз  деп  екі  рет  алдаған  екен. 
Бірінші  ретте  де,  екінші  ретте  де    Ресей  патшасының  Ер  Жәнібекті  алдауы 
Сібір  қазақтарының  кҥшін  бӛлу,  тобын  ыдырату  мақсҧтынан  туған  айла-
әрекет қой. 
Керей-Уақтар  Жәнібекке  еріп  1805  жылы-сиыр  жылы  жазда  кӛшіп 
барған  соң,  екі  жҧмадан  кейін  Алтай-Шәуешекті  Қытай  әскері,  Шығыс 
Тҥркістанның  қалаған  кӛп  жерін  Қоқан  әскері  басып  алған  екен.  Сонан 
«кӛше-кӛше  қажыдық!»-деп,  Керей-Уақтың  қалың  елі  Алтай,  Шәуешекте 
қалыпты. Ер Жәнібек пен оны хан кӛтермек болған орыс әскері кейін қарай 
қашады.  Жәнібекке  ілесе  керейдің  азшылығы,  Уақтың  Сарман,  Сіргелі, 
Мҧрат, Жансары, Бидалы, Бозӛкпе, Шайгӛз елдерінің бірталай шаңырақтары 
кейін қарай кӛшеді. Жәнібек Шар ӛзенінің бойына жеткенде, ауырып 
20
Ҧста қыстақ – қазіргі Новокузнецкі қаласы орналасқан қоныстың мҧсыланша ескі атауы. Ол жерді Сібір Татарына жататынОңғҧт руы 
мекен еткен екен. 
21
Кемер – қазіргі Кемеровскі шаһары орналасқан қоныстың мҧсылманша ескі атауы. Кемерді, Томды Татардың Меркіт, Сағай рулары 
мекендепті.  
22
Он бес мың ҥй Керейдің 1795 жылы Ертіс сыртындағы елсіз  далаға кӛшіп ӛтуі, барған жеріне Қҧлынды деп ат қоюы, Уәлиханмен 
елдің сыйыспауы, босқа кӛшуі  Сегіз серінің 1836 жылы маусым айында Кіші жҥз Кӛбек бидің асында Орта жҥз Сҥйіндік Арғын Шоң 
би  Едігеҧлына  ӛлеңмен  қайтарған жауабында,  белгілі  жазушы  Қалмҧхан  Исабаевтың  ҥш  томдық  «Серт»  атты  қара  сӛзбен  жазылған 
тарихи шығармасының бірінші кітабында , Жарылған Бейсенбаевтың Шоқан туралы жазған «Жасын тағдыр жарқылы» деген еңбегінде 
ашық айтылған.   

 
38 
дҥниеден  ӛтеді,  сҥйегі  сол  араға  жерленген.  Сарман  Уақ  Семей  маңына 
қоныстаныпты.  Керейдің  бір  азғана  ҥйлері  мен  Сіргелі  Уақтың  бір  азғана 
ҥйлері  Семейдің  бер  жағына  ӛтіп,  Бесқарағайға  қоныстаныпты.  Сыйбан 
керейге жататын Шимойын, Шоқматар елдерінің бір азғана тобы Шар ӛзені 
бойында  мекендеп  қалыпты.  Балта  керейдің  Жәдік  елінің  Рысымбетіне 
жататын  Бегімбет  атасы  Семейдің  батысына  ӛтіп,  Шҧбатау  ӛңіріне 
қоныстанған  ғой.  Уақтың  қашып  бері  ӛткен  тобының  басым  кӛпшілігі 
Семейдің  шығысын  орап,  Кереку  жақ  бетіне  ӛтіп,  Қарағай  ішіне,  Ертістің 
тоғайына мекендеп қалыпты. 
Балта керейдің Бегімбет әулетінен шыққан атақты батыр Шақантай сол 
1805  жылы  жҥз  беске  келген  екен.  Жҥз  бес  жастағы  Шақантайды  немере, 
шӛберелері  кҥймемен  Шҧбартуға  жеткізіпті.  Шақантай  сардар  сол  жылы 
қазан  айының  аяғында  ауырып  қайтыс  болыпты,  сҥйегі  сонда  жерленген, 
ҧрпақтары  Шҧбартауда  тҧрады.  Қарқаралы,  Кӛкпекті,  Аягӛз  дуандарын 
аралағанда, сол ағайындарымызды кӛрдім.  
Уәли  ханға  Орта  жҥздегі  тӛрелер  де,  қожалар  да  қарсы  болды.  Сол 
Уәлиге  қарсы  тӛре-тӛлеңгіт,  қожалардың  Ер  Жәнібекке  еріп  кеткендері  де 
болды.  Уәлимен  келіспеген  Тҧрсын,  Жалбыр,  Шотай  Абылай  хан  ҧлдары 
тӛре  атағынан  безініп,  біздің  Керейге  кӛшіп  келіп,  біздің  Балта,  Еменәлі 
керейлерге сіңіп кетті. 
Қазақтың,  татардың,  естектің  ҧйтқыларын  Ресей  патшасы  шайқағаны 
баршаға белгілі ғой. Ал, әрісі Орта жҥздің, берісі Керей-Уақтың ҧйытқысын 
Уәли хан шайқады. 
Уәлидің  әлсіздігіне,  берекесіздігіне  кӛзі  жеткен  Бағаналы  Найман 
Барлыбай  Тауасарҧлы  Абылай  хан  қайтыс  болған  жылдың  –  1781  жылдың 
қыркҥйек  айында  Қаратау  ӛңірі  мен  Сыр  бойын  бӛліп  алып,  жеке  хандық 
қҧрып, Ҧлытау мен Сырдария аралығындағы, Тараз бен Арал аралығындағы 
елдерге хан болды. 
Барлыбай Ресей патшасының оны хан деп танығысы келмегенін керек те 
қылған жоқ.  
Татар туралы әңгімемізге қайта оралайық. 
1745  жылы-сиыр  жылы  жаздың  басында  қарт  қолбасшы-ақын 
Қожаберген  мен  оның  інісі  қарт  сардар  Асқаптың  бастауымен  қҧрамында 
Шалабай 
Естектері, 
Сібір 
татарлары, 
Атығай-Қарауыл 
елдерінің 
жауынгерлері  бар  Керей-Уақ  әскері  Шортанды  мен  Тҥмен  аралығын, 
Аманқарағай  мен  Ҥшбҧлақ  аралығын  басқыншы  қалмақтардан  тазартады. 
Сӛйтіп,  Керей-Уақ  жҧрты  ӛздерінің  бҧрынғы  ата  қоныстарына  қайтадан 
орналасады. 1723 жылғы апатта қҧрып кеткен Аббас, Хансадақ керейлердің 
қоныстарына  Атығай-Қарауыл  елдері,  Естектің  бір  бӛлек  елі  орналасады. 
Атығайдың  Қҧлансу,  Кәдір,  Ақкиік,  Қойлы,  Баба,  Бабасан,  Есен,  Тақырық 
аталарына қонысты Жолдыӛзектегі Шоға уақтар берген екен. 
Кӛшебе  керей  Есет  батыр  Қожабергенҧлының  бастауымен  қазақ,  естек, 
татар 
жігіттерінен 
қҧралған 
мҧсылман 
әскері 
Жоңғар 
қалмақ 
басқыншыларынан Орал тауының шығысындағы Шалабай башқҧрттарының 
жерін, Сібір татар жерінің жартысынан кӛбін сол 1745 жылдың қазан айының 

 
39 
ортасына дейін тазартып Томға дейін жетіпті. Есет бастаған мҧсылман әскері 
1746  жылдың  кӛктемінен  кҥзіне  дейін  Том  мен  Кемер  арасын  жаудан 
босатқан екен. 
Қызылжар қаласы қолдан-қолға кӛп ӛткен кент
23
. Біресе  Ресей патшасы 
әскері  алды,  Қызылжарды  біресе  мҧсылмандар  алды.  Ресей  патшасы 
әскерлерінің шабуылдарының әуелі Шақшақ бастаған, онан соң Сартай мен 
Арал  бастаған,  кейін  Марал  ишан  бастаған  мҧсылман  қолының
24
  қарулы 
қарсылықтарынан  тойтарылуының  арқасында  Қызылжарға  татарлар  мен 
қазақтар  орнығып  қалды.  Қазақтар  мен  татарлардың  Омбы  шаһарына 
орналасуына да осы жағдайлар себеп болды. 
Қызылжар  да,  Омбы  да  біздің  Керейдің  ежелгі  жері  ғой.  Ӛз  жерімізді 
ӛзімізге  кәпірлер  бҧйыртқысы  келмеді.  Шақшақ  би  Ресей  патшасына  сол 
ҥшін қарсы болды. 
1745  жылы  кәпірлерден  ата  мекендерді  тазартқан  бетте-ақ  Керейлер 
Омбы  бекінісін  айнала  бҧрынғыша  қоныстаныпты.  Омбы  бекінісін  орыстар 
қалмақтардың  қолдауымен  салған  екен.  Оны  Қожаберген  ӛзі  шығарған 
«Елім-ай» атты ӛте ҧзақ дастанының басқы бӛлімінде ашық айтыпты: 
 
Алмақ боп кӛп мылтық пен жақсы қару, 
Мақсҧты болғаннан соң жҧртты шабу. 
Керейден тартып алған Омбы ӛзенін, 
Орысқа кәпір қалмақ етті тарту. 
 
Омбы  бекінісінің  комендаты  да,  тҧрғын  орыстары  ӛздерін  аман  сақтап 
қалу  ҥшін,  әрдайым  қазақтармен  тату  болуды  кӛздеген.  Омбы  орыстары 
қазақтарға  қант,  шай,    кездеме  беріп,  олардан  керек  заттарын  алып  тҧрған. 
Қазақтар Омбы бекінісіне 1747 жылдан бастап қоныстана берген. Мҧсылман 
кенті мен орыс кентінің арасы ҥш шақырым 
ашық  жер  болған  ғой.  Қазақтар  батыс  жағалауында  да  Омбы  бекінісімен 
тҧспа-тҧс  мекен  еткен  екен.  1822  жылға  дейін  Омбы  бекінісі  қыл  ҥстіндегі 
жағдайда  болды.  Омбы  орыстары  қазақтармен  тату  болғандықтан,  Қорған 
мен Қызылжардың кебін кимей, аман қалды. 
Қорған  бекінісіндегі  кәпірлер  бҧзақы  болды  да,  оны  қазақ-татар 
батырлары  бірнеше  рет  шапты.  Жас  кезімізде  Қорғанға  ӛзіміз  де  жорық 
жасап  жҥрдік.  Мҧсылмандардың  жерлерін  тартып  алғандардың  жазасын 
бердік. 
Мәуліт  –  Мәулітбек  есімді  Балта  керейдің  батырының  қонысы.  Мәуліт 
деген  жер  аты.  Мәулітбек  қыстауы,  Мәулітбек  кӛлі  деген  қоныс  аттарынан 
шыққан.  Мәулітбек  –  Шақшақ  шораға  шәкірт  болған  сардар.  Ол  Сартай 
батырмен,  Арал  батырмен  қҧрбылас,  жауға  қарсы  солармен  бірге  аттанған 
әскербасы. 
Мәулітбек  ӛз  жасағында  сарбаз  болған  татарларды  ӛзінің  ауылдарына 
жинап, ӛз маңына қоныстандырды. Мәулітбектің бал арасын ӛсіруге 
23
Кент – шаһар, қала деген мағынаны білдіретін сӛз. 
24
Қол - әскер деген сӛз. 
 

 
40 
кӛмектескен татар Меніғҧл деген кісі ӛз немересінің есімін Мәулітбек қойған 
екен.  Міне,  Мәулітке  татарлардың  қоныстануы  тарихы  осылай!  1826  жылы 
жазда  Мәулітбектің  балалары,  немерелері,  ағайындары  Тобыл  ӛзені 
бойындағы  Балта  керейлерге  кӛшті  де,  олар  ӛз  қоныстарын  татарларға 
қалдырды.  Бірақ  сол  жылы  кҥзде  татарларды  ығыстырып,  ол  жерге  казак 
орыстар  келіп  орналасты.  Әлгі  Меніғҧлдың  Марал  ишанға  жҥзбасы  болған 
Мәулітбек деген аңшы, қҧсбегі немересі сол маңда кӛшпей қалып қойды.  
Жалпы  татарлар  Қызылжар,  Омбы  шаһарларына  1773-1821  жылдар 
аралығында  Шақшақ  бидің  қолдауымен  орналасты,  ӛздері  де  Шақшақ  биге 
адал  қызмет  етті.  Шақшақ  батыр  татарларды  Ресей  патшасы  әскерлерімен 
шайқас кезінде мықты пайдаланды.  
Қызылжар,  Омбы,  Мәуліт,  Болатынай,  Бағыландағы  татарлар  ӛзімізбен 
кӛршілес  Сібір  татары  руларының  уәкілдері  еді.  Ал,  Қазаннан  келген  татар 
аз.  Олар  –  солдаттан  қашқан  бірен-саран  жігіттер.  Сол  қашқын  аздаған 
татарлар  қазақ  ауылдарына  сіңіп  те  кеткен  болатын.  Сондайлар  Жансары 
Уақта бар. 
Шоң мырза: 
-  Ҧлық  аға,  кӛп  мәселеге  сізден  қанық  болдық.  Бәрін  жақсы  біледі 
екенсіз. Енді бір сауалым бар. Осы қазақ ішіндегі қалмақ деген әулеттердің 
арғы тегі қалмақ па? Әлде жай аттары қалмақ па? Бҧған не айтасыз?  
Есеней қазы: 
-  Балам,  қазақ  ішіндегі  қалмақ  деген  әулеттер,  кӛбінесе,  шеше  тегіне 
байланысты  лақап  аттармен  аталған  ҧсақ  аталар.  Қожаберген  бабамыздың 
шығарған  «Елім-ай»  хиссасында  (жетінші  бӛлімінде)  айтылғандай, 
қалмақтармен  соғысқан  соңғы  отыз  алты  жылда;  кӛбінесе,  кемпір-шалдар, 
әйелдер, балалар ӛте кӛп қырылған да, ал, қолына қару ҧстаған азаматтардың 
жартысы тірі қалған. Соғыс аяқталған соң, аман қалған еркектер әр халықтан 
қыз  алып,  ҧрпақ  ӛсірген.  Әрине,  барлық  батырар  мен  сарбаздар  әйелсіз 
қалмаған.  Жартылай  әйелсіз  қалғандардың  азғана  тобы  қалмақтан,  орыстан 
тҧтқынға  тҥскен  қыздарды  алып,  оларды  Есіләм  дініне  енгізген  екен.  Сол 
қалмақ  қызынан  туған  балалардан  ӛрбіген  тҧқымдарды  мҧсылман 
қыздарынан  туған  балалардан  ӛсіп-ӛнген  әулеттер  келеке
 
қып  қалмақ    деп 
атаған. Шынында олай деу дҧрыс емес. Оның ӛзі кҥнә! Атасы қазақ болған 
соң,  анасына  қарамай,  олардан  туған  ҧлдардың  есімдерімен  әулетті  атаған 
дҧрыс.  Кӛбінесе,  қазақ,  ноғай,  татар,  башқҧрт,  қарақалпақ,  тҥрікпен 
қыздарынан  туғандар  ӛздерін  бәйбіше  балаларымыз  деп  кӛтермелеп,  кіші 
қалмақ қызы әйелдерден туған ҧлдарды кемітіп, қалмақтар деп ат қойған ғой. 
Мысалы: біз жас жігіт кезімізде жастық шақтың салдарынан ескі Маңғҧл 
даласын  мекендеген,  Алтай  тауындағы,  Шығыс  Тҥркістанға  қарасты 
Бҧратарадағы  қалмақтарға  ара-тҧра  жорық  жасап,  жылқы-тйе  алып  қайтып 
жҥрдік.    Сонда  Ӛскеменнің  ар  жағынан  бізге  Кӛкжарды  Найманның  Ӛтей 
руының  да  жігіттері  ілесіп,  жолдас  боп  жҥрді.  Солардың  ішінде  Бесқалмақ 
деген  атаның  жігіттері  де  болды.  Солардан  Бес  қалмақ  аталу  себебін 
сҧрастырсақ, Кӛкжарды Найманның Ӛтей атасынан шыққан Барақ батыр он 
бес әйел алған екен.  Соның бесеуі қалмақ қыздары екен. Соған байланысты 

 
41 
бес  қалмақ  қызы  әйелден  тараған  еркек  кіндіктілерді  Барақтың 
бәйбішелерінен туған ҧлдардың ҧрпақтары  келеке етіп, Бес қалмақ деп атап 
кетіп, ақыры Бес қалмақ деген атаның аты болып кеткен екен. Кӛкжал Барақ 
деген батыр аты да Кӛкжарды Барақ деген сӛзден шыққан сияқты.  
Ҥш  жҥздің  руларының  ішінде  кейде  тҥрікпен  деген  ауыл  немесе  ата 
кездеседі. Тҥрікпен аталудың да қалжыңнан туған екені бар. 
Ашамайлы  Керейдің  ертедегі  кӛсемі  Танаш  бидің  ҥлкен  баласы  Балға 
батырдан  біздің  Сыйбан  керей  тарайды  да,  ортаншы  ҧлы  Балта  батырдан 
Балта  керей  тарайды.  Осы  Балта  керейде  1723-1759  жылдары  болған  қазақ-
қалмақ  соғысында  ерлікпен  даңқы  шыққан  Қаби  есімді  әскербасы-батыр 
болыпты.  Соның  Қазине  атты  әйелі  Кіші  жҥз  Шӛмекей  руының  қызы  екен. 
1759  жылы  қазақ-қалмақ  соғысы  аяқталып  біткен  соң,  жаздың  басында 
Қазине бәйбіше тӛркініне барып, ӛліге бата жасап, тіріге сәлем беріп, кӛңіл 
айтып қайтуға ері – Қаби сардардан рҧқсат сҧрайды. Ері рҧқсат етеді. Бірақ 
керуенмен  бірге  шығып,  жолда  қалып,  керуен  Ҥргеніштен  қайтқанда 
солармен бірге елге келу керектігі ескертеді. 
Қазине бәйбіше қасына нӛкер әйелдерді, Бегімбет есімді он жасар ҧлын, 
Жолымбет  атты  сегіз  жасар  ҧлын  ертіп,  азық-тҥлік  алып,  жолға  шығады. 
Керуенмен  бірге  Сыр  бойына  арада  бірнеше  кҥн  жол  жҥріп  жетеді.  Керуен 
Кердері (Арал теңізін) айналып, Ҥргенішке баратын болып аттанды. Қазине 
Сыр  бойындағы  тӛркінінде  мейман  болып  қалады.  Керуенбасы  керей  жігіті 
оны қайтарда ала кететін болады. 
Қазине бәйбіше тӛркін жҧртын аралап, ҥлкендерге сәлем беріп, дҥниеден 
ӛткен аталастарына, туыстарына бата қылады, оларға арнап, дҧға оқиды. Ол 
сӛйтіп  ағайындарында  қонақ  болып  жатқанда,  бір  кҥні  оның  Әшен  деген 
ағасының  жылқысына  тҥрікпен  қарақшылары  келіп  тиеді.  Соның  алдында 
ғана жылқышылардың қосына ауылдың бір топ балалары келіп, қымыз ішіп, 
ҥйретілген  тайларға  мініп  жарысып  жҥреді.  Ол  балалардың  арасында 
Қазиненің екі ҧлы да болады. 
Жылқыға  қоса  жау  тайға  мінген  балаларды  да  тҧтқындап,  алып  кетеді. 
Тҥрікпен қарақшылары жас балаларды қозы-лақ бағуға пайдаланады. Бір кҥні 
олар  қазақтың  жас  балаларының  шаштарын  ҧстарамен  алып,  жерге  бәрін 
қатар отырғызып, бастарына шикі тері кигізбек болғанда, оларды қазақ ӛңдес 
бес  батыр  жігіт  арашалап  алады.  Әлгі  бес  кісінің:  «Біз  ҥшін  шикі  тері 
кигізбеңіздерші»,  -  деген  сӛздерін  сыйлап,  тҥрікпендер  жас  ҧлдарға    шикі 
тері  кигізбепті.  Ол  бес  батыр  жігіттің  ҥшеуі  қазақ,  екеуі  башқҧрт  екен.  Ҥш 
қазақ  жігіті  Кіші  жҥздің  адамдары  екен.  Нҧралы  ханнан  қысым  кӛрген  ҥш 
жігіт  Тҥрікпен  жеріне  ӛтерде  ӛздеріне  келіп  паналаған  ағайынды  екі  естек 
жігітін  ерте  кетеді.  Сӛйтіп  ол  бесеуі  қолӛнершілікпен  айналысып,  тҥрікпен 
бектеріне  қызмет  етіп,  тҥрікпеннен  қызы  алып,  сонда  тҧрып
 
қалған  екен. 
Ағайынды  ҥш  қазақ  жігітіне  паналаған  ағайынды  екі  башқҧрт  жігіті  орыс 
ҧлықтарынан қорлық кӛріп, елінен кеткендер екен.  
Нағашы  жҧртының  балаларымен  бірге  Бегімбет,  Жолымбет  есімді 
Керейдің  екі  баласы  әуелі  тҥрікпендердің  қозы-лағын,  одан  кейін  қой-
ешкісін,  одан  кейін  жылқысын,  одан  соң  тҥйесін  бағады.  Солай  қорлықта 

 
42 
жҥріп,  тоғыз  жыл  уақыт  ӛтеді.  Бірақ  олар  қҧм  ішінде  ептеп  жасырып,  мал 
ӛсіреді.  Сол  малдарды  беріп,  зергер-ҧсталардан  жеңіл  сауыт,  қару-жарақтар 
сатып  алып,  теңдерге  буып,  қҧмдағы  сексеуіл  ӛскен  жерлерге  жасырады. 
Жҥйрік  ат,  жҥйрік  атан,  жҥйрік  нар  дайындаған  жас  жігіттер  бір-бірімен 
хабарласып,  елге  қашпақ  боп  уағадаласады.  Елге  аттанбас  бҧрын  олар 
қамауда  жатқан  жасы  ҥлкен  қазақтарды  босатып  алу  ҥшін  кҥзетшілерге 
сыйлық беріп, динар
25
 беріп, олармен достасады.  
Қазине  бәйбіше  екі  баласынан  айырылып,  нӛкер  әйелдерін  ертіп, 
Ҥргеніштен  қайтқан  керуенге  ілесіп,  жылап-еңіреп  ҥйіне  келеді.  Алайда 
ақылды-сабырлы Қаби батыр бәйбішесін жҧбатады. Ол елден қол жинап, сол 
жылы  кҥзде  жорыққа  шығып,  Тҥрікпендердің  ауылдарын  шауып,  сҧлу 
қыздарды,  жылқы-тҥйелерді  олжалап  әкеледі.  Бірақ  Қаби  балаларын  таба 
алмайды. Содан ол әр жылдың жазында жасақ ертіп аттанып, тҥрікпендерді 
бірнеше  рет  шауып,  кӛп  олжамен  елге  оралып  жҥреді.  Бірақ  ҧлдарын 
таппайды.  
Әлгі  зындан  кҥзетшілеріне  қазақ  жігіттері  наша  апарып  беріп  жҥріпті. 
Наша  тартып,  мас  боп  жатқан  кҥзетшілерді  жас  жігіттер  уақытша  байлап 
қойып,  кілтті  ашып,  зындандағы  кісілерді  шығарып  алады.  Кҥзетшілердің 
қолдарын,  аяқтарын  арқаннан  босатып  мас  қалпында  жатқызып  кеткен 
жігіттер зынданнан шығарып алған ағаларын ертіп әкетеді. Оларды киіндіріп, 
атқа  мінгізіп,  қару-жарақ  асындырып  сексеуіл  ӛскен  жерге  бекіндіреді. 
Бҧларды  зыңданнан  шығарып  алуға  жастарға  сол  тҥрікпен  ӛз 
шонжарларынан қорлық 
кӛріп,  шет  қақпай  болып  жҥрген  азаматтары  кӛмектесіпті.  Олар  да 
қазақтармен  бірге  кетпекші  болады.  Жолға  дайындалады.  Сӛйтіп  тҧтқын 
қазақтар,  оларға  ілескен  тҥрікпен  ғарыптері  жылқы-тҥйе  айдап,  қазақ 
даласына  қашады.  Алғашында  білмей  қалса  да,  кейін  олардың  қашып 
кеткенін сезген тҥрікпендер соңдарына тҥсіп қуады. 
Қазақ  жеріне  жете  бергенде,  арттарынан  тҥрікпендер  қуып  жетеді, 
азаттықты  кӛксеген  байғҧстар  жаумен  аянбай  соғысады.  Саны  аздығына 
қарамастан,  ызалы  қашқан  қазақтар  алғашында  жауға  алдырмайды.  Бірінен 
соң  бірі  топ-топ  боп  келіп  кӛбейген  тҥрікпен  шапқыншылары  бҧларды 
қоршауға тҥсіруге айналғанда, ҧран салып қазақтың қалың әскері жауға лап 
қояды.  Есі  шыққан  тҥрікпендер  қашады.  Қазақтар  оларды  жеткен  бетте 
найзалап, қылышпен шауып, садақпен атып қыра бастайды.  
Қашқын қазақтар ойда жоқта ӛздерін ажалдан алып қалған даусы кҥндей 
кҥркіреген  бір  дәу  батыр  бастап  келген  қолға  арқаланып,  ӛздері  айдап 
әкелген жылқы тҥйелерге кҥзетші он шақты кісі қалдырып, жаудың соңынан 
қуа жӛнеледі. 
Әлгі  ірі  қазақ  сардары  Кіші  жҥздің  он  екі  ата  Байҧлысына  жататын 
Жаппас  елінен  шыққан  Жалдықара  батыр  екен.  Ол  тҥрікпен 
шапқыншыларынан кек қайтаруға әдейі қол бастап шыққан екен. Бостандық 
кӛксеуші  қазақтар  тобы  Жалдықара  батырдың  жасағымен  бірге  барып, 
тҥрікпендерді шабуға қатысып, жылқы-тҥйе айдап олжалы боп оралады. 
 
25
Динар – ақшаның тҥрі.
 

 
43 
Жауды зор шығынға ҧшыратып, тҧтқыннан тағы да бірнеше қазақты азат 
етіп, ӛздеріне ертіп, кӛп олжамен Жалдықара қолы еліне қайтады. Жорықтан 
аман  келген  ол  той  жасап,  әскерге  олжа  ҥлестіріп,  тҥрікпен  тҧтқынынан 
қҧтылғандарға  ауылдарына  елдеріне  баруға  рҧқсат  етеді.  Тҥрікпеннің  қолға 
тҥскен  сҧлу  қыздарын  Жалдықара  келіншек  ала  алмай  жҥрген  жарлы 
жетімдерге қосады. Қол ӛз ауылдарына, елдеріне қайтады. 
Бегімбет  пен  Жолымбет  Жалдықара  ауылдарында  мейман  боп  бір  ай 
жатады. Жолымбет епті жігіт екен. Жалдықараның қызы Әлимамен танысып 
достасады,  реті  келсе  болашақта  қосылмақ  болады.  Оны  Жалдықара 
білмейді. Бір кҥні Жалдықарадан еліне баруға Бегімбет пен Жолымбет рҧқсат 
сҧрайды. Сонда Жалдықара батыр ағайынды екі керей жігітіне: «Балта керей 
Қабидың  сендер  ҥшін  тҥрікпенді  әскер  бастап  барып,  бірнеше  рет  шауып 
қайтқанын  кӛріп  едім.  Жақсы  кісінің  балалары  екеңсіздер.  Келіп  жҥріңдер. 
Мҥмкін  бізден  қыз  алып,  кҥйеу  бала  боларсыңдар.  Соңығы  жылдары  Қаби 
батырды  жорықта  кездестірмедім.  Жасы  ҧлғайған  соң,  жорыққа  шықпай 
жҥрген  болар.  Елдеріңе  баруға  рҧқсат.  Әке-шешеңе,  аға-жеңгелеріне,  ел 
жҧртыңа  бізден  дҧғай  сәлем  айтыңдар!»-деп,  оларға  еліне  қайтуға  рҧқсат 
етеді.  Керейдің  ағайынды  екі  жігіті  Жалдықараға  алғыс  айтып, 
Жаппастармен  қоштасып,  ӛздеріне  тиесілі  жылқы-тҥйелерді  айдан,  арада 
бірнеше  кҥн  жол  жҥріп,  сҧрай-сҧрай  Қаби  батырдың  ауылына  келеді.  Елі 
жақсы  қарсы  алады.  Бҧлар  келсе,  әке-шешесі  қайтыс  болып  кеткен  екен. 
Жалдықара Керейдің жорықшы жас батырларынан Қаби сардардың ауырып 
қайтыс болғанын естісе де, ауылына барған соң, бір-ақ  білсін»-деп Бегімбет 
пен Жолымбетке айтпаған екен. 
Елі  әке-шешесінің  қайтыс  болғанын  екі  жігітке  естіртіп,  оларды 
жҧбатып, ағайындары екі боздақтың келу қҧрметіне арнап, той жасайды. 
Ҥстерінен  тҥрікпен  киімдерін  тастамай,  жартылай  қазақша,  жартылай 
тҥрікпенше  сӛйлеп  жҥрген  екеуін  аға-жеңгелері  бірден  бауырға  тарта 
қоймаса  керек.  Соған  ренжіген  екеуі  айдап  әкелген  жылқы-тҥйелерін  аға-
жеңгелеріне,  ағайындарына  бӛліп  беріп,  екеуі  ешкімге  айтпастан,  таң  ата 
аттарына мініп ауылынан кетіп қалыпты. 
Жас  бала  кездерінде  әкесіне  келіп  қонақ  боп  кетіп  жҥрген  белді 
жігіттерден естерін де Сыйбан керей Бесбай мен Кӛшебе керей Шәукер қалса 
керек.  Ауылдан  шыға  біреуі  Шәукерге  барып,  бала  болайық  десе,  екіншісі 
Бесбайға  барып  бала  болайық    дейді.  Сӛйтіп,  екеуі  келісе  алмайды  да,  екі 
бӛлек  кетеді.    Бегімбет  әкесінің  досы  Шәукерге  барып,  бала  болады.  Ал, 
Жолымбет  Бесбай  ауылына  кештете  келіп,  ауылға  таяу  жердегі  қалың 
жылқының  ортасына  барып,  атының  аяғына  ӛре  мен  тҧсауды  қоса  салып, 
ертоқымын  алып,  аттың  шылбырын  ҥйрек  бас  ердің  басына  іліп,  астына 
тоқым  тӛсеп,  найзасын  қасына  шаншып  қойып,  ҥстіне  шекпен  жамылып, 
басына  ер  жастанып  ҧйықтап  қалады.  Жылқышылар  оны  сырттай  бақылап 
қойып,  зиянсыз,  паналауға  келген  кісі  екенін  сезіп,  қостарына  барып 
ҧйықтайды.  Ел  жайлауда  отырған  кез  болса  керек.  Бесбай  мырза    таң 
намазын оқып болған соң, ылғи жылқыны бір аралап шығады екен. Сол әдеті 
бойынша таң намазынан кейін Сыйбан керей Бесбай жылқыны аралап жҥріп, 

 
44 
жылқының  ортасында  қаннен-қаперсіз  ҧйықтап  жатқан  кісіні  кӛріп,  таң 
қалады  да,  қосқа  келіп  ояу  жатқан  бір  жылқышыға:  «Сендер  не  қарап 
жҥрсіңдер,  жылқының  ортасында  біреу  жатыр.  Оны  неге  жібергенсіңдер?»-
дейді. Жылқышы: «Би әке, оны кӛрдік. Бірақ пана іздеп келген адам екенін, 
зиянсыз  екенін  сырттай  байқай  алдық.  Соны  аңғарған  соң  ертең  сӛйлеспек 
боп қосқа келіп ҧйықтадық. Бірақ мен елегізіп ҧйықтай қойған жоқпын!»-деп 
жауап  береді.  Бесбай  би:  «Әрі-беріден  соң  оятып  таңертеңгі  шайға  отыра 
берген  кезде  біздің  ҥйге  ертіп  кел,  жӛн  сҧрап,  кім  екенін  білейік.  Жалпы 
бҧрынғыша жаудан сақ болыңдар!»-деп, ауылына кетіп қалады. 
Кҥн  шыққан  соң,  жігіт  оянады.  Ол  атын,  ертоқымын,  шекпенін 
қалдырып,  қосқа  келіп  жылқышыларға  сәлем  береді,  жӛнін  айтады.  Беті-
қолын  жуып,  тҥнемел  қымыз  ішеді.  Аздан  соң  оны  бір  жылқышы  ертіп 
Бесбай  ауылына  барады.  Ол  Бесбайдың  ордасына  сәлем  беріп  кіріп  келеді. 
Оның артынан сәлем беріп жылқышы да ҥйге кіреді. Олардың сәлемін алған 
Бесбай дастарханға шақырады. Сонан соң тегенемен қымыз, шҧбат алдырып, 
шара аяқтарға қҧйғызып, жігіттері жылқышыға, Жолымбетке береді. Бесбай 
ӛзі  де  шара  аяққа  қҧйылған  шҧбатты  алдына  ҧстап  ішіп  отырып  әңгімеге 
кірісіп  жас  жігіттен  жӛн  сҧрапты.  Сонда  Жолымбет:  «Әке,  мен  Балта керей 
Қаби  ағаңыздың  бәйбішесі  Сыр бойына  тӛркіндеп барғанда  еріп барып  жау 
айдаған  жылқының  ішінде  кеткен  екі  ҧлының  кішісі  Жолымбетпін  ғой»,-
депті.  Дереу  Бесбай  орнынан  ҧшып  тҧрып:  «Шынардың  шыбығы,  асыл 
болатымның сынығы екенсің ғой»,-деп, Жолымбетті қҧшақтап бетінен сҥйіп, 
кӛзіне  жас  алып,  орнына  қайта  отырып,  оған  кӛңіл  айтқн  екен.  Сонда 
Жолымбет: «Аға-жеңгеміз жылы қабақ танытпаған соң, мен сізге бала болуға 
келдім. Ағам Бегімбет Шәукер мырзаға бала болуға кетті»,-деген екен. Соны 
естіген  Бесбай:  «Ой,  шіркіндер-ай,  алыстан  әке-шешесін,  ағаларын, 
туыстарын ел-жҧртын аңсап келген қос жауқазынды ренжіткендері қалай?»-
деп отырып қалыпты. Аздан соң, Бесбай: «Келгенің дҧрыс, ҧлым! Қуанбасам 
ренжімеймін.  Ӛшкенім  жанып,  ӛлгенім  тірілген  соң  неге  қуанбаймын. 
Қуанамын.  Бірақ  «атаға  жҥз  бала  кӛп  емес,  бір  бала  аз  емес»,-дегендей, 
қҧдайға шҥкір, балаларым кӛп болғанмен бар! Інім Шыныбайда перзент жоқ 
еді,  соған  бала  бол!»-депті.  Сӛйтіп  Жолымбет  Бесбайдың  кенже  інісі 
Шыныбайға бала болыпты. 
Тҥрікпен  киімін  Жолымбет  жҧмысқа  киіп  жҥрсе  керек.  Сондықтан 
Бесбайдың  және  оның  інісі  Есбайдың  балаларының  әйелдері  Жолымбет 
тҥрікпен қайным деп әзілдеп, содан Жолымбет Тҥрікпен атанып кетіпті. 
Жолымбет  екінші  әке-шешесі  Шыныбай  батыр  мен  оның  бәйбішесі 
Зҥлфияға  жеңгелері  арқылы  ӛзіне  Жаппас  батыры  Жалдықараның  Әлима 
деген қызын айттыру керектігін айтып тілек қояды. 
Жорықтас  жолдас,  Жоңғар  әскеріне  қарсы  бірге  тізе  қосып  соғысқан 
майдандас  дос,  замандас  Кіші  жҥз  батыры  Жалдықараның  қызы  Әлиманы 
Шыныбай  батыр  ӛз  баласы  Жолымбетке  атастырып,  қалың  малын  тӛлеп, 
алып береді. 

 
45 
Жолымбет Әлимадан Еламан, Жоламан деген екі ҧл кӛрді. Жоламан ӛте 
ӛткір, батыр жігіт екен. Ол ер жеткен соң, әкесінен, ағасынан бӛлініп, Балта 
керейдегі туыстарына кетіп қалады. Оның ҧрпақтары сонда тҧрады.  
Еламан  менің  інім  Еменәлі  сияқты  қой  аузынан  шӛп  алмайтын  момын 
кісі  болған.  «Ата  даңқымен  қыз  ӛтеді,  мата  даңқымен  боз  ӛтеді»,-дегендей, 
Қаби  батырдың  ҧрпағы  екені  ескеріліп,  Жолымбет  Еламан  деген  баласына 
Кӛшебе  керей  Шақшақ  шораның  қызы  Ханшайымды  атастырып,  қалың 
малын  тӛлеп  алып  береді.  Егер  келімсек  тҥрікпен  болғанда,  Жолымбет 
Шақшақ бидің қызын баласына айттырмақ тҥгіл, оның ауылының маңына да 
жолай  алмаған  болар  еді.  Шындығында,  қартайса  да  Шыныбай  батыр 
Жолымбет ҥшін Шақшақ шорамен қҧдалық жайын ӛзі сӛйлескен екен. 
Ханшайым Бопайдан да бетер батыр қыз болған ғой. Бопай қалжыңбас, 
әзілқой  әйел  ғой.  Ханшайым  ӛте  сабырлы,  аса  айбарлы,  кӛздері  кісінің  ту 
сыртынан ӛтетіндей ӛткір еді. Ол ӛз атына да, әкесі Шақшақтың да атына кір 
келтірген  жоқ.  «Жаман  еркекті  жақсы  әйел  адам  қылады»,-дегендей, 
Еламанды Ханшайым апай кісі қатарына қосқан екен. Ханшайымның қасына 
нӛкер келіншектерді ертіп шығып, жасы ҧлғайған шағының ӛзінде қаршыға 
салғанын  кӛрдім.  Ол  аңды,  қҧсты  кӛп  аулаған  аңшы,  қҧсбегі,  жау  тҥсіргіш 
батыр апай еді. 
Ханшайымды  шешей  деп  те,  жеңеше  деп  те  айта  алмадық,  батыр  апай 
дейтінбіз.  Ол  кісіден  он  жетімде  бата  алдым.  Сонда  мен  берген  тарту-
таралғыны  алып  отырып,  Ғайнижамал  екеумізге  ақ  батасын  берді  де, 
«Жорықшы  да  ел  қорғаны-батыр  болуға  бет  алған  екенсің.  Талабыңа  нҧр 
жаусын!  Ақ  жолды,  ырысты  бол!»  -  деп,  тағыда  тілек  тілей  отырып,  ӛзінің 
қыз кезінде ҧстаған қару-жарақтарын, сыбызғысын, кернейін маған сыйлады.  
Ханшайым  қыз  кезінде  сауыт  киіп,  қару-жарақ  асынып,  тҧлпар  мініп, 
әкесі Шақшақ биге, ағалары: Сартай, Әйтемір, Байтемір, Ӛстемір, Жантемір 
батырларға  еріп,  кәпірлерге  қарсы  соғыстарға  ҥздіксіз  қатысқан  жауынгер 
жан, атқыштығымен, найзагерлігімен ел аузына ілінген екен.  
Батыр  апайдың  алғашқы  ҧлдары  бізбен  тҧстас  екен.  Олары  жастай 
шетінеп  кетіпті.  Әсіреп,  Мҥсіреп
26
,  Кенжетай  есімді  кейінгі  ҥш  баласы 
шешесіне тартпаған, әкесі-Еламанға тартқан жай адамдар. Шешесінің жинап 
берген малына да ие бола алмады. 
Міне,  Әсіреп  ӛзі  бір  ҥй,  баласы  бір  ҥй,  Мҥсіреп  бір  ҥй,  баласы  бір  ҥй, 
Кенжетай  бір  ҥй-бары  бес  ҥй  тҥрікпен  ауылы  атанып  кетті.  Шындығында 
бҧлардың тҥрікпенге еш қатысы жоқ. Бәрі әзіл-қалжыңнан туған атаулар ғой. 
Шырағым! 
Шоң мырза: 
-  Батыр  аға,  сіздерді  елдер  Омбы  шаһарындағы  орыс  шіркеуінің 
тӛбесіндегі темір кірешті атыпты деседі. Ол туралы не айтасыз? 
- Есеней қазы: 
-  Балам,  бҧл  сауалың  да  дҧрыс.  Бҧл  жайында  да  білгенімді  айтып 
кӛрейін.  Ең  бірінші  рет  Омбыдағы  шіркеудің  крешін  Кӛшебе  керей  әйгілі 
Шақшақ бидің кіші інісі Сартай батыр 1773 жылы жаздың басында атыпты. 
Ол  кезде  мен  тҥгіл,  менің  ағам  Есенкелді  де  туған  жоқ.  Омбы  бекінісі  сол 

 
46 
кезде  шағын  болса  керек.  Қоныстары  тарыла  бастаған  соң  ел  наразылығы 
кҥшейіп,  мҧсылмандар  Ресейге  деген  ӛшпенділігі  кҥннен-кҥнге  ӛсе  беріпті. 
1773-1777  жылдар  аралығында  болған  Батыс  Сібірдегі  мҧсылмандардың 
Ресейге қарсы кҥресін Кӛшебе керей Шақшақ батыр Кӛшекҧлы басқарыпты  
Сартай  батыр  Ертістің  батыс  жақ  жарқабағына  тҧрып  садақпен  атқан 
екен.  Оның  жебесі  темір  креске  дәл  тимей,  бір  қарыс  тӛмен  қадалыпты. 
Омбыдағы  болсын,  Қызылжардағы  болсын,  Қорғандағы  болсын,  Тҥмендегі 
болсын  шіркеулердің  кірестерін  қазақ,  татар  батырлары  әр  жылдарда  атты, 
кейбіреулерін  қҧлатты.  Мҧсылмандар  ата  берген  соң,  кейбір  қалалардағы 
шіркеулердің  тӛбелеріне  кірес  қойылған  да  жоқ.  Олардағы  шіркеудің  кіресі 
темірден жасалған екен, мықты орнатылыпты. Кӛшебе керей Белгібай батыр 
садақпен атқанда, 
26
Мҥсіреп-белгілі академик-жазушы Ғабит Махмҧтҧлының бабасы. Шежіре бойынша Мҥсіреп-Кәжімбай-Махмҧт-Ғабит.   
оның  жебесі  кіресті  тесіп  ӛткен  екен.  Белгібайдың  басқа  бір  жолы  атқан 
жебесі  кірестің  тӛменгі  жағынан  қадалды.  Қорған  шаһарындағы  шіркеудің 
кірешін Шақшақ бидің інісі Сартай батыр Садақпен атып қҧлатты. Батырлар 
шіркеудің кіресін атып қана қоймай, сол орыс бекіністерін ылғи шауып кетіп 
жҥрді. 
Шоң мырза: 
-  Ҧлық,  аға,  Омбы  шаһарының  шіркеуіндегі  кірестің  тӛменгі  жағына 
қадалған  садақ  оғы  жетеу  дейді.  Оның  біреуі  Сартайдың  жебесі,  біреуі 
Белгібайдың жебесі екенін айттыңыз. Ал қалған бесеуі кімдердікі? 
Есеней қазы: 
-  Қалған  бес  жебе  де  әр  жылдарда  қадалған.  Бес  жебенің  бірі  Еменәлі 
керей Қолдас батырдікі, бірі Балта керей Итіке батырдікі, бірі Кӛшебе керей 
Баһрам  батырдікі,  бірі  сол  Баһрамның  жақын  туысы  Майемер  мергендікі, 
соңғысы Кенесарынікі. 
Баһрам  батыр  Шақшақҧлы  Омбы  шіркеуінің  кірешін  1821  жылы  7 
қыркҥйекте  Ертістің  батыс  жақ  жарқабағындағы  Мамырайын  деген  тӛбеге 
ақбоз атпен шауып шыға бергенде-ақ атты. Ақбоз ат сол шақта садақ тартқан 
Ер  Баһрамның  кҥшіне  шыдай  алмай,  тізесін  бҥгіп  қалды  да,  жебе  кірестен 
сынық сҥйем тӛмен қадалды. Оны кейін ӛлшеген орыстар айтты. 
Оқиға  былай  болған  еді.  Қазақ,  татар,  Шалабай  Естектерінің  билері, 
бектері, қожа-молдалары жиналып, Шатырада (қазіргі Шадринск орналасқан 
жер)  бас  қосып,  Нҧрымбет  керей  жас  жігіт  Марал  Қҧрбанҧлына  (1780-1841 
жж)  ишан  атағын беріп,  оны  әрі  мҥфти,  әрі ордабасы  сайлаған  екен.  Марал 
ишанды Батыс Сібір мҧсылмандары қатты қҧрметтейді. Сібір қазақтарының 
шорасы Шақшақ би Марал ишанның Бас ақылшысы болды, Шақшақтың інісі 
Сартай батыр Марал ишанның бірінші орынбасары болды. 
1821 жыл Батыс Сібір мҧсылмандарының Ресейге қарсы соғысқан соңғы 
жылы  еді.  Мен  ол  кезде  мыңбасы  едім.  Ел  билігіне  араласқаныма  ҥшінші 
жыл еді. Маралға бес кісі орынбасар еді, оның ҥшеуі қазақ, бірі-Естек, бірі-
татар  еді.  Ел  жайлауда  отырған  кезде  Ресей  елшісі  келіп,  келіссӛз  болып, 
олар  хуторларды  кӛшіріп,  Омбы,  Тҥмен,  Қорған  шаһарлары  тӛңірегінен 
бірталай  қыстау,  кӛктеу,  кҥздіктерді,  кӛлдерді  қайтармақшы  болды.  Келісім 

 
47 
шартқа  екі  жақтың  адамдары  қол  қойған  еді.  Соғыспайтын  болдық. 
Мҧсылмандар  жағынан  Сартай  батыр  шартқа  қол  қойған  еді.  Елші 
сыйлықтар берді. Алайда Қҥрсары керей Тҧрлыбек Кӛшенҧлы би мен Бағыс 
Атығай  Тоқтамыс  Жанҧзақҧлы  би  елшінің  сӛзіне  сенбеді,  әскерді  таратпау 
керек екенін айтты. Ол екеуін Шақшақ би де, басқа да қазақ, башқҧрт, татар 
билері мен бектері де қостады. 
Сартай  батыр  он  жеті  баласымен  жҥз  сарбазымен  бірнеше  ауыл  боп 
жайлаудан  ерте  кҥздікке  кӛшіп  барып  қойлар  мен  тҥйелерді  қырықтырып 
кҥзем жҥн алып жатқанда, оларды Тобыл, Тҥмен бекіністерінен келген қалың 
солдат тҥнде қоршап, суы тартылып қалған Қожабергеннің шӛпті кӛлі деген 
жерде ӛлі қауға ӛрт салып, екінші жағынан зеңбірекпен атқылап, қолма-қол 
ҧрысқа жібермеуге тырысады. От пен оқтың арасында қалса да, Сартай батыр 
мен  оның  балалары,  ер  жеткен  немерелері  жҥз  сарбазы  жанқиярлықпен 
соғысып,  тҥгелдей  қаза  табады,  бірнеше  солдатты  да  жер  жастандырады 
Ӛздерінің солдаттарын да кӛмбеген. Олардың денесін жерге кӛмудің орнына 
ӛрт  салып,  орыс  әскері  ӛз  адамдарының  сартайлардың  қылышына  туралған 
денелерін отқа кҥйдірген.    
Шоң мырза: 
-  Батыр  аға,  сізге  кӛп  рахмет.  Қойған  сауалдарыма  тҥгел  де  кең  тҥрде 
жауап  қайтардыңыз,  білмейтін,  дҥдәмал  жайлардың  бәрін  сізден  естіп  ҧғып 
алдым.  Науқасыңыздан  тез  айығып,  жасай  беріңіз.  Сізге  Алла  зор  қуат 
берсін! Дәулетіңіз молая берсін! 
Есеней қазы: 
-  Әумин!  Айтқаның  келсін!  Тілегің  қабыл  болсын!  Рахмет,  шырағым! 
Бірақ мен қанша жасайды дейсің. Артымда қалатын перзент те жоқ. Әйтеуір, 
мені дҧғаларыңнан тастамасаңдар болды. Бҧл айтқан тілегің інім Еменәлінің 
ҧлдарына дарысын! Солар аман болса, ендігі байлық сол болады. 
Бір  айта  кетейін  дегенім  былай.  Шырағым,  Шоң,  осы  ӛзің  қойған 
сауалдарды  осыдан  бес  жыл  бҧрын  Баянауыл  ӛңірінен  келіп  маған  сәлем 
берген  Сҥйіндік  Арғын  Есқара  шешен  Ескермесҧлы  (атақты  Кҥнтай 
балуанның немересі) қойған болатын. Ол жігітке де осылайша жауап бердім. 
Онда тек уезд бен болыс жайы айтылған жоқ қой. 
Мәжіліске  қатысып,  бір  апта  бойы  Шоңның  арқасында  Есенейдің 
әңгімесін  тыңдаған  әлеумет  Арғын  мырзасына  ӛте  разы  болып,  оған 
баталарын  беріп,  алғыс  айтыпты.  Себебі,  Есеней  аз  сӛйлеп,  кӛп  тыңдайтын 
аса сабырлы кісі болыпты. Ол билікте де даугерлерді тыңдап алып, тоқ етерін 
бір-ақ  айтатын  тоспа  шешен  екен.  Ол  Ресей  патшасының  отаршыл 
ҧлықтарымен  де  солай  сӛйлесіпті.  Есеней  орысша  сӛйлеу  тіліне  біршама 
жҥйрік,  ҧлықтармен  тілмашсыз  сӛйлесетін  адам  болыпты.    Мәжіліске 
қатысқан  мейман  Шоң  да,  оның  нӛкерлері  де,  ауыл  адамдары  да, 
Естемесҧлының  ӛз  қызметшілері  де  ҥй  иесі  –  Есеней  ақсақалдың  ҥлкен 
шежіреші кісі екендігіне кӛздері әбден жетіп, оның әңгімесін сҥйсіне тыңдап, 
мырзаның  елеулі  оқиғалардың  кҥәсі  болған  жылдарын,  сол  уақиғаларға 
қатысқан  атақты  адамдардың  есімдерін,  ру  аттарын,  қала  мен  жер-су 
атауларын  жадында  сақтап  жаңылмай,  тиісті  сауалдарға  лайықты  жауап 

 
48 
бергеніне,  ел  білмейтін  мәселелердің  бетін  ашып  тастағанына  қайран 
қалыпты. 
Есеней  мен  Шоң  Телғозыҧлы  арасындағы  осы  әңгімені,  осы  мәжіліске 
қатысып  отырған  Мҧсайын  Сегіз  серіҧлы  хатқа  тҥсіріпті.  Сондықтан  бҧл 
әңгіме осы уақытқа ӛзгерізсіз жеткен екен. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
49 
ШОҢ ТЕЛҒОЗАҦЛЫНЫҢ БОПАЙ ҚАСЫМҚЫЗЫМЕН КЕЗДЕСУІ. 
 
Тоқа  Шоң  мырза  кемелді  жігіт  кезінде  Созақ  қалашығы  маңын 
мекендеген Алшын, Тама елдеріндегі достарына қонаққа барып жҥреді. Бірде 
сол  жақтағы  Қҧмкент  деген  қоныста  тҧратын  тӛре  ауылдарына  тоқтап, 
Меркеден кӛшіп келген Қҧдайменде Сҧлтан Ханғожаҧлы (Кіші жҥздің ханы 
болған  Әбілхайыр  хажысҧлтанҧлын  (1693-1748  ж.ж.)  ӛлтірген  Барақ  сҧлтан 
(Найман-Қоңырат  тӛресі  әулетінен)  мен  оның  кейінгі  бәйбішесі  –  Бопай 
ханым Қасым тӛре Абылай ханҧлының қызына әдейілеп барып, сәлем беріп, 
оларда мейман болып, сол асылдардың әңгімелерін тыңдаған екен. 
Мәжіліс ҥстінде Шоң Бопай бәйбішеге: «Апа, жас кезіңізде ханның қызы 
болдыңыз,  одан  батыр  келіншек  атандыңыз.  Сонан  кейін  ханның  батыр 
апайы  атандыңыз.  Бҧл  кҥнде  батыр  шешей  атанып,  ҧлыңызды  ҧяға, 
қызыңызды қияға қондырып, немере сҥйіп отырсыз. Ақсақалыңыз да, ӛзіңіз 
де  тӛре  әулетіненсіздер  ғой.  Арманыңыз  жоқ  шығар?»  -  деп,  ханымды 
сӛйлету  ҥшін  жорта  сауал  қойған  екен.  Сонда  Бопай  бәйбіше  (1800  жылы 
туған  кісі  екен):  «Ой,  балам,  армансыз  пенде  бола  ма?  Менде  жеті  арман 
бар!»  -  деген  екен.  Оны  естіген  Телғозыҧлы  мырза  Бопайдан:  «Апа,  сол 
армандарыңыз қандай?» - деп сҧрапты. Сонда батыр бәйбіше Бопай: «Бірінші 
арманым  қыз  кезімде  батырға  шығу  еді.  Ол  қалаған  батырым  -  ӛздеріңнің 
Орта  жҥздегі  Ашамайлы  Керей  Есеней  Естемес  баласы  еді.  Дәм  жазбады, 
екеуміз  бір-бірімізге  қосыла  алмадық.  Екінші  арманым  Есенгелді,  Саржан 
атты  екі  батыр  ағам  қапыда  жау  қолынан  қаза  тапты,  солармен  арыздаса 
алмай қалдым. Ҥшінші арманым әкем де сол жаулардың қолынан қаза тапты. 
Әкем  Қасым  сҧлтанмен  де  арыздаса  алмай  қалдым.  Тӛртінші  арманым  сол 
ҥш  асылдың  жаудан  кегін  қайтара  алмадық.  Бесінші  арманым  інілерімді 
қазақ  батырларымен  қайта  табыстыра  алмадым.  Алтыншы  арманым  хан, 
сҧлтан  атанған  інілерімді,  ханша  атанған  сіңлім  Қарашашты  Қырғыз 
манаптарымен  мен  Қоқан  хандығы  әскерлерінің  қоршауынан  қҧтқара 
алмадым. Жетінші арманым інілерім: Кенесары ханның, Ержан, Қҧдайменде, 
Наурызбай,  Әбілғазылардың,  сіңлім  Қарашаштың,  кҥйеу  балаларым: 
Қошқарбай  мен  Кегеннің  дҧшпаннан  кегін  қайтара  алмадым»,  - деп,  Шоңға 
жауап қайтарыпты. 
Бопай  бәйбішенің  жауабын  тыңдай  отырып,  Шоң  мырза  Кӛшебе  керей 
Кӛшен Бауыржанҧлы ақынның Есеней туралы шығарған ӛлеңіндегі: 
Есеней сӛйлемейді асып-тасып, 
Жау келгенде қорықпас және жасып. 
Батырлық қасиеті ҧнаған соң, 
Мырзаға Бопай ханша болған ғашық, - деген шумақты есіне алған екен. 
Расында  Бопайдан  Есенейге  арнап  айтқан  сӛздер  ел  есінде  сақталған 
екен.  1840  жылы  –  тышқан  жылы  жазда  жорықта  жолы  болмаған  Кененің 
батырлары он екі қанат ақ ҥйдің ортасындағы от басында: «Тӛрт момыннан 
жылқы,  тҥйе  алу  қиындап  кетті.  Есеней  деген  бір  тажал  дәу  шықты.  Сол 
алған жылқы, тҥйемізді қайта айдап алып, ӛзімізді беттетпей қойды»,  - деп, 
отырғандардың бірі айтса, енді бірі: «Ол сонша кім? Есенейің қайдан шыққан 

 
50 
пәле?» - деген екен. Сонда олардың бос сӛздеріне қарны ашқан Бопай шыдай 
алмай, «Есеней деген ақсҥйекке барабар хан емес пе, сҧлуларды ғашық еткен 
асыл жар емес пе!» - деп, от басындағы кҥңкілдеп отырған доғал мінезді жас 
батырларды тыйып тастаған екен деседі. 
Сондай-ақ,  одан  едәуір  жыл  бҧрын  ҧзын  қҧлақ  хабардан  Бопай  сҧлу: 
«Есенейдің бірінші әйелі  Ғайнижамал  қайтыс болған  соң,  оған балдыздары: 
Атығай  Зілғара,  Шопан  Байтоқа  ҧлдары  апасының  орнына  қарындасы 
Қаныкейді  тағы  ҧзатыпты»,  -  дегенді  естиді.  Сонда  Бопай  сҧлу:  «Есенейді 
бек  сайлағанына  Керейлер  мәз,  Атығай  Байтоқаның  екі  қызын  әйелдікке 
алғанына Есеней мәз!» - деген екен. 
Осы  сӛздерді  Шоң  мырза  Бопайдың  ӛз  аузынан  да  естіген  екен.  Шоң 
Қҧдайменді  мен  Бопайдың  ақ  батасын  алып,  олардың  айтқан  әңгімесі  ҥшін 
алғыс айтып, екеуінің иығына екі жібек шапан жауып, «кӛшке мінерсіздер», - 
деп,  екеуіне  екі  жорға  сыйлап,  олармен  қоштасып  аттанады.  Бҧл  –  1866 
жылдың жазы делінген шежіреде. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
51 
ЕСЕНЕЙ МЕН ШОҢ ДӘУЛЕТҦЛЫ 
 
Шоң  Дәулетҧлы  –  Қызылжар    ӛңірінде  ақындығымен,  қолӛнер 
шеберлігімен, зергерлігімен қалың жҧртқа есімі әйгілі болған адам. Ол 1770 
жылы  Солтҥстік  Қазақстан  облысы  орталығының  іргесіндегі  қазіргі  Бескӛл 
ауылы  орналасқан  ескі    қоныста  Дәулет  Мҧхаммедиярҧлы  деген  аңшы-
мерген  адамның  шаңырағында    дҥниеге    келіп,  1864  жылы  қазіргі  Жамбыл 
ауданына  қарасты  Жаңажол  ауылы  тҧсындағы  Тәсібек    кӛлінің  жағасында 
қайтыс  болған.  Айтылғалы  отырған  әңгімеге    Шоңның  ӛнері,  Есеней 
Естемісҧлымен қарым-қатынасы жайлы деректер арқау болмақ. 
Шоң  жасында  ауыл  молдасынан  оқып,  хадимше  сауат  ашады.  Атасы 
Мҧхаммедияр  оның  сауатын  одан  әрі  жетілдіру  ҥшін  Тҥркістан  шаһары 
маңындағы Қарнақ  медресесінде оқытады.  Мҧхаммедияр қолӛнерге бейімі 
бар  немересі  Шоңды    оқыту  ҥшін  Тҥркістан  қаласында  ҧста-зергер  болып 
кәсіп  етеді.  Колӛнерін  ол  немересі  Шоңға  да  ҥйретеді.  Қарнақ  медресесін 
Шоң  тамам  еткен  соң,  Мҧхаммедияр  Ҥргенішке  кӛшіп  барып,  немересін 
сондағы  медресеге  оқуға  береді.  Мҧнда  да  Мҧхаммедияр  ақсақал  ҧста 
дҥкенін ашып, қолӛнерімен шҧғылданады. Немересі медресені оқып бітіріп, 
діни білім алып шыққан соң, Мҧхаммедияр Есбайҧлы Қызылжар маңындағы 
туған жері – Бескӛлге  қайта кӛшіп келеді. 
Шоңның  бойына ақындық дарын қонған екен. Бірақ жыраулықты кәсіп 
етпейді,  әуелі  ол    молда  болып,    бала  оқытады,  одан  әрі  ата  акәсібі  болған 
қолӛнершілікпен, аңшылықпен, қҧсбегілікпен, атбегілікпен машықтанады. 
 Шоң қазақтың кӛне мылтығы – кҥлдірмамайды, жалғыз оқпен атылатын 
сирақты 
 
шиті 
мылтықты, 
Тҥрікпен, 
Қаптауы 
(Кавказ 
тауы) 
мҧсылмандарының,  Хиуа  мылтықтарын  соғуды  меңгереді.  Ол  жиі-жиі 
Алшынның  теміртауына  (Магнитогорскіге)  сапар  шегіп,  сондағы  темір  кені 
иелерімен  келісіп,  ҧсталық  қҧрып,  темір  соқалар  және  басқа  тҧрмысқа 
қажетті  темір  бҧйымдарын  жасап,  ӛз  еліндегі  бектер  мен    мырзалардың 
тапсырмаларын  орындап,  оларды  ауыл  шаруашылығы,  ҥй  қҧрал-
жабдықтарымен қамтамасыз етеді. 
Дәулетҧлы  мылтық,  қанжар,  семсер,  қылыш  соғуда,  найзаның    ҧшын, 
айбалта соғуда Қызылжар ӛңіріндегі елдерге  елу жыл шора* болған (Шора – 
ӛлке    немесе  аймақ  билеушісі    деген  лауазымды  білдіретін  қазақтың    ескі 
сӛзі)    Керей  Шақшақ  би  Кӛшекҧлы  мен  оның  баласы  Баһрам  батырдан  кем 
тҥспейтін ҧста-зергер болыпты. 
ХІХ  ғасырдың  басында  оның    қолынан  шыққан    бҧйымдар  Шоң  ӛрімі, 
Шоң етігі,  Шоң  арбасы* (Шоң  арбасы  – бҧрынғы Қожаберген арбасының 
ҥлгісін  жаңғыртып    жасаған  тӛрт    доңғалақты    ағаш  арба,  доңғалақтары 
темірмен қҧрсауланған), Шоң  шалғысы, Шоң  балтасы, Шоң кездігі, Шоң ері  
деген    атақ  алады.  Бҧл    бҧйымдар  Орта    жҥз,  Кіші  жҥз  қазақтарына,  Сібір 
татарларына, Шалабай (Челябинск) башқҧрттарына тарайды. Дәулетҧлының 
ата    кәсібінің  бірі    –  егіншілік  болған.  Соған  орай  оны  Дихан  Шоң  деп  те 
атаған. 

 
52 
1822 жылы Батыс Сібір губерниясының орталығы Омбыға кӛшіп келіп, 
Сібір    қазақтарын  бағындыру,    оларды  он    дуанға  бӛлу    туралы  Ресей 
патшасының Бас  министрі Сперанский жобасы жасалынып, оны  іске асыру 
басталған  кҥннен-ақ,  соның    алдында  1819  жылдан    бастап,  Теріскей 
Сарыарқаны  мекендеген  Орта  жҥзге  жататын  Керей-Уақ  елдерінің  қонысы 
тарылады. 
Баһрам  батыр  Шақшақҧлының  (1779-1826  ж.ж.)  1821  жылы    –  жылан 
жылы  кҥзде  шығарған  “Ата    қоныс”  деген  дастанындағы:  “Теріскей 
Сарыарқаны кәпір алып, қазаққа мекендейтін жер  қалмады”,   – деуі бәлкім  
осыдан болар! 
1826 жылы  – ит жылы қыркҥйек айында Бескӛлдегі ата  қонысқа Орта  
жҥз  Ашамайлы  Керейдің  рубасына  (родовой  старшинасы)  –  бегі  Есеней 
Естемісҧлы  (1798-1871  ж.ж.)  жылдағыдай  ӛзі  кӛшіп  бармайтын  болады. 
Естемісҧлының кҥздігіне кӛшпей, басқа  жерге қоныс қоныстануына ел  таң 
қалады. Ал, Есенейдің туған інісі Еменалы мен  оның әйелі Бопан* (Бопан – 
Кенесары  сҧлтан  Қасымҧлының  (1802-1847  ж.ж.  ӛзінен  екі    жас  кіші 
қарындасы)  ӛз  кӛштерін  жылдағы  әдет  бойынша  бастап,  Бескӛлге  кӛшеді. 
Есенейдің  малының  бір    бӛлігін  айдап,  қызметшілерінің  бір    тобы  да  
Бескӛлге  оралады.  Есенейдің  Қызылжарда  саудасын    жҥргізетін 
приказщиктері де сондағы ҥйлерінде  тҧрып, ӛз  жҧмыстарын атқара береді. 
Есенейге  ере  кӛшкен  Ашамайлы  Керейдің  Сибан  руына  жататын 
Тоқпанбет  атасы  бос    қалған  Нҧралы*  Керейдің    (Нҧралы  Керей  –  атақты 
әнші-ақын,  композитор  Біржан  сал  Тҧрлыбайҧлы  Қожағҧловтың  елі) 
қоныстарына  келіп,  солардың  кҥздіктеріне  бӛлініп-бӛлініп,    ауыл-ауыл  боп 
ҥйлерін  тігеді.  Қазіргі    Солтҥстік  Қазақстан  облысының  Жамбыл  
ауданындағы  Кабань,  Макаръевка,  Исаевка  селолары  орналасқан  жерлер 
1826  жылға  дейін  Нҧралы  Нҧрымбет  керейлердің  қоныстары  болыпты. 
Сонымен  қатар,  осы  маңдағы  Жаңажол  ауылы    маңындағы  қоныстар  да  
Нҧралы    Керейдің  мекендері  болған.  1826  жылы  –  ит  жылы  кӛктемде  қар  
ерте  кеткен  кӛрінеді.  Сол  шақта  капитан  Преснов  (Жамбыл  ауданының 
орталығы  Преснов  селосы  осы  капитан  Пресновтың  атымен  аталған)  пен  
прапорщик  Ефремов  бастаған  отаршыл  әскерлер  Омбыдағы  генерал-
губернатордың бҧйрығымен келіп, Нҧралы,  Нҧрымбет * (Нҧрымбет керей – 
1798-1822  жылдар  аралығында  Батыс  Сібірде    жер-су  ҥшін  болған  қазақ, 
татар,  башқҧрт  шаруаларының  толқуларын  басқарған  Марал  ишан  Сардар 
Қҧрбан  батырҧлының  (1780-1841  ж.ж.)  елі.  Сонымен  қатар,  Марал    ишан  – 
Кенесары,  Наурызбай  Қасым  тӛре  ҧлдарының  шешелерімен  бірге  туған 
нағашысы)  керейлерге  әңгіртаяқ  ойнатып,    олардың  қоныстарын  тартып 
алады.  Қожағҧл  би  Бертісҧлын  (1774-1868  жж.)  ауылымен  қоса  кӛшіріп, 
жазалаушы жасақ Қожағҧл бҥркеуі деген қалың қарағайлы қыстауды тартып  
алып, онда штаб ҥйлерін сала бастағанда, кенеттен отаршыл әскерлерге тҥнде 
белгісіз  шабуыл    жасап,  оларды  қырғынға  ҧшыратып,    штаб  ҥйлерін  ӛртеп 
жібереді.  Жаралы    кҥйде  жылжып  орманға  тҥнде  жасырынған  капитан 
Преснов    пен  прапорщик  Ефремов  тірі  қалады.  Тағы  да  шабуыл  жасалады, 
тағы    да  казарма  мен    штаб  ҥйлері  ӛртенеді  деп  сескенген  Ресей  патша 

 
53 
ӛкіметінің  Омбы  шаһарындағы  ҧлықтары  ол  жерлердің  жартысын  бос  
қалдырады. Ал,  қалған жартысына шағын хуторлар орналасады. 
“Штабтың ӛртенгенін, жазалаушы жасақтың қырылғанын бізден кӛрер”,  
–  деп  қауіптенген  Қожағҧл*  (1.  Қожағҧл  –  Біржан  салдың    атасы.  Ол  1824 
жылы  Кӛкшетау  дуаны  қҧрылғанда,  Ашамайлы    керейдің  Итіке,  Тҧрлыбек, 
Табей, Шоңке, Есеней сияқты бектерінің қолдауымен аға сҧлтан Ғҧбайдолла 
Уәлиханҧлының  тӛрт  орынбасарының  (заседателінің)  бірі  болып  сайланған) 
екен. Оның Кӛкшетау ӛңіріне кӛшуінің бір себебі – осы. Заседатель Қожағҧл 
туралы  архивте  дерек  бар.  Қожағҧл  мен  оның  туыстары  Есенейдің 
шақырғанына келе қоймайды. Кӛкшетау жеріне қоныс аударады. Сондықтан 
бос  қалған  қыстауларды,  кӛктеулер  мен  кҥздіктерді  Есеней  бастап  келген 
Керейдің Тоқпанбет атасы иемденеді. 
Шоң зергер кӛшпей, Бескӛлде қалады. Оған: “Кӛшіп кел!” – деп, Есеней 
бҧйрық  жібереді.  Шоң  Дәулетҧлы  кӛшуден  бас  тартып,  Есенейдің 
шабарманына:  “Қызылжарға  орыс  кӛпестері  қаптай  кӛшіп  келген  соң,  олар 
қоныстарды  әскер  кҥшімен  тартып  ала  бастаған  соң,  шабындық,  жайылым 
егістік  жерлері  азайған  бай  ауылдар  кӛшіп  жатыр.  Есеней  де  қонысы 
тарылған  соң,  он  мың  жылқысы  мен  бір  мың  бес  жҥз  тҥйесін  бағатын  жер 
керек боп кӛшті. Мен неге кӛшемін. Тең ортаққа шӛп шапсақ та, тең ортаққа 
астық  ексек  те,  бізге  жетеді.  Қол  ӛнерімен,  молдалықпен  кҥн  кӛрермін. 
Ежелгі  ата  мекенімнен  кӛшпеймін!  Мырза  менің  мазамды  алмасын?!  –  деп, 
жауап  береді.  Жас  шабарман  Қазақ  деген  жігіт  Шоң  ҧстаның  сӛзін 
бҧрмаламастан  Есенейге  жеткізеді.  Оны  естіген  Естемісҧлы  батыр 
(Қызылжар  аймағындағы  Керей  руының  аға  старшинасы)  қаһарланып,  бір 
топ  жігітті  сайгҥліктерге  мінгізіп:  “Шоңға  барып:  “Сӛзді  қойып,  бері  қарай 
кӛш!” – деген сӛзімді жеткізіңдер, егер кӛшпесе, ҥш ҧлын да, ӛзін де байлап 
әкеліңдер!” – деп, оларды Бескӛлге аттандырған екен. Есенейдің сарбаздары 
барса,  Шоң  Қызылжардағы  ҥлкен  қарағай  ҥйіне  кӛшіп  кетіпті.  Олар 
Бескӛлден  Шоңды  таппай,  Қызылжардағы  ағаш  ҥйінің  жанындағы  ҧста 
дҥкенінде  отырған  ҥстіне  келеді.  Есенейдің  бҧйрығын  естіртеді.  Шоң 
амалсыздан  енші  алып,  әрқайсысы  ӛз  алдына  бір-бір  ҥй  болып  отырған  ҥш 
ҧлын  ертіп,  заттарын  теңге  буып,  оларды  қазақ  арбаға  тиеп,  қалғандарын 
атандарға теңдеп, ата қонысын тастап кӛшеді. 
Шоң  кӛшті  бастап  аттанарда,  туған  жерімен  қоштасып,  екі  жҥз  жетпіс 
бес  шумақ  кӛлемді  дастан  шығарып,  қобызға  қосып,  жол-жӛнекей  әнмен 
айтады.  Бір  ӛкініштісі  сол  дастанды  кезінде  жазып  алынбады.  Осы  кҥнде 
Шоңның  жермен  қоштасқан  хиссасын  жатқа  білетін  ешкім  жоқ.  Тек 
дастанның тӛмендегі ҥзінділері ғана сақталды: 
Іс соғып, сыйлық алдым жайдарлыдан, 
Бет қоятын кӛрмеп еді найзалыдан. 
Кәпірді дҥрелеген Шоң болсам да, 
Сескендім Есенейдің айбарынан. 
 
Есеней тоқтамайды ҥдере кӛшіп, 
Жәнібек сӛз сӛйледі желдей есіп. 

 
54 
Бескӛл мен Қызылжарым, қош есен бол, 
Жерім ең кірім жуған, кіндік кесіп. 
 
Туған жер кейін қалдың, уа, дариға-ай, 
Мҧндай жер енді бізге табыларма-ай! 
Егін сап, бала-шаға асыраған, 
Бескӛл мен қош есен бол, Қызылжар-ай! 
 
Қызылжар  қаласында  Қазан  революциясына  дейін  Хасан  баба  (әкесі  – 
Балта Керейден тарайды, шешесі – татар қызы) деген ауыз әдебиеті ҥлгілерін 
жинап,  Қазан  шаһарындағы  баспаларға  тапсырып  жҥрген  зиялы  кісі 
болыпты.  Ол ХІХ ғасырдың аяғында Шоңның ӛлеңдерін ел ішінен жинаған 
екен. Сондықтан Шоң зергердің туған жерімен, ата қоныстарымен қоштасқан 
хиссасы  Қазан  шаһарындағы  мҧрағаттан  табылып  қалуы  да  мҥмкін.  Баптап 
бәйге ат мініп, тазы жҥгіртіп, бҥркіт салып, аң аулаған әрі шебер қолӛнерші 
Шоң  Дәулетҧлы  ӛз заманында  Орта  жҥз  қазақтарына жататын,  Тӛрт  момын 
деп  аталатын  Керей-Уақ,  Атығай  –  Қарауыл  елдерінің  аса  қадірлі 
адамдарының бірі болыпты.  
Ел  басқармаса  да  мыңдап  жылқы,  тҥйе  біткен  шонжар  болмаса  да, 
кӛзінің  тірісінде  ешкімнің  есігіне  барып  телмірмеген,  ешкімнен  қолқайыр 
сҧрамаған, бар болса, ӛзінен артылған азық-тҥліктерді жетім-жесірге, ғарып-
қасерге,  жарымжандарға,  перзентсіз  шал-кемпірлерге  бӛліп  берген  Шоңның 
қолы ашық жомарттығы мен жҧрт алдындағы беделі, елге сенімділігі бектер 
мен билердің ешқайсысынан да артық болмаса, кем болмаған екен. 
Ашамайлы керейдің жҧлдызы болған Ер Есеней Шоңды еріксіз кӛшіріп 
алған.  Шоңның  он  екі  қанат  ақ  ҥйінен  кҥндіз-тҥні  оған  қҧрал-саймандар, 
ағаш сҥйек, темір бҧйымдар жасатуға келген адамдар арылмаған. 
Дәулетҧлы  шебер  байлықты  кӛксемеген,  артық  мал-дҥние  жинамаған. 
Қазан  қызыл  шҧбар  пимасын  орыс  кӛпестері  Шоңға  ғана  бастырып  алып 
отырған. 
Шоң  зергерді  шебер  қолӛнерші,  қолы  ашық  жомарт  адам  деп  бағалап, 
оны  басқа  ақындар  да  ӛлеңдеріне,  хиссаларына  сол  заманда  арқау  қылған 
екен. Мысалы, Сегіз сері “Жҧртына қамқор, ерлерім” деген толғауында Шоң 
ҧста туралы былай дейді: 
 
Халқымызда қолы ашық Шоң зергерім,  
Қҧралайды кӛзге атқан шын мергенім.  
Бар ӛнерін жҧртына арнаған соң, 
Оның ісін әрқашан жӛн кӛргенмін.  
 
Жасынан қолӛнерін қылған машық, 
Молда еді кім барса да есігі ашық. 
Бай ҧлынан артық еді дастарханы, 
Байлығы жатпаса да асып-тасып. 
 

 
55 
Жан еді халайықты ырза қылған, 
Салтанаты кем болмай мырзалардан. 
Еңбек қып тапқандарын ҥнемдесе, 
Дәулеті асар еді шонжарлардан. 
 
Жігіттік кезден егін еккен еді, 
Ел ҥшін маңдай терін тӛккен еді. 
Алланың рахметіне бӛленген ер, 
Табысын халықтікі еткен еді. 
 
Жиған жоқ дҥние-мал жас шағынан, 
Артық болған мінер ат, ас жағынан. 
Қҧдайдың қҧдіретіне таң қаламын, 
Шоң ерді кӛп қылмаған бас жағынан. 
 
Халқына қызметі оның тиімді еді, 
Бай киген Шоң киген киімдерді. 
Ҥргеніштің тәмамдап медересесін, 
Талай жыл шәкірттерге дәріс берді. 
 
Қыс болса, кҥйме шана пайдаланды, 
Жаз болса, дайын етті кҥйме арбаны. 
Тҥзелген сән-салтанат арқасында, 
Болғандай орындалып ер арманы. 
 
Қолдаған тәңірім ӛзі сҥйген ерін, 
Жҧртына пайдасы кӛп тиген ерін. 
Ешқашан бес намазын қаза қылмай, 
Қадырын дін Есламның білген ерің. 
 
Бҧл кҥнде сексен жасқа келген шаһыбаз, 
Қатарға ақсақалдық енген шаһыбаз. 
Ӛзінен қолӛнерін ҥйренгенге, 
Ерінбей ақыл-кеңес берген шаһыбаз. 
 
Атасы – Мҧхаммедияр, әкесі – Дәулет, 
Шоң менен ҧлдарына біткен сәулет. 
Алашқа шеберлікпен сыйлы аға, 
Кӛрмесін қартайғанда ешбір нәубет! 
 
Қҧндыз ішік жауып, астына арабы ақбоз ат мінгізіп, “балаң мінсін” деп, 
тҥрікпеннің  қара  қасқа  арғымағын  жетектеткен  Сегіз  серіге  айтқан  ӛлеңі 
тӛмендегіше екен: 
 
 

 
56 
Атаң – Шақшақ болғанда, әкең – Баһрам, 
Ақынсың алуан тҥрлі жыр шығарған. 
Жаудан жылқы айырып, ерлік еттің, 
Он жетіңнен халқыңа болып қорған. 
 
Дҧшпанды қырған ісің кӛпке ҧнаған, 
Сҥйсінген ән-кҥйіңе бар мҧсылман. 
Алашқа даңқың мәшһҥр Сегіз серім, 
Патшаның ҧлымен тең асылзадам. 
 
Қатардағы шебер һәм хажы едім мен, 
Есеней сыйламаса, сыйладың сен. 
Ел-жҧртың рахымыңнан ҥміт еткен, 
Баршаның тіршілікте қамқоры ең. 
 
Хас батыр, ҥлкен емші, ӛнерпазым, 
Аюға ауыз салған қҧмай-тазың. 
Тҧлпар ат, тазы, бҥркіт бапкерісің, 
Пайдасыз ӛткен емес қыс пен жазың. 
 
Шоң  Дәулетҧлы  ӛмірінің  соңғы  кезінде  Мекке,  Мәдинаға  барып 
қажылық парызын атқарып, бірыңғай дін жолына кӛшеді. Шоңның балалары 
1928-1930  жылдары  қажының  ҧрпақтары  деп  қуғын-сҥргінге  ҧшырап,  Ресей 
жеріне  кӛшуге  мәжбҥр  болады.  Ҧрпақтары  сол  кеткеннен  қазір  Қорған, 
Тҥмен облыстарында тҧрып жатыр. 
 
ЕР ЕСЕНЕЙ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет