Әлеуметтік норма - адамдардың жеке мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеудің тарихи бекітілген формасы. Қоғам өмірін құндылық тұрғыдан реттеу үшін оларды құқықтық жөне моральдық нормаларға бөлудін маңызы зор. Құқықтық нормалар заң пішімінде кейде мемлекеттік немесе әкімшілік нормативтік актілер түрінде көрініп, тиісті органдар жүзеге асыратын нақты занды нормаларды санкцияларды қолдану жайын анықтаушы диспозицияларды мазмұңдайды. Ал моральдық нормаларды сақтау ісі қоғамдық пікірдін, индивидтің имандылық парызының күшімен камтамасыз етіледі. Ал Әлеуметтік норма тек заңи және адамгершілік нормалар ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып жосындары мен дәстүрге де арка сүйейді, әлеуметтік нормаларды туыңдатып, негіздеме калайды
3.3Әлеуметтену – ол
Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Социология ғылымы “ұрының баласы — қашан да ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туады” деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені, адам анасынан бірден мәдениетті болып жаралмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процестерінде ғана қалыптасады. Әлеуметтік-мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше, биологиялық емес әдіппен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеум. жолмен жүзеге асады; әрбір жеке адам (индивид), әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан жүріп өтеді. Осынау маңызды процесті ғылымда “жеке адамның әлеуметтенуі” деп атайды. Әлеуметтену тура мәнінде, жарық дүниеге келген, адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған саналы биологиялық организмді, яки адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық-психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ, қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттық, әлеуметтік маңызды қасиеттерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы жеке тұлғаға айналдыру жолы. Сондықтан, әлеуметтену дегеніміз жеке адамның әлеуметтік ортамен диалектикалық (өзара) әрекеттесу процесі, оның барысында, бір жағынан — адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан — қоғам жеке тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған адами тұлғаға тән әлеуметтік мәні мол қасиеттерді сіңіреді. Әлеуметтену — қысқа мерзімді, бір мәртелік емес, іс жүзінде жеке адамның бүкіл ғұмырын қамтитын ұзаққа созылатын көп қырлы құбылыс. Соның арқасында жеке адам қоғамдық өмірге араласып қана қоймайды, сондай-ақ өзінің әлеуметтік статусы мен рөлін иелене және өзгерте алады. өйткені, әрбір жеке тұлға тиісті құқылар мен міндеттерді иелене отырып, қоғамдағы өзіне лайықты орынды еншілейді және нақты қызмет міндеттерін атқарады, яғни әлдебір әлеуметтік статусқа ие болады. Ол жеке тұлғаның жағдайын жан-жақты, әрі жинақтай бейнелейтін сипаттамаларды: мамандығын, кәсіби білігін, атқарып жүрген жұмыстарының сипатын, лауазымын, материалдық әл-ахуалын, саяси ықпалын, партияға және кәсіподаққа мүшелілігін, іскерлік байланыстарын, туыстық тарамдарын т.б. қамтиды. Бұлардың барлығын белгілі социолог Р. Мертон (1910 жылы туылған) “статустық жиым” деп атаған. Оның өзі туа бітті (немесе маңдайға жазылған), яки субъектіге тәуелсіз күйде, көбінесе жаратылысынан дамитын (мысалы, жынысы, жасы, ұлты, туыстары)статустар және қол жеткен (немесе қолы жететін), яғни жеке тұлғаның өзінің күш-жігерін жұмсауы арқылы алған статустары болып бөлінеді. Кей реттерде осы аталған екеуінің қасиеттерін тоғыстыратын аралас әлеуметтік статустар да (мысалы, өз еркінен тыс жұмыссыз қалғандардың, мүгедектікке ұшырағандардың, босқыншылыққа ұшырағандардың, т.б. статусы), кездеседі. Әлеуметтік статус пен жеке бастың статусты ажырата білу қажет. Мәселен, әлеуметтік статусты, яғни жеке тұлғаның бүкіл қоғам ауқымындағы не ірі әлеум. топ ішіндегі жай-жағдайын айқындар сәтте, алдымен оның қызмет істейтін саласы, лауазымы не ғыл. атақ-дәрежесі т.б. ауызға ілігеді. Былайша айтқанда, кез келген адамның әлдебір әлеуметтік топқа (әлеум.-топтық, әлеум.-кәсіби, әлеум.-этникалық, т.б.) жататындығы дәйектеледі. Ал жеке тұлғаның шағын (бастауыш) әлеуметтік топтағы (отбасындағы, бригададағы, студенттік топтағы т.б.) беделі, көбінесе, оның мәртебелік басымдығына емес, жеке бастың, даралық қасиеттеріне, оған ағайын-туыстарының, жұмыстас не курстас жора-жолдастарының, таныстарының, көршілерінің т.б. субъективті қарым-қатынастарына байланысты қалыптасады.
Әлеуметтік және жеке бастық статустар бір-бірімен сәйкес келмеуі де мүмкін. Жеке тұлғаға сипаттама беру үшін, сондай-ақ, әлеуметтік рөл ұғымын пайдаланудың да маңызы ерекше. Ол белгілі бір әлеуметтік статус иеленетін адамнан және нақты қоғамдағы осы статустар тән адамдар тобынан үміт етілетін мінез-құлықтар болып саналады. Әлеуметтік статус та, әлеуметтік рөл де ресми түрде (мысалы, заңмен не басқалай құқықтық актімен) бекітілуі немесе бейресми сипат (мінез-құлықтың моральдық нормалары) иеленуі мүмкін. Әлеуметтанушылар (Р. Линтон, Дж. Мид, Т. Шибутани т.б.) әлеуметтік рөл проблемаларын әлеуметтік статус мәселелерімен байланыстыра отырып, оны әлеуметтік статустың қозғаушы күші ретінде түсіндіреді. Әсіресе, П. Парсонс (1902 — 1979) рөлдердің құндылықтармен ажырамас байланысын айрықша атап көрсетіп, әлеуметтік рөлді жалпыға бірдей құндылықтарға негізделген әрі әлеуметтік жүйеге қажетті құрылымдық элемент құрайтын, нормативті түрде реттелетін мінез-құлық ретінде қарастырады. Яғни, әлеуметтік рөл әлеуметтік құндылықтарды жеке тұлғаның нақты әлеуметтік іс-әрекеттеріне ұластырудың құралы қызметін атқарады.
4.Әлеуметтік аномия – ол
«Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы.
Аномия — (гр. an- — жоқтық және гр. nomos — заң) қоғамның құндылықтар жүйесiндегi түбегейлi дағдарыстарды бiлдiретiн ұғым.
Аномия өзiнiң төмендегiдей белгiлерiмен анықталады: 1-қалыптасқан құндылықтардың мәнін жоғалтуы салдарынан болатын ретсiздiк нормативтiк-баптық вакуум;2-әлеуметтiк үйлесiмдiктiң жоғалуы,қоғамдағы құндылықтардың жиынтық бейнесiне айналған жеке тұлғалар беделiнiң жоғалуы;3-адамдардың жоғары мұраттардан, өмiрлiк құштарлықтарынан айырылуы;4-мiнез-құлықтағы тұрақсыздық, өзiн-өзi өлтiрудiң көбейуi, т.б. Аномия терминiн ғылыми айналысқа енгiзген француз ғалымы — Э. Дюркгейм (1858-1917). Ол «Еңбектiң қоғамдық бөлiнуi» кiтабында аномия еңбек белiнiciнiң бұрмалануы нәтижесiнде пайда болады деп тұжырымдайды және оның себебiн мамандандыру кезiндегi адамдар арасындағы ынтымақтастық пен үйлесiмдiктiң жоғалуынан көредi. «Өзiн-өзi өлтiру» деген еңбегiнде Дюркгейм эгоистiк, альтуристiк және аномиялық суицидтердiң түлерiн атап өтедi. Соңғысы дәстүрлi шектеу нормалары шайқалған кезде ырықсыз құмарлықтан туындайды делiнедi. Шектелмеген тiлектер орындалмаған жағдайда адамдарда шешiмi жоқ тұйық дағдарыстар пайда болады.[1] номия ұғымын қазiргi социологияда әpi қарай дамытқан американдық ғалым Р. Мертон (1910). Ол аномия мәселесін ауытқушылық әрекетпен байланысты қарастырады. Мұндай әрекет ұлғалық мақсаттарға заңды құралдармен жете алмайтын жағдайларда қалыптасады. Нақтылы мәдени жүйеде туындайтын мүдделер үстемдік етіп тұрған басқарушы және реттеуші тетіктерге қайшы келуі мүмкін. Аномия әсіресе, өтпелі қоғамдарда жиі кездеседі. Бұрынғы әдетке айналған бағдарлар жаңа талаптарға сәйкес құндылықтармен жылдам ауыстырыла бермейді. Мұндай қайшылықтар тұлғалар санасында ауытқушылық туғызуы мүмкін.
5. 5.Әлеуметтанулық білімнің құрылымы Әлеуметтану білімінің құрылымы — коғамдық құбылыстар мен процестер жөніндегі ақпараттардың және ғылыми түсініктер мен ұғымдардың жәй ғана жиынтығы емес. Бұл — ең алдымен әлеуметтік жүйеде пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын коғам жөніндегі білімнің белгілі бір тәртіпке келтірілуі. Бұл құрылым — әлеуметтік түрлі деңгейдегі процестер, жеке адамдар. әлеуметтік топтар немесе тұтас қоғам жөніндегі өзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, көзқарастар, теориялар жүйесі. Әлеуметтанулық түсініктер мен ғылыми білім, әсіресе оның құрылымы көп жағдайда бірнеше факторларға байланысты қалыптасады, соның ішінде әлеуметтану зерттейтін объектілері шеңбері, ғылыми нәтижелер мен қорытындылардың тереңдігі және ауқымдылығы ерекше болады.
Достарыңызбен бөлісу: |