- сауалнама
-интервью алу
55. Әлеуметтік конфликттің алғашқы субъектісі – ол
Конфликттің объектісі болып әлеуметтік ортадағы және қоршаған ортадағы құбылыс өмірде болатын әртүрлі қилы ситуациялардың арқасында белгілі бір субъектің үнемі қарма-қайшылықты тудырудағы қасиеттерден өзге балалар оқшаулау жүргенді ұнатуы.
56. Адамзатты супержүйе ретінде қарастыратын – ол «Сезімді» белгі Сорокин «Сезімді» белгі супержүйе шындық белгілі сезімдер негізінде қабылданады.
57. Әлеуметтік конфликт: түсінігі, түрлері.
"Әлеуметтік шиелініс” (социология конфликта) деген терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғалымы Г.Зиммель болды. Г.Зиммель шиеліністі қоғам өмірінің қалыпты және маңызды формасы ретінде қарастырған. Ғылыми әдебиеттерде шиелініс деген ұғымға бірқатар анықтамалар берілген (олардың қазіргі саны 50-ге жуық). Осы анықтамалардың бәрінде дерлік шиелініс ұғымы әлеуметтік қайшылықтар арқылы түсіндіріледі.
Мәселен, Е.М.Бабосов деген автордың анықтамасы бойынша әлеуметтік шиелініс – түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың, яғни таптардың, ұлттардың, мемлекеттердің , әлеуметтік топтардың, әлеуметтік институттардың, т.б. арасындағы мүдделерінің, мақсат, даму бағыттарының қарама-қарсылығынан немесе мәнді айырмашылықтарынан шығып асқынған түрі. Әлеуметтік шиелініс шешілуі қажет әлеуметтік проблемаға байланысты нақты әлеуметтік жағдайда қалыптасады. Оның белгілі бір себептері, қозғаушы күштері ( таптар, ұлттар, әлеуметтік топтар, жеке адамдар, т.б.) болады. Сонымен бірге шиелініс ұзаққа созылуымен, қайшылықтың өткірлік дәрежесімен, атқаратын қызметімен сипатталады.
әлеуметтік шиеліністерді өзара тығыз байланыста болатын элементтер тұратын күрделі, тұтас процесс ретінде қарастыру қажет. Шиеліністі құрайтын элементтерге келсек. Олар төмендегідей;
Шиеліністі жағдай қарама-қарсы жақтардың арасында болады. Олар кем дегенде екіжақ болуы мүмкін. Бұларды шиеліністің субъектілері деп атайды, оларға жекелеген индивидтер, әлеуметтік топтар, әлеуметтік жіктер, саяси партиялар, т.с. жатады.
58.
59. Отбасы әлееуметтануы:түсінігі, қалыптасу уақыты
Көк кітап
60. Дербес мәртебе-ол адамның жоғары статусына қоғам тарапынан көрсетілетін сый құрмет.
Мәртебе - лат. status - істің жай-күйі, жағдайы азаматтың, заңи тұлғаның, мемлекеттік органнын халықаралық ұйымның құқықтық жағдайын сипаттайтын құқықтары мен міңдеттерінің жиынтығы. Индивидумның немесе топтың бірқатар белгілер (экономикалық, кәсіптік, этникалык, т.б. белгілер) бойынша айқындалатын әлеуметтік ара қатынас жағдайы әлеуметтік мәртебе деп аталады.[1]
61. Постиндустриалды қоғамның белгілері
1. постиндустриалды қоғамды табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу орнына ақпараттарды өндіру мен өңдеумен ж/е қызмет көрсету салаларының дамуымен алмасады.
2. ақпараттық технология қоғамдық өмірдің маңызды салаларын қамтиды: өенркісіптік, саяси, мәдени.
3. тезнологиялық базистың алмасуы әлеуметтік байланыстың барлық жүйесін ұйымдастыруға әсерін тигізеді.
4. кәсіби маманданған топтың арақатынасы, еңбекпен қамтылу қүрылымы өзгереді.
5. заманауи қоғамдағы әлеуметтік позициялық құрылымы ә-к мәртебемен анықталады.
62. Девиация-әлеуметтік ауытқу. Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеуметтанушысы Э. Дюркгейм.
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, деликвентті ж/е криминалды мінез-құлық.
Девиантты мінез-құлық әлеуметтік нормалар мен ережелерге сай келмейтін мінез-құлықты айтады. Деликвентті мінез құлық заң бұзушылықпен ерекшеленеді: агрессивті, зорлаушылық мінез-құлық, ашкөздік, наша сату. Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық ж/е т.б
63. Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсыновтың үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бас тартап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) — Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің даму тарихында өзіндік орны бар біртума алып тұлға.
Қазақ халқының, әсіресе «оқыған азаматтардың тұңғыш ... көсемі» болған А. Байтұрсыновтың саяси іске араласуы Ресей ішіндегі саяси - әлеуметтік құбылыстармен тікелей байланысты болды: түрлі саяси партиялар мен Қозғалыстардың құрылып, олардың қызметтерінің жанданған кезеңіне, бірінші 0рыс революциясының өршіген тұсына сәйкес келді. Бұл кезеңде ол Қарқаралы қаласында кызмет істейтін еді. Оз халқының мүддесін, болашағын ойлаған А.Байтұрсынов осы кезеңде саясатқа белсене араласты осы мәселені М.Әуезов «Қарқаралыда тұрғандағы соңғы төрт жыл Ақаңның саясат ісіне белсене кірісіп, жазумен де, ісімен де бой көрсеткен кезі; сол мезгілде 1905 жылдың өзгерісі болған. Қазақтың Мәскеуден келген бірен-саран студенттері, басқа қалаларда оқып жүрген жастары һәм ескіліктен келе жатқан пікірі түзу үлкендердің арасында өзгеріс рухы жайылып, қазақтың елдігін сөйлей бастаған кездері сол мезгіл болатын» деп атап көрсетті.
64.Интервью дегеніміз белгілі бір мақсатпен бір немесе бірнеше адаммен әңгімелесу жолымен мәлімет жинау әдісі. Интервью әдісімен үлкен әлеуметтік топты зерттеу қажет болғанда, сол топтың ішімен бірнеше адам әңгімелесу үшін іріктеп алынады.
65. Мәртебе(лат-статус-істің жай-күйі, жағдайы)адамзаттың, заңды тұлғанын, мемлекеттік органның құқықтық жағдайын сипаттайтын құқықтар мен міндеттердің жиынтығы
66. Әлеуметтену дегеніміз-қоғамда қалыптасқан меңгеру ж/е жетілдіру жолымен жас ұрпақты сол қоғамның әлеуметті-экономикалық құрылысына сәйкес қоғамдық рольдер системасына қосу болып табылады. Қазіргі заманғы оқыту мен тәрбиелеу дегеніміз жас адам тұлғасын қалыптастыру үшін оған жоспалы да мақсатты түрде әсер ету-оның еңбекке деген білігі мен қабілетін дамыту. Жас ұрпақты әлеуметтендірудің марксистік ғылыми теориясы жас ұрпақты тәрбиелеу процесі мен оқыту арқылы білім беру процесін бірлікте қарастырады, өйткені қазіргі заманғы ғылыми техникалық прогресс оқыту процесінің білім беру арқылы адамды дамыту міндетімен бірге,и сондай-ақ тәрбиелеу міндетіне де жоғары талаптар қойып отыр
67. Индустриалды қоғам-индустриализация және модернизация жүзеге асырылған қоғам түрі немесе белгілі бір қоғам
68. Тұлға – ол сана сезімі мен іс-әрекетіндегі ерекшелігін білдіретін, лайық ырық белсенділігі бар әлеуметтік мәдениеттің сапасы
69. Әлеуметтік процестер- әлеуметтік ортадағы құбылыстар.
70. Ә-у қоғамдық ж/е ә-к құбылыстар мен үрдістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттеәді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.
71. Девиация-ол әлеуметтік ауытқу.
72Рөлдік конфликт
№138сұрақ
73. Обьект- бізді қоршап тұрған обьективті нақтылы өмір. Ол қоғам, адамдар, алуан түрлі бірлестіктер, адамның іс-әректі, т.б. Бұлар зерттелетін обьект болғаннан кейін субьектідіен тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтанудың пәні шығады. Процесс н/е көкей кесті мәселенің артықшылығын, қасиеттерін, сапасын логикалық тұрғыдан жан жақты талдау негізінде адамдардың н/е ұйымның бірігіп еңбек етуін, рухани іс-әрекетінің түрлерін терең танып білуді әлеуметтанудың пәні деп атайды.
74. Мәдени – тарихи типтер тұжырымдамаларындағы қоғамның дамуы туралы
Мәдени өрлеу мәселесін шешу мәдениеттің табиғатын түсінуге, оны ұғыну сипатына, мәдениеттің тарихи дамуының бай материалын түсінуге байланысты болады. Мәдениеттануда мәдениеттің аз жетілген түрінен толық жетілген түріне даму бағыты ретінде өрлеу (прогресс) проблемасына екі негізгі тәсіл бар. Бірінші тәсіл оның құндылықтарын байыту, адам өмірінің барлық формаларының дамуы ретінде мәдениеттің даму кезеңдерінің ауысуына сүйенеді. Осы тәсіл шеңберінде мәдениеттің көптеген формалары мен типтері олардың бар айырмашылықтарына қарамастан адамзаттың рухани және материалдық-өндірістік дамуының біртұтас линиясын құрайды және мәдениеттің өрлеуін оның табиғатының біртұтастығы және мәдени алуан түрлердің бірлігі ретінде қарастырады. Екінші тәсіл мәдени өрлеудің болуын біртұтас мәдениеттің үдемелі дамуы ретінде күмән келтіреді, ол оны әр түрлі типтерін жергілікті, автономды, өзінің өмірлік циклі ретіндегі, бір-біріне сай емес мәдени жүйелердің инварианттары ретіндегі түсініктен шығады. Бұл оларды салыстыру мүмкіндігін тарылтады, ол өрлеуді “өз мәдениеті” шеңберінде түсінуді, оның даму циклділігін түсінуді шектейді. Мәдениеттің өрлеуі туралы мәселе – бұл қоғамның үдемелі тарихи дамуындағы мәдениеттің элементтері мен құндылықтарының сабақтастығы, жеке елдерде, халықтар мен қоғамдастықтарда адамның дамуының әр түрлі тарихи кезеңдері мен дәуірлерінің өзара қатынастары туралы мәселе. Қазіргі мәдениеттану теориялары линиялық эволюция идеяларына сын және “жергілікті өркениеттер” тұжырымдамасын құру ретінде қарастырылады. Бұл тұжырымдаманы әр түрлі ғалымдар дамытты және әр елде дамыды: Шпенглер Германияда, Тойнби Англияда, Данилевский мен Сорокин Ресейде. Белгілі “Европаның құлдырауы” (“Закат Европы ”) жұмысының авторы Освальд Шпенглерге мәдени-тарихи ұласу идеясы жатады: әрбір мәдени организм өмірге келген соң, табиғи ұласудан өтеді, яғни гүлденеді және кедейленіп, құлдырайды, өркениет түрінде өзінің соңына жетеді. Европада үлкен биіктікке жеткен өркениет өзінің өмірлік қарқынын жоғалтып, Европаның құлдырағандығы туралы куәландырады. Шпенглер тең құнды қол жеткізген табыстары бойынша мәдениеттердің көптігі туралы ілімін дамыту кезінде мәдени антропологияны сипаттай отырып, кең этнографиялық материалға сүйенді. Шпенглердің ойынша мұндай мәдениеттердің саны сегіз: египет, үнді, вавилон, қытай, антика, византиялық-араб, батыс европалық және оңтүстік америкалық майя. Европоцентристік негіз болатын, тарихи даму жолындағы барлық халықтар үшін универсалды тарихи даму туралы түсінікке Арнольд Тойнби қатты соққы берді. Ол үлкен факт жүзіндегі материалды ұғыну негізінде тарихи процестің мәнін түсінуге тырысады және адамзаттың әлеуметтік- ұйымдасу формаларының алуандығы туралы қорытындыға келеді. Тарихи процесс көбінесе географиялық жағдайлармен анықталады, бұл әрбір өркениеттің қайталанбас бейнесін жасайды (“аймақтық өркениеттердің”). Бірақ кез-келген өркениет тарихи дамудың барлық фазаларынан өте алмайды (“пайда болу”, “өсу”, “күйреу”, “құлдырау”, “ыдырау”), кейбірі гүлденуге жетпей, күйрейді, кейбірі өз дамуында бір фазада ұзақ уақытқа тоқтап қалады. Н.Я. Данилевский үшін мәдениеттердің тарихи алуандығы проблемасы және оның ішкі құрамының айырмашылығы шын бастапқы жағдай ретінде болады. Оның ойынша, тарих бар, этникалық қауымдардың, оңаша, жергілікті “мәдени-тарихи” типтердің (“өркениеттердің”) тарихи тұрмысы табиғатпен және бір-бірімен әрқашан күресте болады. П. Сорокин ХХ ғасырдағы ең ірі әлеуметтанушылар мен мәдениеттанушылардың бірі болып саналады. Ол әлеуметтік стратификация (қоғамның әлеуметтік жіктелуі) және әлеуметтік мобильділік (қоғамның жаңаруы) теориясын жасаушылардың бірі. Тарихи процесс дербес тұтастық және оның типін анықтайтын бірнеше басты алғышарттар бар. Сорокин мәдениеттердің үш типін айқындап көрсетеді: 1) сезімдік (шындықты сезіммен қабылдау басым болады); 2) идеационалды (ұтымды ойлау басым болады); 3) идеалистік (интуитивті таным басым болады); Қазіргі мәдениет түсінігі бойынша И. Хейзингтің ойын теориясы маңызды болып саналады. Ол ойынды мәдениет негізі және көзі деп санайды. Оның ойынша, ойын мәдениеттен үлкен, өйткені ойынның негізгі белгілері жануарлар әлемінде бар. Сонымен қатар ойын биологиялық шеңберден шығып кеткен, адамның ұтымды қызметінің формаларында кездеседі: өнерде, философияда, құқықта және т.б. Соңында К. Юнгтің мәдениет архетиптері теориясына тоқталғымыз келеді. Мәдениет архетиптері адам психикасында орын алған, оның терең қабаттары – ұжымдық санасыздықта. Архетиптер сыртқы әлемде көріне отырып, мәдениеттің өзіндік түрін анықтайды. Нақты мәдениетті қалыптастырудың әрекетті тәсілі ретінде сакрализация туралы Юнг идеясы маңызды болып саналады: мәдениеттің қандай да бір типінің құндылығы мен мақсаты ұжымдықта көрініс табады, оған санасыздықтан ауысады, сынға жатпайтын құндылықтар ретінде қабылданады. К. Ясперстің мәдени-тарихи тұжырымдамасы – алдындағы теориялар синтезінің өзіндік тәжірибесі. Жалпы адамзаттық мәдениет идеясына сүйене отырып, мәдениеттің мәнін түсінуде руханилыққа орын бере отырып, бірақ тарихтың материалдық түсінігінің жеке элементтерін қабылдай отырып, тіршіліктің жергілікті идеясынан және ежелгі заман мәдениеттерінің жергілікті сипатынан бастап санай отырып, Ясперс мәдениеттің тарихи типтері туралы түсінікті едәуір байытты. Ол келесі топтарды атап көрсетеді: - ертедегі тарихқа дейінгі, “прометей кезеңі” және қазіргі, жаңа уақыт кезеңіне дейін кеңіген (оның ғылымымен және техникасымен, тарихтың әлемдікке айналуымен). Одан әрі орталықтан екі жақтан – “ежелгі заманның ұлы мәдениеттерінің” тарихы (оның локализмі және автономиясымен), және де осьтен кейінгі, “империялық” кезең, Батыс, Үнді, Қытай өркениеттерінің жергілікті-тарихи арнасына жартылай қайтып келген. Ал орталығында – “осьтік уақыттың” өзі (1 мыңжылдықтың ортасынан біздің эрамызға дейінгі) және олардың барлық үш мәдени облыстарда жасаған универсиалды және гуманистік мәдениеті. Ол - өз кезегінде жалпы адамзаттық мәдениет “өсиеті” және адамзат үшін болашақта тірі қалып, еркіндікте болуға мүмкіншілік. ХХ жүз жылдығы мәдениетінің алуандығына қарамастан ұлттық нормалардың өзара әрекеттестігі мен өзара байытуының алуандығы арқасында болатын және дамитын бірыңғай жалпы адамзаттық мәдениеттің қалыптасуы туралы айтуға болады. Осыған байланысты қарастыру керек: ХХ жүз жылдық мәдениеті дамуының негізгі тенденцияларын (қазіргі мәдениеттің қалыптасуында сабақтастық пен дәстүрлер, қазіргі мәдениет дағдарысы, одан шығу жолдары, осы процесті әр түрлі мәдениеттану концепцияларымен түсіну); ХХ ғасыр мәдениетіндегі жалпы адамзаттық және ұлттық. Қазіргі мәдениет тенденцияларының бірі – оны ізгілендіру (гуманизация). Ренессанс дәуірінің элитарлық сипаттағы гуманизмінен ерекшелігі қазіргі гуманизм универсалды, ол құқықтарын жариялай отырып, әр адамға арналған универсалды гуманизм, бұл – демократиялық гуманизм. Бұл тенденция әсіресе, ХХ ғасырдың саяси мәдениетінің дамуында байқалады. Қазіргі заманның басқа тенденциясы мәдениеттің материалдық өндіріске ену, ғылым мен техниканың қарқынды даму, техногенді өркениеттің қалыптасу тенденциясы болып табылады. Техниканы жаңарту негізінде материалдық байлықты үнемі өсіру адамды тиімді экономикалық қызмет қаруына айналдыратын жағдай пайда болды. Екінші жағынан, адамзат өміріндегі техниканың ролі адам жасаған ҒТР процесінде (аспаптар, құралдар, техника) өзін жасаушыға қарсы шығып, адамның өмірдің табиғи негіздерімен органикалық байланысы үзілуінің және мәдени тұтастығы бұзылуының салдары ретінде шеттелу болады. Шеттелу – бұл адамзат қызметінің әр түрлі формалары мен оның нәтижелерінің өзі билік құратын және оған қас болатын жеке күшке айналу процесі. Шеттелуші механизм өмірдің сыртқы күштеріне тұлғаның дәрменсіздігінің байқалуы; тіршілік етудің дерексіздігі туралы түсініктер; әлеуметтік тәртіпті сақтау бойынша адамдардың өзара міндеттерін жоғалтуы, құндылықтардың билік құрушы жүйесін мойындамау арқылы, адамның өзін жалғыз, қоғамдық байланыстардан шығарылып тастағандығын сезіну; индивидуумның өзін жоғалтуы, тұлғаның өзіндік ерекшелігінің бұзылуы арқылы әрекет етіледі. Жалпы адамзаттық мәдениеттің қалыптасуын бірыңғайландыру, барлық мәдениеттердің бірыңғай құндылықтар жүйесі ретінде түсінуге болмайды. Аймақтық және ұлттық мәдениеттердің өзара байланысы туралы, олардың арасындағы келісім туралы сөз болмақ. Келісім – үлкен мәдениеттердің гуманитарлық қарым-қатынастары туралы мәселе емес, жеке алынған тұлғаның осы мәдени білімдердің рухани әлеміне тартылу тәсілі туралы мәселе. Бүгінгі күні мәдениеттер арасындағы келісім принципінің дамуы – рухани дағдарыстың терең қайшылықтарын жеңудің, экологиялық тұйықтықты және атом түнін болдырмаудың нақты мүмкіндігі. Сонымен бүкіл байлығымен және алуандығымен мәдени айырмашылықтарды сақтайтын келісім өзара түсінушілік пен мәдени байланысқа әкеледі. Қазіргі дәуірдің дағдарысты құбылыстарын жеңудің тағы бір шарттары – ғылыми-техникалық прогресті экологияландыру. Осы проблемаларды арнайы әзірлеумен адам, қоғам және қоршаған орта, табиғат арасындағы байланысты зерделейтін экология және арнайы экология шұғылданады. Бұл ғылымдарды экожүйелер мен биосфера эволюциясы қызықтырады. Ғылымның мақсаты – адамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Қазіргі заманның, экологияландырудың, ғылыми-техникалық прогресті ізгілендірудің глобальды проблемаларын ұғындыратын концепциялардың ішінде А. Швейцердің жаңа этика концепциясы маңызды орын алады. Оның негізі - өмірді оның кез-келген қасиетінде қастерлеу принципі. А. Швейцердің көзқарастарына сәйкес мәдениеттің даму критерийі қоғам қол жеткізген ізгілендіру деңгейі, ал дағдарыс мәдениеттің адамгершілік-гуманитарлық мазмұнын жоғалтуы болып табылады. Ғалымдар К. Циолковскийдің, А. Чижевскийдің, В. Вернадскийдің көзқарастары қызықты болып табылады, олар ХХ ғасыр мәдениетінің бір белгісі – оның космизмділігін, қазіргі заман адамының өз тұрмысының космизмділігін сезінуді суреттейді. Орыс ғалымдарының босфералық концепциялары космостағы барлық тірі заттар мен өлі заттардың байланысын көрсетеді, басқа дүние өкілдерімен байланыс жасау, Жерде болып жатқан космостық процестер мен тарихи процестің өзара байланыс проблемаларын қарастырады. Өркениет тағдыры байланысты болатын ХХ ғасырдың дағдарыс проблемалары латынның «глобус» - жер шары атауынан глобальды деген атауға ие болды. Оған мыналар жатады: 1) ҒТП-ның катастрофалық салдарымен байланысты экологиялық дағдарысты жеңу (қоршаған ортаның ластануы, атмосфераның озонды қабатының азаюы, парникті әсер және т.б.); 2) жаппай зақымдау қаруын қолдана отырып, соғысты болдырмау; 3) қайыршылықты, ашаршылықты, сауатсыздықты жеңу, жаңа шикізат көздерін табу, экономиканың әрі қарай дамуын қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық революцияның зиянды салдарын болдырмау. Глобальды проблемалардың пайда болуының өз себептері бар. Біріншіден, терең саяси және экономикалық байланыстармен қамтамасыз етілетін қазіргі әлем тұтастығы. Екіншіден, табиғатты бақылаусыз пайдаланатын адамның экономикалық қуаты. Үшіншіден, глобальды проблемалар себептерінің бірі елдер мен мәдениеттер дамуының біркелкі болмауы. Қазіргі өркениеттің глобальды проблемаларының болуы мен оларды шешу жолдарын бағалауда екі тәсіл бар: «пессимистер» адамзаттың 30-50 жылда құритындығын айтады. «Оптимистер» адамзат пайда болған бөгеттерді жеңіп шығады деп есептейді. 60-70 жылдары адамзаттың болашағы туралы түсініктердің, білімдердің жиынтығы ретінде футурология (латынның болашақ сөзінен) ғылымы пайда болады. Футурологиялық зерттеулерде 1968 жылы құрылған және әлемнің отыз елінің ғалымдарын біріктірген Рим клубы белгілі болды. Рим клубы – глобальды модельдеу. Рим клубының идеалы – адамзаттың ең жақсы қасиеттерін қайта жаңғырту, адамның табиғатпен үйлесімі, адамзат санасын ояту, оның ғылыми-техникалық прогреске көзсіз сенуінен босату, адамның жаңа құндылықтарын анықтау, оның тұрмысын ізгілендіру. Рим клубының зерттеулері екі бағытта жүрді. Дж. Форрестер мен Д. Медоузаның көзқарасы жағынан - әлеуметтік пессимизм позициясы – адамзат өркениетінің өсуін шұғыл шектеу, адамзат қажеттіліктерінің құрылымын қайта қарау, экономикалық және экологиялық тұрақтылық бойынша шаралар қолдану. М. Мессарович, Э. Пестель және Э. Тоффлер Жерге қаупі болып тұрған ғылыми-техникалық прогрестен емес, «адам-социум» қатынастар жүйесіндегі түпкілікті төңкерістен шығатын жолды іздеу керек деген қорытындыға келді. Адамның білімі мен қабілетіне, бостандығы мен тәуелсіздігіне, шығармашылық өзін-өзі дамыту идеясына негізделетін жаңа экономикалық әлемді құру пайда болған өркениет пен болашақ мәдениетінің принципі болады. Жапон әлеуметтанушысы Е. Масуданың ақпараттық қоғам тұжырымдамасы адамзат өркениетінің жаңа типін қалыптастырудың нақты жолдарын ұсынды. Оның болашақ қоғамы – бұл бірыңғай ақпараттық желідегі қоғамдық бірлестік, оның арқасында адамзат үшін бірыңғай мақсаттар дайындау, ал адамға өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін әзірлеуге мүмкіндік пайда болады. «Ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы болашақ мәдениеттің «материалдық денесін» қалыптастыру жолдарын анықтайды. Э. Тоффлердің «үшінші толқын» концепциясында болған демассификациялы, дестандартизациялы және бекітілген инноваттылықпен индустриалдыдан супериндустриалдыға ауысумен байланысты адамзаттың даму жолы ескерілген. Жоғарыда көрсетілгендей, дүниенің тұтастығы қазіргі заманның глобальды қарама-қайшылықтарының әрекетін тудыратын себептердің бірі болып саналады, өйткені дүниенің тұтастығы – біртұтас жалпы адамзат мәдениетінің пайда болуы мен дамуының басты факторы. ХХ ғасыр әлемде бар мәдениеттердің алуандығын теріске шығаратын бірыңғайланған типті гуманитарлық дара мәдениетті құрудың екі моделін береді. Бірінші модель таптық құндылықтарды абсолюттендіруге және сталинизмнің әлемдік пролетарлық революциясының идеясына негізделген. Екіншісі – бір ұлттық мәдениеттің, бір ұлттың және бір мемлекеттің билік құруын бекітуге (герман фашизмі). Бұл жағдайларда жалпы адамзат мәдениетінің идеясы не топтық құндылықтармен (тап), не мәдениеттің жарты бөлігі оның тұтас бөлігіне теңестірілді. Нәтижесінде әлеуметтік қозғалыстың бұрмаланған формасы пайда болды, мәдениеттің антимәдениетке айналуы болды. Жалпы адамзат мәдениеті – көркем-поэтикалық, ғылыми, өндірістік қызметтің ең үздік формалары, үлгілері, әр түрлі халықтар, ұрпақтар жасаған өмір мен шындық дүниетанымның бірыңғай тәсілдері, оның негізінде адамзат Жердің бірыңғай өркениетін құруда, онда таптық және нәсілдік өшпенділікке, адам мен халықтардың құқықтарын аяққа таптауға, сауатсыздық пен қайыршылыққа, экономикалық және мәдени отаршылдыққа орын жоқ.
75. М. Вебер тұжырымдамасында қоғам ұғымы.
Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: «Қоғам – адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.
М.Вебердің ілімі
Әлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосқан М. Вебер бұл мәселеге байланысты тұжырымдамаларында К. Маркстің теориясынан өзгеше және оған ұқсас жақтары да бар екендігін айта кету керек. М. Вебер К. Маркстың қоғамның тапқа жіктелуінің объективтік экономикалық негіздері бар деген ойымен келіседі. Ол пікірді ол басқа да экономикалық факторлармен толықтырады. Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу, болмауына байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді. Екіншіден, М. Вебер адамның статусын – саяси партияға, яғни билікке қатынасы деген стратаға жіктеудің өлшемдерін енгізеді. М. Вебердің пікірінше, статус әлеуметтік топтар мен индивидтердің ұоғамдағы алатын орны мен мәртебесіндегі айырмашылықты көрсетеді. Адамның белгілі бір тапқа жатуы объективтік факторларға байланысты да, ал, адамның статусы – білімі мен шеберлігінің дәрежесі, өмір салтя сияқты субъективтік факторлармен түсіндіріледі дейді. М. Вебер қоғамдағы тапқа бөлінуге әсер ететін факторларды ескере отырып, 4 түрлі таптарды атап көрсетеді. Олар;
капитал иелерінің табы;
интеллектуалдар мен менеджерлерден, басқарушылардан тұратын тап;
дәстүрлі ұсақ буржуазия табы
жұмысшы табы.
Сонымен, М. Вебердің ұсынған әлеуметтік стратификация теориясында қоғамды стратаға жіктеудің біршама кең өлшемдері берілген. Ғылыми әдебиетте қоғамның страталарға жіктелуінің басқа да өлше,мдері кездеседі. Ғалымдардың көпшілігі стратификациялық құрылымның негізі адамдар арасында болатын табиғи және әлеуметтік теңсіздік екеніндігін мойындайды. Осы теңсіздік деген өлшем қоғам адамдарының біреулерінің басқалардан жоғары, екінші біреулерінің төмен орналасуына ықпал етеді. Табиғи теңсіздік адамдардың табиғи жаратылыстарына байланысты (жыныс, жас мөлшері, темперамент, терісінің түсі, бойы, ақыл-ойының деңгейі) ерекшеліктерінен туындайды. Мәселен, ақыл – парасатымен, күш – қайратымен ерекшеленетін адамдар көпшілікке ықпал етіп, оларды өзіне бағынышты етуге ұмтылады. Ерлер мен әйелдер арасындағы теңсіздік ерте заманда пайда болып, күні бүгінге дейін сақталып келеді. Барлық дерлік ерлерде әйелдерінің табыстарының көлемі ерлерге қарағанда төмен. Әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың да деңгейі жоғары. Әлеуметтік теңсіздіктің пайда болуына қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни адамдардың кәсіби мамандануы ықпал етеді. Ең көлемді қоғамдық еңбек бөлінісі еңбектің аграрлық және өнеркәсіптік деп жіктелуіне байланысты болды. Мұның өзі қала мен село өмір салтының қалыптасуына, халықтың территориялық-аймақтық жағынан жіктелуіне әкелді. Қала өмірінің селоға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтсақ, еңбектің мазмұны мен түрлерінің сан алуандылығы, тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету салаларының, саяси және басқару орталықтары мен бұқаралық ақпарат жүйесінің, ғылым мен білімнің кеңінен дамуы қалаларға тән сипатты белгілер. Қоғамдық еңбек бөлінісі ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы айырмашылықтың пайда болуына, соның нәтижесінде қоғамда білімі мен кәсіби деңгейлері жоғары адамдар тобының қалыптасуына ықпал етті. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік иерархияға негізделген және ол адамдар ме топтардың вертикалды бағытта сатылы орналасуынан көрінеді. Яғни тік сызық бойында бір топтың екінші бір топтан жоғары немесе төмен орналасуы деген сөз. Вертикалды бағыттағы жіктелудің себептерін Р. Дарендорф «билік» және «бедел» деген ұғымдардың негізінде түсіндіреді. Ол тұтас қоғамды басқарушылар мен басқарылушыларға жіктейді. Басқарушылардың өзін а) басқарушы меншік иелері және ә) меншіктері жоқ бюрократ – менеджерлерге жіктейді. Автор сонымен қатар басқарушылар: жоғарғы топ – жұмысшы ақсүйектерінен, төменгі топ – мамандық дәрежесі төмен жұмысшылардан тұрады және басқарушылар мен жұмысшы ақсүйектерінің ассимиляциясының нәтижесінде «жаңа орта тап» қалыптасады деген қорытындыға келеді. ХХ ғасырдың екінші жартысында Батыс елдерінің ғалымдары әлеуметтік стратификация құбылысын одан әрі тереңірек зерттеуге кірісті. Ғалымдардың пікірінше, капиталистік қоғамдарда таптар арасындағы қайшылықтар бәсеңдеп, жұмсара түсті. Олар сонымен қатар қоғам мүшелерінің түрлі топтарға, таптарға, стратталарға жіктелу процесі тереңдей түскенін атап көрсетті. Батыс Еуропа мен АҚШ әлеуметтанушылары нақты әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтардың, таптардың және стратталардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге байланысты ұсыныстарын негіздеді. Бұл кездегі әлеуметтік стратификация теориясының көрнекті өкілдерінің бірі – П.А. Соркин болды. Ол қоғамдағы адамдардың иерархиялық жоғары және төменгі топтарға жіктелуіне әсер ететін факторлар ретінде құқық пен артықшылықтардың, жауаркершілік пен міндеттердің, байлық пен жоқшылықтың, билік пен ықпалдың тең бөлінбеуінен болады деп түсіндіреді. Автор сонымен қатар бұл аталған өлшемдер өмірде бір-бірімен сабақтас екендігін ескертеді. Қолдарында үлкен байлығы бар жоғары экономикалық топтардың өкілдері сонымен қатар жоғары саяси және кәсіби топтарға да жатады дейді. Яғни, байлығы бар адамның билікке, жоғары кәсіби топтарға енуіне мүмкіндігі мол немесе керісінше билігі бар адамның жоғары кәсіби даындығы да бар, байлығы да бар деген сөз. П.А. Сорокин қоғамда экономикалық, саяси және кәсіби стратификацияның барлығын айтып, олардың әрқайсысына терең талдау жасайды. Ал, американдық әлеуметтанушы Т. Парсонс қоғамда әлеуметтік жіктелудің факторларын 3 топқа топтастырған.
Біріншісі – адамның туа біткен табиғи белгілеріне байланысты факторларды: этникалық тегі, жыныстық, жастық ерекшеліктері, туыстық байланыстары, дене бітімі мен интеллектуалдық қабілеті.
Екінішісіне – қызмет түрі., мамандығы және кәсіби деңгейін жатқызған.
Үшінші топқа – меншік, материалдық және рухани құндылықтар мен артықшылықтарды жатқызады.
Ғалымдардың көпшілігі әлеуметтік стратификация процесінде осы аталған өлшемдер мен факторладың шын мәнінде орын алып отырғанын атап көрсетеді. Қоғам дамуының бір кезеңінде бұл өлшемдердің біреуі маңыздырақ болса, келесі бір кезеңде келесі біреулерінің маңызы ара түседі. Мәселен, Кеңес қоғамындағы иерархиялық жіктелу процесінде саяси факторларлың маңызы зор болды. Билік саласында қызмет ету, партияға мүше болу, саяси шешімдерді қабылдауға қатынасу сияқты факторлар жоғары топ адамдарын қалыптастырды. Ал, жоғары билік адамдарының байлық пен меншікке қол жеткізуде мүмкіндіктері кең болды. Кеңестік дәуірден кейінгі қоғамдарда нарықтық экономикаға қту барысында әлеуметтік жіктелуге әсер ететін жаңа факторлар маңызға ие бола бастады. Ресей Ғылым Академиясының «Әлеуметтану институты» жүргізген зерттеулер нәтижесінен қазіргі қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге әсер ететін факторлардың төмендегі иерархиясын байқауға болады. Респонденттердің 91,3%-ы әлеуметтік жіктелідегі басты фактор ретінде «билікті» атап көрсетсе: табыс көлемін - 91,2%-ы; меншікті – 64,8%-ы; көлеңкелі экономика немесе заңға қарсы іс-әрекеттерді – 52,7%-ы; білімді - 35,1%-ы; қабілет пен талапты – 34,6%-ы; мамандық түрін – 30,1%-ы; адамның шығу тегін – 25,0%-ы; ұлттық тегін – 14,5%-ы атап көрсеткен. Яғни зерттеудің нәтижесінен бұл қоғамда билікке қатынас, табыс көлемі, меншіктің болу сияқты факторлардың әлеуметтік жіктелу процесінде жоғары маңызға ие болып отырғанын көруге болады.
Әрине, әлеуметтік стратификация процесінде білім деңгейі, кәсіби шеберлік, жоғары мәртебе (престиж) деген өлшемдердің маңызы зор екенін естен шығармуымыз керек. Білім деңгейі – мектептегі, орта жоғары оқу орындарында алған біліммен, сол сияқты ғылыми атақ, дәрежемен есептеледі.
Кәсіби шеберлік – белгілі бір мамандық бойынша адамның арнайы білім дәрежесі мен шеберлігінің танылуы.
Мәртебе – адамның жоғары статусына қоғам тарапынан көрсетілетін сый немесе құрмет. Соңғы кезде әлеуметтанушылар жоғарыда айтылған өлшемдерді ескере отырып, қоғамды 3,4,6 және одан да көп жіктерге бөліп қарайтын стратификациялық модельдерді ұсынуда. Біз соның 4 жіктен тұратын моделіне тоқталсақ, олар мыналар: жоғары тап; орта тап; жұмысшы табы; төменгі тап. Жоғары тапқа ірі меншік иелері – қаржы және өнеркәсіп магнаттары, жоғары билік элиталары – мемлекет президенттері, премьер-министрлер, министрлер, жеке ведомстволар мен қызметтердің басшылары, яғни жоғары категориядағы чиновниктер жатады. Бұлар қоғамдағы шамадан тыс байлығы бар, қоғамның экономикалық және саяси өмірінде шешуші рөл атқаратын топ. Қоғамдағы олардың үлес салмағы аз, дамыған елдерде олар шамамен хлықтың 1%-ын құрайды. Кейбір елдерде жоғары тапқа жоғары шенді әскери топтар мен творчестволық иттеллигенцияның танымал өкілдері де жатады. Бұл топ өкілдерінің білім және мәдени дәрежелері, қоғамдағы статустары да жоғары. Орта таптың қоғамдағы алатын орны ерекше. Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде олар халықтың 60-80% - ын құрайды. Бұл тапты қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі десек те болады. өйткені орта тап қоғамның негізгі интеллектуалдық күші мен жоғары мамандық иелерінен тұрады. Орта тапқа қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың мамандықтардың өкілдері жатады. Олар – ғалымдар, жазушылар, суретшілер, діни қызметкерлер, оқытушылар, дәрігерлер, заңгерлер, орта және шағын кәсіп иелері, маманданған жұмысшылар, т.б. Орта тап адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш – жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады. Бұл жерде айта кететін бір жағдай – орта тпатың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар
жоғары орта тап:
орта таптың орташасы:
төменгі орта тап.
Орта тапты осылайша жіктеуде жоғарыда айтылған факторлар, яғни адамдардың билікке қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлері ескеріліп отыр. Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем басқа. Ғылыми – техникалық прогресс заманында жұмысшы табы еңбегінің мазмұны, сипаты өзгерді. Олар механикаландырылған және автоматтандырылған өндіріс салаларында – заводтар мен фабрикаларда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету салаларында еңбек етеді. Бұл тап өкілдерінің тұрақты табыстары, белгілі бір дәрежеде білім және кәсіби дайындықтары бар. Төменгі тап – құрамы жағынан сан алуан. Оларға арнайы мамандықтары жоқ жұмысшылар, жұмыссыздар және люмпендер (қайыршылар, босқындар, қылмыскерлер) жатады. Бұлардың көпшілігінің құрақты табыс көздері болмағандықтан, олар абсолюттік кедейшілік жағдайда өмір мүреді.
Сонымен, әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (француз тілінде – теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.
76. Қоғамның әлеуметтік құрылымы: түсінігі, негізгі элементтері
Қоғамның құрылымы өте күрделі. Қоғамның әлеуметтік құрылымы – тіршілік әрекетінің шаралары бойынша әлеуметтік топтар мен адамдар қауымдастықтың құрылымына байланыстар мен қатынастар жиынтығы.
Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне:
таптар
қала және ауыл адамдары
ой және дене еңбегінің өкілдері
сословиелер
әлеуметтік-демографиялық топтар
ұлттық қауымдастықтар
Бұл айтылғандарды сызбанұсқа түрінде былайша бейнелеуге болады.
Әлеуметтік құрылымның басты элементтері
Байланыстар мен байланыстар мен
қатынастар
қатынастар
Әлеуметтік қоғадастықтар деп, белгілі бір отақ белгілері бар, яғнм мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз.
Қоғамда адамдар қоғамдасуының сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуге болады.
І. Тұрақтылық дәрежесіне қарай:
1) қысқа мерзімдік байланысқа негізделген, тұрақтылығы төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп е атайды.
Мәселен, бұл топқп театрдегі спектакль көрермендерін, поезд вагонындағы жолаушыларды, туристік топ немесе митингке қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсіз әрі кездейсоқтық сипаты басым болады.
2) тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы)
3) тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар)
ІІ. Көлеміне қарай: 1) үлкен әлеуметтік топтар немесе қоғамдастықтар (ұлттар, таптар, әлеуметтік жіктер, кәсіби бірлестіктер); 2) орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары); 3) кіші қоғамдастықтар немесе топртар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлері, оқу топтары). Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынас мен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат-мүдделері де жақын болады
ІІІ. Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар: 1) әлеуметтік-экономикалық (касталар, сословиелар, таптар); 2) әлеуметтік-этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар); 3) әлеуметтік-демографиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер); 4) әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер); 5) әлеуметтік-территориялық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі.
Әлеуметтік қоғамдастықтарды осылайша жіктеу түсінікті де дәлірек болады. Ол сызбанұсқа түрінде былай көрінеді:
оғамның әлеуметтік құрылымын осындай үш өлшем тұрғысынан жіктей келе
әлеуметтану ғылымы басты назарды әлеуметтік-экономикалық қоғамдастыққа аударады. өйткені қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мәнін, себептерін түсіну үшін бұл аталған өлшемнің мәні зор. Ол туралы алдағы тарауларда айтылады.
Жоғарыда біз әлеуметтік құрылымының басты элементтеріне әлеуметтік институттар жптады дедік. Әлеуметтік институттар – қоғам мүшелерінің бірлесіп өмір сүрлеруін ұйымдастыру мен реттеп отырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасындағы қарым-қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік инстиуттар қоғамның, адасдардың қажеттілігінен пайда болды. Мәселен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігін полиция (милиция) институты пайда болды.
Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:
1) Экономикалық инстиуттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша – тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады.
Еңбек ақы – жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.
2) Саяси институттар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырып отырады.
3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді.
4) Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасцында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де беркі болуына тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді. ұл сызбанұсқада келтірілген әлеуметтік институттар арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек саяси билікті ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен қатар
Отбасы саласындағы институттар
отбасы
ана
әке
неке
балалары
экономикалық, рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады.
Қоғам ілгеріліп дамыған сайын әлеуметтік институттар да дамып, жетіліп отырады.
77. Қазақ ағартушыларының әлеуметтік-саяси көзқарастары (Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин)
Қазақ халқының өз заманының ойшылдары дүниенің, болмыстың, өмірдің, адамның жай-күйін жете түсінуге ұмтылған. Нақты өмірден бастау алатын қазақтың философиялық көзқарастары қоғам мен табиғат туралы пікірлерге толы. Міне, осы қоғамдық қатынастар турасындағы кейбір тұжырымдамалар кеңес берушілік сипатқа ие. Ал кеңес берудің астарында саяси консалтинг технологияларын қолдану элементтері жатыр. Жалпы консалтинг (ағыл. consulting) ұғымының аудармасы кеңес беру дегенді білдіреді. Бұл кез келген құбылыстың ұйымдастырушылық дамуы мен басқару салаларының күрделі мәселелерін шешуге бағытталған интеллектуалды шара. Аталмыш шараның түп қазығы тереңде жатыр. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, ең алғашқы кеңесші қызметін өз шығармалары арқылы танымал Қытай философы Конфуций атқарған. Ежелгі дүниедегі саяси кеңес беруде философтар, шешендер мен абыздардың рөлі ерекше болды. Сондықтан Қазақстандағы саяси консалтинг нарығының қайнар көзін ертедегі билер немесе ақсақалдар кеңесінен бастау алатынына толықтай сенімдіміз. Сонымен қатар, өз заманының ойшылдары, ағартушы ғалымдардың шығармалары халықтың әлеуметтік-саяси көзқарастарын қалыптастыруға мол үлесін қосты. Саяси ғылымдарының докторы Ә. Бәкір республикалық «Алтын орда» газетіне берген бір сұхбатында: «Қоғамның әртүрлі сатысында жарнама әртүрлі рөл атқарған. Нарыққа дейін қазақ жарнаманың не екенін білмеді деуге болмайды. Жарнама қазақтың өмірінде де болған. Әсіресе жәрмеңкелер кезінде, мәдени шараларға, сауда-саттыққа байланысты жарнамаларды жаман пайдаланған жоқпыз. Жібек жолы кезінде жарнамалар, тіпті, жақсы көрінді. Рас, бұрынғы жарнама мен бүгінгі жарнаманың арасында айырмашылық көп. Жарнама Кеңестер дәуірінде де болды. Бірақ, ондағы үлкен кемшілік - жарнаманың көбіне-көп саясаттанып кетуі. Өйткені, ол кездегі іс-шаралардың бәрін саясаттандырып жіберген болатынбыз. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жарнамаға таптық сипат беріп, «Кулактарды тап ретінде жояйық!» - десек, Отан соғысы жылдарында жарнама-ұрандардың бәрі басқыншылықты жеңіп, жеңіске жетуге арналды. Әрі ондай жарнама-ұрандар сол кез үшін қажет те болды, сонымен қатар, аса маңызды рөл атқарды. Жарнамалардың бел алған бір кезі - соғыстан кейінгі бесжылдықтар, соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру, дамыту кезеңдері» [1], - деп айтады. Сонымен бірге, «Бес ғасыр жырлайды» кітабында мынадай деректер кездеседі: «Керей, Жәнібек хандардың ақылшы биі болған Асан қазақ руларының орда көтеруін жақтайды, қазақтар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң ел іргесі берік, ағайын ұжымы күшті болуын үндейді. Өз өлең, толғауларында хандық үкіметті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. Жәнібек ханды табысқа мастанбауға, елдің түбегейлі болашағын ойлауға шақырады. Феодалдық қоғамдағы әдет-ғұрып, мінез-құлық мәселелерін көтереді. Өзінің ақындық күшін туыстас руларды бір орталықты, қуатты мемлекет етіп ұйыстыру жолына арнайды. Біздің заманымызға жеткен толғауларынан Асанның қилы кезең табиғатын жыға танығаны, тіпті Алтын Орданың орнында пайда болған хандықтардың бәрінің құрып бітетініне дейін болжай алғаны көрінеді» [2]. Міне, осы ойларға сүйене отырып, қазақ халқының философиялық көзқарастарының қалыптасуының алғашқыларының қатарындағы Қорқыт ата мен Асан қайғы, ағартушы-классиктер Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсыновтың еңбектеріндегі тұжырымдар мен Бұқар жыраудың жырларындағы үгіт-насихаттық ойларына сараптама жасауды ниет еттік. Қорқыт ата – қазақ ойшылы, исі түркіге ортақ дана. Қорқыттың басынан өткен қызықты оқиғалар ХV ғасырда «Қорқыт ата кітабы» деген атпен жазылып, хатқа түскен. Кітаптың екі нұсқасы Дрезден мен Ватикан қалаларының кітапханасында сақталған. Сонымен қатар, 1950 жылы Бакуде, 1982 жылы Мәскеу қалаларында басылып шыққан. Орыс, неміс, итальян сияқты т.б. тілдеріндегі аудармалары бар. Қорқыт атаның ел аузында қалған көптеген нақыл сөздері әлі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтпайтыны анық. «Құмды қанша үйгенмен төбе болмас, Қара есектің басына жүген таққанымен тұлпар болмас», «Күңге сарыпай шапан жапқанмен, бәйбіше болмас», «Тозған мақта боз болмас, ежелгі жау ел болмас», «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада», «Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме», «Ең сүйкімді әйел – отбасының құты болған әйел» [3], - секілді қанатты сөздері қазақ халқының мақал-мәтеліне айналды. Осы нақыл сөздердің жолдары арқылы отбасындағы ананың рөліне ерекше назар аударылғандығын байқаймыз. ХV ғасырда өмір сүрген атақты қазақ ақыны Асан қайғы қазақ халқының тағдыра шешілер тұста өмір сүрді. Жоғарыда атап өткеніміздей, ол шығармаларында тарих пен қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін түсініп және мұны әр адамға ой салар мәселе ретінде қояды: ... Ауылдағы жамандар, Ел қадірін не білсін? Көшіп-қонып көрмеген, Жер қадірін не білсін [4]! Жалпы ақын өз шығармалары арқылы адамгершілік ілімдерді негізге ала отырып, әлеуметтік-әділеттілік түсініктерін, «әділетті хан» идеясын, адам туралы көзқарастарын, этикалық және эстетикалық салауаттардың ара-қатынасын айқындайды. Оның пікірінше, әділдіктің белгісі – бірқалыптылықта; ақылдының белгісі - өткен істі қумауында; надандықтың белгісі – білгеннің тілін алмауда екен. Ол әділеттілікті хан саясатынан іздеп, бірақ оны таба алмай, ханға көптеген өлеңдерін арнап, «әділетті хан» идеясын ұсынады. Асанның саяси-әлеуметтік идеясы оның қоғамдық өмірге терең үңілуінен тарайды. Оның хан алдындағы саяси платформасы мына схеманың негізінде қалыптасқан: 1) Мал өсіру үшін құнарлы жайылым мен жер-су керек. Қыста жайлы қоныс қажет; 2) осы шарттар орындалған күнде оның ел-жұрты өсіп-өркендеп, өрісі кеңейіп, тамыры терең жайылады; 3) саяси-әскери қақтығыстарды болдырмау үшін ел санын көбейту мақсатына орай айтылады. [4, 213 б]. Қазақ қоғамдық ой-пікірлерінің тарихында ағартушылық көзқарастарымен ерекшеленетін шығармалардың маңыздылығы өте жоғары. Қазақтың ірі әдебиетші-ғалымы, драматург, қоғам қайраткері М. Әуезовтың жиырма томдық шығармаларының он тоғызыншы томында жазушы мынадай пікірде: «Қазақ ССР тарихының өткен ғасырын еске алсақ, көзге толық, көңілге медеу үш адамды алдымен айтамыз. Олар кең Қазақстанның шалғай жатқан өлкелерінен шықса да бір туғандай сезілетін асыл жандар. Олар: үшеуі үш мұнарадай болған Шоқан, Ыбырай, Абай. Бұл үшеуінің өмір, еңбек майдандары үш алуан болуымен қатар, үшеуін бір туғандай ететін ұқсастық та аса айқын. Ол ұқсастық: олардың нәр алған тамырынан, аналық топырағынан туған. Бұлардың бәрі де қазақтың киіз үйінде туып, өз елінің өкілі болып шығуымен қатар, тек қазақ халқының ғана тіл, өнер, тарихи мәдениет ерекшеліктерінің көлемінде қалған жоқ, туысы қазақ болса да бұлардың өрісі, өсуі басқаша. Олар өздерінен бұрынғы қазақ баласы бармаған ырыс өлкесіне жетті. Сол барысында шын шұрайлы, анық аналық қазына тапты. Шоқан орыстың алдыңғы қатарлы демократиялық озғын мәдениетін меңгермесе, Шоқан болмас еді. Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымаса, Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесі, орыстың адамгершіл, прогресшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас еді. Солар сияқты Абай да Крылов, Пушкин, Лермонтов, Салтыков-Щедрин қалдырған әдебиетік мұраны ұғып, меңгермесе Абай болмас еді» [5]. Қазақ ойшылы, этнографы, тарихшысы, географы, ғұлама ғалымы және ағартушысы Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері мен қоғамдық көзқарастары бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпайды. Оның «Абылай», «Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары», «Сібір қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы записка», «Жоңғария очерктері» [6] атты мақалалары халқымыздың қалыптасуы мен дамуы туралы баяндайды. Мәселен, «Абылай» мақаласында Шоқан даңқты ханның өмір жолына шолу жасайды. Сол заманның қазақтар үшін ерлік дәуірі екендігін айқындайды. Ханның көптеген басшылық сынынан өтіп, жау қолында тұтқында болған кезеңдері туралы айтады. Оның түбі терең болжағыш саясаткер екені анықталады. «Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары» атты мақалада ғалым қазақ халқында шамандықтың қалдықтары туралы да ғылыми тұжырымдар келтіреді. Халқымыздың ислам дінін ұстанатынын, оның ішінде шаман ғұрыптары мен ырымдарын тұтынуы анықталады. Сонымен қатар, өлген ата-баба рухтары, аруақтар, немесе оргондар, шамандардың емдеу тәсілдері мен табыну нысандары, садақаға сойылатын малдар, қазақтардың космологиялық ұғымдары, жаратылыстағы киелі күштер туралы сөз етеді. Осы мақаласында Шоқан «Өлі мен тірі туралы және олардың достығы туралы ертегі» ұсынады. Өлі жігіт пен тірі жігіт арасындағы достықтың мәнін айқындайды. «Балам, есіңде болсын, елсіз жерде кездессең... моланы құр қалдырма, егер оған түнде кездессең түнемей өтпе», - деген сөздері дәстүрді ұстану мен өзгенің кеңесін тыңдау, жігіттің жолбарыстарға ұмтылуы батырлықтың қажеттілігін дәріптейді.
Шоқанның «Жоңғария очерктерінде» Жоңғар тауларының табиғи ерекшеліктері, жануарлары, бұл елдің ертеден қалған ескерткіштері және бұл елдің тұрған халықтары туралы айтып өтеді. Көшпелі тұрмыс үстем болған Жоңғарияда отырықшылықтың да болғаны туралы Чига қаласындағы алғашқы тарихи мәліметті пайдаланады. Сонымен бірге, сол төңіректегі діни бірлестіктер жайында да материалдар келтіреді.
Қазақ мектептерін Европа жолына, өнер жолына бұрып бастаған ең тұңғыш жаңашыл оқытушы, тарихта өшпестей із қалдырған педагог, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметке қосқан үлесі мен еңбегі зор. Ыбырай жастарды оқу-білім, өнерге үндегенде құрғақ насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дәлелдеуге ұмтылады. Айтпақ пікірді оқушы зердесіне еркін сіңіру үшін әр алуан ұстаздық амал-тәсіл қолданады. Ол ең алдымен шешендік қайталауларды ұтымды пайдаланады. Ақын әр шумақ сайын: «Бір құдайға сыйынып, Кел балалар, оқылық, Оқығанда көңілге Ықыласпен тоқылық!» - деген жолдарды әдейі қайталай отырып, оқу-білімнің пайдасын айтуда бала жүрегіне жол таба білген. Ол білімділік пен надандықтың ара жігін ашып көрсету талабында жарық пен қараңғылықты қатар, жарыстыра алып сипаттайды. Осы орайда ақын алдымен оқудың пайдасын жарыққа балап: «Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар!» - десе, надандықтың мән-жайын: «Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап» - дейді. Автор өзі үндеп отырған оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына үлкен мән береді. Ол үшін инемен құдық қазғандай ыждаһат, сабырлылық қажет екенін ескертеді. Сондай сарыла ізденудің арқасында қол жеткізген оқудың азбас, тозбас өнерге айналатынын айтады. Ақынның ойынша, оқу-білім мәңгілік, ол жұтамайды, таусылмайды. Ыбырайдың «Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңі тың мазмұнды, жаңа сипатты шығарма дей аламыз. Ақын мұнда қазақ балалары түгіл, ересектердің ұғымында жоқ техника тетіктері мен құрал-жабдықтарының іс-әрекет, қозғалысы мен адамға көрсетер қызметін суреттейді. Шынында, құлақ естіп, көз көрмеген паравоз, параход, радио, телеграф, телефон, газ, электр, самолет т.б. секілді техника құрал-жабдықтарының қызмет-көмегі жас балалар үшін тек қиялдағы дүние секілді болатын. Сондықтан бұларды қазақ балаларына айтып түсіндіру талабында ол ел өмірінде бұрыннан бар жұмбақтау тәсілін ұстанады. Мұның бірден-бір дұрыс жол екенін дәлелдеу қажет болмас. Дегенмен мұның кейбір қырларына зер сала кеткен де артық болмас дейміз. Автор сол таныс емес техника заттарының іс-әрекеттерін алдымен өз өмірімізде бар нәрселермен теңеу арқылы ұғындырмақ болады. Айталық, ол паравозды «аты жоқ құр арба» деп бейнелесе, ал суда жүзген кемені кәдімгі нән балыққа балайды. Бұл біріншіден, жұмбақ шешіп үйренген қазақ балаларының ойлау қабілеті мен соған деген ықылас-ынтасын арттырса, екіншіден, жаңа заттың болмысы мен қызметінен хабардар болып, нақты түсінік алады. Сондықтан бұл жырлар танымдық сипаты жағынан теңдесі жоқ шығармалар болып саналады. Ы. Алтынсарин алғаш әдебиетімізде проза жанрының да негізін қалады. Ол әңгімелерінде жас шәкірттерді адамгершілікке, ізгілік пен бауырмалдыққа, адал еңбек пен әділдікке, әдептілік пен сабырлылыққа, зейінділік пен білімді еркін игеруге шақырды. Өз әңгімелерінде отырықшылықтың артықтығын дәлелдеуге ерекше зер салған жазушы «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй» секілді шығармаларын жазды. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде автор мал баққан халықтың жұт пен барымтаға тәуелді екенін айта келіп, жоқшылыққа ұшыраған отыз үйлі тобырдың басшысы Сейітқұлдың ақылдылығы мен тапқырлығын жастарға үлгі етіп ұсынады. Ол сауда жасауға мал жоқ, ұрлық істеуге оның түбі қорлық деп санап, өзен-сулы Қабырға деген жерге елін көшіріп әкеліп қоныстандырады. Жұртқа кетпен беріп, жер тегістетіп, арық қаздырып, егін өсірумен айналысады. Өнімдерін көшпелі елдерге сатып, аз жылда малды ауыл болып, байып та кетеді. Ойдан-қырдан келушілер көбейіп, артынша төрт жүз үйлі ауылға айналады. Сөйтіп адал еңбек, маңдай терімен байыған жұрт өзгелер батып келе алмайтындай қорған тұрғызып, қалалардан киім-кешек, азық-түлік алдырып, мамыражай өмір кешеді. Сонымен қатар, жазушының «Аурудан аяған күштірек», «Асыл шөп», «Малды пайдаға жарату» атты әңгімелері қайырымдылық пен бауырмалдық, сабырлылық пен шыдамдылық секілді ізгі қасиеттерді тәрбиелеуге арналған. Ыбырай мұнда балалар ұғымын ескеріп, оқиғаның қысқа қайырылып, мысал, жұмбақ іспеттес етіп құрылуына мән береді. Сол арқылы шәкірттердің зейін-ықыласын арттырумен қатар, олардың ойлау қабілетін жетілдіруге зер салады. «Бай мен жарлы баласы» атты әңгімесі өзге шығармаларынан жеке дара тұр деп айта аламыз. Мұнда жазушы бай баласы Асан мен кедей баласы Үсенді бас кейіпкер етіп ала отырып, әлеуметтік мәні зор ірі мәселеге назар аударады. Баланың қалыптасуына орта мен отбасының әсер-ықпалын ашып көрсету арқылы мән-маңызы үлкен қорытынды жасайды. Жоқшылық көрмей, тек дайынға үйренген бай баласы Асанның өмірге икемсіздігін, ал бұған қарсы еңбексүйгіш, тәжірибелі кедей баласы Үсеннің қиын сәтте икемділігін нанымды етіп сипаттайды. Сол арқылы өмірдің күрделілігін аңғартып, қандай қиыншылықты болса да еңбек пен тәжірибе жеңеді деген байсалды пікір ұсынады [5, 8-17 бб.]. Қазақтың ұлы ақыны, философ, жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың әлеуметтік-саяси, антропоцентристік, гуманистік көзқарастарының орны ерекше. Оның әрбір поэмалары, қара сөздері, өлеңдері мен аудармаларының негізгі мәнін тереңінен түсіне алсақ, өткен заманды, елдің жайын, халық тағдыры мен арманын ұғынамыз. Сол арқылы қазіргі кезеңді, кешегі мен бүгінді, болашағымызды айқындай аламыз. Ұлы Абай өзінің бірінші қара сөзінде: «қалған өмірімді қайтып өткіземін», - дей келе, «ел», «мал», «ғылым», «дін», «бала» бағамын ба?», - деп сауал тастайды. Ақыры: «... ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын...» [7] - дейді. Енді ақын қара сөздеріндегі үгіт-насихаттық сипаты мол ой-толғамдарына тоқталайық. Үшінші қара сөзінде: «...Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі жылы «Сені біз сайламадық па?» деп елдің бұлданғандығымен күні өтеді. Екінші жылы кандидатпенен аңдысып күні өтеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап қалып, тағы болыс болып қалуға болар ма екен деп күні өтеді...» [7, 161 б.], - дейді. Бұл ақын дәуірінде демократиялық құндылықтардың қалыптасқандығын көрсетумен қатар, ол сол заманның өзінде бүгінгі күндегідей сайлау науқаны барысындағы кандидаттардың жағымды имидж қалыптастырудағы қимылдарын еске түсіреді. Болыстыққа түсерде қазіргідей өзіндік технологиялар жүргізу кезеңінде сол заманның өзінде-ақ білімді болуының негізгі алғышарт екендігін көрсетеді. Сегізінші қара сөзінде: «Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Біреу – болыс, біреу – би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді...» [7, 165 б.], - дейді. Ақын бұл пікірі арқылы екеуінің өз заманында өздерін үздік кісі, біреуге үлгі беріп, ақыл айтуға сайланғанбыз деп шектейтіндігін, байлар үшін адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білімнің малдан қымбат еместігін қынжыла баяндайды. Қоғамдық дамудың негізгі құндылықтарын олардың бұлай бағалауы кедейлердің ой-пікіріне ықпал етіп, білім, ғылым, ақылды керек етпейтіндігіне көңілі толмайды. Десек те, бүгінгі күнде халықтың санасында мұндай көзқарастардың қалып қойғандығы жасырын емес. Абайдың ақылды кісі мен ақылсыз кісінің парқын айқындауы (он бесінші қара сөз), қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің өнерлерін айтысып, таласып ғылымға жүгінуі (он жетінші қара сөз) секілді ойлары ақылдылық пен ғылымның жоғарылығын дәлелдейді. Ғылымның қоршаған әлемді объективті бағыттарын жүйелендіретін адамзаттың ерекше дүниетанымдық қызметі екендігін көрсетеді. Бұл қызметтің негізі болып мәліметтерді жинау, оларды жүйелендіру, жаңа ілімді сараптау мен синтездеуде жатыр. Ғылым бақыланатын табиғи немесе қоғамдық құбылыстарды суреттеп қана қоймай, болжамдар жасауға септігін тигізеді. Сондықтан Абай шығармашылығынан болжам жасау үлгісін байқаймыз. Көрнекті қазақ ақыны, ағартушы-демократы, әдебиет зерттеушісі, аудармашы, қазақ эстетикасының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми және ақындық мұрасы ұлт игілігіне қызмет етіп келеді. Ақын шығармашылығынан да біз насихаттық сипатқа ие ұрандарға кездесеміз. Себебі, А. Байтұрсынұлы айтқандай: «Халық тұр Құдайдан соң саған сеніп», «Жігіттер біле білсең анаң – халық, Келіңіз ана сүтін адалдалық», - деп басталатын «Азаматқа» деген өлеңі ақынның замандастарына – Алаш зиялыларына тастаған ұраны іспеттес. «Жүргенің хан ұлындай халық арқасы. Мінезді қадір білмес қолданбалық» деуі бүгінгіге қажет ой: қалың қазақ қолдамаған ер хан ұлындай өзін сезінуі мүмкін бе?! Мұсылман ғалым Ахмет Байтұрсынов бәрін Алланың құзіретіне телиді: «Түгел бір өзіңе иа Алла, Аша гөр бұл халықтың сен бір бағын», - деп жырлайды. Бірақ, елдің бірігуінсіз еш нәрсе бітпейтінін де айқындап береді: «Жігіттер, жалғыз-жалғыз аттанбалық, Біздерді халық байғұс көзім деді, Халықтың кел шығалық үмітінен» деп бірігіп, тірлік жасауды насихаттайды [8]. Сонымен қатар, ақын бір сөзінде: «Біздің мұнан соңғы айтатынымыз: қазақтың бас адамдары! Әуелі, Сіздер адаспаңыздар, адаспас үшін ақылдасып, ойланып, ынтымақты іс етіңдер. Екінші, қазақтың байлары, күштілері! Жарлы-жақыбай, нашарларыңды жермен теңгеріңдер. Бір асауға да болса құлдық дейтіндер көбінесе солардан болады. Үшінші, Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай, түзу істеңдер. Сендер адассаңдар, арттарыңнан ерген Алаш адасады. Арттарыңнан ергендердің обал-сауабына Сіздер қаласыздар», - деп ұлт жақсыларына ерен жауапкершілік жүктеп, жұрт жұмысын адал атқаруға үндейді [8, 13 бб.]. Өз заманының үздік үгітшісі Бұқар жырау қалың қазақтың рухани талабына қызмет етті. Ол үгіттеу жолында адалдыққа, адамгершілікке, ерлікке, бірлікке шақырып, күнделікті өмірдің мерейлі де шуақты қағидаларын уағыздады. Сонымен бірге, қазіргі тілмен айтсақ ол Абылай ханның саяси имиджін қалыптастырумен қатар, оның өткен өмірі жайлы жырлады. Оны төмендегі өлең жолдарынан байқаймыз: Әй, Абылай, сен он бір жасыңда, Әншейін-ақ ұл едің. Он бес жасқа келгенде, Арқада Әбілмәмбет төренің Түйесін баққан құл едің. Абылай атың жоқ еді, Сабалақ атпен жүр едің... [9]. Тағы бір жырында Бұқар жырау бейбітшілікті үндейді: Абылай ханның қасында Бұқарекең жырлайды. Жырлағанда не дейді? Соғыспа деп жырлайды... [9, 35 б.]. Жалпы қазақ жыраулары хан ордаларында жүріп, мемлекет басқару ісіне тығыз араласқан, хандар мен батырларға, бүкіл халыққа ақыл-өсиет айтқан, болашақты болжап, істің жөнін нұсқап жүрген дуалы ауыз, ақылгөй кеңесшілері, хандар мен ерлікпен аты шыққан батырлардың, қолбасшылардың ерліктерін мадақ етіп жыр айтқан. Соғыс кезінде жыраулар ханның әскери кеңесіне қатысып, жауынгерлердің рухын көтеріп отырған. Ақындардай емес, олар тайпалар шежіресін аса жақсы білген, батырлық эпос пен тарихы жырларды орындаған. Жаумен қиян-кескі ұрыс басталар алдында жауынгерлердің рухын көтеріп жыр төккен жыраулардың шығармаларына өсиет және жорық сарындары тән [10]. Қазтуған жырау өмір туралы, атамекен, туған ел мен әскери тақырыптағы туындылар жазса, Доспанбет жырау шығармаларында көшпенді жауынгерлердің бейнелік тұлғасы, батырлық кейпі көрінеді. Жорық жыршысы болған Марғасқа жырау Есім ханның бір орталыққа біріккен мықты феодалдық мемлекет құру идеяларының ұраншысы қызметін атқарса, шонжарлар тұқымынан шыққан Жиембет жырау хан үкіметіне қарсы болады. Ақтамберді толғауларында атқа қонуды, ойраттарға қарсы соққы беруге, жұртшылықты ерлікке үндеп, қарсы келген жауға қорықпай шабу насихатталады. Сонымен қазақтың саяси ойларындағы жеті тұлғаның әлеуметтік-саяси пікірлеріне сараптама жүргізілді. Қазақ данышпандарының қоғам мүшелеріне өз шығармалары арқылы ынтымақтастыққа, бейбітшілікке, ізгілікке, сауатты болып, ғылым қууға кеңес бергендіктері байқалады. Сондықтан қазақтың барша ғұлама ғалымдарының пікірлері бүгінгі күнде де құндылықтары мен өзектілігін жоймайтындығы анық.
78. Келе біткен мәртебе – ол
Әлеуметтік мәртебе деп адамның топтағы немесе қоғамдағы позициясын, жағдайын айтады. Әлеуметтік мәртебе индивидтің жан-жақты және сонымен бірге жалпылама сипаттамасын: кәсібін, біліктілігін, атқаратын жұмысының сипатын, лауазымын, материалдық жағдайын, саяси ықпалын, іскерлік байланыстарын, ұлтын, дінін, жасын, отбасылық жағдайын, туыстық байланыстарын және т.б. қамтиды.
Әлеуметтік мәртебе
Туа біткен мәртебе Келе біткен мәртебе
білімі
кәсібі
атқаратын қызметі
табыс деңгейі
Келе біткен мәртебе - адамның өзінің күш жұмсауымен анықталады (мысалы, жазушы, генерал, студент, директор және т.с.с.)
79.М. Вебер мен Г. Зиммел әлеуметтануы
Достарыңызбен бөлісу: |