Социал Жұмабаев, Зейнолла Олжабаев



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата11.01.2017
өлшемі0,7 Mb.
#1626
1   2   3   4   5   6
ҚАЗАҚ-ҚАЛМАҚ СОҒЫСЫ 
 
Екі  жҥз  жылға  созылған  қазақ-қалмақ 
соғысының  тарихын  білмей,  бҧл  соғыстағы  қазақ 
батырларының  жанқиярлық  ерліктерін  жазу  қиын 
және  де  қандай  ғана  тарихы  тҧлға болмасын оның 
ӛмір  сҥрген  заманы  тҧрғысынан  бағалануы  керек 
екенi  ескерiлiп  қазақ-қалмақ  соғысына  арнайы 
тоқталдық. 
Бұл  соғысты  екі  жүз  жылға  созылды  десек  те 
соғыс  ұзақ  жылдар  үзіліспен  жүргізілді.  Араға  5-6 
жыл,  кей  уақытта  араға  10-16  жылдан  кейін 
жалғасты.  Мысалы,  жоңғар  хандығымен  соңғы 
соғыс 
1754-1755 
жылдары 
болса, 
Еділ 
қалмақтарымен соғыс 1771 жылы 16 жылдан кейін 
болды,  бұл  соғыс  тарихта  “Шаңды  жорық”  деп 
аталған қалмақтармен болған соңғы соғыс болды. 
Екі  халық  кӛп  жыл  соғыса  жүре,  бір-бірімен 
достық  қарым-қатынас  жасаған  уақыттары  да 
болған.  Қазақ  хан-сұлтандары  мен  батырлардың 
қалмақ  қыздарын  әйелдікке  алу  салты  да  болды. 
Орта  жүздің  сұлтаны  Абылай  мен  Кіші  жүздің 
ханы  Әбілқайырдың  бір-бір  әйелі  қалмақ  қызы 
болған. 
Абылай сұлтанның қалмақтармен соғыса жүре 
қалмақ нояндары Әмірсана мен Давациді (Давашы) 
қазақ  жеріне  паналатып,  Жоңғар  хандығын  сақтап 
қалу 
үшін 
Қытайдың 
Цин 
империясымен 
соғысқанына да тарих куә. 

 
110 
“Жоңғар”  деген  сӛз  12  ғасырда  Шыңғыс  хан 
әскерінің  сол  жақ  қанаты  деген  ұғымнан  шыққан. 
Шыңғыс  хан  империясы  тарап  кеткеннен  кейін  де 
бұл  атақ  сақталып,  Жоңғар  хандығының  негізін 
салған тӛрт тайпа – шорос, хошоут, дурвэд, хойттар 
жоңғарлар 
деп  аталып, 
17 
ғасырдың  30 
жылдарында  Жоңғар  хандығын  құрды.  Жоңғар 
хандығына  кірмей  қалған  монғолдардың  бір 
тайпасы  –  торғауыттар  еді.  Билік  үшін  тартыста 
жеңіліске  ұшыраған  Торғауыт  тайпасының  кӛсемі 
Хоо-Орлог  ӛз  қоластындағыларды  ертіп,  1607-08 
жылдары  Тарбағатайдағы  қоныстарынан  қазақ 
жерін  басып  ӛтіп  Еділ-Жайық,  Жем,  Елек,  Ырғыз, 
Үлкен  және  Кіші  ӛзен,  Самар  ӛзендерінің 
бойларында тұрақтап қалды.  
Хоо-Орлогтың  қол  астында    торғауыттардың 
50  мың  отбасысы,  250  мың  адамы  болды.  Хоо-
Орлогтың  соңынан  Алтай  жерінен  Хондлок-Уваш 
басқарған  үш  мың  отбасысы  кӛшіп  келді.  Бұлар 
осы  жерде,  (Еділ  ӛзені  бойында)  17  ғасырдың  60 
жылдары  Ресей  боданындағы  Қалмақ  хандығын 
құрды.  Осы  Қалмақ  хандығының  негізін  Дайшын 
тайшы  мен  оның  мирасқоры  Моншақ  (Пучнук) 
қалаған.  Осы  уақыттан  бастап  Еділ  бойына  қоныс 
аударған 
ойраттардың 
Торғауыт 
тайпасы 
“қалмақтар” деп аталып, кейін жоңғар хандығының 
балама  атауы  болып  кетті.  “Қалмақ”  деген  сӛз 
ойрат  тілінде  “ӛз  жерінен  ауып,  қалып  қойған” 
деген  ұғымды  білдіреді.  Қалмақ  ғалымы  Хара-

 
111 
Даван:  “Біз  де  атажұртымыздан  ауған  “казакпыз”. 
Ежелден  бері  казачество  құрамында  болуымыз 
сондықтан” деп жазған. 
(В.А. Мойсеев “Джунгарское ханство 
и казахи ХҮІІ-ХҮІІІ вв.” 35 стр). 
Ресей 
мемлекетінің 
оңтүстік-шығыс 
шекарасын  қорғаған  Қалмақ  хандығы  Ресейдің 
қолшоқпары  болды.  Ислам  мемлекеттері  Қазақ, 
Башқұрт, 
Татар 
елдеріне,  Дон, 
Запорожье 
казактарына  шабуыл  жасап  отырды.  Әсіресе, 
қазақтарға тоқтаусыз шабуыл жасады. 
Қазақтың  кӛптеген  батырлық  эпостары  “Ер 
Кӛкше”,  “Ер  Қосай”,  “Ер  Тарғын”  тағы  басқалары 
осы  тарғауыт-қалмақтармен  болған  соғыстан 
алынған. 
Еділ  қалмақтарына  бірінші  рет  Есім  ханның 
тұсында  Орта  жүзден  шыққан  Дәулен  батыр 
(Қожаберген  жыраудың  атасы)  қолы  қатты  соққы 
береді.  Алайда,  Еділ  қалмақтары  батыс  Қазақстан 
жеріне  үнемі  қауіп    тӛндіріп  отырды.  Жоңғар 
хандығымен бірігіп 1699 және 1708 жылдары қазақ 
жеріне  шабуыл  жасап  қатты  шығынға  ұшыратты. 
Ресей  қоластындағы  Қалмақ  хандығы  1771  жылға 
дейін  ӛмір  сүрді.  (Кеңес  үкіметі  кезінде  құрылған 
Қалмақ  АССР-ы  осы  Қалмақ  хандығы  жерінде 
құрылған  болатын.)  Тарбағатай  жерінде  1640 
жылдары  құрылған  Жоңғар  хандығы  да  қазақ 
жеріне шығыстан қауіп тӛндіріп отырды. 
Жоңғар  хандығының  қазақ  жеріне  жасаған 
жойқын  шабуылының  бірі  1698-1699  жылдары 
Тәуке  ханның  тұсында  болды.  Қазақ  жерін  қатты 

 
112 
шығынға  ұшыратып,  малдарын  айдап  кетті.  Тәуке 
ханның  бір  баласын  тұтқынға  алды.  Тәуке  хан 
тұтқынға  түскен  баласын  қайтаруды  талап  етті. 
Баласын  қайтармақшы  болып  еріп  келген  500 
жоңғар  жауынгерін  Тәуке  хан  ӛлтіруге  жарлық 
береді.  Бұған  қатты  ашуланған  Жоңғар  ханы 
Цеван-Рабдан  қазақ  жеріне  келесі  жорыққа 
дайындалады. Бұл жорық 1708 жылы болып, қазақ 
жеріне зор шығын келтіреді. 
1710 жылы Қарақұм деген жерде  қазақтардың 
үш жүзінің бастары қосылған жиында жоңғарларға 
қарсы  қазақ  жасағы  құрылады.  Осы  жиында  қазақ 
қолының  бас  сардары  Қожаберген  батыр-жырау 
Толыбай  сыншыұлы  ӛзінің  ӛтініші  бойынша 
сардарлық орынды Бӛгенбайға береді. Ӛйткені, бұл 
уақытта  Қожаберген  батыр-жыраудың  жасы  келіп 
қалған  еді.  Бӛгенбай  батыр  бастаған  халық 
жасағының  қолы  Жоңғарлармен  1718  жылы  Аягӛз 
жерінде  соғысып,  жеңіске  жетті.  Жалпы  қазақтар 
Қарақұм  съезінен  кейінгі  1711-1722  жылдар 
арасында  жоңғарларды  жеңіп  отырды.  Ӛйткені, 
ойраттар  бұл  уақыт  аралығында  екі  майданда 
соғысты. Басты күшті Қытайдың Цин империясына 
қарсы жұмсады. 
1722  жылы  Цин  императоры  Канейдің 
ӛлімінен  кейін  жоңғарлардың  Қытаймен  соғысы 
тоқтатылып,  басты  күшті  қазақ  хандығына  салды. 
1723  жылдың  кӛктемінде  Жоңғар  ханы  Севан 
Рабданның  жүз  мың  адамдық  жасағын  басқарған 

 
113 
оның  балалары  Қалден  Серен  мен  Шона  қазақ 
ауылдарына басып кіріп, ойран салды. Қазақ жерін 
қанға  бӛктірді,  малдарын  айдап,  байлықтарын 
тонады.  Бұл  тарихта  “Ақтабан  шұбырынды,  алқа 
кӛл  сұлама”  деген  атпен  қалған  ел  басына  күн 
туған ауыр кезең еді. Қожаберген батыр-жыраудың 
“Елім-ай...” дастаны осы кезең уақиғасына арналып 
жазылған.  Дастанның  мынадай  шумақтары  ел 
аузында жиі айтылып жүр. 
 
Қаратаудың басынан кӛш келеді, 
Кӛшкен сайын бір тайлақ бос келеді. 
Ел-жұртынан айрылған жаман екен 
Қара кӛзден мӛлтілдеп жас келеді. 
 
Мына заман қай заман? Бағы заман 
Баяғыдай болсайшы тағы заман. 
Атадан ұл, енеден қыз айрылды, 
Кӛздің жасын кӛл қылып ағызамын 
 
Мына заман қай заман? Қысқа заман, 
Бақыт құсы алаштан ұшқан заман 
Кӛк аспаннан топырақ пен шаң болады. 
Күні суық қаңтардан, қыстан жаман. 
 
Қош аман бол, Қаратау, атам ӛлкем. 
Тӛрт түлік пен ел екен жердің кӛркі. 
Бақ, байлықпен даңқты алаш ұлы. 
Қайсы жұрттың болар-ау келекесі. 

 
114 
1726  жылы  Ордабасында  Болат  хан  ҥш  жҥз 
қазақтарының жиынын ӛткізіп, Әбілқайырды әскер 
басы  етіп  сайлайды.  Осы  жылы  Бҧланты  ӛзені 
бойында болған соғыста қазақ қолы ҥлкен жеңіске 
жетеді.  Бҧл  соғыс  тарихта  “қалмақ  қырылған” 
деген  атпен  қалады.  Халықтың  жеңіске  деген 
сенімін  арттырады.  Бҧл  соғыста  қазақ  қолының 
жеңіске  жетуінің  бір  себебі,  қалмақ  ханы 
ордасындағы  талас.  1727  жылы  Жоңғар  ханы 
Цеван-Рабдан  белгісіз  себептен    кенеттен  қайтыс 
болады.  Орнына  ҥлкен  талас,  жанжалдан  кейін 
Галден-Цэрен 
болды. 
1727-1730 
жылдар 
арасындағы  Галден-Церенмен  болған  соғыстарда 
қазақ  қолы  жеңіске  жетіп  отырды.  Әсіресе,  1729 
жылы  Балхаш  кӛлінен  120  шақырым  “Аңырақай” 
деген  жерде  “Ит  ішпес  Алакӛл”  жанындағы 
соғыста  қазақ  қолы  ҥлкен  жеңіске  ие  болды.  Бҧл 
соғысқа Ҧлы жҥзден 10 мың, Орта жҥзден 15 мың, 
Кіші  жҥзден  10  мың  жауынгер  қатысты.  Ҥш  жҥз 
жасақтарының  қолын  бас  қолбасшы  Әбілқайыр 
басқарды. Қалмақ жағының қару-жарағы басым еді. 
Қалмақтар  Ресейден  сатып  алынған  әр  тҥрлі 
қашықтыққа 
атқылайтын 
зеңбіректерді 
пайдаланды.  Қазақтар  бҧл  кезде  зеңбірекке  қарсы 
ҧрыс  тәсілдерін  меңгерген  еді.  Кӛптеген  қазақ 
батырлары  соғыс  ӛнерін  жетік  білетіндіктерін 
байқатты.  “Ай  қараланды”,  “Қҧйрық  жеу”, 
“Ашамай”,  т.б.  қазақтың  байырғы  ҧрыс  тәсілдерін 
кеңінен  қолданды.  Кӛптеген  деректерде  17-20 

 
115 
жасар 
Әбілмансҧрдың 
(Абылайдың) 
жауға 
“Абылайлап” шапқаны осы шайқас деп кӛрсетіледі. 
«Ит  ішпестің  Алакӛлі»  маңындағы  соққыдан 
есін  жия  алмай  қалған  қалмақтар  сусыз  сортаң 
жерде шӛлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягӛз, 
Шарға  қарай  жӛңкіле  қашты.  Бірақ  қазақтар  бұл 
жеңісті  одан  әрі  дамыта  алмады.  Оған  шайқастың 
соңғы  жағында  Болат  хан  жараланып,  қайтыс 
болғаннан  кейін  басталған  тақ  үшін  талас  кедергі 
келтірді.  Кӛпшілік  Болат  ханның  баласы  жас 
Әбілмәмбетті  қолдады.  Бұған  наразы  болған 
Әбілқайыр  майдан  даласын  тастап,  Кіші  жүздің 
қолын  Ырғыз  арқылы  батысқа  алып  кетті.  Бірақ 
Аңырақай  шайқасындағы  жеңіс  қазақ  халқының 
рухын  кӛтеріп,  болашаққа  деген  сенімін  бекітті. 
Бұл  жеңіс  кӛршілеріне  қазақ  хандығының  қуатты 
ел  екендігін  паш  етіп,  Орта  Азиядағы  саяси 
ахуалды  күрт  ӛзгертті.  Аңырақай  шайқасын  қазақ 
тарихшылары  орыстардың  Бородин  даласындағы, 
Ұлы  Отан  соғысындағы,  Сталинград  түбіндегі 
жеңістермен қатар бағалады. 
Жоңғарлардың қазақ жеріне жасаған соңғы ірі 
шапқыншылығының 
бірі 
1739-1741 
жылдар 
арасында  болды.  Бұл  соғыс  Орта  жүз  қазақтарын 
тез  арада  жаулап  алу  үшін  болған  соғыс  еді. 
Ӛйткені, бұл  уақытта  Ұлы  жүз  қазақтары  тұтастай 
жоңғарлардың 
қолында, 
Кіші 
жүз 
Хива 
хандығымен соғысып жатты. Ойраттар Орта жүзге 
қарсы қолбасшы Сары Манжан 30-35 мың қолымен 

 
116 
1739  жылы  шабуылын  бастады.  Жоңғарлардың 
Орта  жүз  жерін  жаулап  алу  қаупі  туды.  Орта 
жүздің  ханы  Әбілмәмбет  пен  Абылай  сұлтан 
амалсыздан  Ресей  мемлекетінің  бодандығын 
қабылдауға тура келді. 
“Церемония  подписания  акта  о  принятии 
казахами  Среднего  жуза  российского  подданства, 
состоявшаяся  28  августа  1740  г.,  была  пышно  и 
торжественно  обставлена,  был  парад  войск  с 
артиллерийскими  залпами.  Перед  собравшимися 
были  зачитаны  заранее  подготовленные  тексты 
речей  хана  Абулмамбета  и  султана  Абылая.  В  тот 
день 
документы 
о 
принятии 
Российского 
подданства  подписали  128  старшин  Среднего 
жуза”,  -  деп  жазды  тарих  ғылымының  докторы 
Қадыржан Абуев (“Хан Абылай и его время”.) 
1741  жылдың  февраль  айында  Жоңғарлардың 
әскер  басшысы  Септень  және  Галден  Цэреннің 
үлкен  Лама  Доржи  бастаған  Орта  жүзге  жорығы 
май  айында  аяқталды.  Жоңғар  ханы  бұл  соғысты 
тоқтатқаны үшін екі түрлі талап қойды. Біріншісі – 
Жоңғар хандығына кепілдікке Барақ сұлтанның не 
болмаса,  Жәнібек  батырдың  баласын  кепілдікке 
берсін.  Екіншісі  –  қазақ  жерінде  жүрген 
башқұрттың  Россияға  қарсы  кӛтеріліс  басшысы 
Қарасақалды  ұстап  беруін  талап  етті.  Қазақ  жағы 
бірінші  талабын  орындағанмен  екінші  талабын 
“Қарасақал қазақ жерінде жоқ” деп орындамады. 

 
117 
Орта  жүз  жерін  жоңғарлардан  сақтап  қалу 
үшін  старшындардың  Ресей  мемлекетіне  тәуелді 
екендіктерін  мойындағандықтан  және  1741-1743 
жылдар  арасында  Абылайдың  жоңғар  тұтқынында 
болғандықтан  қазақ-жоңғар  арасындағы  саяси 
жағдай  тұрақтанып,  1752  жылға  дейін  ұсақ 
қақтығыстар болмаса, ірі соғыс болмады. 
Бұл 
аралықта 
қазақ-қалмақ 
соғысының 
тоқталуына  басқа  да  себептер  болды.  1744  жылы 
Қоқан  хандығының  билеушісі  Абд-ал-Кәрім  би 
Галдан-Цэреннің  қойған  адамы  Айбек  билеп 
отырған  Ташкент  қаласын    10  мың  әскерімен 
жаулап  алып,  қала  билігін  қазақ  биі  Тӛле 
Әлібековке  алып  берді.  Галдан-Цэрен  амалсыздан 
Орта жүз қазақтарына қарсы ұстап отырған әскерін 
Қоқан  хандығымен  соғысуға  әкелуге  мәжбүр 
болды.  Бірақ,  ӛзі  қоқандықтармен  соғыса  алмай, 
1745  жылдың  қыркүйек  айында  кенеттен  қайтыс 
болды. 
Галдан-Цэреннің  үш  баласы  болды.  Үлкен 
баласы  Лама  Доржи,  ортаншы  баласы  Цэван-
Доржи, кіші баласы Цэван Даши. Галдан-Цэреннің 
ӛсиеті  бойынша  Жоңғар  хандығының  билігі 
ортаншы  баласы  тарихта  Аджа-хан  деп  аталған 
Цэван-Доржиге  беріледі.  Бұл  үлкен  баласы  Лама-
Доржиге  және  оның  жақтастарына  ұнамай 
оппозиция  құрылып,  1750  жылы  Цэван-Доржи 
үкіметін  құлатады.  Билік  басына  Галдан-Цэреннің 
үлкен  баласы  Лама-Доржи  келеді.  Бұл  билік 

 
118 
Галдан-Цэреннің  басқа  ұрпақтары  Даваци  мен 
Әмірсанаға  ұнамай,  бұл  екеуі  бірігіп  оппозиция 
құрып,  Лама-Доржиге  қарсы  соғысады.  Жоңғар 
хандығын 
билеушілердің 
арасындағы 
осы 
алауыздықты 
пайдаланған 
Абылай 
сұлтан 
араларына  одан  әрі  ірткі  салады.  Осы  жайлы  А.И. 
Левшин 
былай 
деп 
жазды. 
“Умный 
и 
предприимчивый  султан  Аблай  не  упустил 
воспользоваться ссорами владельцев зюнгарских и 
всячески 
содействовал 
продолжению 
их 
междусобий, 
понимая 
совершенно, 
сколь 
необходимо  для  внешней  безопасности  всех  орд 
казачьих  раздробление  и  обессиление  древних 
врагов их. С сею целию не только дал он Амурсане 
и Даваци убежище в своем ауле, но даже ходил за 
них  сражаться.” 
(АВПРИ  Ф.Зюнгорские  дела.  Оп.  113/1.  1755-
1757 г.г. Д.4. Л. 316) 
1752 жылдың тамыз айында Жоңғар билеушісі 
Лама-Доржи  Абылай  сұлтанға  қазақ  жерінде 
паналап  жүрген  Даваци  мен  Әмірсананы  ұстап 
беріңдер,  ұстап  бермесеңдер  қазақ  жеріне  жорық 
жасаймыз  деп  елшілерін  жібереді.  1752  жылдың 
күзінде  Абылай  Ұлытауда  бүкіл  қазақтардың 
мәслихатын  ӛткізіп,  бұл  екі  жоңғар  нояндарын 
ұстап бермеуге шешім қабылдатқызады.  
Қазақ  халқының  әдет-салтында  адамды  былай 
қойғанда, паналап келген итті де ұстап бермейтінін 
айтады.  Бұған  қатты  ашуланған  Лама-Доржи  20 
мың  қолымен  Орта  жүз  жеріне  басып  кіреді. 
Жоңғарлармен  кӛрші  отырған  Керей-Уақ,  Найман 

 
119 
тайпасын  зор  шығынға  алып,  малдарын  айдап 
әкетеді.  Абылай  сұлтан  қазақтың  Баян  батыр, 
Қожаберген  батыр  (Қожаберген  батыр-жырау 
Толыбай сыншыұлы емес, Абақ Керей Қожаберген 
батыр),  Дүйсембет  батыр  қолдарымен  және 
Давацидің  200  адам  ойрат  отрядымен  жоңғардың 
20  мың  әскеріне  шабуыл  жасайды.  Абылай  бұл 
соғыста  үлкен  жеңіске  жетіп  ойрат  қолын 
талқандап,  жоңғар  хандығы  жаулап  алған  қазақ 
жерін  қайтарып  ала  бастайды.  Бұл  соғыстан  кейін 
Абылай  сұлтан  ойрат  нояндары  Әмірсана  мен 
Давацидің  қолын  жабдықтап,  ойраттарға  қарсы 
тағы  да жорық ұйымдастырады. Нәтижесінде 1753 
жылдың қыркүйек айында бұл одақ Лама-Доржиді 
ӛлтіріп,  жоңғар  үкіметінің  басына  Абылай 
сұлтанның  одақтасы  Даваци  келеді. Даваци  үкімет 
басына  келгесін  Абылай  сұлтанға  ойраттардың 
жаулап  алған  қазақ  жерін  қайтаруға,  қазақ 
тұтқындарын  босатуға,  қазақ  елімен  достық 
жағдайда тұруға сенім білдіріп, елшілерін жібереді. 
Бұдан  кейін  бұрынғы  екі  одақтас  Әмірсана  мен 
Давацидің  арасында  жоңғар  билігі  үшін  күрес 
басталады.  Абылай  сұлтан  Әмірсана  билігін 
қолдағанымен,  ойрат  нояндарының  кӛпшiлiгi 
Давациді жақтайды.  Давациден жеңілген  Әмірсана 
Қытайдың  Цин  империясын  паналап,  Давациге 
қарсы  соғысуға  кӛмек  сұрайды.  Қазақ-ойрат 
соғысының  барысын  бақылап  отырған  Қытай  осы 
кезеңді  пайдаланып  1755  жылдың  кӛктем  айында 

 
120 
90  мың  әскері  және  Әмірсананың  отрядымен 
Жоңғар жеріне басып кірді. Давацидің 30 мың қолы 
қарсы  тұра  алмай  тез  беріледі.  Даваци  Шығыс 
Түркістан жеріне қашады. Цин империясы Жоңғар 
хандығын  құлатып,  ойрат  жеріне  ӛз  үстемдігін 
орнатады.  Әмірсананың  жоңғар  үкіметі  басына 
келем  деген  үміті  ақталмағасын  жоңғар  жерінде 
Цин империясына қарсы кӛтеріліс ұйымдастырады. 
Ойрат  патриоттарының  кӛмегімен  1756  жылдың 
басында  Әмірсана  аз  ғана  уақыт  жоңғар  ханы 
болып жарияланады. Әмірсана Цин империясымен 
соғысу  үшін  Абылай  сұлтаннан  және  Ресей 
үкіметінен  кӛмек  сұрайды.  Цин  империясының 
Жоңғар  жеріне  үстемдігін  жақтырмаған  Абылай 
сұлтан  Әмірсанаға  кӛмекке  10  мың  қазақ  қолын 
береді.  Қытай  әскеріне  қарсы  тұра  алмаған 
Әмірсана 1756 жылдың басында жеңіліске ұшырап, 
200-дей адамымен қазақ жеріне қашады. Қытай аса 
қуатты  Жоңғар  хандығын  мүлдем  құлатып,  ойрат 
халқын этнос ретінде жер бетінен жояды. 
 
Қазақ-қытай соғысы 
 
1756  жылы  Қытай  елін  басқарған  Цин 
империясы  Абылай  сҧлтанға  қазақ  елін  паналап 
жҥрген Әмірсананы ҧстап беруін талап етеді. Ҧстап 
бермеген жағдайда қытай “ҧлы армиясымен” қазақ 
жеріне  шабуыл  жасайтынын  айтып,  елшілерін 

 
121 
жібереді.  Абылай  елшілерге  Әмірсананы  ҧстап 
бермейтінін хабарлайды. 
Абылай сұлтан Цин империясынан қазақ еліне 
тӛніп  тұрған  қауіпке  қарамастан  неге  Әмірсананы 
ұстап  бермеді?!  Бұған  тарих  ғылымының  докторы 
К. Әбуов былай деп жауап береді: 
“Прежде  всего,  видимо,  по  моральным 
соображениям,  казахи  издревле  считали  позором 
отказывать  в  убежище  кому  бы  то  ни  было,  если 
только  он  не  совершил  преступления.  Во-вторых, 
Абылай  был  связан  с  Амурсаной  клятвенной 
дружбой, сведения об этом имеются и в казахском 
фольклоре,  и  архивных  источниках.  В-третьих  и, 
пожалуй,  это  было  главным,  Абылай  хотел  у 
восточных 
границ 
своей 
страны 
иметь 
ослабленную,  но  дружественную  Джунгарию  во 
главе с Амурсаной, нежели сильную и агрессивную 
Цинскую  империю.” 
(С.К.  Абуев  “Хан  Абылай  и  его  время” 
“Елорда” Астана-2006 г. стр. - 121) 
Цин  империясымен  соғысу  үшін  Абылай 
сұлтан  Орта  жүз  бен  Ұлы  жүзден  әскер  жинайды. 
Кіші  жүзден  Ералы  сұлтан  бастаған  қарулы  қол 
келді. 
1756  жылдың  кӛктемінде  Цин  империясының 
жоңғарлармен  соғыста  аты  шыққан  маршал  Цэрен 
басқарған  “Ұлы  армиясы”  қазақ  жеріне  шабуылын 
бастады.  Қытайдың  3-4 есе басым  қолына  Абылай 
бастаған қазақ қолы қарсы соғысты.  
Қазақ 
жасақтары 
қазақ 
хандығының 
тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күші басым жаумен 

 
122 
жан  аямай  соғысты.  Соғыс  тактикасын  шебер 
пайдаланған  Абылай  сұлтан  қолы  кӛбіне  жеңіске 
жетіп  отырды.  Цин  империясының  Әмірсананы 
қолға  түсіріп,  қазақ  жерін  басып  алу  жоспары 
орындалмады. 
21  қыркүйек  1757  жылы  Тобыл  қаласында 
қытайлардан 
жасырынып 
отырған 
Әмірсана 
кенеттен  қайтыс  болады.  Бұдан  кейін  Жоңғар 
хандығын  қалпына  келтірудің  мүмкіндігі    жоғын 
білген Абылай сұлтан Цин Империясымен соғысты 
созғысы келмеді. 
1757  жылдың  жазында  соғысушы  екі  жақ  – 
қазақтар мен қытайлар бейбіт бітімге келеді.  
Пекин  қазақ  хандығының  тәуелсіз  мемлекет 
және  Абылайдың  осы  мемлекеттің  ханы  екендігін 
мойындайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
123 
БАЯН ҚАСАБОЛАТҰЛЫ – ҚАЗАҚ 
ҚАЛМАҚ СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ 
 
Баян батыр екі ғасырға созылған қазақ-қалмақ 
соғысының 
қайсысына 
қатысып, 
халықтан 
батырлық атты қашан алды деген сҧрақтың жауабы 
зерттеушілеріміздің  назарынан  тыс  қалып  келеді. 
Қолда  бар  аз-кем  мҧрағат  қҧжаттарын,  тарихи 
әдебиет 
деректерін, 
Қазақстан 
тарихының 
академиялық  шығармаларын  сараптай  келе  осы 
сҧрақтың  жауабын  беруге  болады.  Осы  уақытқа 
дейін  батыр  бабамыздың  ӛмірдеректері  жайлы  да 
ала-қҧла  жазылып  жҥр.  Туған  уақыты  туралы 
зерттеушілер  екі  жылды  атайды.  Бір  тобы  1704 
жылы туды десе, енді біразы 1714 жылы туған деп 
жҥр.  Шоқан  Уәлихановтың  дерегі  бойынша 
батырдың  1771  жылға  Еділ  қалмақтарына  қарсы 
«Шаңды  жорықта»  қол  бастағанын  ескерсек,  1704 
жылы емес 1714 жылы туған деуге толық негіз бар. 
Ӛйткені,  1704  жылы  туса,  1771  жылы  67  жаста 
болады екен. Бҧл жаста қалмақтармен соғыста  қол 
бастап,  ерлік  кӛрсету  оңай  емес.  Және  де  барлық 
тарихи  әдебиеттерде  Баян  батыр  Абылай  дәуірінің 
батыры екені айтылады. Жасы да 1711 жылы туған 
Абылаймен шамалас болуы керек. 
Баян батыр қай соғысқа қатысты деген сҧраққа 
келер  болсақ,  сӛз  жоқ  қазақ  халқы  «Ақтабан 
шҧбырынды»  қойған  1723  жылғы  және  бҧдан 
кейінгі 
ірі 
соғыс 
1727-1730 
жылдардағы 

 
124 
«Аңырақай»  деп  атаған  соғыстарға  қатысқан  жоқ. 
Жас  шамасы  да  келмейді.  Абылайдың  ӛзін  кейбір 
тарихшылар  «Аңырақай»  соғысына  қатыспаған 
десе, 
кӛптеген 
деректерде 
18-20 
жасар 
Әбілмәнсҥрдің  (Абылайдың)  жауға  «Абылайлап» 
шапқаны осы шайқас деп кӛрсетіледі. 
Алдыңғы  бӛлімдерде  жазғанымыздай  бҧдан 
кейінгі  жоңғарлармен  болған  ірі  соғыс  1738-1741 
жылдары  болды.  Бҧл  уақытта  Ҧлы  жҥз  тҧтастай 
жоңғарлардың  қолында  болатын.  Кіші  жҥз  Хива 
хандығымен  соғысып  жатты.  Осы  кезеңді 
пайдаланған  жоңғарлар  тез  арада  орта  жҥз  жерін 
жаулап  алмақшы  болды.  Жоңғарлардың  әскери 
қолбасшысы  Сары  Манжан  30-35  мың  қолымен 
орта  жҥз  жеріне  жойқын  шабуылын  жасады. 
Жоңғарлардың  орта  жҥз  жерін  жаулап  алу  қаупі 
туды. 
Елді  қорғап  қалу  ҥшін  орта  жҥздің  ханы 
Әбілмәмбет 
пен 
Абылай 
сҧлтан 
Ресейдің 
бодандығын  қабылдауға  мәжбҥр  болды.  Бҧдан 
кейін  ҥш  жҥздің  старшындары  мен  билері, 
батырлары  – барлығы 128 адам Ресей бодандығын 
мойындап қол қойды. 
(1742 г. августа 25-30 – Присяжный лист 
хана  Абулхаира,  султана  Ерали,  батыров,  биев  и  старшин  Малого, 
Среднего и Большого жузов. «Казахско-русские отношения в ХҤІ-ХҤІІІ 
веках» 220-222 стр)

Орта  жҥзден  қол  қойғандардың  қатарында 
Қожаберген, 
Қҧлсары, 
Қҧлеке, 
Олжабай, 
Малайсары  батырлармен  бірге  Баян  батыр  да  бар. 
Бҧған  қарағанда  Баян  Қасаболатҧлы  осы  соғысқа 

 
125 
қатысып,  халықтан  батырлық  атақты  осы  соғыста 
алып  отыр,  ӛйткені  1730  жылдардағы  «Аңырақай» 
соғысынан бері бҧған дейін ірі соғыс болған жоқ. 
Ӛкінішке  орай,  кӛптеген  зерттеушілеріміз 
қазақ  тарихын,  оның  ішінде  жоңғар-қазақ  соғысы 
туралы  жазылған  еңбектерінде  тарихи  әдебиетке, 
яғни  жыраулар  сӛздеріне,  ауыздан  ауызға  жеткен 
естеліктерге мән бермей, бҧлардың тарихи деректік 
негіздеріне  кӛңіл  бӛле  бермейді.  Оның  есебіне  бір 
кезде  қазақ  жерін  басып  ӛткен  саудагерлердің, 
миссионерлердің, тыңшылардың, әртҥрлі саясатпен  
жазылған  елшілердің  сӛздеріне  имандай  сеніп, 
дерек  кӛздеріне  айналдырып  аламыз.  Тіпті,  архив 
қҧжаттарының  кӛпшілігі  саясат  сыясына  малынып 
жазылатынын ескере бермейміз. Мысалы: 
1773 жылғы 27 наурыз 
Қҧлсары 
батырдың 
шекара 
комиссиясының 
бастығы  генерал  С.К.Станиславскийге  жазған 
хатынан: 
«1.Есіл  ӛзенінің  бойындағы  елдерді  аралап, 
жағдайды  біліп  келу  ҥшін  жіберген  сержант 
Абдуков  пен  менің  кісім  екеуі  қайтып  келді.  Ол 
жақтағылардың  айтуы  бойынша  Абылайдың 
қарауындағы  қазақтар  Ресей  шекарасына  шабуыл 
жасамақ, 
таламақ, 
бекіністі 
шаппақ. 
Сақ 
отырғандарыңыз жӛн болатын шығар... 
2.Менің  Сіздерге  аманатқа  тапсырған  ҧлым 
Қҧлыбекті  қайтарсаңыздар  екен,  қатты  сағынып 
жҥрмін. Уа, ҧлым менің, балам менің...» 

 
126 
(Омбы облыстық мемлекеттік мҧрағаты. 1-қор, 1-тізбе, 184-іс, 346 
бет. «Абылай хан» - Зарқын Тайшыбай.)
 
Абылай  ханның  ең  сенiмдi  старшыны 
Қҧлсарының  осылай  дегенiне  кiм  сенедi.  Бҧдан 
кейiн кейбiр архив деректерiне қалай сенерсiң?!  
Жоғарыдағы  осы  қҧжаттың  шындықтан 
қаншалықты  алыс  екенін,  жалған  саясатпен 
жазылғанын  тҥсіндіріп  жату  артық  болар.  Осы 
сияқты мысалдарды кӛптеп келтіруге болады. 
Тарихи  әдебиетте  және  ел  аузындағы 
естеліктерде 
Баян 
батырдың 
осы 
аталған 
жоңғарлардың  1738-1741  жылдардағы  орта  жҥз 
жеріне  жасаған  жорығына  қатысқаны  туралы 
деректер  кӛп  кездеседі.  Соның  бірі  Мәжит 
Айтбаевтың  «Хан  Абылай»  дастаны.  Ақын 
Германия 
тҥрмесінде 
отырып 
жазған 
осы 
дастанында жоңғарлардың орта жҥз жеріне жасаған 
қырғын соғысын баяндай келе былай деп жазады: 
Хан орда мекен еткен Шыңғыс тауын, 
Қаптайды ӛңкей батыр айтып тауын. 
Жиналды ел ҧлдары ел қорғаны 
Жоймаққа ел шетіне келген жауын. 
Ойқастап Қанжығалы Бӛгенбай жҥр 
Бой тастап Қаракесек Қазыбек тҧр. 
Бір ӛзі мыңға теңдес ер Баянның 
Ойнауда бойында кҥш, кӛзінде нҧр. 
Арқаның Жәнібегі маң-маң басып. 
Бәсентин Малайсары судай тасып. 
Атығай арыстаны ер Шәнеке 
Батыр ма қан майданда кӛрген сасып. 

 
127 
Сырғалы Елшібек жҥр тіктеп кӛзін 
Балталы Оразымбет етпей тӛзім, 
Бәрі де батырлардың ынтығуда 
Тыңдауда Абылайдың айтар сӛзін. 
Шыңғыстың жері жетпей батырларға. 
Батырлар той кҥніндей топырлауда. 
Кҥтісіп Ханға кеткен қолбасшысын. 
Тынып ап жатыр бәрі шатырларда. 
Абылай ала туы тіккен шыңға, 
Малынып кӛктен тҥскен кӛркем нҧрға. 
Алтайдан соққан желмен желбіреп тҧр, 
Бӛлініп әлдеқандай тҧйық сырға. 
(Мәжит  Айтбаев.  «Хан  Абылай»  дастаны.  Абылай  хан.  Алматы. 
Жазушы баспасы. 1993 жыл. 264 бет ). 
1741  жылдың  мамыр  айында  жоңғарлардың 
орта  жҥз  жеріне  Ламы  Доржи  бастаған  жорығы 
тоқтатылып  бітім  жасалады.  Бҧл  жӛнінде  тарих 
ғылымының докторы Қ. Әбуов былай жазды: 
«Осенью  1741г.  в  Джунгарию  прибыло 
казахского посольство во главе с Акчурой батыром 
с  предложением  о  мире  о  обмане  пленных.  На 
переговорах  Галден-Цэрен  выдвинул  следуюшие 
условия. Чтобы владетели Среднего жуза прислали 
в качестве аманатов (заложников) «Знатных людей 
детей  десять  человек»  в  том  числе  детей  самих 
правителей  –  Абулмамбет-хана,  Барак-султана  и 
Джанибек  батыра.  Кроме  того  Галдан-Цэрен 
потребовал 
выдачи 
Карасакала, 
бывшего 
предводителя  восстания  1740  г.  в  Башкирии, 
который скрывался в Казахстане и выдавал себя за 

 
128 
сводного  брата  Галдана-Цэрена  Шуно-батыра». 
(«Хан Абылай и его время», «Елорда», Астана-2006. 77 стр.) 
Тарихи  әдебиетте  осы  Ақшора  бастап  барған 
бітімгерлердің  қҧрамында  Қазыбек  би,  Олжабай, 
Малайсары, Баян және тағы басқа батырлар болған. 
Қазыбек  би  ел  аузында  кӛп  тараған  қалмақ  ханы 
Галдан-Цэренге  айтты  дейтін  тӛмендегі  тарихи 
сӛзін осы жолы айтқан дейдi кейбiр деректер. 
- Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкім 
соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден қҧт-береке 
қашпасын  деп,  жерімізді  жау    баспасын  деп, 
найзаға ҥкі таққан елміз. Ешбір дҧшпан басынбаған 
елміз, 
басымыздан 
сӛз 
асырмаған 
елміз. 
Досымызды  сақтай  білген  елміз,  асқақтаған  хан 
болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ҧл 
туса,  қҧл  боламын  деп  тумайды,  анадан  қыз  туса 
кҥң боламын деп тумайды. Ҧл мен қызды қаматып 
отыра  алмайтын  елміз.  Сен  қалмақ  болсаң,  біз 
қазақ,  қарпысқалы  келгенбіз,  сен  темір  болсаң  біз 
кӛмір,  еріткелі  келгенбіз.  Қазақ,  қалмақ  баласы 
табысқалы  келгенбіз,  танымайтын  жат  елге 
танысқалы 
келгенбіз, 
танысуға 
кӛнбесең, 
шабысқалы  келгенбіз.  Сен  қабылан  болсаң,  мен  – 
арыстан,  алысқалы  келгенбіз.  Жаңа  ҥйреткен  жас 
тҧлпар,  жарысқалы  келгенбіз,  тҧтқыр  сары 
желменен  жабысқалы  келгенбіз.  Берсең,  жӛн  деп 
бітіміңді айт, не тҧрысатын жӛніңді айт! – депті. 
Нәтижесінде  екі  жақ  соғысты  тоқтату  туралы 
бітімге  қол  қояды.  Бҧдан  кейін  қазақ-жоңғар 
арасындағы  саяси  жағдай  тҧрақтанып,  1752  жылға 

 
129 
дейін  ҧсақ  қақтығыстар  болмаса,  ірі  соғыс 
болмайды. 
Қазақ-қалмақ  соғысын  зерттеген  тарихшы  Қ. 
Әбуов  қалмақтардың  орта  жҥзге  жасаған  бҧл  
соғысы жайында былай деп жазды: 
«В эти грозовые годы большую популярность 
в  народе  снискали  и  прославились  своими 
подвигами  батыры  Богенбай,  Кабанбай,  Жанибек. 
Малайсары,  Отеген,  Наурызбай.  Койгелди,  Есет, 
Кожаберген,  Сары,  Баян  и  другие.  Большое 
влияние на умонастроение степняков имели поэты-
жырау  Бухар  Калкаманулы,  Умбетей  Тлеуулы, 
Актамберди  Сарыулы.  В  числе  известных  деятели 
этой эпохи были султаны Барак, Батыр, Абулфеиз, 
Жолбарыс,  Султанмамбет,  Ералы». 
(Қадыржан  Абуев. 
«Хан Абылай и его время» «Елорда» Астана-2006. 95 стр.).
 
Абылай  мен  Қалден  арасындағы  келісім  он 
жылға  созылып,  1752  жылы  қазақ-қалмақ  соғысы 
қайтадан  басталады.  Бҧл  соғыстың  басталуына, 
қазақ  жағы  себепші  болды.  Ӛйткені  Абылай 
Жоңғария 
хандығы 
ішіндегі 
алауыздықты 
пайдаланып,  қалмақтарды  бас  кӛтермейтін  етіп 
жеңудің  сәті  туды  деп  есептеді.  Ақыры  осылай 
болды. 
1752  жылдың  қазан  айында  қалмақтардың 
Сайын-Белек,  Батур-Ҧбашы  дейтін  қолбасылары 
басқарған  жиырма  мың  әскерін  Абылай  басқарған 
қазақ  қолы  тас-талқан  қылып  жеңді.  Бҧл  қазақ-
қалмақ  соғысының  шешуші  жеңісі  болды.  Бҧдан 
кейінгі  соғыстар  қазақ  пайдасына  шешіліп  1753-

 
130 
1754  жылдарда  қазақ  қолы  жоңғарларды  қысы-
жазы шауып, айрылып қалған жерлерін қайырумен 
болады.  «1755  жылы  кӛктемде  жеңісті  жорықтар 
одан  әрі  жалғасады.  Сӛйтіп,  ешбір  халықтың 
тарихында  болмаған  аяусыз  жҥргізілген  екі  жҥз 
жылдық ойрат-қазақ соғысында қазақтар тҥпкілікті 
жеңіске  жетеді.  Жоңғар  мемлекеті  қатер  болудан 
қалады»  -  деп  жазды  тарихшы  Мҧхтар  Мағауин. 
(«Қазақ тарихының әліппесі» Алматы 1995. 115 бет)

Баян  батырдың  жоңғар  хандығымен  болған 
осы  соңғы  соғысқа  қатысқаны  туралы  деректер 
Мәшһҥр  Жҥсіптің  қазақ  батырлары  туралы  тарихи 
әңгімелерінде кездеседі. 
«Абылай  хан  атақты,  әруақты,  бақытты  хан 
болған  кҥнде  Уақ  Баянсыз,  Балта  керей 
Тҧрсынбайсыз,  Шанышқалы  Бердіқожа,  Кӛкжарлы 
Кӛкжал  Барақ,  Сырым  Малайсарысыз  жорыққа 
аттанбайды  екен.  Сырым  Малайсары  батыр  қара 
қалмақ  Қатысыбанның  ханы  Қотажының  қолына 
тҧтқындыққа  тҥсіпті.  Қалмақтың  ханы  ақ  боз  ҥйге 
кіргізіп,  қҧда-кҥйеуше  сыйлап,  кҥтіп,  сірә, 
мҧнымен елдеспей бізге тыным-тыныштық болмас 
деп:  «Сені  біз  осы  сыйлаған  бетімізбен  сыйлап, 
аттандырайық.  Сен  тҧңғышың  Тілеуғабылды  бізге 
ақ  ҥйліге  бер,  ақ  мылтықты  ауызбен  жаласып 
анттасайық,  бір-бірімізге  жау  болмасқа  сенімді 
уәдеміз болсын» - десіпті. 
Баласы  Тілеуғабылды  қалмаққа  ақ  ҥйліге 
бермек  болып,  ақ  мылтықтың  аузын  жаласып, 

 
131 
анттасып  қайтқан  екен.  Сонан  ҥйіне  келіп  жаңа 
«ҥһ»  деп  демін  алып  отырған  ҥстіне  қалмаққа 
қосын жасап, ту тігіп Абылай хан келіп қалыпты. 
- Отырма, атқа мін, жҥр! – дейді ғой. 
Малайсары: 
-  Мені  қой,  мен  бармаймын,  қалмақпен 
жауласпаймын  деп  ақ  мылтықтың  аузын  жаласып, 
анттасып  қайтып  едім,  антқа  ҧшырап  қалармын,  - 
дейді. 
-  Қалмақ  шіркіннің  анты  не  қылар  дейсің, 
жҥресің,  бармасаң  болмайды,  -  деп  еркіне  қоймай 
ертіп  алып,  аттанып  қалмаққа  барған    екен.  Барса 
қалмақ  кҥні  бҧрын    естіп,  кҥтініп,  дҥние-дҥние 
болғалы,  жер-су  болғалы  жау  беттеп  бҧзып  кіріп 
ала алмайтҧғын бір берік қорғандары болады екен. 
Тас  тҥйін  болып  бәрі  соған  қамалған  екен.  Сонда 
Абылай  хан  тӛрт  батырды  жіберіпті,  қорғанды 
айналып, болжап келіңдер, бҧзып кірер жері бар ма 
екен  деп.  Сонда  Уақ  Сары,  Баян  жоғары  ӛтіп, 
қорғанның  ҥстінен  ҥңіліп  ішіне  қарай  бергенде 
дулығаның  қақ  маңдайынан  оқ  тиіп,  дулығаның 
артына 
қарай 
қайқайып 
қалғанын 
қалмақ 
мергендері  кӛріп,  жығылды  ғой  деп  қорғанның 
ҥстіне  шығыпты.  Кӛре  сала  батырлар  жалт  беріп 
қашқанда артынан оқты жаңбырдай жаудырыпты. 
Сонда Абылай: 

Бір 
қанды 
ауыз 
мылтықтың 
аузы 
Малайсарыға  дӛп  келді-ау,  қҧдай-ай,  сақтай  гӛр 
дегенше 
болмай, 
Малайсарыны 
сауытының 

 
132 
жыртық  жиегінен  оқ  тиген  екен,  жӛремете  сол 
қалмақ  ҥш  атыпты.  Ӛзгелері  дін  есен,  неше  оқ 
атылса,  бәрі  де  Малайсарыға  тиіпті.  Батырлардың 
аман-есен  келгеніне  ӛзге  жолдастары  қуанысқан 
екен.  
Абылай  хан  Малайсары  аман  есен,  аты 
қыйралаңдап  қалды  депті,  айтса  айтқандай, 
Малайсарының  белін  оқ  қиратып  тастаған  екен.». 
(«Абылай  хан»  Алматы  1993,  336  бет). 
Бҧл оқиға 1754 жылы 
болған. 
(Малайсары тархан. «Егеменді Қазақстан» 19.01.2008 ж.).
 
Баян  батырдың  жоңғарлармен  болған  ең 
шешуші және тҥпкілікті жеңіс әкелген осы соғысқа 
қатысқаны туралы Шәді тӛре Жәңгірҧлы «Тарихат» 
дастанында былай деп жырлаған. 
Орта жҥз жақсылары қосын жинап, 
Ақыры хан алдында келді барша. 
Қосынды Абылай хан шықты кӛріп 
Кӛңіліне бір айрықша шаттық еніп, 
Қарулы жігіттермен сӛйлеседі, 
Жасылдан желбіретіп ту кӛтеріп. 
Арғында аты шыққан Олжай палуан 
Сол еді ханның туын қолына алған. 
Қамалды неше жерде жалғыз бҧзып, 
Ер елді ел-жҧртына мағлҧмданған. 
Жәнібек жҥре алмады қосынға еріп, 
Білдірді қартайғанын ханға келіп 
Абылай ырзалықпен рҧқсат етті. 
Шын айтқан ӛтінішін қабыл кӛріп. 
............................................................ 

 
133 
Бӛгенбай Қанжығалы, Қоңырат Мәмек, 
Уақтан – Сары, Баян, Қыпшақ – Шорман 
Арғыннан – Жолай палуан, Науман - Тӛлек 
Осы айтқан Орта жҥздің жақсылары. 
Қосыны Орта жҥздің жҥріп кетті, 
Даланы кӛлден ең деп қырқып ӛтті. 
 
* * * 
Баян  батырдың  1756-1757  жылдары  болған 
қазақ  хандығы  мен  Қытайдың  Цин  империясы 
арасындағы  соғысқа  қатысып,  ерекше  ерлік 
кӛрсеткені І.Есенберлиннің «Жанталас» романында 
жазылған  (264-267  беттер).  Бірақ,  романда  тарихи 
шындықпен  сәйкессіздік  бар.  Баян  батыр  1759 
жылы  қытайлармен  соғыста  ауыр  жараланып 
қайтыс болды деп жазылған. 
Расында,  қытайлармен  соғыс  1757  жылы 
тоқтатылған,  осы  жылдың  жазында  қытайлармен 
бейбіт  бітім  жасалғаны  туралы  тарихи  қҧжаттар 
бар.  Романда  ешқандай  негізсіз  «Баянның  арғы 
аталары  Моңғолдан  сіңген  Саян,  Аян  дегендер»,  - 
деп жазылған. 
 
* * *  
1771  жылғы  қалмақтармен  болған  соңғы 
соғысқа  дейін  1760-1770  жылдар  арасындағы 
Абылай хан Қырғыздарға қарсы екі рет және Ерден 
би  басқарған  Қоқан  хандығына  қарсы  жорық 
жасады.  Осы  жорықтардың  бәріне  де  Баян 

 
134 
батырдың  қатысқаны  туралы  тарихи  әдебиетте 
деректер бар. Қырғыздармен болған ең қиын соғыс 
1770  жылы  Чу  ӛзені  бойында  болып,  бҧл  соғыс 
тарихта  «Жайылдың  қырғыны»  деп  аталып  қалды. 
Осы  соғыс  туралы  Шоқан  Уалиханов  былай  деп 
жазды: 
«Особенно  славится  поход    Аблая  1770  года 
(когда)  решалась  судьба  дикокаменных  киргиз.  В 
этой битве были все киргизы. Эта битва называется 
Джаилнын кыргыны – Джаилово побоище, а место 
битвы получило название Туйскен. 
Аблай разбил род солты и сояков на Сарыбеке, 
на  урочище  Карабалта  –  Сукулул,  где  и  убил 
знаменитого 
батыра, 
родоначальника 
солты 
Джаила» 
(Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. 2. стр. 77).
 
«Жайылдың  қырғыны»  аталған  осы  соғысқа 
қазақтардың  қай  батырлары  қатысқаны  туралы 
Шәді  Жәңгірҧлы  «Тархат»  дастанында  былай  деп 
жазды. 
 
Қазақтың қайраттанып бәрі қызды 
Кӛңіліне ханның сӛзі дҧрысқа кеп. 
Бар еді неше қилы батырлары, 
Майданға бет-бетімен кірді бәрі. 
Әлеке, Алтынсадақ деп айтылған 
Әлібек, Найман Тӛлек ерлік қылған. 
Шапырашты Наурызбай, Табын Серке, 
Қаракерей Қабанбай ӛңкей қыран. 
Жаппастан Ӛтетілеу, Есет-Тама, 

 
135 
Бӛгенбай-Қанжығалы, Қантай және. 
Тарақты Кӛбек, Уақ – Сары, Баян. 
Қоңыраттан Бәйтері мен Жаманқара. 
Алшыннан  Абай,  Арғын.  Арғын  –  Олжай 
палуан. 
Жалайыр Жәтен батыр. Қыпшақ – Шорман 
Осындай батырлар бар мағлҧмданған. 
Бәрі де қырғыздарға салды ойран. 
 
* * * 
Омбы  облыстық  мемлекеттік  мҧрағатынан 
Баян  батырдың  бейбіт  уақытта  болыс  старшинасы 
қызметін  атқарғаны  туралы  қҧжат  тӛмендегiдей 
табылды. 
(Бірінші қор. Әскери-жорық концеляриясы. Тізбе-1, Іс-89. 
737-741 беттер. Жасырын. №1359. 17.08.1760 жыл).
 
Жоғары 
мәртебелі 
генерал-майор 
Иван 
Иванович  фон  Веймарнаға  Железный  бекінісінен 
Рапорт. 
Рапорт беруші Железинск бекінісінің бастығы 
Секунд-майор………………………… 
(фамилиясы ӛшіріліп қалғандықтан оқи алмадық. С.Жҧмабаев) 
Рапорттың қысқаша мазмҧны тӛмендегідей: 
10  тамыз  1760  жылы  Железинск  бекінісіне 
Керей  болысының  старшыны  Баян  батыр  бастаған 
он  адам  келеді.  Бҧлардың  айтуы  бойынша 
бекіністегі 
Ресей 
азаматтары 
қазақтардың 
жылқысын ҧрлаған. Бҧны айғақтайтын дәлелдері  – 
ҧрылардың біреуі жылқы ҧрлаған жерге бас киімін 
тастап  кеткен.  Осы  қҧжат  бойынша  бас  киім  иесі 
табылып,  жылқы  ҧрлауға  қатысқан  Василик 

 
136 
Кайманаков,  Степан  Вершинин  (пятидесятник), 
Казацкий  Капрал,  Иван  Анциферов,  Капрал 
Малыгин,  вахмистр  Василий  Костыгин  деген 
азаматтардан  жауап  алған.  Бҧлар  жылқыларды 
ҧрлағанын мойындап, Баян батыр басқарған Керей 
болысының алты жылқысын қайтарады. 
Мҧрағат  қҧжатының  қысқаша  кӛшірмесін 
ҧсындық. 
Государственный архив Омской области. 
Фонд Военно-походная канцелярия командира 
Сибирского корпуса. 
/лист 737./ 
Секретно. 
Подан августа 17 дня 1760-го года. 
№1359. 
Высородному 
господину 
Превосходительному 
господину генерал-майору Ивану Ивановичу [Ганс Генрих] 
фон Веймарну. 
 
Покорный рапорт. 
 
Сего  августа  12-го  числа,  в  рапорте  от  меня, 
Вашему  Превосходительству,  было  донесено,  что 
десятого  дня  сего  месяца  к  крепости  Железинской 
приезжали,  на  заречный  реки  Иртыша  берег, 
киргиз-кайсацкой  Кирейской  волости  старшина 
Баян-батыр  в  десяти  человеках,  с  просьбой  о 
покраденных  у  них  лошадях.  И  привезли  оные 
киргизцы с собой на изобличение, что российскими 
людьми  те  лошади  украдены,  найденную  ими  на 

 
137 
месте,  где  показанный  табун  ходил,  шляпу.  И  по 
приличеству  некоторому,  через  здешних  казачьих 
старщин  и  полка  Вологодского  вахмистра 
Костычина,  о  тех  лошадях  сыскивается.  А  что  в 
сыске  окажется,  с  обстоятельством  впредь 
рапортовано из тех же мест. 
А, 
понеже, 
о 
шляпе. 
Привезенный, 
упоминающимися  киргиз-кайсаками,  живущий 
здесь  солдатский  сын  Михайло  Корин,  в 
присутствии  моем  в  желизинской  канцелярии, 
объявил, что та шляпа, жительствующего здесь же  
разночинца Василия Кайманакова. И к тому же, для 
расследования  объявленной  киргиз-кайсак  сакмы, 
из  которой  украденные  у  них  лошади  проведены, 
посланный  от  меня  полковой  квартирмейстер 
Дочкин  на  ордер  в  рапорте  ко  мне  написал,  что 
оная  вышла  через  реку  Иртыш  с  неприятельской 
западной  на  восточную  российскую  сторону,  на 
остров  Ежевичный,  где  вышеупомянутый  таки 
разночинец  Василий  Кайманаков,  с  отцом  своим, 
да отставной казак Иван Анциферов, /лист 737 об./ 
для  своего  скота  сено  косили.  И  потому  оный 
Кайманаков,  в  присутствии  моем  и  поручика 
Мертенса  был  с  прочими,  приличествующими  же, 
порознь  допрашиваемы,  которые  и  показали,  а 
именно: не знал. 
 
 
 

 
138 
* * * 
И о вышеописанном, Вашему Превосходитель-
ству, 
покорнейше 
доношу: 
покраденные, 
упоминающимися:  пятидесятником  Вершининым, 
капралами  Малыгиным  и  Анциферовым,  и 
разночинцем 
Кайманаковым, 
из-за 
границы 
киргизские 
шесть 
лошадей 
собраны. 
И, 
персонально,  вчерашнего  числа  переправлены  за 
реку  Иртыш,  киргизской  волости  старшине  Баян-
елычари с товарищами и самим хозяевам отданы. В 
чем  и  взята  с  них,  с  приложением  их  [руки, 
подписи], там расписка. А о сем мной, дабы они за 
огорчение себе почитать не могли, а особливо, чтоб 
от  российской  границы  те  киргизцы  далее 
отходили и впредь о таковых у них покраж просьб 
не  имели,  через  толмача  оному  старшине  и 
киргизцам  объявлено:  что  когда  впредь  у  берегов 
пойманы /лист 741 об./ будут, то с них взыщется и 
им  отдастся.  Ибо  прежде  и  о  найденной  ими, 
киргизцами,  шляпе  сказано  было,  что  оная  тех 
беглых, по каковому случаю и воровство все на них 
объявлено. А о вышеописанных ворах: Вершинине 
с  товарищами,  объявлением  им  [Баян-батыру  с 
товарищами]  умолчано.  На  что  они  в  ответ 
объявили:  что-де  мы  тем  от  российской  стороны 
довольны.  И  о  той  седьмой  лошади,  будут  ли 
пойманы  беглецы  и  с  них  взыщется,  [то,  они] 
наведываться  будут.  А  ныне-де  имеют  они 
киргизцы кочевье вверх по Иртышу и которые, по 

 
139 
окончанию  тех  разговоров,  по  удовольствию 
[довольные]  в  улус  и  уехали,  и,  окромя 
вышеописанного,  ничего  от  них  в  объявлении  не 
было. 
Омбы  облыстық  архивiнен  табылған  бҧл 
қҧжат  бiр  жағынан  Баян  батырдың  бейбiт  уақытта 
ел  басшысы  болғанын  анықтаса,  екiншi  жағынан 
кейбiр  зерттеушiлердiң  батырдың  1756-1759ж.ж. 
қытайлармен  болған  соғыста  қаза  болды  деген 
деректерiн жоққа шығарады. 
   

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет