Социология. Әлеуметтік стратификацияның тарихи типтері



бет23/37
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#13315
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37
Әлеуметтік зерттеудегі интервью

Интервью (ағылш. interview - әңгімелесу) – респондентпен тікелей диалог арқылы ақпарат алу әдісі, мұның мақсаты әлеуметтік зерттеу бағдарламасында көзделген сұрақтарға жауап алу болып табылады.

Өткізілу рәсімі бойынша интервью мыналарға бөлінеді:

  • Бір ғана респонденттен бір ғана мәселе бойынша белгілі-бір уақыт аралығында панельдік көп сатылы интервью алу. Мақсат – проблеманың даму динамикасын зерттеу;

  • Топтық;

  • Бағытталмаған.

  • лайда мынадай қиындықтар кездеседі:

82. Т. Парсонс тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы

Парсонс Талкотт (1902-1979) - белгілі американ әлеуметтанушысы. Парсонс адамдық шындықтың барлық жағын қамтитын теориялық жүйені қалыптастыруға тырысты. Қоғамды сақтау мен тұрақтылық жағдайларын талдады. Кез келген жүйенің сақталуын қамтамасыз ететін негізгі төрт қызметті анықтады: бейімделу, мақсатқа жету, ықпалдасу мен модельді қолдау. "Әлеуметтік стратификация теориясына талдамалы көзқарас" атты еңбегінде қоғам туралы функционалдық ұғымды теориялық тұрғыдан негіздей бастайдыӘлеуметтік жүйе деңгейінде бейімделу функциясын - экономикалық бөлік, мақсатқа жету функциясын - саяси, ықпалдасу функциясын - құқықтық институттар мен дәстүр, модельді қолдау функциясын - наным жүйесі, мораль және әлеуметтендіру ұйымдары (отбасы, білім беру институттары, т.б.) қамтамасыз етеді. Парсонс пікірінше, әлеуметтік жүйені талдауда үш деңгей бар: құндылықтар, қалыптасқан заңдар мен ұжымдық ұйымдар.

Парсонс құрылымдық структурализм деген атқа ие болған жалпы соіиологиялық теорияның негізін салушы. Бұл теорияның іргетасы – «әлеуметтік әрекет» тқжырымдамасы болды. Қоғамдық өмір – адамдар (индивидтер) қарым-қатынасының шексіз көптігі мен шырмауы, ал қоғам – адамдардың дәлелді бірлескен әрекет және ол белгілі бір ортада әрекет ететін индивидтерден тұрады. Парсонстың пікірінше, кез келген әлеуметтік құбылысты адам мінез-құлығын (жеке әлеуметтік әрекетін) зерттеу арқ. түсіндіруге болады. Парсонста әлеуметтік әрекеттің субъектісі моральдік индивид болып саналады.

Әлеуметтік әрекеттің белгілі бір құрылымы бар: әрекет етуші тұлға, мақсат, ситуация(жағдай); нормативті бағдар, әрекет затының (басқа тұлғаның) реакциясы.

Осының бәрі индивид неге осылай әрекет еткеніне түсінік беруі тиіс. Ең алдымен, адамның мінез-құлығы адамға қоғамның таңып беретін (міндеттейтін) мәртебелік – ролдік мінез-құлығының мазмұнымен байланысты. Осылайша адам әлеуметтік сахнада «актерге» (әрекет етуші тұлға) айналады.

Адам «актер» ғана емес, шынайы әлеуметтік әрекеттің «архитекторы» да. Өз таңдауын, өз мақсатын ол сол қоғамның мәдениеті (қоғам құндылықтары жүйесі)(қоғамда өмір сүріп, одан еркін болуға – болмайды!) және өз тұлғасының мәдениеті негізінде жасайды. Егер ролден күтілетін нәтиже анық және ол дұрыс орындалатын болса, қоғам тепе-теңдікте болады. Сондықтан әлеуметтік әрекеттердің табыстылығы, яғни күтілетін міндеттердің дұрыс орындалуы әрекетке сай құралдар мен әдістерді дұрыс таңдай бөлуге байл (позитивті көз жеткізу, негативті мәжбүрлеу, эгоистік компромисс).

Бірақ қоғам өз мүшелерінің ілеуметтік ролді орындауға мәжбүр ету, ролдік ауытқулар болған жағдайда оны түзетіп отыруы керек.

Парсонстың жалпы социологиялық теориясында құрылымдық талдау мәселесі маңызды орын алады. Бұл жерде ол әлеуметтік жүйені (құрылымды) қызмет ету тұрғысынан ғана емес, даму тұрғысынан да қарауды ұсынады. Бұл үшін ол тең дәрежелі және интеграция идеяларына, «тәртіп», «әрекет», «құрылым», «талап» түсініктеріне назар аударады (ғалым оны «айнымалылар» деп атайды, бұл эмпирикалық социология темині, ұғымы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет