Социал Жҧмабаев есеней естелігі



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата24.03.2017
өлшемі0,74 Mb.
#10151
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 
Қазіргі  Жамбыл  ауданының  орталығы  Преснов  селосы  «Ащы  белдеу» 
(«Горькая  линия»)  бойында  әскери  бекініс  ретінде  1752  жылы  салынғанын 
тарихтан  жақсы  білеміз.  «Ащы  белдеу»  бойындағы  бҧл  бекініс  Петропавл 
бекінісінен кейінгі патша ҥкіметінің Қызылжар ӛлкесін отарлау ісінің ҥлкен 
орталығы  болды.  Бекініс  салғанға  дейін  Преснов  селосының  жерін 
Қожаберген жырау Толыбайсыншыҧлы (1663-1763 жж) иелік етті. 
Қожаберген  жыраудың  ӛзі  осы  қоныста  дҥниеге  келген.  Кейін 
Қожаберген  жырау  Гҥлтӛбе  жеріне  (қазіргі  жыраудың  ескерткіш-кесенесі 
тҧрған  жер)  қоныс  аударғанда,  бҧл  жер  (Преснов  селосы  жері)  Жанкісі 
жырауға беріледі. 
Жанкісі жыраудың шежіресі былай таратылады: 
Толыбайсыншы-Қарабас  (Қожаберген  жыраудың  ағасы)-Асқап-Кӛшек-
Жанкісі жырау. Бҧлардың бәрі де қазақ-қалмақ соғысында қол бастап, батыр-
сардар атағын алған адамдар. Қожаберген жырау «Елім-ай» дастанында 
   
Қиыншылық ылғи болмас әлі-ақ ӛтер, 
   
Ерлерім жауды ҧзатпай тентіретер. 
   
Бӛгенбай, Ерсары, Асқап, Жабай, Кӛшек 
   
Қалмақты қойшы қырар, зар еңіретер, - деп 
деп жырлаған болатын. 
Жанкісі  «Бердіқожа  батыр»,  «Абылай  хан»,  «Тҧрсынбай  батыр», 
«Тайлақ  мерген»,  «Ер  Сырым»,  «Батыр  Жайнақ»,  «Ер  Ақпанбек»,  «Азат 
батыр»,  «Бақсары  батыр»  атты  жыр-дастандар  жазған.  Жанкісі  жырау 
Кӛшекҧлы  жас  кезінде  Орта  жҥз  Балта  керей  Бақсары  батыр  Райжанҧлы 
(1683-1778  жж)  ордабасының  мыңбасшысы    болып,  Еділ-Жайық  бойын 
қалмақ басқыншыларынан азат ету жорығына қатысады. 
Жанкісінің  Мақпуза  есімді  әйелінен  Салғара,  Зілғара,  Шопан,  Орхан, 
Бҧрхан  атты  бес  ҧл  бала  туады.  Осы  бесеуі  де  найзагер,  мерген,  палуан 
болғандықтан оларды арқа елі «Жанкісінің бесқасқасы» деп атаған. Бҧлардың 
ішінде  ҥлкен  баласы  Салғара  атақты  ақын,  сазгер  болады.  Оның  «Жиырма 
бес»,  «Тоқсан  бес»,  «Кӛшкен  жҧрт»  атты  ӛлеңдері  қазақ  елінің  тҧс-тҧсына 

 
74 
кеңінен тараған. Жанкісі жыраудың ӛзге балаларының да ӛнерлі болғанын ел 
аузындағы деректер дәлелдейді. 
Жанкісі  жырау  қайтыс  болғаннан  кейін  Преснов  селосының  жері  бес 
баласының ҥлкені Салғара  ақынға  мҧра  болып  қалады.  Осы  кезеңде  бекініс 
басшысына  капитан  Пресновский  деген  казак  сайланып,  бекініс  казак 
әскерлерінің  штабына  айналады.  (Осы  уақыттан  бастап  бекініс  капитан 
Пресновскийдің атымен аталған. Қазақтар «Капитан» деген сӛзден шығарып, 
бекініс селосын «кіпитан» деп атаған. Кейінгі кезге дейін осылай атап келді.) 
Бекініс  жерін  кеңітбек  болған  Пресновский  жерін  тартып  алып  Салғараны 
басқа жерге қуған. Салғара ӛз жерін қорғау ҥшін Пресновскиймен соғысады. 
Салғара  ақынның  «Туған  жер  толғауы»  атты  ӛлеңі  осы  оқиға  және  Есеней 
Естемесҧлының  қиын    уақытта  ел  басқарып,  елге  қамқор  болғаны  жайлы 
айтылады.  Ӛңіріміздің  тарихы  туралы  бҧрын  ғылыми  айналымға  тҥспеген 
қҧнды деректер кездеседі.   
1.
 
Қасірет байланған соң ҧлғайғанда, 
Дерт келіп жайылған соң біздің маңға. 
Жас орнына қару ап ӛзім шықтым, 
Зор қауіп тӛнгеннен соң бҥгін таңда. 
2.
 
Мен тҧрып, жуындым да, тамақтандым, 
Қолыма кәрі жолдас садақты алдым. 
Тҥсімде бір қолайсыз іс кӛрген соң, 
Ӛңімде қорғануға бел байладым. 
3.
 
Жібердім кӛрші ауылға хабаршыны, 
Тоспай-ақ сапардағы жолаушыны. 
Жҥрегім бір пәлені сезінгендей
Мен кҥттім келетҧғын тонаушыны. 
4.
 
Жаманға қорыққанда ес кірмейді, 
Надандар қауіп жайын еш білмейді. 
Орманнан жау қарасы кӛрінбейді, 
Кернейдің даусы дағы естілмейді. 
5.
 
Әуелі сыбызғы алып, кҥйді шерттіп, 
Белгісі білінген соң зор індеттің. 
Азырақ жаңбыр жауа бастаған соң, 
Қолға ҧстап сыбызғымды ҥйге кеттім. 
6.
 
Тӛрге іліп сыбызғыны, кидім сауыт, 
Елестеп кӛз алдыма қатер-қауіп. 
Асындым қару-жарақ, атты қамдап, 
Ҧрысқа қартайсам да кӛңілім ауып. 
7.
 
Ештеңе оралмайды зарлағанға, 
Кӛзінен ыстық жасы барлағанға. 
Дҧшпанмен кескілесіп бір қалмақпын, 
Алпыстың тоғызына қарағанда. 
8.
 
Саяқ ат байқайын деп шықтым дӛңге, 
Естілді ҥлкен дҥбір таяу жерде. 
Асынған мылтығы бар қол кӛрінді,  

 
75 
Бәрі де қылыш ілген қынай белге. 
9.
 
Ҥш жендет топтан маған мылтық атты, 
Мылтығы от алмады састы қатты. 
Бәрін де ӛз кӛзіммен кӛрдім анық, 
Бҧл қорлық қабырғама жаман батты. 
10.
 
 Сол кезде қарсы шаптым найзаны ала, 
Алдында жылап келеді татар бала. 
Балаға тигенім жоқ, жауға ҧмтылып, 
Лақтырдым етегінен тҥйреп ала. 
11.
 
Оқ атса жаралар еді мені саннан, 
Бір қазақ аға деді сасқанынан. 
Тҥсірдім жиырма бірін найзаменен, 
Кҥшімнің шалда болсам асқанынан. 
12.
 
Жиырма  бір бос ат ойнап шыға берді, 
Мақтанбан қарт қайратын дҧшпан кӛрді. 
От алмай мылтықтары тонаушының, 
Алла, аруақ маған ҥлкен жәрдем берді. 
13.
 
Жас қазақ «ассалаумағалайкум, ата»-деді, 
Ісіміз болды келген қата  деді. 
Мен жҥрген араңызда елші едім
Алуға және келдім бата деді. 
14.
 
 Бҧл жауды қырғанменен арты қиын, 
 Салмайсыз зеңбірекке ешбір тыйым. 
Су тиіп патрондарға атылмады, 
Әйтпесе болатын еді Сізге қиын. 
15.
 
 Ата-еке, қонысыңыз жау кӛзінде, 
Қате жоқ айтып тҧрған бҧл сӛзімде. 
Бҧл дҧшпан қыстауыңа штаб салмақ, 
Не істеді онан әрі еркі ӛзінде. 
16.
 
 Ол берген бір қонысты аласыз да, 
Сол жерге Сіздер кӛшіп барасыз да. 
Тағы да оған қоса сыйлық берер, 
Болмасын жҥректе еш жараңыз да. 
17.
 
 Қаруы солдаттардың қалсын сізде, 
Ата, сіз найза салма енді бізге. 
Жеріңіз алғанменен жер береді, 
Болмасын ешбір кірбің кӛңіліңізде. 
18.
 
 Атажан, солдаттарды байламаңыз, 
Қосақтап тҧтқын етіп айдамаңыз. 
Мылтығын алдыңыз сол сізге олжа, 
Бітпейтін артқа жаулық сайламаңыз. 
19.
 
 Ата-еке, мылтық атып ҧрыспаңыз, 
Келіңіз татулыққа, жҧлыспаңыз. 
Қайтесіз қартайғанда қырғын салып, 
Жӛн болар шарт жасасып ҧғыссаңыз. 

 
76 
20.
 
 Десе де, тҧрдым жауға ызғар шашып, 
Бір тобы кӛрмек болды қылыштасып. 
Ауылдан келгендерге мылтық беріп, 
Майданға дҧшпанменен шықтым ашық. 
21.
 
 Білді олар тҥк ӛнбесін жауласқанмен, 
Кӛрсеттім ҥлкен қайрат алдаспанмен. 
Шегініп оңтҥстікке қашты дҧшпан, 
Ала алмай қолма-қолда шайқасқанмен. 
22.
 
 Қылышы талайының ҧшты қолдан, 
Оларды қуып шықтым қара жолдан. 
Сабалап мәстектерін қашты бәрі, 
Асық боп қҧтылғандай қҧған тордан. 
23.
 
 Арада ҥш кҥн ӛтті, елші келді, 
Соңынан зеңбіректі қол ере ере келді. 
Қолымен ақ жалауды кӛтере ҧстап, 
Бҧрынғы қазақ жігіт сәлем берді. 
24.
 
 Он боз ат, он аппақ нар, топ кездеме, 
Тарту деп қант, мейіз, шай қоса берді. 
Тайтҧяқ кҥміс жамбы, жанат ішік, 
Парсылық тҥкті кілем және берді. 
25.
 
 Дҥниенің қызығамын мен несіне, 
Зеңбірек қорқынышты салды есіме. 
Мылтықты бес жҥз алпыс жендет келді, 
Еркім жоқ қойған шартқа кӛнбесіме. 
26.
 
 Әкеліп ақ былғары жазды әпесар, 
Жылмаңдап сӛйлегенде желдей есер. 
Қонысты айырбастауға қолды қойдым, 
Кез келді мәселені анық шешер. 
27.
 
 Ҥш бӛлек былғарыға жазу жазып, 
Қол қойып аяғына мӛрін басып. 
Біреуін былғарының маған беріп, 
Менімен қол алысты кӛңілі тасып. 
28.
 
 Қазақты басшы етіп, солдат бӛлді, 
Ауылды тез кӛшір деп бҧйрық берді. 
Бір семіз мәстек атты сойыңыз деп
Кӛлденең алдыма әкеп тарта берді. 
29.
 
 Жықтырып мәстек атты, бата жасап, 
Сойғызып болдық сонда қазан аспақ. 
Соғыспай татуласып жер алдық деп, 
Сіз бізге қонақсыз деп сӛзді бастап. 
30.
 
 Танысып шырай кіріп келбетіне, 
Отынды дайындатып жендетіне. 
Тағы да бір мәстекті сойғызды олар, 
Сілейе тоймақ болып жылқы етіне. 
31.
 
 Ауылдың әйелдері ыдыс тасып, 

 
77 
Қаздырып жер ошақты, қазан асып. 
Біз ішкен сары қымыздан сҧрап ішіп, 
Жайланды кіпитан сҧм кӛңілі тасып. 
32.
 
 Пырасынау¹ кіпитанның² екен аты, 
Жауыз ғой сҧмырайдың шыққан заты. 
Алдымда жігі жапар боп сӛйлейді, 
Тҥссін деп біздей шалдың ілтипаты. 
33.
 
 Мен қайрат кӛрсеткенде қылыштасып, 
Қалып еді баскесердің кӛңілі жасып. 
Жоқ екен бҧл шіркінде ҧят деген, 
Қанішер отыр бҥгін шарт жасасып. 
34.
 
 Татардың сҧлу қызын тарту етті, 
Доспын деп қылыш сыйлап, берді сертті. 
Сенімді бір-бірімізге болайық деп, 
Алдында кӛпшіліктің уағада етті. 
35.
 
 Қазақтай аңқау емес, орыс жҧрты, 
Іші арам, жылтырайды ылғи сырты. 
Жас сҧлу кәрі шалға жар болмайды, 
Дҥние тіршілікте кӛздің қҧрты. 
36.
 
 Қазақтай орыс елі алданбайды, 
Дҥние ҥшін жанын сатар арланбайды. 
Жылқының етін бізбен олар жеді, 
Байқаймын ештеңені талғамайды. 
37.
 
 Тҧтқын боп тартқан байғҧс қасіретті, 
Еткен соң маған тарту, сәлем етті. 
Сақтаған мҧсылманның әдет-ғҧрпын, 
Кӛркем қыз маған енді мҧңын шертті. 
38.
 
 Қуандым бергеннен соң сізге-деді, 
Адалмын шын сеніңіз бізге деді. 
Осыдан жиырма кҥн бҧрын дәлдеп айтсам, 
Шыққанда тҧтқын болдым тҥзге деді. 
39.
 
 Қиындық тҥсті, бҧлай біздің басқа, 
Маңдайым соғылғандай менің тасқа. 
Ӛзіңіз асыл бабам кӛрінесіз, 
Болғайсыз деді пана біздей жасқа. 
40.
 
 Тоқтатты соны айтып сҧлу сӛзін, 
Бҧрып ап бәйбішеме мҧңлы жҥзін. 
Ішімнен тәуір келін боларсың деп, 
Лайық Азаматқа³ кӛрдім ӛзін. 
41.
 
 Мен сонда қобыз алып қайғыландым, 
Ӛрттеніп бҥкіл денем от боп жандым. 
(Бар денем ӛртенгендей от боп жандым) 
Қорлықтан кӛркем қызды босатқандай, 
Сауапқа қиналсам да тағы қалдым. 
42.
 
 Дҧшпанның сыйлықтарын қабыл алдым, 

 
78 
Отырып тҥрлі-тҥрлі әнге салдым. 
«Қоныстан кӛшу» деген кҥй шығарып, 
Амалсыз ойға шомып қапаландым. 
43.
 
 Кезінде кіші бесін тарқады той, 
Дариға, іске аспады ойлаған ой. 
Бәйбішем сҧлуды ертіп ҥйге кетті, 
Келетін мезгіл таяу сиыр мен қой. 
44.
 
 Ҧлғайтып қартайғанда қайғы-дертті, 
Ақыры ежелгі жау тҥпке жетті. 
«Аңдыған алмай қоймас» дегендейін, 
Еріксіз ата қоныс қолдан кетті. 
45.
 
 Сан жҧлып батырының кеңірдегін, 
Жасымда талай жауды жеңіп едім. 
Еш қайран зеңбірекке қыларым жоқ, 
Дҧшпанға кетті бҥгін тӛңірегім. 
46.
 
 Амал жоқ ҥйге келдім қатты налып
Бәйбішем қойған екен тӛсек салып. 
Шерімді тартпақ боп қобыз тарттым, 
Кеткен соң жер қайғысы ӛзек жарып. 
47.
 
 Қайғымен қара шайды ішіп жаттым, 
Сонан соң шаршап әбден ҧйықтап қаппын. 
Бәйбішем еппен келіп оятқанда, 
Мамықта есеңгіреп аң-таң қаппын. 
48.
 
 Оянып орынымнан тҧрдым атып, 
Киіндім, жуындым да, ойға батып. 
Дастархан басына кеп отырған соң, 
Сӛйлестім бәйбішеммен жауап қатып. 
49.
 
 Марқашта
4
 Азаматқа салдық хабар, 
Білдіріп жолымызды сонда барар. 
Бер дедім әпесерге бізге жәрдем, 
Кӛшуге енді ауылым даярланып. 
50.
 
 Шалқар кӛл, ну орманды жауға беріп, 
Ез болып, басымызда болмай ерік. 
Ырғалып-жырғалумен кӛшті бастап, 
Кҥздікке Тобылғы сай
5
 қондық келіп. 
51.
 
 Жоймақ боп қайғы отын ӛшірісіп, 
Қоштастық туған жермен біз кӛрісіп. 
Солдаттың кӛмегімен бізді әкелді, 
Азамат Сексенҧлы кӛшірісіп. 
52.
 
 Кҥздікке ҥйлер тіктік жайланысып, 
Қыстауға ҥй салуды ойланысып. 
Шарт бойынша кіпитан уәде еткен, 
Бермек боп ҥйді бҧзып, тез-тез тасып. 
53.
 
 Секілді ҧлық біткен шырмауықтай, 
Бірімен бірі жатыр байланысып. 

 
79 
Бір кезде елші қазақ жетіп келді, 
Біздерге жаны ашып аяғансып. 
54.
 
 Қасында елу солдат ерген жаңа, 
Киімі ҥстерінде сап-сары ала. 
Хутордан мҧжықтарды қуып салдық, 
Ата-еке, болма деді іске нала. 
55.
 
 Бҧрынғы кеткен жерің қайтарылды, 
Мҧжықтар қоныс іздеп әрі ағылды. 
Етпеске сізге қастық қағаз берді, 
Орайы пайдалы істің тез табылды. 
56.
 
 Мҧжықты Тҥмен жаққа қудым ата, 
Сескенбе айтқанымда жоқ дҥр қата. 
Сыйлаймын боз жорға атты, ботаңыз бер, 
Мен жҥрмін ризықты тҥзден тата. 
57.
 
 Ата-еке, мен жасымнан жетім едім
Ілесіп керуеншіге кетім едім. 
Ҧлыққа биыл ғана тілмаш болып, 
Ес жиып, енді осы ғой жетілгенім. 
58.
 
 Сатпасқа ел-жҧртымды бекінгенім, 
Болғанға тілмаш тағы ӛкінгенім. 
Алуға Сізден бата ниет қылған, 
Уақтан шыққан Ықылас жетімегің. 
59.
 
 Сақтанам Есенейдің айласынан, 
Қорқамын оның қанды найзасынан. 
Жексҧрын тілмаш деген атақ алдық, 
Зияны кӛп бҧл жҧмыстың пайдасынан. 
60.
 
 Ата-еке, жиырмаға келді жасым, 
Сізден мен жасырмаймын істің расын. 
Балаңдай ӛзіңізді сыйлап ӛтер, 
Қасыңда осы отырған Ықыласың. 
61.
 
 Деген соң жас жігітке бата бердім, 
Шын сӛзін айтқаннан соң оған сендім 
Қасыма Ықыласты ертіп алып, 
Мҧжықтан босап қалған жерді кӛрдім. 
62.
 
 Ол дағы ата-баба алған жері, 
Қалмақпен талай соғыс салған жері. 
Тірлікте қоныс қылып, егін егіп, 
Мҧра боп ҧрпағына қалған жері. 
63.
 
 Хуторын орнатам деп ҧлық келіп, 
Осыдан тӛрт жыл бҧрын алған еді. 
Онда да зеңбірегін сҥйретіп кеп, 
Кӛңілге ҥлкен қаяу салған еді. 
64.
 
 «Қайыры қайтқан малдың бар» дегендей, 
Бҧл қоныс аумағы мол тиді қолға. 
Жерімнің бірі кетіп, бірі оралып, 

 
80 
Ӛзгеріс ҥлкен болды осы жылда.  
65.
 
 Солдаттар ҥй бҧзысып, тасыды ағаш, 
Әйелдер пісіріп жҥр жҧмсақ тоқаш. 
Қызмет қылғандарды біз де кҥттік, 
Кӛмегі кіпитанның болмады оғаш. 
66.
 
 Жҥктердің бәрін дағы арбаға артып, 
Қалдырмай нәрселерді басы артық. 
Жеткізіп бергеніне масайрап тҧр, 
Кіпитан шикіл сары, қарны шартық. 
67.
 
 Дәстемжал

ну орманын қыстау еттік, 
Бҧздық та жиырма ағаш ҥй тасып біттік. 
Қайыңды оқтай тҥзу таңдап кесіп, 
Ағашты жаңартатын дайын еттік.  
68.
 
 Қалғам жоқ ҧтылсам да мҥлде жасып, 
Ҥйлерді тҧрғызбақпын жанталасып. 
Шірігін астындағы алып тастап, 
Орнына жуан ағаш салдық аршып. 
69.
 
 Томардан, шӛпті кӛлден
7
 балдыр алдық, 
Тезірек кҥн жылы да ҥйлер салдық. 
Қойдық та орны-орнына ағаштарын, 
Тығыздап ара жігін балдырладық. 
70.
 
 Осылай қысқа әзірлік жасап қойдық, 
Той жасап тайлақ пенен қҧнан сойдық. 
Бас қосып қазақ, орыс дәстемжалда, 
Қымыз бен шҧбат ішіп, етке тойдық. 
71.
 
 Тарасты қҧрмалдыққа келген халық, 
Ҥйлерді дайын еттік, тҥгел салып. 
Ықыластың бәрімізді жарастырған, 
Отырдық ақылына қайран қалып. 
72.
 
 Татардың тҧтқын болған бір қызы екен, 
Бҧл дағы ата-ананың жҧлдызы екен. 
-Азамат, сҧлуды ӛзің жар етіп ал, 
Біреудің қымбат баға қҧндызы екен. 
73.
 
 Дегенде қатты ҧялып Азамат та, 
Айта алмай ішкі ойын жақын-жатқа. 
Әлден соң келісімін берді жігіт, 
Қалдырмай ел алдында бізді ҧятқа. 
74.
 
 Меңзифа татар қызы екен аты, 
Барын жҧрты сҧлудың шыққан заты. 
Бәріміз бірауыздан мақҧлдадық, 
Сексеннің алсын десіп Азаматы. 
75.
 
 Керейдің маңымдағы бәрін жиып, 
Той жасап, Қҧлыш молда неке қиып. 
Азаматқа нихақ етіп Меңзифаны, 
Болған деп олар тату сҥттей ҧйып. 

 
81 
76.
 
 Екі жас бірін-бірі шынымен сҥйіп, 
Ҥй болып қолдарына тиді билік. 
Азамат жас болса да ҧстаушы еді, 
Қыран қҧс, алғыр тазы, бәйге ат жҥйрік. 
77.
 
 Зілғара, Орхан деген екі інім, 
Салдықпен уақыты ӛткен кӛрмей тыным. 
Сапардан оралып кеп енді білді, 
Иектеп бір қырсықтың жҥргендігін. 
78.
 
 Кейіді қоныстан олар айырылғанға, 
Алдаспан тасқа тимей майырылғанға. 
Бҧрыннан ӛздері де куә еді, 
Қанаты Бақсары әулет қайырылғанға. 
79.
 
 Деді олар Бақсары әулет кебін кидік, 
Шошынды кетеді деп бастан билік. 
Атанып Жанкісінің бес қасқасы, 
Қалайша деді жауға басты идік. 
80.
 
 Соны айтып ызаланды жау ісіне, 
Сия алмай ашу кернеп терісіне. 
Омбыға арыз айтып, бармақ болды, 
Аянып қаламыз деп біз несіне? 
81.
 
 Әуелі жолықпақшы Есенейге, 
Қозғалған қонысынан Есеней де. 
Қазақтан орыс рҧқсат сҧрар емес, 
Сол жағын ақыл болса ескермей ме? 
82.
 
 Тосып ап тӛрт інімді Қызылжарда, 
 Оларды мейман етіп тіккен орда. 
Еппенен тиісіңдер депті Есеней, 
Қҧламай дҧшпан қазған терең орға. 
83.
 
 Есеней арыз айт деп ақыл салған, 
Тӛртеуін аттандырып Қызылжрдан. 
Кеңесін Есенейдің қабыл алып, 
Тӛрт тентек ӛтініш қып Омбы барған. 
84.
 
 Кеңесін жандаралдың жағалаған, 
Ӛзіне Ғаршакоудың
8
 кіре алмаған. 
Шекара бастығына барғанменен, 
Шағымын тӛрт інімнің қҧп алмаған. 
85.
 
 Тҧрлыбек
9
 тҧз сепкен соң жарасына, 
Қарамай ыза буып шамасына. 
Ӛлтіріп кҥзетшісін тҥнде барып, 
Ҧлықтың кірген олар қорасына. 
86.
 
 Білдірмей бір топ атты алып кеткен
Қақпаға сондай қҧлып салып кеткен. 
Із-тҥзін қуғыншыға  білдірмеске, 
Ӛлігін кҥзетшінің алып кеткен. 
87.
 
 Жоғалып қарауылы болған ғайып, 

 
82 
Жылқыны тҥнде айдап кеткен тайып. 
Қораны кҥзететін тӛбет қайда, 
Тартқызбақ енді ҧлықтар кімге айып? 
88.
 
 Тӛртеуі сол бетімен Самар ӛткен, 
Алысқа елден ҧзап сапар шеккен. 
Самардың базарында жылқы сатып, 
Жолы боп саудагерлік кәсіп еткен. 
89.
 
 Есеней, Тҧрлыбекпен ҥндес болып, 
Ақылы қос мырзаның қҧлаққа қонып. 
Жылқы алған ӛздерінше ӛнер етіп, 
Тӛрт сотқар атқораны тҥнде торып. 
90.
 
 Орынын серіліктің ҧрлық басып, 
Бҧл қысты ӛткізді олар Еділге асып. 
Сезген жоқ жандарал да, басқа ҧлық та, 
Жҥргенін тӛрт әншінің елден қашық. 
91.
 
 Ит жылы біздің елге ауыр болды, 
Қоныстан жҧрт айырылып жауыр болды. 
Тартып ап Бәйімбеттің қыстауларын, 
Жағдайы андағҧлдың тәуір болды. 
92.
 
 Шайгӛз
10
 бен Баржақсыны
11
 қырына алған, 
Мырзаға Жар секілді айып салған. 
Шақшақтың
12
 ҥйде жоғын пайдаланып, 
Уақтың боздақтарын байлап алған. 
93.
 
 Бекжандай саятшыма ҧрындық деп, 
Алуға қаршығасын бҧрылдым деп. 
Ауылын Жар
13
 мырзаның шауып алды, 
Кӛргенде адамымды қуырылдың деп. 
94.
 
 Бҧл шаруа Есенейдің тарапынан, 
Уақтың екі еліне соққы болған. 
Олардың кҥздігіне Қапсыт керей
14

Мырзаның бҧйрығымен келіп қонған. 
95.
 
 Әлдіге әлсіз шіркін бата алама, 
Қоныссыз енді Уақ жата ала ма? 
Кӛш дағы атап берген қыстауға бар, 
Деді енді басты ауыртып шатала ма! 
96.
 
 Айтқызып осы сӛзді шабарманнан, 
Шайгӛзді, Баржақсыны қуалаған. 
Амалсыз Ыстап маңын мекен етті, 
Батырға олар қарсы тҧра алмаған. 
97.
 
 Баржақсы Ыстаптан да әрі асып, 
Қаймығып Есенейден қатты жасып. 
Нҧсқаған шабарманның қонысына, 
Ҥй салды қыс келеді деп асып-сасып.  
98.
 
 Ыстаптың дәл тҥбіне орналасып
Шайгӛздер қыстау бӛлді ризаласып. 

 
83 
Кӛпестің малын бағып жарлылары, 
Кҥн кӛрмек Керейлермен қоғамдасып. 
99.
 
 Ӛсіпті
16
 қонысынан сырғатпақ боп, 
Есеней сӛзін сӛйлер жинады топ. 
Баржақсы, Шайгӛздерге ерген Ӛсіп, 
Штабқа қашқын жҧмсап қойғызған от. 
100.
 
 Сол ҥшін тоқсан бесін байлатам деп, 
Кісендеп Омбыға енді айдатам деп. 
Жасаған айып хатын оқып берді, 
Орынын абақтыдан сайлатам деп. 
101.
 
 Шайгӛз бен Баржақсыдан келген мықты, 
Кӛрген де жаза хатты тайқып шықты. 
Есеней бір пәлеге ҧшыратар деп, 
Кӛшпеске болмайтынын Ӛсіп те ҧқты. 
102.
 
 Киік бай, Шақшақ, Тіленші
17

Басалқы сӛз айтып мырзаға. 
Шағымыңды қой бір жолға, 
Деді кӛз сал обалға. 
103.
 
 Ағайынды байлатпа, 
Кісен салып айдатпа. 
Мейірім қыл шырағым, 
Қараңғы орын сайлатпа!? 
104.
 
 Ҧрпаққа кетер ӛштігің, 
Ісін қылма кекшілдің. 
Тоны тозбас, аты арымас, 
Кӛңілі адал кӛпшілдің. 
105.
 
 Кешірім жаса туысқа, 
Әуес болма ҧрысқа. 
Басшы боп елді тоздырар, 
Ісің мырзам дҧрыс па? 
106.
 
 Деп айтқан соң ҥш дана, 
Ой ойлап батыр азғана. 
Ыңғайланып сӛйлеуге, 
Жҥзін бҧрды қозғала. 
107.
 
 Ӛзім бӛлген мекенге, 
Олай болса барсын деп. 
Сіздер айттың тыңдадым. 
Бір жолға ашу қалсын деп. 
108.
 
 Ағалар сізді сыйладым, 
Айтқан сӛзді қимадым. 
Айдатпайын бір жолға, 
Дегенің болсын тыңдадым. 
109.
 
 Майлы ӛзек, Шойқара жал, Қабыл кӛлі, 
Шӛпті кӛл, Сулы томар, Ерман дӛңі. 
Қараағаш, Талдысай мен Балықты кӛл, 

 
84 
Мырзаның Баржақсыға берген жері. 
110.
 
 Бермес деп мҧршатана казак орыс, 
Сары қопа, Қызыл шілік, Шолақ ӛзек. 
Шайгӛзге лайықтап бӛлген қоныс, 
Қаратал, Маусым кӛлі, Жал желбезек. 
111.
 
 Ӛсіпке Қаршығалы жақтан берді, 
Кеткенін оның шалғай мақҧл кӛрді. 
Қараоба маңындағы бес қыстауды, 
Тҧщыкӛл, Қҧмдыкӛлді оған бӛлді. 
112.
 
 Атанған жастайынан ғадыл қазы, 
Ҥш кәрі бҧл бӛліске болды разы. 
Осылай қыстау, кҥздік елге беріп, 
Бектердің болды Есеней білімпазы. 
113.
 
Дау бітіп соныменен жҧрт тарады, 
Есеней кӛп Керейді басқарады. 
Ерғожа, Сауыт деген батырынан, 
Орыстың князі де жасқанады. 
114.
 
 Қоластынан елдерді кетірмеуге, 
Басқа дуан жеріне кӛшірмеуге. 
Есеней кҥшін сала жанталасты, 
Ӛзінің атына дақ тҥсірмеуге. 
115.
 
 Есілде Медересе мен Кӛктеректі, 
 Жақтасы Қожағҧлға тарту етті. 
Жібермей Ақсары мен Шарышты да, 
Тәп-тәуір қоныс беріп разы етті. 
116.
 
 Кӛшпеңіз басқа жаққа оң кӛзім деп, 
Қауіп тӛнер жаққа отырам мен ӛзім деп. 
Аумағы бір жарым есе кӛп жер берді, 
Қозғалмай отыра бер шын сӛзім деп. 
117.
 
 Қожа-еке
18
 осы қоныс жетеді деп, 
Лайық сіз отырар мекенің деп. 
Кетпеңіз Кӛкшетауға деп ӛтінді, 
Сіз кӛшсең, кӛп ел еріп кетеді деп.  
 
118.
 
 Қожағҧл кӛшті бірақ Кӛкшетауға, 
Болған соң ӛзі қазы Кӛкшетауда. 
Би еді Орынбасар Тоқтамысқа, 
Жҧмсайтын аға сҧлтан оны дауға. 
119.
 
 Қожағҧл кӛшіп мекен қалды жайға, 
Есеней сатты ол жерді Атығайға. 
Тышқаннан қоныс ҥшін кӛп жылқы алды, 
Ӛсіріп табамын деп малдан пайда. 
120.
 
 Есілде қалған жердің жартысын да, 
Керейдің бӛліп берді жарлысына. 
Екі ҧлы ӛліп жабырқап жҥрсе-дағы, 
Алды ол кедей-кепшік алғысын да. 

 
85 
121.
 
 Барабар батырлықпен ақыл-айла, 
Жҧртына кеңес берер әрбір жайда. 
Екі талай болғанда жол кӛрсетер, 
Амалды Есенейден кісі қайда? 
122.
 
 Баласы Жанкісінің Салғара едім, 
Ӛзім би, ӛзім шешен, ділмәр едім. 
Қолыма зеңбірек пен мылтық тисе
Халқымды сыртқы жаудан қорғар едім. 
123.
 
 Алайда ондай бізге жоқ қой заман, 
 Дариға-ай болып барады уақыт жаман. 
Тарылмай сҧм дҥние мҧсылманға, 
Ел-жҧртым әрқашан да болсын аман! 
124.
 
 Қиын ғой ақын болу жыр жосылмай, 
Мәселе шешу ауыр бас қосылмай. 
Жарандар бҧл кеңесті аяқтаймын, 
Ит жылдың оқиғасы болды осылай. 
125.
 
 Сҧрапыл қан майданды жаста кӛрдім, 
Біреуді дос, біреуді қас та кӛрдім. 
Қоныссыз қалмағанға мың шҥкірлік, 
Мен биыл алпыс тоғыз жасқа келдім. 
126.
 
 Кіпитан болды разы Ықыласқа, 
Адал қызмет атқарады Ықылас та. 
Шықпақшы ол паналап бекіністе, 
Тӛнген соң қатер-қауіп ғазиз басқа! 
127.
 
 Есенейді кіпитан шақырыпты қонаққа, 
Мырза оған келетін ақыл-ойға олақ па? 
Шақырса да батыр келмепті, 
Пырасынауға мҥлде сенбепті. 
128.
 
 Тӛрт зеңбірек, кӛп мылтық, 
Жҥз солдаттың қолында. 
Қырылуға бел буған, 
Жер алудың жолында. 
129.
 
 Кӛбі кетіп солдаттың, 
Жҥзі қалды соңында. 
Жҥз жендеттің билігі, 
Пырасынау сҧмның қолында. 
130.
 
 Ҧн мен буылдық бӛлісіп, 
Досжар болды бізбенен. 
Бірақ жауыз жетпекші, 
Мақсҧтына кӛздеген. 
131.
 
 Таңдана басын шайқады ол, 
Қазақтар еккен егінге. 
Бірігіп астық салмақшы, 
Ортақтас боп телімге. 
132.
 
 Жолықтырды-ау, тәңірім, 

 
86 
Пырасынаудай желімге. 
Дӛрекі сӛзді айтпайды, 
Келер деп ойлап кӛңілге. 
133.
 
 Мәстекті топтап алдырды, 
Билерге сыйлық беруге. 
Аузын алып мықтының, 
Тату кҥйде жҥруге. 
134.
 
 Сардар еді бір кезде, 
Арыстандай ақырған. 
Араласпай соңғы шақ, 
Еш билікке Баһрам
18

135.
 
 Бейтарап қалды ақыры. 
Имам болды ақылды. 
Ӛлеңді қойып, софы боп, 
Қазақтың  ҥлкен ақыны. 
136.
 
 Қырық жетіден асқанда, 
Қырық сегізге аяқ басқанда. 
Тататын дәмі таусылды, 
Жҧртқа білім шашқанда. 
137.
 
 Бәйбішесі Жамал да, 
Бірге аттанып сапарға. 
Уақыты бітіп ӛлшеулі, 
Қосылмады олар қатарға. 
138.
 
Сӛйтіп, інім, келінім, 
Дҥниеден ӛтіп осы жаз. 
Қонысым кетіп дҧшпанға, 
Қажып қалдым мен біраз. 
139.
 
 Қанша мықты болсаң да, 
Қайғы адамды жасытар. 
Қуанышқа қуаныш жалғасса, 
Қайратыңды тасытар. 
140.
 
 Қоныстан кӛшу кҥйімді, 
Сыбызғыға қосып тартыңдар. 
Жырларымды балалар, 
Жаттауға міндет артыңдар. 
141.
 
 Халық ҥшін кҥшін сарп қылған, 
Немере інім Баһрам. 
Ҧмытылмас аты ағаңыз, 
Жауларға тізе батырған. 
142.
 
 Осылайша Салғараң, 
Аяқтайды енді ӛлеңін. 
Дәм біткенше халайық
Кӛрешекті алда кӛремін. 
 
 

 
87 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет