Социология. Әлеуметтік стратификацияның тарихи типтері


Әлеуметтік бақылау (контроль)



бет12/37
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#13315
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37
Әлеуметтік бақылау (контроль)деп әлеуметтік жүйенің өзін-өзі реттеуін қамтамасыз ететін адамдардың мінез-құлқын және олардың өзара қарым-қатынастарын нормативті реттеу түсініледі.

Әлеуметтік бақылау - әлеуметтік институттардың элементі. Ол арқылы индивидтердің әлеуметтік нормаларды, қызмет ережелерін және әлеуметтік шектеулерді басшылыққа алып әрекет етуі қамтамасыз етіледі. Адамның тіршілік-қызметін реттеудің мұндай тәсілі қоғамның тұрақтылығын ұдайы қамтамасыз етеді. Әлеуметтік бақылауды ретке келтіруде қоғам мен индивидтің өзара қарым-қатынасы проблемасы маңызды орын алады. Теориялық тұрғыдан алғанда қоғам мен тұлғаның қарым-қатынасы әлеуметтік бақылау жағдайында барынша қарапайым түрде көрініс береді: яғни, индивидуалдық сапаларды әлеуметтік стандартқа сәйкес жөнге келтіру


Әлеуметтік бақылау тұлғаның индивидуалдық мінез-құлқына қоғамның, әлеуметтік қауымдастықтың реакциясы арқылы іске асырылады. Соған байланысты қоғам әр түрлі санкцияларды қолданады.

Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы.

                Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:



  1. Қоғамның әр саласныа қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.

  2. Құқықтың әр саласныа қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-прцессуалдық, қылмыстық-процессуалдық, т.б. саладағы нормалар.

  3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар.

  4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар.

  5. Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытындағы нормалар және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет