Социал Жҧмабаев есеней естелігі



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата24.03.2017
өлшемі0,74 Mb.
#10151
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Социал Жҧмабаев 
 
ЕСЕНЕЙ ЕСТЕЛІГІ 
(зерттеулер) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

ISBN 
 
«Жетi  жарғы»  және  Қожаберген  жырау»  қоғамдық  қайырымдылық  қоры 
жанындағы  Қожаберген  жыраудың  ӛмірі  мен  шығармашылығы  және  оның 
заманын зерттеу орталығы 
 
 
Редакторы: Бекет Тҧрғараев 
Қҧрастырған, баспаға дайындаған: Социал Жҧмабаев 
 
 
ЕСЕНЕЙ ЕСТЕЛІГІ 
    (зерттеулер) 
 
 
Бет саны                
Петропавл қаласы - 2010 
 
 
Кiтап  Солтҥстiк  Қазақстан  облысының  ХІХ  ғасырдағы  қоғамдық-саяси 
тарихы туралы жазылған. 
Кітаптан  Кеңестік  саясатпен  бҧрмаланып  келген  тарихи  шындықтар, 
ӛлкемізден  шыққан  тҧлғалар  тағдыры  нақты  деректермен  жазылғанын  оқи 
аласыздар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

БЕТАШАР СӚЗ 
 
Сақалыңнан айналайын, қарт бабалар, 
Ҧрпағыңа не айтасың артта қалар. 
О, тірілер, шежірелер қалдырыңдар 
Қанеки, нелерің бар салтқа жарар. 
 
Мҧқағали Мақатаев. 
 
Ӛлке  тарихы  мен  оның  мақтанышына  айналған  тҧлғалардың  ӛнегелі 
істерін  оқып  ҥйрену  жастарға  руханият  пен  отансҥйгіштік  тәрбие  берудің 
қажетті  буыны  екені  анық.  Алайда,  бҧл  ӛлке  тарихы  мен  оның  тҧлғаларын 
кейінгі  ҧрпаққа  таныту  ісіне  жете  мән  бермей  келеміз.  Оған  дәлел 
мектептерде  ӛлкетану  пән  ретінде,  ҥйірме  ретінде  жҥйелі  тҥрде 
жҥргізілмейді.  Екіншіден  ӛлке  тарихы  мен  одан  шыққан  тҧлғалар  туралы 
әдебиеттер  жоқтың  қасы.  Азды-кӛпті  әдебиеттер  кешегі  коммунистік 
саясатпен жазылған. 
Дегенмен де, ештен кеш жақсы дегендей, бҧл олқылықтардың орнын әлі 
де  болса  толтыруға  болады.  Оқу  орындарында  ӛлкетану  жҧмысын 
жандандырып,  ӛскелең  ҧрпақты  ӛз  ӛлкесінен  шыққан,  ӛлкеге  еңбегі  сіңген 
тҧлғаларға еліктеп ӛсетіндей тәрбиеге кӛп кӛңіл бӛлу керек. 
Ел ішінде ӛлкетанушы болып атанып жҥргендіктен осы еңбегімізді осы 
бір олқылықты аз да болса орнын толтыру ҥшін жазып отырмыз. 
Қазақ  тарихында  осыншама  ҧлан-ғайыр  даланы  ҧрпаққа  аманат  етіп 
қалдыру  жолында  қар  тӛсеніп,  мҧз  жастанып,  ӛмірлерін  қиған  ерлер  аз 
болмаған.  Бҥгінгі  ҧрпақ  сондай  қол  бастаған  кӛсемдер  мен  сӛз  бастаған 
шешендердің,  яғни  дала  данышпандарының  тікелей  мҧрагері  екендіктерін 
саналарында сақтаулары керек. 
Қасиетті  қазақ  жерінің  талай  мәрте  таласқа,  қанталаспайға  тҥскені 
тарихтан  белгілі.  Біздің  Қызылжар  ӛңірінің  аспанын  қара  бҧлт  торлаған 
кҥрделі кезеңдерінің бірі –осы ӛлкені Ресей патшалығының отарлау уақыты 
еді. Осындай зар заман кезінде елдің екі тізгін, бір шылбырын ҧстап, ӛгізді де 
ӛлтірмей, арбаны да сындырмай, яғни орыс патшалығына қызмет істей жҥре 
ӛз халқына қамқор болған адамның бірі – Есеней Естемісҧлы болған. 
Осы  кітаптың  авторы  2005  жылы  «Ер  Есеней»  атты  кітап  жазған 
болатын.  Бҧл  кітап  Омбы  және  Алматы  қалалары  мҧрахаттарынан  алынған 
деректер  бойынша  жазылған  еді.  Есеней  қазының  ӛмірдеректерін  зерттеу 
ісімізді  содан  бері  жалғастырып  келеміз.  Ӛйткені,  Есеней  Естемісовтың 
ӛмірін  жеке  бастың  ғана  ӛмірбаяны  деп  қарауға  болмайды.  Есенейдің  ӛмірі 
мен  қызметі  сол  кездегі  Қызылжар  ӛңірінің,  қазіргі  Солтҥстік  Қазақстан 
облысына  қарасты  елдің  тарихын  қамтиды.  Тҧлғалар  тағдыры  сол  ҧлттың 
тарихын қҧрайтын да белгілі жәйіт. 
«Есенеймен аталас екі алып жазушыларымыз Сәбит Мҧқанов пен Ғабит 
Мҥсіреповтар  Есеней  туралы  «Аққан  жҧлдыз»  және  «Ҧлпан»  атты 
романдарында жазып кетті. Енді қайталаудың қажеті қанша?»  - деушілер де 

 

болуы  мҥмкін.  Оларға  айтарымыз.  Аталмыш  екі  кітап  та  кӛркем  әдебиетке 
жататын  шығармалар.  Яғни,  Есеней  тҧлғасы  кӛркем  әдебиеттегі  образ 
кҥйінде, романтизм және социалистік реализм әдісімен жазылды. 
Сәбең  де,  Ғабең  де  туысқандық  жағынан  Есенейге  алыс  емес.  Есеней 
есімін  жас  кездерінен  бастап  ҥлкендерден  естіп  ӛсті.  Екеуі  де  Есенейді 
тарихи  тҧлға  ретінде  жақсы  білді.  Бірақ,  екеуіне  де  Есенейді  Есеней 
қалпында  жазуға,  зерттеуге  заманы  жібермей,  амалсыздан  шындықтан 
ауытқып,  әдеби  кейіпкер  ретінде  жазуға  мәжбҥр  болды.  Ӛйткені,  кеңестік 
саясат  бойынша  ел  билеген  би-болыстар,  байлардың  халыққа  қамқоршы, 
жанашыр  болған  істері  есепке  алынбай,  халықты  қанаушы  деп  қарады. 
Жоғарыдағы  шығармаларда  Есеней  туралы  тарихи  шындықтардың  саналы 
тҥрде  бҧрмаланғаны  (шындықты  білмеген  деуге  болмайды)  туралы  бірер 
мысал келтірейік. 
Сәбең Шыңғыс Уәлиханов 1834 жылы аға сҧлтан сайланып, Қҧсмҧрынға 
кетіп  бара  жатқан  жолында  Есенейдің  жас  тоқалы  –  Ҧлпанмен  кӛңілдестік 
жасағанын жазды. («Аққан жҧлдыз». 7 том. 102 бет). 
Омбы мҧрағатынан алынған деректер және Сегіз сері шежіресі бойынша 
Ҧлпан  1828  жылы  туған,  яғни  1834  жылы  Ҧлпан  сәби  жасында  болған. 
Немесе, Сәбең 1834 жылы Есеней шал болған, кӛзі нашар кӛріп, қҧлағының 
да  мҥкісі  бар  деп  жазды.  Мҧрағат  деректері  бойынша  1798  жылы  туған 
Есеней  1834  жылы  Аманқарағай  дуанының  заседателі,  жігіттік  дер  шағы 
болатын. 
Ғабең  де  «Ҧлпан»  романында  қазақ  совет  әдебиетіндегі  қазақ  әйелдері 
образдарының  шыңы  болған  Ҧлпан бейнесін  сомдау  ҥшін  бес болыс  керей-
уақтың кӛсемі, бір дуанның аға сҧлтаны, Ресей патшалығының ӛзі санасқан 
Есеней  қазының  бар  билігін  Ҧлпанға  беріп  жазды.  Тӛбені  биіктетемін  деп, 
тауларды аласартып алды. Бҧлай жазу қазақ халқының менталитетіне қарсы 
болғанмен, кеңестік саясатқа сай екені де белгілі. 
Ғабең  «Ҧлпан»  романында  Сыйбан  ауылы  1872  ж.  (Есенейге  ас  берер 
алдында) Қожық ауылына шабуыл жасап, Қожықты байлап Омбы тҥрмесіне 
жӛнелтті  деп  жазды.  Ал,  шынында  бҧл  уақытта  Қожық  бҧл  дҥниеде  жоқ. 
1866 жылы ӛмірден ӛткен болатын. 
Әдебиеттің  саясаттылығы  туралы  Ғабит  Мҥсірепов  былай  деп  жазған 
болатын.  «Ақын, жазушы  кӛп пернелі,  қос  шекті домбыра  сияқты.  Қҧлағын 
қалай  бҧрадың,  пернелерін  қалай  тҥздің  –  ол  солай  сӛйлейді,  сӛйлеу  ӛз 
қолында  болғанмен,  бҧрау  мен  пернелерін  тҥзеу  жазушының  ӛз  қолында 
емес, басқарушылардың қолында». 
Кеңестік саясат Сәбең мен Ғабең ғана емес, барлық ақын-жазушыларды 
деуге болады, тарихи шындықтан тайдарғанын жақсы білесіз. 
Бір  қиындығы  оқырмандар  Есенейді  жоғарыда  аталған  кӛркем 
шығармалардағы  образы  кҥйінде  қабылдап,  прототипі,  яғни  ӛмірде  болған 
Есеней  ескерусіз  қалды  деуге  болады.  Сондықтан  да  ӛлкеміздің  тарихын 
таразыға  салуға  қатысып  жҥргендіктен  Есеней  тақырыбына  қайта  оралдық. 
Жоғарыда  жазғанымыздай  2005  жылы  жазылған  «Ер  Есеней»  кітабында 
Омбы,  Алматы  мҧрағаттары  деректеріне  негіздей  жазсақ,  осы  жолы  ӛзінің 

 

айтуымен  жазылған  естеліктерін  жазып  отырмыз.  Бір  қуанарлық  жағдай, 
мҧрағат  деректері  мен  ӛзінің  аузынан  жазып  алынған  естеліктері  бірін-бірі 
толықтырып, жалғастырып, анықтай тҥсіп отырады. 
Есеней  қазының  естелігі  Шоң  мырза  Телғозыҧлының  сҧхбаттасуы 
бойынша жазылғандықтан Есеней дәуірінде Шоң Телғозаҧлынан басқа тӛрт 
Шоң  болғанын  бір-бірінен  айыру  ҥшін  және  тарихи  таным  ҥшін  әр  Шоңға 
арнайы тоқталдық. 
Шоң Едігеҧлы – бірінші Шоң немесе ҥлкен Шоң, немесе Сҥйіндік Арғын 
Шоң  би  деген  есімдерімен  елге  мәлім.  Шежіре  деректерінде  оның  аты  – 
Ақдәулет  (1753-1836).  Бірінші  Шоң  ӛз  тҧсында  Сҥйіндік  Арғын  елінің  ру 
басысы,  әрі  аға  биі  болыпты.  1833-1836  жылдары  Шоң  Едігеҧлы  Баянауыл 
дуанының аға сҧлтаны болған. Шоң ӛз заманында атақты, кӛсем де кӛреген 
адамдардың бірі болған. 
Екінші Шоң деп аталған Дәулетҧлы мен ҥшінші Шоң Телғозыҧлдырына 
арнайы тоқталамыз. 
Шоң  Кӛтербайҧлы  (1834-1886)  –  тӛртінші  Шоң  деп  аталды.  Бҧл  Шоң 
Тӛлек Арғын руынан шыққан. Ел ішінде мырза Шоң, болыс Шоң деп атанды. 
1869-186  жылдары  Торғай  уезіндегі  Сарыторғай  болысының  билеушісі 
болып  қызмет  атқарды.  Елге  жағымды,  ғарып-қасерге  қайырымды,  қолы 
ашық болып зор беделге ие болыпты. 
Балта  Керей  Шоң  қажы  (1841-1919)  –  бесінші  Шоң  деп  аталды.  Бҧл 
Шоңға 2500 жылқы, бір мың тҥйе біткен екен. Байлықтың арқасында Мекеге 
барып,  қажы  атағына  ие  болады.  Ӛз  қаражатына  ауылында  мешіт,  медресе 
ашады. Ел билігіне араласпаса да халық алдында беделді, ғарыптарға, жетім-
жесірлерге,  кемтарларға  кӛп  жәрдем  берген  қолы  ашық  жомарт  адам 
болыпты. Ол Балта Керейдің Базар атасынан екен. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

ЕР ЕСЕНЕЙ 
 
Қазақ халқының ХІХ ғасырда ӛмір сҥрген ел қорғаны-батырлары мен игі 
жақсыларының бірі – Ер Есеней Естемесҧлы. 
Ер Есенейдің биік адамгершілік иесі екенін, ел қорғаны болғанын екінің 
бірі  біле  бермейді.  Ӛйткені,  оны  кейбір  жазушы  ӛзінің  шығармаларында 
Қодар бейнесінде дҥлей кҥштің иесі етіп және ҥстем таптың зорлықшыл ӛкілі 
ретінде  оқырмандарға  қҧбыжық  етіп  кӛрсетті.  Енді  бір  жазушы:  «Қолына 
топтан  ҧры  ҧстайтын,  бықыған  малы  кӛп  Ашамайлы  керейдің  байы 
Есеней...»-деп,  ол  да  Естемесҧлын  елге  қолайсыз  кісі  етіп  кӛрсетіп,  ӛз 
шығармасында шындыққа жанаспайтын сӛздерді жазды. 
Кешегі  Кеңес  дәуірінде  Қазан  тӛңкерісінен  бҧрынғы  кезеңде  ел 
басқарған адамдарға дҧрыс баға берілмеді, олардың ақыл иелері болғандығы 
еске  алынбады.  Себебі,  олардың  бәрі  қанаушы  таптың  ӛкілдері  саналды. 
Билер  мен  бектер,  батырлар,  мырзалар  тҥгел  жыртқыш,  мейірімсіз, 
қанаушылар  атанды.  Шындығында  олар  солай  ма?  Бҧлардың  жақсы  істері 
аталмай  қалды,  ақты-қарасы  тексерілмеді.  Билердің  кӛпшілігінің  кедей 
немесе  орта  шаруалардың  ӛкілдері  екендігі  де,  әділдік  қасиеттері 
есептелмеді. 
Жыртқыш  деп  халық  ел  шапқыш  содырларды  немесе  кісі  ӛлтіргіш 
қанішерлерді,  ел  ішінде  бҧліншілік  жасаған  бҧзықтарды,  немесе 
тонаушыларды, қайырымсыз, қара жҥрек қарақшыларды, немесе әрдайым кез 
келген  кісілерді  алдап,  әкім  қылған  алаяқ  қуларды,  немесе  кісі  еңбегін 
бермейтін сараң, қара ниет байларды атағаны кімге болса да белгілі жайт. Ал, 
есігі  ашық,  дастарханы  кҥні  бойы  жиылмайтын  меймандос,  ғарыптерге 
қысылғанда  қол  ҧшын  берген  жомарт,  ғашықтарға  азаттық  әперген  әділ, 
қамқоршы бектерді жыртқыш, қанаушы, зорлықшыл деуге болмайды. Біз сӛз 
еткелі  отырған  Есеней  де    заманында  елге  қайырымды  бектер  мен 
батырлардың бірі болғандығы шежіре деректерінен және сол дәуірдегі ақын-
жыраулардың  ӛлең-жырларынан  кӛпке  мәлім.  Әрине,  Есенейдің  де  аздаған 
пендешілігі  болыпты.  Бірақ  соған  қарап,  оның  жҧрт  ҥшін  сіңірген  кӛп 
еңбегін,  атқарған  игілікті  істерін,  ел  қамқоры  болғанын  жоққа  шығаруға 
болмайды. 
Әуелі Сібір қазақтарының шорасы боп 1819-1824 жылдары ел басқарған 
кезінде,  кейін  1859  жылдан  бастап,  он  шақты  жыл  Батыс  Сібір  генерал-
губернаторына  Бас  кеңесші  боп  он  дуан  елдің  ҥстінен  қараған  уақытында 
«Есенейді  қарадан  хан  болды»,-деп,  халық  Есеней  хан  деп  атапты. 
Естемесҧлын 
Батыс 
Сібір 
мҧсылмандарының 
Марал 
ишанның 
басшылығымен  жер-су  ҥшін  болған  Ресей  отаршылдарына  қарсы  азаттық 
кҥресіне  белсене  қатысқандығы  ҥшін,  сонда  ҥлкен  ерліктер  жасағаны  ҥшін, 
кейін  тонаушылардан,  барымташылардан  елдің  жылқы-тҥйесін  бірнеше  рет 
айырып,  иелеріне  қайтарып  бергені  ҥшін,  қазақ,  татар,  башқҧрт  халықтары 
оны Ер Есеней деп атаған екен. 
Сонымен қатар, Есеней сӛзді тауып сӛйлейтін, шындықты жасырмайтын 
турашыл  адам  болыпты.  Мысалы:  Естемесҧлының  тҧғырдан  тайып, 

 

науқастанып  қалған  шағында,  яғни  1869  жылы  қыркҥйек  айының  басында 
ӛзіне  сәлем  ере  келген  Орта  жҥз  Қуандық  Арғын  Шоң  Гиелғазыҧлы  (1828-
1902  жж.)  болыстың  мейман  боп  отырып,  ӛзіне:  «Батыр  әке,  сізді  ел  ата-
анасынан  бала  жігіт  кезінде  қалған  дейді.  Соған  қарағанда  билікке  ерте 
араласуыңызға себепші адамдар болған ғой, сірә?»-деп, сауал қойғанда, оған 
Есеней:  «Батаны  Тіленші,  Нашан,  Киікбай  берген,  батырлықты  марал  ишан 
мен  Баһрам  берген,  бақытты  Итіке,  Тоқсан,  Маманай  берген,  тақытты 
Шақшақ берген. Ісімді Алла қолдай берген! Ар жағын балам, енді ӛзің тҥсіне 
берерсің!»-депті.  Расында  осы  есімдері  аталған  ардагерлер  Есенейді  ел 
басқаруға да, қол басқаруға да баулыған екен. Есенейге тәлім тәрбие берген 
бҧл  тоғыз  кемеңгердің  ешбірі  де  алыс  жердің,  я  болмаса  басқа  тайпаның 
адамдары    емес.  Солай  бола  тҧрса  да,  Есенейге  ҧстаз  болған,  жоғарыда 
аттары  аталған  ел  жақсыларының  бірі-Киікбай  Айтуғанҧлы  шешенді  соңғы 
жылдары  кейбіреулер  ӛздерінің  еңбектерінде  Батыс  Қазақстанда  туған  етіп, 
елін  Кіші  жҥз  етіп  кӛрсетіп,  бҧрмалап  жазып,  оқырмандарды  басқа 
шатастырып  жҥргенін  айтуға  міндеттіміз.  Асылында  кімге  болса  да,  ӛзі 
білмейтін мәселеге араласудың  ешбір  қажеті  жоқ  деп білеміз!  Себебі  соңғы 
жиырма  жыл  ішінде  бір  тайпаның  жақсы  адамың  екінші  бір  тайпанікі  етіп 
кӛрсету, немесе бір тайпалық одақтың руын екінші бір тайпалық одақтікі ете 
салу  әдетке  айналып  кетті.  Мҧның  ӛзі  оқырмандарды  шатастыруға  әкеп 
соққанын 
жасыруға 
болмайды. 
Орта 
жҥздің 
даугері 
ретінде 
барымташылардан есе алып қайту ҥшін, немесе кеткен жесірді қайтарып алу 
ҥшін Киікбай Кіші жҥзге барса барған шығар. Бірақ оның елі – Кіші жҥз емес 
те,  туған  жері  –  Батыс  Қазақстан  емес,  Киікбай  Айтуғанҧлының  елі  –  Орта 
жҥз Ашамайлы керей, оның ішінде Еменәлі, оның ішінде Таз атасы, ал туған 
жері  –  Қызылжар  аймағы  (Солтҥстік  Қазақстан  облысы).  Сол  сияқты 
Есенейді  шыңдаған  қалған  сегіз  кемеңгер  де  Қызылжар  аймағындағы  Орта 
жҥз  Керей  елінің  адамдары.  Біз  мҧны  рушылдықпен,  я  болмаса 
жерлесшілдікпен айтып отырған жоқпыз. Шындық ҥшін айтып отырмыз. 
Біз  сӛз  етіп  отырған  Есеней  1798  жылы  –  Ҧлу  жылы  наурыз  айында 
қазіргі  Солтҥстік  Қазақстан  облысының  орталығы  –  Қызылжар 
(Петропавловск)  қаласына  таяу  жердегі  ежелгі  ата  мекені  –  Бескӛл  деген 
қоныста  тҧратын  Орта  жҥз  Ашамайлы  керейдің  Сибан  руына  жатын 
Қошқарбай батыр ауылында Естеміс мырзаның шаңырағында дҥниеге келіп, 
аталмыш облыстың Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылының тӛңірегіндегі 
Бҥркеу  деп  аталатын  соңғы  қонысында  ауырып,  1871  жылы  –  қой  жылы 
желтоқсан  айында  қайтыс  болыпты.  Елі  оның  сҥйегін  сол  арадағы  Жәнібек 
батыр  бейітіне  жерлепті  (Керей  шежіресі  бойынша).  Есенейдің  туған  жері, 
туған  жылы,  руы,  ауылы  архивте  де  осылай  жазылған.  Есенейдің  ата-анасы 
да,  ағайын-туғандары  да,  бірнеше  ата-бабасы  мен  әже-апалары  сол 
Бескӛлдегі Ескі Керей бейітіне жерленген. Сол Ескі Керей бейітіне 1745-1752 
жылдары аралығында қайтыс болған Уақ, Атығай елдерінің де, адамдарының 
біразы жерленіпті. Қызылжар маңынан Керей ауылдарының алыстап кетуіне 
1826  жылы  жазда  Ресей  патша  ӛкіметі  отаршыларының  Қызылжар 
тӛңірегіндегі,  Қызылжар  мен  Мәуліт  аралығындағы  жерлерді,  Мырзаағаш 

 

(Соколов ауданы жерінің қазақша атауы) жерін ӛз именнелеріне айналдыруы 
себепкер болыпты (архивте, шежіреде бар). 
Есенейдің  әкесі  Естеміс  балуан  Сейітҧлы  ӛз  тҧсында  Ашамайлы 
керейдің  басты  адамдарының  бірі  болыпты.  Оған  атақты  әнші-ақын,  сазгер 
Сегіз серінің «Ер Есеней» атты тарихи толғауында мына шумақтар да дәлел 
бола алады: 
 
Орта жҥздің ішінде 
Ашамайлы керейде. 
Қатарының алды боп, 
Бӛленген жан мерейге. 
 
Балға батыр¹ ҧрпағы, 
Заманының сҧңқары –  
Есеней ердің бабасы 
Әрі де ӛткен Ақпанбет, 
Жауға тиген болып ӛрт. 
 
Бергі атасы Сейіт би 
Ӛз тҧсында болған бек 
Ӛз әкесі Естемес, 
Ел жақсысы, ғадыл ед! 
 
Бҧдан  Есенейдің  ата-бабаларының  тәуір  ел  қорғаны-батыр  адамдар 
болғанын  кӛреміз.Ал,  Есенейдің  анасы  Ақжәми  –  ХҤІІІ  ғасырдың  тӛртінші 
ширегінде,  яғни 1773-1775  жылдары  және 1783-1797 жылдары  отаршылдық 
езгіге қарсы бағытталған Кіші жҥз қазақтары шаруаларының кӛтерілістерінің 
кӛсемі Сырым Датҧлы батырдың (1712-1802 жж) қызы екенін екінің бірі біле 
бермейді. 
Сонымен  қатар,  Есенейдің  әкесі  Естемес  те,  атасы  Сейіт  те  Меккеге 
хажылыққа  барып  қайтқан  екен.  Сейіт  пен  оның  баласы  Естеместің  хажы 
болғандығына  Сегіз  сері  ақынның  «Ер  Есеней»  атты  дастанындағы  мына 
шумақ та дәлел болады: 
 
Әкесі де атасы 
Есенейлердің хажы еді. 
Сибан керей ішінде. 
Басқа атадан аз еді. 
 
Әкесі  Ақпанбет  батырдан  ҥш  жасында  жетім  қалған  Сейіттің  жастық 
шағы  нағашы  жҧртында  ӛтіпті.  Сейітті  жігіт  болған  кезінде  немере  ағасы 
Бесбай Тоқпанбетҧлы мен Балта керей Ермҧхаммед Тҧрсынбай батырҧлы 
 
¹
Балға батыр – Сибан керейдің тҥпкі атасы, Балғаның әкесі – Танаш би – Ақ Орданы гҥлдеткендердің 
бірі екен.
     

 

Байбақты  елінен  кӛшіріп  әкеліпті.  Қурай  емген  тҧқымы  деп  аталатын  кӛп 
жылқы біткен Сейіт қыдыр дарыған бай болыпты. 
Сейіт  ӛзінің  Естемес,  Есіркеп  атты  екі  баласын  әуелі  Қажым  деген 
молдадан  оқытып,  одан  кейін  Қызылжардағы  Шақшақ  шора  медресесіне 
оқуға  беріпті.  Сейіт  мырза  екі  баласын  әрі  қарай  оқытпақшы  болыпты.  Ол 
Қызылжар, Омбы шаһарларының базарларына келіп жҥрген, сауда саттықпен 
айналысатын  Қоқан,  Хиуа,  Бҧхар  хандықтарының    саудагер  байларымен 
танысып, олармен жақсы араласып, дос боп кетіпті. Енді сол достықты Сейіт 
Шақшақ шора медресесін тамам еткен екі ҧлын оқыту ҥшін пайдаланады. Ол 
Естемес  пен  Есіркепті  Ҥргеніштегі  достарының  ҥйіне  қойып,  сондағы 
медересеге  оқуға  береді.  Әке  ҥмітін  ақтап,  Естемес  те,  Есіркеп  те  Ҥргеніш 
медересін жақсы оқып, бітіреді. Есіркеп молда боп Шақшақ шора медересіне 
ҧстаз боп орналасып, балаларға дәріс береді. Ал, Естемес ірі балуан болыпты. 
Сонымен бірге ол Сибан керейді билепті. Естемес Ресей отаршылдармен жер 
су  мәселесінде  тартысқа  тҥскен  кісілердің  бірі  бопты.  Қазақ  пен  орыс 
қатынасына  байланысты  1794  жылғы  24  желтоқсандағы  оқиғада  Сибан 
керейдің басшысы ретінде Естемес Сейітҧлының есімі аталады (Бҧл жайында 
архивте дерек бар). 
Есеней  жас  бала  кезінде  ауыл  молдасынан  оқып,  хадимше  хат  танып 
діни  білім  алыпты.  Осы  арада  бір  ескерте  кететін  мәселе  былай:  Естемес 
хажы  ӛз  балаларын  кезінде  ӛзі  оқып  тамам  еткен  Шақшақ  шора
2
  медресесі 
мен  Ҥргеніш  медересінде  оқытуды  дҧрыс  кӛріпті.  Сондықтан  ол  Есенкелді, 
Есеней  атты  ҧлдарын  Қызылжардағы  1767  жылы  ашылған  ескі  оқу  орны  – 
Шақшақ шора медересесіне оқуға береді. 
Есеней  ағасы  Есенкелді  сияқты  аталмыш  медереседе  жақсы  оқып 
хадимше сауатын жетілдіріп, терең діни білім алып, араб, парсы, кӛне тҥрік 
(шағатай) тілдерін ҥйренеді. 
Сондай-ақ, Естемесҧлы Қызылжар шаһарындағы Шақшақ медересесінде 
оқып жҥргенде, кӛрші тҧратын татар, орыс балаларымен бос уақытында бірге 
ойнап жҥріп, татарша, орысша сӛйлеуді жақсы меңгеріпті. 
Естемес мырза Шақшақ би медересесін жақсы оқып тамамдаған баласы 
Есенейді  Ҥргеніштегі  ӛзі  оқып  бітірген  медересеге  апарып,  оқуға 
орналастырыпты. Есеней Ҥргеніш медересесін жақсы оқып, тамам етіп, онда 
діни  білімін  толықтырып,  араб,  парсы,  кӛне  тҥрік  тілдерін  жетік  біліп 
шығады. 
Әке ӛсиетін орындамақ болған Есеней 1815 жылы – доңыз жылы жазда 
Ҥргеніш медересесін тамам етіп келген соң, Батыс Сібір мҧсылмандарының 
(қазақ, башқҧрт, татарлардың) Ресей патшасы ӛкіметінің рҧқсатынсыз ӛздері 
сайлаған Бас мҥфтиі – Марал ишан Қҧрманҧлына арнап барып, сәлем беріп, 
оған  мҥрид
3
  болыпты.  Сӛйтіп,  Естемесҧлы  1815-1819  жылдары  Нҧрымбет 
керей Марал ишан бастаған Батыс Сібір мҧсылмандарының дін ҥшін, жер-су 
ҥшін,  ел  бостандығы  ҥшін  Ресей  патша  ӛкіметі  отаршыларының  қарсы 
бағытталған ғазауатына (халық-азаттық қозғалысына) белсене қатысыпты. 
2
Шора  -  әуелде  сот  деген  мағынаны  білдіретін  сӛз  болса,  кейін  аймақ  билеушісі  деген  мағынада 
қолданылған сӛз.  
3
Мҥрид – діни шәкірт. 

 
10 
 
Ол  қатардағы  жауынгер  болып,  соғысқа  қатысқан  кҥннен  бастап,  ерліктер 
кӛрсетіп,  ақырында  жҥзбасы  деген  әскери  атақ  алады.  Есеней  жауға  қарсы 
бірнеше рет ӛз жҥздігін бастап, шабуылға шығып, отаршылар әскеріне соққы 
беріп, олардың талайын тҧтқынға  тҥсіріпті. 
1819 жылы кӛктемнің аяқ шенінде Есіл ӛзенінің  Есет деген саласының 
бойында Батыс Сібір мҧсылман қауымының дін-басылары, билері, бектері, 
батырлары  мен  мырзалары  бас  қосқан  қҧрылтайда  бірнеше  жас  ерлерге 
майданда кӛрсеткен  ерліктері ҥшін жҥзбасы,  мыңбасы  деген  әскери  атақтар 
беріліпті.  Сондағы  мыңбасы  атағына  ие  болған  батырлардың  бірі  –  Есеней 
екен. Оның Ер Есеней атануы сол кезден басталыпты. 
Есенейдің  әке-шешесі  ерте  қайтыс  болыпты.  Алайда  «Әкең  ӛлсе  де, 
әкеңді  кӛргендер  ӛлмесін!»  -дегендей,  мыңбасы-сардар  атағын  алған 
Есенейді  әкесіне  бірі  аға  болған,  бірі  іні  болған,  бірі  дос,  жолдас  болған 
елдестері  мен  жерлестері:  Балта  керей Нашан,  Итіке батырлар мен  Кӛшебе, 
керей  Тіленші,  Маманай,  Еменәлі  керей  Киікбай,  Тоқсан  есімді  билер  ел 
басшысы ету мақсатымен Кӛшебе керей Шақшақ шора Кӛшекҧлына ((1740-
1831  жж.),  Сегіз  сері  батырдың  атасы)  арнап  барып,  сәлем  беріп,  қонақ 
болып,  мәжілісте  олар:  «Сардар  аға,  сіз  елу  жылдан  артық  ел  басқардыңыз, 
бетіңізге  ешкім  қарсы  келген  жоқ.  Ғадылдігіңізге  ел  бас  иіп,  бәрі  Сізді 
сыйлады.  Жасыңыз  сексенге  келді.  Орныңызды  басатын  балаларыңыз  да, 
туыстарыңыз  да  бар  екенін  білеміз.  Дегенмен,  аға  баласына  жол  берсек 
қайтеді? Оған қалай қарайсыз? Естемес ініңіздің баласы Есеней сіздің ізіңізді 
басуға  жарап  қалған  сияқты»,-депті.  Сонда  ӛз  орнын  басатын  батыр  да, 
шешен  де  ҧлдары,  туыстары  бар  екеніне  қарамастан,  Шақшақ  шора 
турашылдыққа  кӛшіп:  Сибан  аға  баласы  екені  рас.  Олардың  біраз  жыл 
биліктен  қол  ҥзгені  де  мәлім.  Жолымды  бердім.  Екпіні  тау  жыққандай 
жалынды  да  талапкер  жастың  бірі  –  Есеней  ғой.  Орнымды  бердім.  Есеней 
менің  шоралық  тағыма  отырып,  Сібір  қазақтарын  басқарсын!  Билігімді 
Есенейге  сыйладым.  Менен  қалған  дәурен  оған  қҧтты  болсын!  Ісін  Алла 
оңғарсын!  Тек  ел  ҥмітін  ақтайтын  кӛсем  болсын!»-деп,  бірден  келісімін 
беріпті.  Сонда  билер  мен  батырлар,  бектер  қарт  ағасының  кең  пейілдігіне 
разы болып, оған алғыс айтып, оның иығына жанат ішік жауып, босағасына 
ақбоз жорға атты байлап кетіпті. 
1819  жылдың  жазының  басында  хан  жайлауда  Керей-Уақ,  Атығай-
Қарауыл  елдерінің  басты  адамдары  қҧрылтай  ашып,  Қақ  сорының
4
 
жағасында  Есенейді  боз  биенің  сҥтіне  шомылдырып,  ҥстіне  ақ  киімдер 
кигізіп, ақ киізге отырғызып кӛтеріп, шора сайлапты Естемесҧлына сол арада 
ел  қҧтты  болсын  айтып,  Шақшақ,  Тіленші,  Киікбай,  Тоқсан,  Маманай, 
Қҧрымсы  сынды  дуалы  ауыз  билер,  әулие  Марал  ишан,  Нашан,  Қолдас, 
Жолдыбай,  Сартай,  Мәуліт,  Итіке  батырлар,  Сардар  Баһрам  ақ  баталарын 
беріпті.  Есенейді  шора  сайлауға  Қызылжар,  Омбы  шаһарларындағы  татар 
мырзалары да қатысыпты. Сол кҥннен бастап Естемесҧлы 1824 жылға дейін 
Сібір қазақтарының шорасы болып, ел басқарыпты. Хандық Орта жҥзде 1819  
4
Сор  - тҧзды кӛл. 

 
11 
жылы жойылды. 
Есеней шора болумен қатар, ҧстазы Марал ишанның ғазауатын қолдап,  
оған  әскер  жинап,  жауынгерлерге  ат  жинап  беріпті.  Сӛйтіп,  ол  ӛзі  де 
бҧрынғыша  Ресей отаршылдығына қарсы соғысқа белсене қатысыпты. Оған 
Баһрам  батыр  Шақшақҧлының  (1779-1826  жж)  «Қайғылы  белдеу»  деген 
тарихи дастанындағы мына шумақтар да айғақ бола алады. 
 
Зеңбірекпен келсе де, 
Кәпірдің жолы болмаған. 
Қанға қҧмар иттердің, 
Бҧл жылы ісі оңбаған. 
 
Марал ишан ҧстазын, 
Есеней шора қолдаған. 
Сарбаз жинап берсін деп, 
Бектерге сәлем жолдаған. 
 
Кәпірге қарсы шықсын деп, 
Елге жаршы жіберді. 
Сарбазға ат жинады
Жеңістен ҥзбей кҥдерді. 
 
Арқада хандық 1819 жылы жойылса да, шоралар билігі 1824 жылға дейін 
сақталды.  Ӛйткені,  Есеней,  Зілғара,  Тоқтамыс,  Мҥсет,  Қожағҧл  сияқты 
бектер  ҥшін  шоралық  билік  жҥйесі  пайдалы  болды.  Сондықтан  олар 
округтердің ашылуын қаламады.  
1822  жылдың  басында  Ресей  патшасының  Бас  министрі  Сперанский 
Орта  жҥз  қазақтарын  он  округке  бӛліп  билеу  туралы  жоспар  жасаған,  әрі 
соны  жҥзеге  асыруды  кӛздеген.  Бірден  округ  ашуға  отаршылдардың 
батылдары да бармаған. Әйтсе де 1822 жылы сайланған Батыс Сібір генерал-
губернаторы  П.М.  Капцеевич  Солтҥстік  Сарыарқадан  Қҧсмҧрын,  Кӛкшетау 
дуанын  1824  жылы  ашуды  жоспарлады.  Бірақ  Қҧсмҧрын  округін  қҧрумен 
қатар,  сол  1824  жылы  Орталық  Сарыарқадан  П.М.  Капцеевич  Қарқаралы 
дуанын ашқан. 
1819  жылы  Орта  жҥзде  хандық  билікті  жоюға  тек  Ғҧбайдолла  сҧлтан 
Уәлиханҧлы  ғана  қарсы  болып  қоймай,  уәзірлер,  билер  мен  бектер,  Есеней 
сияқты шоралар, батырлар, хазірет, имамдар, хажылар да қарсы болыпты. 
Қызылжар  аймағында  Қҧсмҧрын  округі  ашыла  қоймайды  да,  ол  ӛңір 
Керей  болысы  деген  атпен  уақытша  1830  жылға  дейін  Кӛкшетау  дуанына 
қарап,  Керей-Уақ  бектері  де  отаршылдарға  қарсы  болып,  биліктен  шеттеп 
қалады.  Оған,  біріншіден,  Есенейдің  Марал  ишан  бастаған  Батыс  сібір 
мҧсылман  қауымының  Ресей  отаршылдарына  қарсы  бағытталған  халық-
азаттық қозғалысына белсене араласуы, екіншіден, сол Естемесҧлының Орта 
жҥзде  хандық  жҥйенің  жойылуына,  ҥшіншіден,  оның  шоралар  билігінің 
жойылуына,  тӛртіншіден,  Есенейдің  Ресей  патшасы  отаршылдығының 

 
12 
мҧсылмандардың  қоныстарын  тартып  ала  бастауына,  Есіләм  дінінің  ӛрісін 
тарылтуына,  мҧсылман  балаларын  саудаға  салуына,  елден  алым-салықты 
кӛптеп  алуына,  мҧсылмандарды  шоқындыруға  ашық  тҥрде  қарсы  болулары 
себепкер  болыпты.  Алайда,  Қызлжар  аймағындағы  Ашамайлы  керейдің 
билері мен бектері: Шақшақ, Тіленші, Киікбай, Тоқсан, Итіке, Сексен, Ӛмір – 
бәрі  бірауыздан  ел  жинап  ашқан  қҧрылтайда  Есенейді  Ресей  патшасы 
ҧлықтарының  рҧқсатынсыз  ӛздері  қазы  сайлап,  даулы  мәселелерді  соған 
шешкізеді.  Батыс  Сібір  генерал-губернаторлары:  П.М.  Капцеевич  те  одан 
кейінгі  И.а.  Вельяминов  те,  Н.С.  Сулима  да  Есенейдің  Қызылжар 
керейлерінің  басшысы  екенін  мойындамай,  оны  Сибан  керейдің  рубасысы 
деп  қана  таниды.  Алайда  Кӛкшетау  дуанбасысы  Зілғара  Есенеймен  керей 
елінің басшысы ретінде санасып отырыпты. 
1826  жылы  жаздың  басында  Есеней  Қызылжар  шаһары  тӛңірегіндегі 
ӛзінің  ата  қоныстарының  жартысынан  кӛбін  Ресей  отаршылары  ӛз 
иеліктеріне  айналдырған  соң,    ӛз  қыстауы  Бескӛлдің  батысында  жҥз  жетпіс 
шақырым қашықтықтағы Нҧралы Керейдің босап қалған, яғни штаб салудың 
сәті  тҥспеген  жерге  Сибан  керейдің  Қорқыт  әулетіне  жататын  ауылдарын 
бастап  кӛшіп  барып,  ҥйлер  салып,  шӛбін  шауып  алып,  келер  қысқа  қам 
жасайды.  Естемесҧлының  Бескӛлден  кӛшкеніне  оның  аталас  ағайыны  Шоң 
Дәулетҧлы зергердің ата қоныспен қоштасып шығарған дастанының ішіндегі 
мына шумақтар да дәлел бола алады: 
 
Есеней тоқтамайды ҥдере кӛшіп, 
Жәнібек сӛз сӛйлейді, желдей есіп. 
Бескӛл мен Қызылжарым, қош-есен бол, 
Жерім ең кірім жуған, кіндік кесіп. 
 
Туған жер кейін қалдың, уа, дариға-ай, 
Мҧндай жер енді бізге табылар ма-ай. 
Егін сап бала-шаға асыраған
Бескӛл мен қош-есен бол, Қызылжар-ай! 
 
Алайда  жаңа  қоныс  Есенейге  қҧтты  бола  қоймапты.  Ӛйткені, 
Қызылжардағы бір кезде ӛзі оқыған Шақшақ шора медіресесіне (1767 жылы 
жазда  ашылған  ескі  оқу  орнына)  апарып,  оқуға  орналастырмақ  болған 
Есенейдің  тоғыз  жасар  Аманжол,  жеті  жасар  Аманқҧл  деген  ҧлдары  (жеңге 
алған  әйелі  –  Ғайнижамал  Байтоқақызынан  туған)  шешекпен  ауырып,  бір 
кҥнде  қайтыс  болыпты.  Оған  әнші-ақын  Сегіз  серінің  «Ер  Есеней»  тарихи 
дастанының ішіндегі тӛмендегі шумақтар да айғақ болады: 
 
Жақпады Есенейге Бҥркеу мекен, 
Бір кезде Қожағҧлдың қыстауы екен. 
Кӛшіріп Нҧралыны еріксізден, 
Сол жерге штаб тҥспек болған екен. 
 

 
13 
Астыртын мҧсылмандар әрекет қып, 
Бҥркеуде штаб ҥйін қалдыртпаған. 
Ӛрт салып, солдаттарын тҥгел қырып, 
Ҧлықтың ойлағанын болдыртпаған. 
 
Қызығып бос қоныс деп қонса-дағы, 
Бҥркеуде Есенейге апат келген. 
Аманжол, Аманқҧлдай екі ҧлы, 
Бір кҥнде шешек шығып қабат ӛлген. 
 
Есеней  екі  ҧлының  ӛліміне  қатты  қайғырып,  ас  ішпей,  бас  кӛтермей, 
теріс  қарап  жатып  алыпты.  Ағайындары,  інілері,  ауыл  адамдары,  кӛрші 
ауылдардың кісілері келіп, кӛңіл айтса да, бас кӛтермей, тӛсегінде қҧса боп 
жата беріпті. Бір кҥні осы ауыр жағдайды Есенейдің ӛзіне ҧстаз, әрі әкесімен 
жолдас  болған  қадырлы  елдестерінің  бірі  Еменалы  керейдің  Таз  атасынан 
шыққан Киікбай Айтуғанҧлы шешен естіпті. Ол әдейілеп Естемеҧлына кӛңіл 
айтуға келіпті. Атты кермеге байлап, жасы секскенге таяса да, жҥрісі ширақ 
Киікбай (1748-1842 жж) би Есеней жатқан ҥйге сәлем беріп кіріп келіп, тӛрге 
шығып  отырады.  Ҥй  жандары  тҥгел  орындарынан  тҧрып  Киікбай  атасына 
сәлем  береді.  Киікбай  баршасына  кӛңіл  айтып,  дҥниеден  ӛткен  екі  ҧлдың 
рухына  бағыштап  қҧран  оқиды.  Айтуғанҧлының  алдына  дастархан  жайып, 
оның ҥстіне қызметші жігіт бауырсақ салған табақша мен шара аяққа шҧбат 
қҧйып  қояды.  Есеней  теріс  қарап  жатқан  кҥйі  қозғалмапты.  Сонда  Киікбай 
інісіне қарап, жҧбату сӛздерін айта отырып, ең соңында: 
 
«Уа, мырзам, кӛтер басты, 
Кӛзден тез тый жасты. 
Бала қайғысы ӛзекке тиген оқ
Ата-ананың ішіне тҥскен оқ. 
 
Жазмыш ісі болған соң, 
Қайғыра берудің орны жоқ. 
Байла мықтап беліңді
Қамықтыра берме еліңді. 
 
Бер қасыңды, іш асыңды, 
Қайғыңызға  бәріміз  де  ортақпыз!»  -  депті.  Оны  естіген  Есеней  «Би-
ағамысың?»-деп,  орнынан  тҧрып,  Киікбай  ағасымен  қҧшақтасып,  кӛрісіп 
жылап,  ақыры  кӛзден  жасын  тыйып,  кӛңіл  айтып,  бас  кӛтерткені  ҥшін 
Айтуғанҧлы ағасына  кӛп-кӛп алғыс айтып, оны бірнеше кҥн бойы қадырлы 
мейман  етіп,  жақыны  болса  да,  жаттай  сыйлап,  астына  ат  мінгізіп,  иығына 
бҧлғын ішік жауып, разы етіп аттандырған екен. 
Есеней қазы боп тҧрғанда да, кейін де қолына жҥз мҥрид ҧстаған екен. 
Ол  сол  мҥридтер  арқылы  Есіләм  дінін  насихаттаумен  қатар,  ел  ішіндегі 

 
14 
содырларды  жӛнге  салып,  ҧрлықты  тыйған  екен.  Есеней  ҧрыға  қатал  шара 
қолданыпты. 
1832  жылдың  аяғында  қазақтың  беделді  де  мықты  адамдарының  бірі 
Есеней  екеніне  генерал-губернатор  И.А.Вельяминовтің  кӛзі  әбден  жетіп, 
оның  Қызылжар    аймағын  мекендейтін  Керей  елінің  және  Қызылжар 
қаласында  тҧратын  мҧсылмандардың  ортақ  қазысы  екенін  толық 
мойындапты. Сондықтан губернатор Естемесҧлына жақсы мінездеме береді. 
1833  жылы  Ресей  патшасының  Бас  министрі  Есенейді  Петербургке 
шақыртып алып, ел тыныштығын сақтағаны ҥшін оған қҧрметті қазақ атағын, 
Анна  лентасына  қадаған  алтын  медальды  грамотамен  бекітіп  беріпті,  әрі 
Батыс  Сібір  шекаралық  комиссиясына  мҥше  етіпті.  Ресей  патша  ӛкіметінің 
тағы да Есенейге бҧлай оң кӛзбен қарауына оның туған қҧдасы Қасым тӛре 
Абылай ханҧлы мен оның Есенгелді, Саржан  есімді батыр ҧлдарымен жақсы 
қарым-қатынаста болуы себеп болған. Ресей отаршылдарына Есеней сияқты 
мықты  қазақты  Қасымнан  бӛліп  алып,  ӛз  жағына  тарту  ауадай  қажет 
болыпты. Бірақ Естемесҧлы қазы ӛзінің қҧдалары: Қасым және оның ҧлдары: 
Есенгелді,  Саржан  сҧлтандармен  достығын  сақтаған.  Ол  Кенесарымен  де 
1838  жылға  дейін  достық  қатынаста  болыпты.  Есеней  ӛз  қҧдасы  Кенесары 
сҧлтан Қасымҧлына бейбіт қазақ ауылдарын шаппау керектігін ескертіп, әрі 
оның Алтай тауына бекінуі қажет екендігін айтып, оған дҧрыс жол сілтейді. 
Ол  аталмыш  қҧдаларына  кезінде  саяқ  аттар  мен  атан,  нарларды  тарту  етіп, 
Қасым  балаларын  1838  жылға  дейін  кӛлікпен  жабдықтаған  бектердің  бірі 
болыпты (Керей шежіресі және ақын-жыраулардың ӛлең-жырлары). 
Кейбір  ғалымдардың,  кейбір  жазушылардың  Есеней  мен  Зілғараны 
Кенесарыға қарсы болды деп жазғыруы дҧрыс емес. 1838 жылдың жазының 
басына дейін Естемесҧлы Кенесарыны астыртын қолдап, кӛлік беріп тҧрған. 
1830  жылы  жазда  Қызылжар  аймағында  округ  Қҧсмҧрын  деген  атпен 
емес,  Аманқарағай  деген  атпенен  ашылады.  Ресей  отаршыларының  ӛзін 
приказ  бастығына  ӛткізбейтінін  сезген  Есеней  туған  қҧдаларының  бірі  – 
Жалбыр  Абдоллаҧлын  (Абылай  ханның    кӛп  немерелерінің  бірін)  аға 
сҧлтандыққа  ҧсынады.  Сӛйтіп,  әкесі  де,  ӛзі  де  әу  бастан  тӛре  атағынан 
безініп,  қара  қазаққа  айналған  Жалбыр  мырза  Керейлердің  қолдауымен 
Аманқарағай  дуанының  алғашқы  аға  сҧлтаны  болып,  ел  басқарыпты  (Бҧл 
туралы Омбы архивінде толық дерек бар). 
Есеней  баяғысынша  халық  сайлаған  қазы  қызметінде  қала  беріп, 
шариғат жолымен дауларда билік айтыпты. 
1834  жылдың  жазының  аяғында  Жалбырдың  орнына  Уақ  руы 
шонжарларының  қолдауымен  Шыңғыс  Уәли  ханҧлы  тӛре  (1811-1902  жж) 
Аманқарағай  округіне  аға  сҧлтан  болады,  оның  бірінші  заседателі  болып, 
Есеней тағайындалады. 
Есенейді  бақталастары  жала  жауып,  губернаторға  арыз  жазып,  кейін 
заседательдіктен босаттырады. Бірақ Есенейді Омбы ҧлықтары, дін басылары 
қолдап, ол 1842 жылы Сибан керейге старшина болады. 
Осы  арада  бір  айта  кететін  мәселе  тӛмендегіше:  1838-1841  жылдары 
Кенесарымен  ҥзілген  қатынасы  1841  жылдың  тамыз  айынан  бастап,  қайта 

 
15 
жалғасқан Есенейге Ресей патшасының отаршыл ҧлықтары 1847 жылға дейін 
сенбей  келіпті.  1847  жылдың  кӛктемінің  аяғында  Кенесары-Наурызбай  қаза 
тапқаннан  кейін  ғана  Есеней  Ресей  патшасы  әкімдерінің  сеніміне  толық  ие 
болыпты. 
Есенейдің  Есенгелді  есімді  ағасы,  Еменәлі  деген  інісі  болыпты  және 
әкесінің  інісі  Есіркептен  туған  Есенаман,  Есенәлі  есімді  екі  немере  інісі 
болған  екен.  Есенейдің  әкесі  Естемес  хажы  Қасым  Абылай  ханҧлы  тӛренің 
екінші қызы Бопанды кіші баласы Еменәліге айттырыпты, ал, інісі Есіркептің 
екінші баласы Есенәліге Абдолла Абылай ханҧлының Айтолқын атты қызын 
айттырыпты.  Әке  ӛсиетін  еске  алған  Есеней  жоғарыда  есімдері  аталған  екі 
інісіне  де  аталмыш  тӛрелердің  қыздарын  қалың  малын  тӛлеп  алып  берген 
екен. Естемесҧлы қазының Кенесарымен және Жалбырмен қҧда болу себебі 
осыдан.  Кейін  Есенәлі  қайтыс  болған  соң,  әмеңгерлік  жолымен  және 
бәйбішесі  Бопанның  (Бопайдың  сіңілісі)  рҧқсатымен  Айтолқынды  Еменәлі 
алады. 
Есеней ҥш әйел алған кісі екен. Оның бірінші әйелі Ғайнижамал жеңгесі 
екен. Ғайнижамалды әуелі Есенгелді Есетемесҧлы алыпты. Есенгелді қайтыс 
болған  соң,  оның  он  жеті  жасар  інісі  Есеней  әмеңгерлік  жолмен  жеңгесі 
Ғайнижамалмен  қосылыпты.  Ғайнижамал  Қҧдайберді  Атығайдың  Андағҧл 
атасынан шыққан Байтоқа Жолдыбайҧлы деген шонжардың ҥлкен қызы екен. 
Кейін  Ғайнижамал  қайтыс  болған  соң,  Зілғара,  Шопан  Байтоқа  ҧлдары 
апасының орнына кіші қарындасы Қаныкейді Есенейге ҧзатыпты. Шешесі – 
Жәнапия  бәйбіше  ерте  дҥниеден  ӛтіп,  анасынан  жас  бала  кезінде  қалған 
Қаныкейді ҥлкен аға-жеңгесі: Зілғара мен Бишай ӛз қамқорына алып, ӛздері 
тәрбиелеп ӛсіріпті. Сол себепті Қаныкей Зілғараның бір жағынан қарындасы, 
бір жағынан тҧңғыш қызы есепті болыпты. 
Есенейдің  Ғайнижамалдан  туған  балалары  да,  Қаныкейден  туған  ҧл-
қыздары  да  жастай  бӛбек,  сәби  кезедрінде  шетінеп  кете  берген  соң,  Есеней 
мырза  екінші  қайынағасы  Шопанның  ҥшінші  баласы  Сәлікті  бауырына 
салып,  бала  етіп  алыпты.  Осы  арада  бір  ескерте  кететін  мәселе  былай: 
Атығай  Байтоқа  мырзаның  інісі  Қаратоқаның  да  алғашқы балалары  тҧрмай, 
жастай қайтыс боп кете беріпті. Сондықтан ағасы Байтоқаның екінші ҧлы  – 
Шопанды Қаратоқа бауырына салып, содан кейін әйелінен туған ҥш ҧлы да 
тҧрақтаған  екен.  Архивте  Шопанның  Қаратокин  боп  жазылуы  содан  екен. 
Шопан да ағасы Зілғара Кӛкшетау дуанында аға сҧлтан болған кездерде бір-
екі сайлау заседатель (орынбасары) болыпты. 
Есеней  Сәлікке  Жҧмажан  деген  тӛлеңгіт  байының  қызын  атастырып 
әперіп, оларды ӛз қолында ҧстаған екен. 
Естемесҧлының  екінші  бәйбішесі  Қаныкей  оның  ӛзінен  бҧрын  қайтыс 
болыпты. Оған асты Есеней ӛзі беріпті. Қаныкейге ас берілген жер осы кҥнге 
дейін Қҧла ат сойған (Солтҥстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы 
Айымжан  ауылының  солтҥстік  шығысында  алты  шақырым  қашықтағы 
ағашты  жер)  деп  аталады.  Себебі,  Есеней  асқа  Қаныкей  бәйбішенің  кӛшке 
мінетін қара жол, қара қҧрық қҧла жорғасын бас етіп, кӛп мал сойған екен. 

 
16 
Есенейдің ҥшінші әйелінің аты – Ҧлпан (1826-1902). Ол Ерейментаудан 
бір  қуаңшылықта  Керей  ішіне  мал  қыстатуға  келіп,  тҧрып  қалған 
Қанжығалы-Кҥрлеуіт деген аз елдің шонжары Артықбайдың қызы. 
Сонымен қатар, Есеней жоғарыда есімі аталған, бауырына салған баласы 
Сәліктен туған немересі Жҥсіпке Уақ еліндегі бір байдың қызын атастырып 
әперіпті.  Сәлікті  бӛлек  отау  ҥй  қып  шығарып,  ӛзі  Жҥсіппен  бірге  тҧрыпты. 
Есеней  қайтыс  боларынан  бір  жыл  бҧрын  малының  бір  бӛлігін  Сәлікке,  бір 
бӛлігін  Жҥсіпке,  бір  бӛлігін  Еменәлі  деген  інісінің  балаларына,  бір  бӛлігін 
Ерғожа,  Сауыт  деген  екі  батырына  (елі  –  Балта  керей),  бір  бӛлігін  Кӛрпе 
Ҥркімбайҧлы  (елі  –  Матақай  керей),  Тоғыжан  Ендібайҧлы  (елі  –  Бәйімбет 
Атығай)  деген  екі  ақынына,  бір  бӛлігін  Есенжан  балуан  Еменәліҧлынан 
қалған ҧлға (шешесі – татар қызы екен), бір бӛлігін Ҧлпанға, бір бӛлігін асқа, 
бір  бӛлігін  қызметшілеріне,  бір  бӛлігін  мҥридтеріне  ҥлестіріпті.  Малының 
қалған  жартысын  жаршы  жҧмсау  арқылы  Ашамайлы  керейдің  жетім-жесір, 
жарлы-жақыбай,  жарымжан,  перзентсіз  қарт,  ғарып  қасерлерін  жинап  алып, 
соларға ҥлестіріп жіберіпті де: «Менің артымда ер бала қалмады. Мені сіздер 
дҧғаларыңнан тастамасаңыздар болды!?»-депті. 
Кҥзембай мырза Итемірҧлы деген Қызылжар уезіндегі мҧсылмандардың 
тӛбе  биінің  басшылығымен  Ашамайлы  керей  елі  Есенейге  арнап,  ҥлкен  ас 
береді.  Ас  абыройлы  ӛтіпті.  Аста  Кӛрпе,  Тағыжан,  Мҧсайын  (соңғысы 
Серінің  баласы)  ақындар  Есенейге  арнап,  толғаулар,  дастандар  шығарып 
айтып,  сыйлықтар  алыпты.  Осы  есімдері  аталған  ҥш  ақын  Есеней  қайтыс 
болғанда, оған арнап, бірнеше сапалы жоқтаулар да шығарып, ауылдың қыз-
келіншектеріне жазып беріп, оларға жаттатып айтқызған екен.  
Есенейдің  ӛсиеті  бойынша  оның  асы  ӛткен  соң,  Керейдің  билері  мен 
бектері  тиісті  дҥние-малымен  Сәлікті,  оның  баласы  –  Жҥсіпті  Зылғара-
Шопанның  кӛзі  тірісінде  ӛздеріне  кӛшіріп  апарып,  олардың  алғысын  алған 
екен. 
Есеней жылына ҥш рет елдегі ғарып-қасерлерді, жетім-жесір, жарымжан, 
перзентсіз  қарттарды  жинап  алып,  оларға  садақа  ҥлестіреді  екен.  Хажы 
болмаса  да,  Есетемесҧлы  екінші  Мекке  атанған  Тҥркістанға  ҥш  рет  барып, 
пірге қол тапсырыпты. Есеней соңғы рет Тҥркістанға 1852 жылы кӛктемнің 
аяғында барған екен. 
Есеней шора, қазы, старшина, заседатель 1852-1859 жылдары Қҧсмҧрын 
дуанында  аға  сҧлтан  болып,  ел  басқарған  уақыттарында  да,  кейін  1859 
жылдан  бастап,  он  шақты  жыл  Сібір  қазақтары  басқарма  бастығының  Бас 
кеңесшісі болып, ҥлкен қызмет атқарған кездерінде де Есіләм дінін ел ішінде 
мҥридтер,  ақындар  арқылы  насихаттаудан  бір  танбаған,  бес  намазын  қаза 
қылмаған  тақуа  адам  болыпты.  Ол  ӛзінің  қызметін  пайдаланып,  Қызылжар 
аймағында  тҧратын,  Қызылжар,  Омбы  шаһарларын  мекендейтін  мҧсылман 
мырзаларын мешіт, медересе ашуға жоғары орындардан рҧқсат әперіп, елдің 
алғысын алып отырған екен. 
Сонымен  қатар,  байғҧс  адамдарға  Есеней  жәрдемдесіп  тҧрыпты.  Ол  ӛз 
ауылында  да  мешіт,  медересе  ашқан.  Сӛйтіп,  ауылының  балаларының 
хадимше сауатты болуына, діни білім алуына жағдай туғызыпты. 1843 жылы 

 
17 
Батыс  Сібір  генерал-губернаторының  бас  кеңесшісі  Тҧрлыбек  Кӛшенҧлы 
қатты  науқастанып,  оның  ҧсынысы  бойынша  уақытша  орнына  Есеней  Бас 
кеңесші міндетін атқарған екен. Сол кезде Сегіз сері шығарған «Есеней қазы» 
атты  тарихи  толғауда  Естемесҧлының  кескін-келбеті,  тҧлғасы  былайша 
суреттеліпті: 
 
Есеней қазы болды бірталай жыл, 
Жайнады билік айтып топта гҥл-гҥл. 
Сескенді айбарынан жҥйрік-жорға, 
Сӛйлейтін талай дауда сӛзге бҧлбҧл. 
 
Қарасҧр, жарлау, қабақ, қою қасты, 
Тікірейген қара шаш, ҥлкен басты. 
Ат жақты, кең маңдайлы, қоңқақ мҧрын, 
Қанды кӛз, бейне қыран айнымасты. 
 
Мойыны жуан, жауырынды, бойы биік, 
Жасында батыр болған сауыт киіп. 
Сардарлық хандық дәуір қош айтысып, 
Бҧл кҥнде болған кезі советник. 
 
Есеней ӛзін ханға балап тҧрды, 
Ҥстінен сегіз дуан билік қҧрды. 
Талайы рубасы, бекзаданың 
Алдында Есенейдің қҧлдық ҧрды. 
 
(Хандық дәуір деп Сегіз сері Есенейдің шора болғанын айтқан кӛрінеді). 
Есеней  Естемесҧлының  (1798-1771  жж)  ӛмірі  мен  қоғамдық  қызметі 
туралы  деректердің  кӛпшілігін  Сегіз  сері  жазып,  аяқ  жағын  оның  баласы 
Мҧстафа  батыр  жалғастырған,  бҧл  сол  Керей  шежіресінен  алынды.  Есеней 
туралы  жоғарыда  жазылған  деректер  арабша  қолжазбадан  алынған.  Есеней 
жайындағы  бҧл  деректер  Омбы  архивіндегі  және  Алматыдағы  Орталық 
мемлекеттік архивтегі деректерге сәйкес келеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
18 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет