Социологиялық зерттеудің сапалы және сандық әдістері
1. Социология ғылымының пайда болуы мен дамуы өмірлік тәжірибеден алынған мағлұматтарды талдаумен тығыз байланысты. Социологиялық зерттеулер дегеніміз-зерттеіп отырған нысан туралы объективті мағлұматтар алу мақсатындағы бір-бірімен өзара байланысты жүргізілетін логикалық, методологиялық, тәсілдік және ұйымдастырушылық-техникалық амалдар жиынтығы. Нақтылы социологиялық зертеулер:
- қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайы сиапатын білуге жағдай жасайды;
- әлеуметтік байланыстарды дамытудағы қайшылықтар мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді.
- Экономикалық, саяси жән әлеуметтік дамудың бағдарын айқындауға көмектеседі.
Социологиялық зерттеулер теориялық сипаттағы методолгиялық тұжырымдамаларды және нақтылы әлеуметтік құбылыстарды немесе, процестерді зерттеуге арналған әдістерді қамтитын бағдарламалар жасаудан бастау алады. Социологиялық зерттеулер әлеуметтік процестер мен құбылыстарды танудың тек бір құралы болып табылады, сондықтан да оның нәтижесін асыра дәріптеуге болмайды. Бірақ ол басқа тәсілдердің жанында біздің қоғамды тану мүмкіндіктерімізді арттыра түсетін, объективті мағлұмат алудың маңызды құралы. Қолданбалы социологиялық зерттеулер әлеуметтік теориялардың тәжірибелік негізін құрайтын деректерді немесе тапсырыс берушілердің нақтылы практикалық қажетін қанағаттандыра отырып, дербес, нақтылы-қолданбалы ұғымға ие болатын мәлімет жүйелерін алуға бағытталған.
Ол теориялық болжамдарды дәлелдеу немесе жалған екенін анықтау мақсатында жүзеге асады. Қолданбалы социологиялық зерттеулер негізінен төмендегідей кезеңдерге бөлінеді: 1) дайындық кезеңі; 2) жорық кезеңі; 3) мағлұматтарды өңдеуге дайындау және өңдеу кезеңі; 4) мағлұматтарды талдау және социологиялық зерттеудің қорытынды құжаттарын дайындау кезеңі.
Эмпирикалық социологияның нысаны мен пәнін белгілеп алған соң, алдағы жұмыстардың мақсаты мен міндеті айқындалуы тиіс. Мақсат – зерттеудің жалпы бағыты, күтілетін соңғы нәтижесі. Проблеманы шешу барлық уақытта да мақсатқа байланысты. Мақсатты дәл айқындау – бағдарламаның аса маңызды методологиялық талабы. Эмпирикалық зерттеудің мақсатын белгілегенде, міндетті түрде тапсырыс берушімен келісу керек. Егер эмпирикалық социологиялық зерттеудің мақсаты зерттеуші мен тапсырыс берушіге толық түсінікті болмаса, онда соңғы сатысында екеуінің арасында келіспеушілік тууы мүмкін. Мақсат дәл де түсінікті болуы үшін ол бүге-шүгесіне дейін аәқындалады және бағдарламада мақсатқа негізделген басты және қосымша міндеттер көрсетіледі. Міндеттер болашақ зерттелуге дайындық, белгілі бір әдістемелік мәселені шешу үшін де қойылуы мүмкін.
Міндеттерді негізгі және қосымша деп бөлу социологтарға күші мен уақытын тиімді пайдалануға, ең алдымен, басты міндеттерді шешуге күш салуға мүмкіндік жасайды. Алға мақсат пен міндеттің қойылуы социологиялық зерттеу ісінде жүйелілікті қамтамасыз етеді.
Соңғы жылдардығы статистиканың дамуы зерттеулерді ұйымдастыруға деген көзқарасты айтарлықтай өзгертіп жіберді: талдау міндеттері тек тәжірибелік негізде ғана емес, сипаттамалық сұрыптау кезінде де шешілетін болды. Сонымен бірге бір зерттеуде әрі сипаттамалық, әрі талдамалық зерттеу мақсаттарын бірдей шешу мүмкіндіктерінің әрдайым бола бермейтіндігін де есте ұстаған жөн.
Егер сұрыптауды бас жиынтықтың зерттеу құралы ретінде қарастыратын болсақ, онда оған қойылатын басты талап – сұрыптап зерттеудің нәтижесін бас жиынтыққа қолдану мүмкіндігі айқын болады.
Сұрыптап зерттеудің бас нәтижелерін бас жиынтыққа қолдану сұрыптаудың екі мақсатына сәйкес, екі бағыттан тұратын статистикалық қорытындының қатаң индуктивтік әдісі көмегімен жүзеге асады: 1) сипаттамалық зерттеуде қолданылатын статистикалық бағалау; 2) талдамалық мақсатта қолданылатын болжамды статистикалық тұрғыдан тексеру. Бұлайша жинақтап қорыту мүмкіндігі математикалық статистиканың теориялық тұжырымдарына негізделеді, ал ол өз кезегінде бас жиынтықтың кез келген нысанын іріктеп алуға және ықтималдықтар теориясын қолдануға сүйенеді. Бас жиынтықтан жай кездейсоқ сұрыптаудың өзінде: 1) бас жиынтықтың біртектілігі; 2) оның барлық құрамдас бөліктерінің зерттеу үшін бірдей деңгейде ашықтылығы; 3) бас жиынтықтың құрамдас бөліктерінің толық тізімі; 4) осы тізімге кездейсоқ іріктеу әдіс-тәсілдері қолданылатын болады.
Жай кездейсоқ сұрыптаудың негізгі проблемаларына: 1) бас жиынтылығы біртектілік ұғымының күрделілігі мен түрлі мағыналылығы; 2) оның құрамдас бөліктерінің толық тізімін алудың мүмкін еместігі; 3) респонденттер қабілеттілігін және олардың зерттеуге қатысу деңгейінің түрліше болуы жатады.