Содержание № Название статьи Стр



Pdf көрінісі
бет28/55
Дата05.02.2017
өлшемі4,01 Mb.
#3430
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55

 
 
 
 
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ  
 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 
 
Э.А.Шаханова 
 
Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету, педагогика ғылымдарының бір саласы. Қазақ тілі пəн 
ретінде жоғарғы оқу орындарында көп жылдардан бері оқытылып келеді. Осы уақыт аралығында 
орыс  бөлімдерінде  қазақ  тілін  оқытудың  жаңа,  өзіндік  тəжірибесі  қалыптасып,  көптеген 
оқулықтар,  əдістемелік  құралдар,  сөздіктер  жарық  көрді.  Орыс  топтарында  қазақ  тілін  оқыту 
əдістемесіне байланысты ғылыми-ізденістер де кең өріс ала бастады. 
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету үшін, оның оқыту əдістемесін одан əрі жетілдіре түсу 
–  бүгінгі  күннің  негізгі  мəселесі.  Сол  себепті,  білім  жүйесінде  соңғы  кезде  көптеген  жаңа 
технологиялар, интерактивті əдістер қолдануда. 
Білімгерлерді  тілге  қызықтырумен  қатар,  салмақты  ойлауға  тəрбиелейтін,  өмірге  деген 
көзқарастарын  қалыптастыра  алатын,  еркін  сөйлеп,  өз  пікірін  ашық  айта  алатын  ойлы  ұрпақ 
тəрбиелеуде осындай əдістердің маңызы зор.  
Инновация  білім  деңгейінің  жоғарылауына  жағдай  туғызады.  Кейінгі  кезеңде  ғалымдар  өз 
зерттеулерінде  оқу-тəрбие  ісіне  көптеген  жаңалықтар  енгізіп  отыруда.  Сөзімізге  дəлел  ретінде, 
Ж.Қараевтың,  С.Лактионованың,  М.Жанпейісованың,  Ə.Жүнісбектің  т.б.  ғалымдардың 
зерттеулерінде  оқытудың  жаңа  инновациялық  технологияларының  жан-жақты  қарастырылғанын 
атап өтуге болады. 
Педагогикалық  сөздікте  Батыс  елдерінде  ХХ  ғасырдың 50-жылдарының  аяғында,  ал  біздің 
елімізде  соңғы  онжылдықта  қолданыла  бастаған  «инновация»  түсінігі  кейде  «жаңаны  енгізу», 
«жаңалық» түсініктерімен қосылып айтылады. 
Шындығында, «инновация»  латын  сөзі  «жаңалық  енгізу»  болып  табылады.  М.Поташник 
барлық    түсініктерді  талқылай  келе: «... жаңалық  енгізу – бұл  құрал  (жаңа  əдіс,  əдістеме, 
технология, оқу бағдарламасы жəне т.б.), ал «инновация» - бұл осы құралдарды игеру үрдісі» деп 
анықтама береді /2, 145-б/. 
«Жаңашыл» сөзі орыс тілінде – жақсартушы, «жаңаландырушы» аналогында мағынасы бар. 
Бұдан  шығатын  қорытынды:  жаңашылдық – бұл  бұрыннан  бар  нəрсеге  жақсартулар,  өзгерістер 
енгізу. 
Ал «Технология» сөзіне түсінік бере кетсек, «технология»- грек сөзі, «өнерпаздық, шеберлік, 
іскерлік» деген ұғымды білдіреді. 
Ғалым-педагогтардың  ғылыми  зерттеулеріне  сүйенсек,  Беспалько  өзінің  «Слагаемые 
педагогической технологий» атты еңбегінде оны «оқу-тəрбие процесінің алдын-ала жүйелі түрде 
жобалануы, оны тəжірибеде жүзеге асыру, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тəжірибеде жүзеге 
асатын жобасы», - деп қарастырады /2, 215-б/. 

 
193 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Технология  инновациялық  іс-əрекет  жаңа  формалары,  амалдарынан  іздене  отырып,  белгілі 
бір уақытта алға нақты мақсат қоя отырып, жоғары нəтижеге жетуді талап етеді. 
С.Смирнов анықтамасы бойынша «методика» немесе «форма» оқу ұйымдарында синонимдік 
ұғымдар  (бақылау  жұмысын  жазу  технологиясы,  топтық  қызметті  ұйымдастыру  технологиясы, 
қарым-қатынастар  технологиясы  жəне  т.б.)  ретінде  көрсетілген.  Бұл  түсіндірулер  бастапқы 
«технология» ұғымын аша алмайды /1, 38-б/. 
«Білім  беру  технологиясы»  кең  ұғым.  Бұған  əр  түрлі  оқу  технологиялары  тарапынан 
педагогикалық технологиялар енеді. 
Педагогикалық  технология  өзіне  əр  түрлі  ғылым  мен  тəжірибенің  əр  саласында  таралған 
мамандандыру технологияларын біріктіре алады, оларға жаңа ақпараттық технологиялар жатады. 
Оқыту  технологиясы – бұл  жақын  ұғым,  бірақ  «педагогикалық  технологиямен»  тепе-тең 
келмейді,  өйткені,  ол  педагогикалық  технология  таңдаған  мəселелер,  тақырып,  пəндерге  белгілі 
шеңберде нақты түсініктерді игерудің жолдарын көрсетеді. Оқыту технологиясы вариативті жəне 
жеке əдістермен туыстас. 
«Оқыту  технологиясы»  ұғымын  алғаш  рет  педагогика  ғылымына  енгізген  А.Макаренко, 
қазір  бұл  ұғым  оқу-тəрбие  үрдісінде  кеңінен  қолданылып  жүр.  Ал  «педагогикалық  технология» 
ұғымына алғаш рет жүйелі зерттеу жүргізген Т.Ильина. 
Б.Лихачев «педагогикалық технология» оқыту əдістері мен тəсілдерін анықтайтын арнаулы 
құралдар  жиынтығы  деп    жазса,  Г.Селевконың  түсініктерінде  «педагогикалық  технология»  үш 
түрлі аспектілермен көрсетіледі: 
-  оқыту  əдістері  мен  педагогикалық  үрдістерді  жобалау  жəне  мазмұндау  мақсаттарын 
талдайтын əрі зерттейтін педагогика ғылымның бір бөлігі; 
- оқытудың жоспарланған нəтижеге жету көздері мен əдістері; 
- педагогикалық құралдар мен əдістемелік, технологиялық үрдістерді жүзеге асыру. 
Г.Селевконың  «қазіргі  заманғы  білім  беру  технологиясы»  кітабында  білім  беру 
технологияларын кең түрде қарастырған. Атап айтқанда, олар төмендегідей: 
-  жеке басты педагогикалық үрдістерге бейімдеу; 
-  материалдарды қайта жасау мен дидактикалық жетілдіру; 
-  жеке пəндердің педагогикалық технологиясы; 
-  дамыта оқыту технологиясы; 
-  білімгерлердің  белсенділіктері  мен  шығармашылықтарына  негізделген  педагогикалық 
технология; 
-  оқу  үрдістерін  ұйымдастыру  жəне  басқару  тиімділіктері  негізіндегі  педагогикалық 
технология /2, 286-б/. 
Жоғарыда  айтылған  тұжырымдарға  сүйенсек,  жаңа  педагогикалық  технология  ұғымы 
белгісіз,  жаңа  оқыту  амалдары,  іс-əрекеттерінен  ізденуді,  білім  мен  тəрбие  берудегі  ғылымның 
нəтижеге  қол  жеткізуі,  жаңа  ізденістерді  тиімді  пайдалану,  сол  арқылы  жоғары  көрсеткіштерге 
жету деген сөз. 
Қазіргі  таңда  оқыту  технологиясы  туралы  екі  түрлі  пікір  қалыптасып  отыр.  Бірінші, 
«технология - өнер,  шеберлік»  деген  ұғымның  синонимі  ретінде  аталады,  яғни, «педагогикалық 
шеберлік»  деген  ұғымды  білдірсе,  екіншіден, «білім  беру  ісін  технологияландыру,  сол  арқылы 
жоғары  сапалы  өнім  алу,  ғылым  мен  өнердің  синтезі»  деген  мағынаны  білдіреді.  Өндірістегі 
технология  сапалы,  жаңа  бір  нəрсе  жасап  шығаруды  нақты  мақсат  етіп,  соған  жақсы  материал, 
шикізат іздейді, оның  жобасын  жасайды. Ал  педагогикалық  технология  үшін  тұлғаның  жеке  бас 
ерекшелігін  білу,  білімді  соған  қарай  бағыттай  беру – ең  басты  мəселе.  Білімді  тұлғаға  қарай 
бағыттау,  белсенді,  жан-жақты  дамыған,  өзіне  сенетін,  өмірге  икемді  тұлға  қалыптастыру  болып 
табылады. 
Жаңа  педагогикалық  технологияларды  қолданысқа  енгізуде  оқу-тəрбие  үрдісінің 
қолайлылық  жағдайын  туғызу,  оның  базалық  қорын  жасау – жұмыс  сапасының  негізі  болып 
табылады.  
Қазақ тілін орыс топтарында оқытудың жаңа технологияларын күнделікті тəжірибемізде жиі 
пайдаланып  жүрміз.  Оқыту  технологияларының  мынандай  түрлері  бар,  дамыта  оқыту 
технологиясы,  қарқынды  оқыту  технологиясы,  модульдік  оқыту  технологиясы,  саралап  оқыту 
технологиясы, ынтымақтастық технологиясы жəне т.б. 
Берілген  технологиялардың  тілді  меңгертудегі  роліне  тоқталып  өтсем,  тұлғаның    өзін-өзі 
дамытуға,  оның  өзіндік  жəне  шығармашылық  қабілетін  арттыруға,  қажетті  іскерліктері  мен 
дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. 

 
194 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане» 
Қарқынды оқыту технологиясы – тілдерді оқытып – үйретуде алға қойған мақсатқа жетудің 
тиімділігін, нəтижелілігін қамтамасыз етуді көздейді. Бұл технология - берілген уақыт мөлшерінде 
үлкен  табыстарға  қол  жеткізе  отырып,  білімгерлердің  шығармашылық  қабілетін  жетілдіруге, 
кəсіби шеберлігін шыңдауға негізделген. 
Қазақ  тілін  орыс  топтарында  қарқынды  оқыту – уақыт  талабынан  туындап  отырған  жүйе. 
Сондықтан  қарқынды  оқыту  технологиясы  өзіне  ғана  тəн  оқыту  жүйесіне  негізделіп,  оқу 
материалдарын ұйымдастырудың жаңа ұстанымы мен тілді оқытудың жаңа моделін құрайды. 
Сондай-ақ, модульдік оқытуға тоқталсақ, қазақ тілінде өзара тілдік қатынасқа түсу дағдысы 
мен іскерлігін сапалы қалыптастыру мақсатында жұмсалатын оқытушы мен білімгердің, білімгер 
мен  білімгердің,  оқытушы  мен  оқу  тобының  жасырын  ішкі  күші  мен  біртұтас  əрекетінің 
белсенділігін  арттыруға  негізделген  оқыту.  Модульмен  оқыту  жүйесі  классикалық  жəне  қазіргі 
жаңа  əдістерді  қоса  оқытуды  талап  етеді,  сондықтан  біз  модульдік  технологияның  əдістерімен 
қоса  соңғы  жылдары  тілді  үйретуде  үлкен  орын  алып  жүрген  қатысымдық  əдісті  қолданамыз. 
Оның мəні - өзге тілді оқытуда қарым-қатынас жасауға үйрету. Білімгерлердің оқу кезінде өтілген 
тақырыптарды,  материалдарды  бекітуде,  сөйлеу  тілін  дамытуда  көрнекілік  əдісі  жəне  екі  тілдің 
ұқсас  əрі  айырмашылық  жақтарын  ескере  отырып,  білімгерлердің  тілдік  материалдарды  тез 
қабылдауына ұтымды жағдай туғызатын салыстыру жəне аударма əдістерін қолданамыз.  
Ал дамыта оқыту технологиясы білімгерді жан-жақты дамыта отырып оқытуға негізделеді. 
Бұл  технологиядағы  негізгі  іс-əрекет – диалог,  пікірлесу,  пікірталас,  оқытушы  диалогты 
ұйымдастырушы, бағыт беруші, ол білімгерлердің іс-əрекетін бір мақсатқа бағыттайды. 
Қазіргі  уақытта  «педагогикалық  технология»  психологиялық-педагогикалық  əдебиетте  ең 
көп таралған жəне қолданылатын ұғым. 
Қаралып  отырған  ұғым  əр  түрлі  болып  түсіндіріледі:  кейбіреулері  бұл  ұғымды  оқу  мен 
тəрбиенің  жоғары  жетістіктерін  бағалау  құралы  десе,  екіншісі,  бұл  категорияға  жаңа 
педагогикалық  технологияға  өту  жəне  құру – бұл  болашақ  ақпарат  өркендеу  алдындағы  білім 
беруге қойылатын міндеттер мен өзекті шешімдердің заңды құбылысы деп көрсетеді. 
Инновациялық  үрдістің  негізі – жаңалықтарды  қалыптастыру,  қолдану,  жүзеге  асыру.  Кез-
келген жаңа əдіс жекелік, сондай-ақ, уақытша жоспарға жатады. Бұл, бір оқытушы үшін табылған 
жаңа əдіс, жаңалық, басқа оқытушы үшін өтілген материал сияқты. 
Оқытушы инновациялық технологияларды жетік меңгерген педагог дəрежесіне жоғарылауы 
қажет.  Бұл  дəрежеге  жету  үшін,  əрбір  инновациялық  технологияны  меңгеруі  жəне  меңгерген 
технологияны  оқу  үрдісінде  пайдалануы  тиіс.  Бір  сабақтың  барысында  бірнеше  инновациялық 
технологияны кезекпен, тиімді, білімгерді жалықтырмай пайдалануға болады. 
Оқытудың  инновациялық  технология  бойынша  əдістемелік  жүйесі  сапалы  нəтижеге 
жеткізуге  мүмкіндік  беретін танымдық іс-əрекеттер  түрлерінің  мазмұнымен тікелей байланысты. 
Сондықтан  инновациялық  əдіс-тəсілдерді  оқыту  үрдісінде  енгізу  барысында  танымдық  іс-
əрекеттер  түрлерінің  мазмұнын,  белгілі  деңгейде  белсенділігін  көрсетеді.  Осы  екі  үрдістің  өзара 
сапалы  нəтижесінде  білімгердің  өз  ісіне  сенімділігін,  жауапкершілік  сезімін,  шығармашылық 
қабілеттерін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық 
негізгі түрлері анықталады. Инновациялық сабақтар оқытушы, білімгер іс-əрекетінің  тұтастығын 
талап  ете  отырып,  жүйелілік,  мақсаттар  бірлігі  орындалады.  Яғни,  инновациялық  сабақтарда 
нақты мақсаттар қою, қажеттілігі басым. Білімгерлердің іс-əрекетін ұйымдастыра білу, сол арқылы 
олардың қабілетін дамыту мəселесінде нəтижеге жету керек екендігі байқалады. 
Кредиттік  жүйеде  білім  алатын  өзге  ұлт  өкілдеріне  мəтіндік  тапсырмалар  жүйелі  түрде 
беріледі.  Тақырыптары  міндетті  түрде  сабақтас  болуы  қарастырылған.  Қазақ  тілін  оқытуда 
мəтіндік  талдау  инновациялық  технологиясын  пайдалану  грамматикалық  ұғымдарды  немесе 
ережелерді түсінуге көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ, өзге тілді білімгерлердің бір-бірімен пікір 
алысуына  да  мүмкіндік  туғызады.  Мəтіндік  тапсырмалар  мазмұнына  қарай:  лексикалық, 
морфологиялық,  фонетикалық,  орфографиялық,  синтаксистік  жəне  пунктуациялық  болып 
бөлінеді. Ал қолданылуы жағынан – салыстырмалы, сөзді көрсету, анықтау, тиістісін қою болып 
бөлінеді. 
Мəтіндік ақпарат технологияларды пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар жатады: 
-  ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру; 
-  қоғамның жеке тұлғасын дайындау; 
-  берілетін оқу материалының көлемін білімгер меңгере алатын деңгейге дейін өсіру; 
-  білімгер бойында іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру. 

 
195 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Оқу  үрдісінде  осындай  инновациялық  əдістерді  пайдаланудың  маңызы  зор.  Бұл  əдістердің 
білімгерлердің белсенділігін арттыра отырып, өз беттерімен жұмыс жасауларына тигізер пайдасы 
көп. 
Қорыта  айтқанда,  жаңа  технологияларды,  интерактивті  əдістерді  сабақта  тиімді  қолдану 
білімгерлердің білім сапасын арттырып қана қоймайды, оларды жеке тұлға ретінде қалыптасуына 
өз  əсерін  тигізеді.  Олардың  ерекшеліктеріне,  мəн-мағынасына  қарай  қолдана  білсек,  ұтарымыз 
көп. 
 
Əдебиеттер 
1.  Педагогические  технологии.  Учебное  пособие  /Под  общей  ред.  В.С.Кукушиной.  Ростов 
н/Д, 2002. 
2.  Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М., Народное образование, 1998. 
3.  Жақсылықова  К.  Қазақ  тілін  орыс  тілі  бөлімдерінде  модульмен  оқытудың  ғылыми-
теориялық негіздері. Алматы, 2000. 
4.  Юцевичене П.А. Методы модульного обучения. Вильнюс, 1989. 
5.  «Қазақстан мектебі» журналы, №5, 2003ж. 34-б. 
6.  «Қазақстан мектебі» журналы, №7, 2003ж., 38-б. 
7.  «Қазақстан мектебі» журналы, №10, 2003ж., 42-б. 
8.  «Қазақстан мектебі» журналы, №11, 2006ж. 
9.  «Қазақстан мектебі» журналы, №11-12, 2007ж. 
 
 
 
 
 
ҚАЗІРГІ  ҚАЗАҚ  ТІЛІНІҢ  ФРАЗЕОЛОГИЯСЫ ЖƏНЕ ОНЫҢ  БАСҚА  
ҒЫЛЫМДАРМЕН  БАЙЛАНЫСЫ 
 
Тараз  мемлекеттік педагогикалық  институты 
 
Ж.Н.Күмісбекова  
                                           
Қазақ тілінің фразелолгиясы- қазақ тілінің фразеологиялық байлығын тексеретін қазақ тіл 
білімінің жеке саласы. Фразеологиялық оралымдарды, олардың əр түрлі жүйесін зерттейтін сала-
фразеологияның өз алдына терезесі тең лингвистиканың жеке саласы екендігі бүгінгі күні бəріне 
мəлім. Фразеология- фразеологиялық жүйені қазіргі жəне тарихи даму күйінде алып зерттейтін тіл 
туралы  ғылымның  саласы.  Оның  зерттеу  обьектісі  өз  алдында  релеванттық  қасиеттермен 
сипатталатын,  мағынасы  тұтас,  қолдануда  тиянақтылығын  сақтайтын,  құрамы  тұрақты,  сөйлеуде 
дайын  күйінде  қайталанатын  астарлы  мағыналы  тұрақты  тіркестер-  фразеологиялық  оралымдар 
болып  табылады.  Көбінесе  фразеологиялық  оралымдар  сыртқы  тұрпаты  жағынан  еркін 
тіркестерге,  мақалдар  мен  мəтелдер,  сөйлемдерге  ұқсайды.  Қандай  болмасын  дайын  күйінде 
қолданылатын    тұрақты  тіркестер  фразеология  шегінде  қарастырылғанда,  олардың  басты  жəне 
негізгі белгілері ескеріледі. 
Фразеологияның негізгі мақсаты- тілдің қазіргі жəне өткендегі тарихи даму кезеңдеріндегі 
фразеологиялық  жүйенің  сыр-  сипатын,  оның  лексикалық  жəне  грамматикалық  жүйемен 
байланысын ашып- айқындау болып табылады.  
Қазақ тілінің фразеологиялық байлығын жан-жақты жəне терең зерттеу сөздерге, сөздердің 
тіркесімділігіне, сөзжасамға, этимологияға, орфографияға, көркем сөз стиліне, жазушы тіліне тағы 
басқа  мəселелерді  шешуге  үлкен  көмегін  тигізді.  Себебі,  фразеологиялық  жүйені  жасай  отырып, 
сөзбен жəне де басқа тілдік тұлғалармен қарым-қатынаста жəне бірлікте болады. 
Сондықтан 
фразеологиялық 
орлымдарды 
олардың 
семантикалық 
тұтастығы, 
стилистикалық  ерекшеліктері,  лексикалық  құрамы,  құрылымы,  мағынасы,  морфологиялық 
қасиеттері,  шығу  негізінде,  қолдану  аясы,  экспрессивті-  стилистикалық  бояуы  басқа  тілдермен 
салыстыру жəне тағы басқа тұрғысынан зерттеу оң нəтижесін берері анық. 
Қазақ  тілінің  оралымдары  зерттеушілердің,  ақын-  жазушылардың  назарын  ертеден-ақ 
аударып келеді. Арнайы сөздіктер, жинақтар шығармасы да, фразеологиялық оралымдарды ешбір 
лингвист,  филолог,  көркемсөз  шеберлері,  жай  қарапайым  халық  өкілі  айналып  өткен  емес. 

 
196 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане» 
Фразеология  саласындағы  ғылыми  ойшылдардың  оның  өз  алдына  пəн  ретінде  қалыптасуына 
үлкен  əсері  болады.  Алайда  фразеология  түбегейлі  зерттеліп  қойылған  ғылым  деп  айтуға 
болмайды.  Фразеологияның  шешілмеген  даулы  мəселелері  əлі  де  көп.  Соңғы  жылдары 
туркологияда,  қазақ  тілі  білімінде  қыруар  еңбектер  жарық  көрді,  əсіресе  І.Кеңесбаевтың 
фразеологиялық  сөздігі  фразеологияға  қосылған  елеулі  үлес  деуге  болады.  Ол  еңбек 
фразеологияның  өз  алдына  дербес  пəн  ретінде  теориялық  негіздер  жасады.  Қазақ  тіліндегі 
фразеологиялық  оралымдарды  қысқа  түрде  болса  да,  теориялық  тұрғыдан  қарастырған,  көп 
мəселелердің бетін ашқан, топшылаулар жасаған. 
       Фразеологизімдердің бас белгілерін (релеванттық қасиетін) анықтау қазақ фразеологиясының 
ғылыми негізін қалаған академик І.Кеңесбаев арнайы тоқталған жəне фразеологиядағы ең басты 
мəселе ретінде алға тартқан проблемаларың бірі болды. 
       І.Кеңесбаев  фразеологизмдерді  тілдегі  басқа  да  бірліктерден  (сөзден,  күрделі  сөзден,  еркін 
тіркестен)  ажыратып  тануда  басшылыққа  алынатын  ең  басты  ұстаным,  ең  негізгі  критерийлер 
ретінде мынадай белгілерді атап көрсетеді: 
1)  мағына  тұтастығы,  яғни  фразеологизм  құрамындағы  сөздер  өздерінің  бастапқы 
мағынасынан  түгел  немесе  жартылай  айырылып  қалып,  шоғыр  тіркес  түрінде  біртұтас  мағына 
беруі: 
2)  тіркес  тиянақтылығы,  яки  фразеологизм  құрамындағы  сөздердің  орын  тəртібі  нық 
болып, өзара жымдасқан тіркес қалпын барлық жағдайда сақтауы: 
3)  қолдану  тиянақтылығы,  яғни  фразеологизмнің  əрдайым  айна  қатесіз,  бұлжымай,  даяр 
қалпында жұмсалуы. 
Осы үш белгінің үшеуі де өн бойынан табылған жағдайда ғана лексикалық-грамматикалық 
тұлға  фразеологиялық  бірлік  деңгейіне  көтеріліп,  фразеологиалық  категорияға  айналады,  тілдегі 
өзге  де  тілдік  категориялардан  оқшауланып,  өзіндік  дара  бітіммен  тіл  ішінде  өмір  сүреді [1] 
І.Кеңесбаевтың бұл пікірі қазақ фразеологиясының теориялық мəселелеріне арналған зерттеулерде 
үнемі басшылыққа алынып келе жатыр. 
Фразеологизмдердің  мағынасы  тарихи  тұрғыдан  алғанда  өз  құрамындағы  сыңарларға, 
фразеологизмге  негіз  болған  əу  бастағы  еркін  тіркестің  мағнасына  жетері  даусыз. 
“Фразеологиялық  мағынаның  сырын,  фразеологизмнің  жасалу  төркінін  сол  əріректегі  тіл 
құбылыстарынан,  тілдің  ішкі  заңдарынан,  қала  берді  экстралингвистикалық  факторлардан  іздеу 
керек”- дейді І.Кеңесбаев [1]. Мысалы, жұлдызы қарсы деген фразеологизмнің шығу тегі “аспан 
əлемінде əр адамның меншікті жұлдызы болады” дейтін ескі наным –түсінікке жетелейтін болса, 
ақ түйенің қарны жарылу фразеологизмінің түгі негізінде қазақтың тұрмыстық салт-дəстүріндегі 
құрбандық  шалу рəсімі жатыр.Ал жеті қат жер, жеті қат  көк, жеті қараңғы  түн,  жеті атасын 
желдей  көшіру,  жеті  атасынан  түк  көрмеген,  кедейдің  жеті  қаңтаруы  сияқты  жеті  санының 
қатысуымен жасалған фразеологизмдерде көне дəуірдегі мифтік салт-сана іздері сақталған. 
Фразеологизмдер-ішкі  мазмұндық  құрылымы,  сыртқы  тұлға-тұрпаты,  мəн-мағынасы 
тұрғысынан  алғанда,  қатпар-қаттаулары  мол,  қыр-сыры  тереңдеп  зерттеуді  талап  ететін  күрделі 
лингвистикалық құрылымдар.  
“Фразеологизмдердің  күрделілігі  олардың  құрылымдық  типтерінің  жəне  синтаксистік 
модельдерінің  алуан  түрлі  болып  келуінде  ғана  емес,  сонымен  қатар  тақырыптық  жəне 
семантикалық  тұрғыдан  сан  түрлі,  көп  қырлы  болуында,  ойдың  əр  алуан  эмоциональды-
экспрессивті реңкілерін білдіруге айрықша қабылеттілігінде”- дейді академик Ə.Т.Қайдаров [2]. 
Мұндай  күрделі  лингвистикалық  құрылым  бірден  пайда  бола  салмағаны,  еркін  тіркес 
негізінде  жасалып,  уақыт  озған  сайын  біртіндеп  қалыптасқан  сөзсіз.  Орыс  фразеологі 
А.И.Молотков: “Еркін  сөз  тіркесінің  ауыс  мағынада  жұмсалуының  нəтижесінде  оны  құраушы 
сөздер  өздерінің  бастапқы  мағыналарынан  айырылып,  біртұтас  мағына  беретін  шоғырдың 
бөлшектеріне  айналады.  Фразеологизмнің  жасалуына  арқау  болған  əу  бастағы  еркін  тіркесті 
фразеологизмнің  прототипі  деуге  болады”-  дейді [3].Сондықтан  да  фразеологизмдер  өздерінің 
сыртқы тұрпаты жағынан еркін тіркестерге ұқсайды, оларды сыңарлар арасындағы грамматикалық 
байланыстардың  белгілі  бір  формаларына  негізделген,  тілде  бұрыннан  бар  сөз  тіркестерінің 
модельдері орын алады. 
Қазақ тілі білімінде, жалпы түркологияда фразеологияның негізгі проблемалары бұл күнге 
дейін  түбегейлі  зерттеліп,  өзінің  нақты  шешімін  тапқан  жоқ.  Фразеологизмдер - тіліміздің 
бөлінбес  бір  бөлшегі,  көнелігі,  мағынасы,  стильдік  жағынан  жəне  тағы  басқа  жағынан  ерекше 
сипаттағы  тілдік  тұлғалар.  Бұл  мəселелердің  кейбірі  бүгінгі  күнге  дейін  оқулықтарда,  əр  түрлі 
əдебиеттерде,  мақалаларда  тағы  басқаларда  мысал  ретінде  ғана  айтылып  келеді.  Фразеология 

 
197 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
мəселесі  əлі  де  болса  толық  көлемді  еңбектерде  зерттеудің  арнаулы  теориялық  обьектісі  болған 
емес. Дегенмен, тың ойлар, елеулі туындылар, кейбір проблемалар жан – жақты тексеріле бастады. 
Ал,  басқа  тілдердің  фразеологиясы  (словян,  роман,  герман  тағы  басқа  тілдері)  келелі 
концепциялар, теориялық зерттеулер, пайымдаулар жарық көрді. 
Барлық  мəселе  əбден  үзілді – кесілді  шешілді  деу  қиын,  бірақ  зор  жетістіктер  бар. 
Фразеологиялық  полисемия,  омонимия,  синонимия,  антонимия  варианттылық,  семантикалық 
өзгеріс,  фразеологизация  жəне  тағы  басқа  мəселелер  туралы,  бір  ізге  түскен  анықтамалар  да 
аз.Фразеологиялық мағына, фразеологиялық оралымның құрамындағы діңгек сөз, фразеологиялық 
оралымдардың  семантикалық  классификациясын  жасау  фразеологияның  шегі  тағы  басқа 
мəселелерге тоқтаған ортақ пікірлер əлі де орнығу үстінде.  
Сонымен  қазақ  тіліндегі  фразеологиялық  оралымдар-  тіліміздегі  өз  заңдылықтарына 
сəйкес  өмір  сүретін  категория  жəне  жүйе,  осы  айрықша  жүйенің  əр  түрлі  топтарын,  олардың 
ерекшеліктері  мен  айырым  белгілерін,  басқа  сала  тұлғаларымен  қарым - қатынасын  талдап 
зерттейтін қазақ тіл білімінің саласы өз алдына дербес пəн - фразеология болып табылады. 
Фразеология  филологиялық  ғылымдардың  дерлік  бəрімен  кең  түрде  жəне  жан-жақты 
байланысты.  Фразеология  өзіндік  сипаты  жағынан  филологиялық  пəндердің  басын  біріктіретін 
сала  болып  табылады.  Ғылым  салаларының  ішінде  фзазеололгия  лингвистикалық  пəндермен, 
бірінші кезекте лексикологиямен, семантикамен жəне грамматикамен өте тығыз байланысты. 
Фразеологияның  лексикологиямен  байланысы  ең  алдымен  лексикологияның  зерттеу 
обьектісінің – сөздің  де  оған  қызмет  етуінен  көрінеді..  Фразеологияның  өзі  бастапқы  кезде 
лексикологияның  бір  тарауы  ретінде  қалыптасты.  Фразеологизмдердің  де  құрылыс  материалы 
сөздер  болып  табылады.  Шын  мəнінде  тілдің  лексикалық  жəне  фразеологиялықм  құрамдарының 
ортақ жақтары өте көп. Мұндай ортақ жақтар əр түрлі салада грамматика саласында да, сөз тудыру 
саласында  да,  ономасиология  саласында  да  жəне  де  басқа  салаларда  да  кездесе  береді. 
Фразеология  мен  лексикологияның  жақындығын,  бір-біріне  тəуелділігін  фразеологизмдердің 
дамуы  мен  қызметінің  тілдің  лексикалық  құрамына  тəуелді  түрде  шешілетіндігінен  де  байқауға 
болады.  Көпшілік  жағдайда  фразеологизмдердің  сыңарлары  лексикалық  деңгейдің  тұлғаларына 
тəн қасиеттерін сақтайды. 
Фразеологизмдермен  сөздердің  бір-біріне  ұқсас,  ортақ  жақтары  мен  айырмашылықтары 
жөнінде тереңірек айтып кеттік. Фразеологиямен лексикологияның бір-бірімен тығыз байланыста 
екендігін  қостай  отырып,  ол  екеуінің  негізгі  зерттеу  обьектілерінің  бір-бірінен  айғақты 
айырмашылықтары бар екендігін де мойындауымыз керек. 
Сондай-ақ жеке сөздер кез-келген тіркестен фразеологиялық оралым жасай бермейді. Бұл 
жерде мəселе сөздердің бір-бірімен қандай мағыналық қатынасқа түсуінде жатыр. Яғни сөздердің 
бір-бірімен  қатынасының  ерекшеліктеріне  жан-жақты  жəне  терең  талдау  жасау  фразеологияның 
семантикамен  тығыз  байланысы  осы  жерден  көрінеді.  Басқа  кез-келген  сөз  тіркесінің 
сыңарларының  арасында  нақты  грамматикалық  қатынас  болатындығы  сияқты,  фразеологиялық 
оралымдардың  да  компоненттерінің  арасында  осындай  байланыс  боладыі  Бұл  компоненттер  əр 
түрлі  морфологиялық  жəне  синтаксистік  өзгерістерге  түсуі  мүмкін.  Осындай  өзгерістер  мен 
компоненттер  арасындағы  қатынастарды  зерттеу  фразеологизмдердің  сөйлеудегі  қызметтерінің 
заңдылықтарын  ашуға  аса  зор  маңызы  бар.  Міне  осыдан  келіп  фразеологияның  грамматикамен 
байланысы басталады. 
Осылармен қатар фразеологияға тікелей қатысы бар сала, ол- стилистика. Фразеологиялық 
оралымдар  ішкі  мəн-мағынасына  қарай  қолданылуы  барысында  өзінің  стильдік  өңін  өзгертіп 
отырады.  Фразеологизмдер  суреткерлердің  қаламына  іліккен  кезде  кең  алып,  стиль  жағынан 
ширатыла түседі. Фразеологиялық оралымдарды стильдік тұрғыдан пайдаланудың бір ұшы сөзді 
мəнерлеп  сөйлеуге  байланысып  тұрады.  Фразеологизмдер  сөйлеуде  образды  жəне  экспрессивті-
эмоциональды  сипатта  қолданылады,  сондықтан  фразеологизмдер-дің  стилистикалық  қасиетін 
зерттеудің семантика мен стилистика үшін ғана емес сонымен қатар фразеологиялық мəселелерді 
шешу үшін де маңызы зор.Мұндай зерттеудің нəтижесі түбінде жаңадан қалыптасып келе жатқан 
фразеологиялық стилистиканың нық қалыптасуына игі əсерін тигізері анық. 
Фразеологияны  оның  даму  тарихынан  бөліп  алып  қарастыру  мүмкін  емес,  өйткені 
фразеологизмдердің  құрылымдық  жəне  семантикалық  белгілерін  талдау  жасаудың  кез-келгені 
оның қалыптасу тарихына үңілуді қажет етеді. 
Фразеологизмдердің қазіргі синхрондық жағдайына тарихи семантикалық талдау жасауда 
жетістікке  жетудің  жолы-  оның  тарихи  өткен  жолына  шолу  жасауды  ұмытпау  болып  табылады. 

 
198 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане» 
Синхрондық  я  диахрондық  тұрғыдан  жасала-тын  талдау  этимологияның  мəліметтерінсіз  толық 
бола алмайды. 
Фразеология фонетикамен де байланысты ілім. Фразеологизмдердің де сыңарлары тарихи 
даму  жолына  фонетикалық  өзгерістерге  ұшырауы  мүмкін,  семантикалық  жағына  да  əсер  етуі 
мүмкін.  Сондай-ақ,  фразеология  өмір  саласы-ның  барлық  жағын  қамтитын  ілім.  Фразеология 
өзінің  қолданылуы  жəне  қалыптасуы  жағынан  психологиямен,  тарихпен,  əдебиетпен, 
ғылымдардың  əр  түрлі:  этнография,  мифология,  фольклор  тағы  басқа  салалармен  де  тығыз 
байланысты. 
Жалпы фразеологизмдерді тек тілдік тұрғыдан қарастыру жеткіліксіз. Себебі онда ұлттың, 
халықтың  ұжымдық  тəжірибесі,  қоғамдық  адамдардың  бір-бірімен  байланысы,  шаруашылығы, 
рухани,  материалдық  мəдениет  тағы  басқалар  тысқары  қалады.  Сондықтан  фразеологиялық 
бірліктерді  тарихи,  мəдени  тағы  басқа  жағынан  да  қарастыру  қажет.  Тілдік  бірліктерді  осындай 
ақиқатпен  байланысты  қарау  қазіргі  лингвистикада  басым  бағытқа  айналуда.Біздің  ойымызша, 
фразеологизмдерді  тілден  тысқары “ дүниелермен”  байланысты  қарау  аса  нəтижелі  болмақ. 
Сондықтан  біз  өз  зерттеуімізде  фразеологизмдерді  ұлттық,  мəдени,  тарихи,  материалдық 
құндылықтармен тығыз байланысты қарауды мақсат етеміз. 
Осы  тұрғыдағы  жұмыстар  этнолингвистикада  академик  Ə.Қайдардың  басшылығымен 
жүзеге  асып  келеді.  Профессор  Ж.Манкееваның /4/, зерттеушілер  Б.Ақбердиеваның, 
Қ.Ғабитханұлының, Ш.Сейітованың /5.280-281/ тағы басқа ғылымдар еңбектері белгілі бір тілдік 
қоғамдастықтың  ақиқат  турасындағы  түсінігін,  танымын,  шаруашылық  жүргізудегі  ұжымдық 
тəжірибесін  білуде  аса  маңызды.  Мұндай  зерттеулердің  ұлттық  рухани  мəдениетін  менталды 
дүниесін түсінуде де айрықша маңызы бар. Бұл тұрғыда көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. 
Əсіресе  лексикографиялық  өңдеуден  өткізуде  І.Кеңесбаев,  Ə.Қайдаров    фразеологизмдердің 
сыртқы  жəне  ішкі  құрылымдағы  дыбыстық,  мағыналық,  семантикалық,  əуезділік  үйлесімін  тағы 
басқа  архитектоникасын  талдап  ашып  беруде  С.Сəтенов /8/, варианттарын  көрсету,  синонимдік 
қатарын  анықтауда  Г.Смағұлов /9/ мен  тағы  да  басқа  ғылымдардың  еңбектерін  атап  айтуға 
болады.  Фразеологизмдерді  тілдік  тұрғыдан  зерттеу  кезінде  оның  құрамындағы  сөздердің 
мағынасын ашу, этимологиялық талдау жасауда едəуір ғылыми нəтижелерге қол жетті. Міне бұл 
бағыттағы 
зерттеулер 
фразеологизмдерді 
таза 
лингвистикалық 
тұрғыдан 
тексеруге 
жатады,эпикалық  фразеологизмдерді  ерекше  мəдени  ақпараттық  мазмұнға  ие  тілдік  таңбалар 
жүйесі деп танылатындығына көз жеткізе келіп, төмендегідей қорытындылауға болады: 
-  фразеологизмдерді  ақиқат  дүниенің,  бейақиқат  дүние  фрагментінің  санадағы  бейнесін 
обьекгивтендіруші, яғни, концепт жасаушы тілдік құрал ретінде қарастырдық: 
- фразеологизмдерде, оның ішіндегі эпикалық фразеологизмдердің семантикасында белгілі 
бір  лингвомəдени  қоғамдастықтағы  мəдениеттің,  дүниетанымның  іздері  бар.  Фразеологиялық 
бірліктердің  семантикалық,  концептуалдық  өрісінде  аялық  білім  ерекше  орын  алатындығы 
баяндалады: 
-  аялық  білімге  қатысты  ақпараттар  фразеологиялық  бірліктердің “ ішкі  формасы ” 
арқылы ашылатындығы байқалады: 
-  эпикалық  фрзеологизмдер  ұлттық  фразеологиялық  қорда  ерекше  орын  алатын  күрделі 
таңбалар жүйесі болып табылады: 
-  ақиқаттың,  бейақиқаттың,  эстетикалық,  логикалық  танымның  санадағы  көрінісін 
фразеологиялық бірліктер арқылы айқындауға болады: 
-  фразеологизмдер  ақиқат  дүние,  бейақиқат  дүние  эстетикалық  дүние  фрагменттерінің 
тілдік бейнесі болып табылады: 
- эпикалық фразеологизмдерді семантикалық мəдени, дүниетанымдық ерекшеліктерге аса 
бай көп компонентті тілдік таңба ретінде ұлттық игілігі деп танимыз, эпикалық фразеологизмдер 
белгілі  бір  кезеңдегі  лингвомəдени  қоғамдастықтың  когнитивтік  санасындағы  белгілі  бір  аялық 
білімге “ меңзеп ” отырады.  Когнитивтік  санадағы  аялық  білімге  қозғау  салу,  түрткі  болу 
ерекшеліктері  көрсетіліп,  сондай-ақ  аялық  білімдер  жүйесінің “ қоймасы ” ретінде 
қарастырылады. 
          Жалпы  фразеологизмдерді  тек  тілдік  тұрғыдан  қарастыру  жеткіліксіз.  Себебі  онда  ұлттың, 
халықтың  ұжымдық  тəжірибесі,  қоғамдық  адамдардың  бір-бірімен  байланысы,  шаруашылығы, 
рухани,  материалдық  мəдениет  тағы  басқалар  тысқары  қалады.  Сондықтан  фразеологиялық 
бірліктерді  тарихи,  мəдени  тағы  басқа  жағынан  да  қарастыру  қажет.  Тілдік  бірліктерді  осындай 
ақиқатпен  байланысты  қарау  қазіргі  лингвистикада  басым  бағытқа  айналуда.Біздің  ойымызша, 
фразеологизмдерді  тілден  тысқары “ дүниелермен”  байланысты  қарау  аса  нəтижелі  болмақ. 

 
199 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Сондықтан  біз  өз  зерттеуімізде  фразеологизмдерді  ұлттық,  мəдени,  тарихи,  материалдық 
құндылықтармен тығыз байланысты қарауды мақсат етеміз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет