Содержание № Название статьи Стр



Pdf көрінісі
бет55/55
Дата05.02.2017
өлшемі4,01 Mb.
#3430
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
жастардың 
құндылықты 
бағдарларын 
қалыптастырумен 
байланысты əлеуметтенудің негізгі үш кезеңі шартты түрде екшелінеді [5, 57-б.]. Бірінші кезеңде 
түрлі  құндылықтарды  ұғыну  жəне  осы  негізде  белгілі  бір  құндылықты  түсініктердің  пайда  болу 
үдерісі жүреді, жеке адамның дербес тəжірибесі солардың «құрылыс материалы» болып табылады. 

 
368 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане» 
Өмірдің  осы  кезеңінде  отбасы,  ата-ана,  бала  мен  жасөспірімнің  əлеуметтік-мəдени  ортасы 
бойынша  əлеуметтенудің  қосалқы  факторлары  (мектепке  дейінгі,  мектеп  мекемелері,  құрдастар 
тобы  мен  жақын  əлеуметтік  орта)  маңызды  рөл  атқарады.  Құндылықтарды  игерудің  бірінші 
кезеңіндегі  құндылықты  түсініктер  эмпирикалық  сипат  алады,  яғни  олар  жеке  адамның  сана-
сезімінде үйреншікті деңгейде орын алады. Осы түсініктерге сүйенгенде, ол, қағида бойынша, өзі 
қабылдаған  құндылықтардың  мазмұнын  тиянақты  түсіндіруге  дəрменсіз  жəне  оларды  іске  асыру 
мүмкіндігінің  өз  материалдық  қажеттіліктеріне  сəйкес  келетіндері  бекітілгендерін  ойланбастан 
жəне  оңай  меңгереді.  Сондықтан  өз  өміріне  қатысты  көптеген  аспектілерге  баға  берудегі  белгілі 
бір  дəйексіздік  жас  ұрпақтың  рухани  əлемі  сипаттамаларының  бірі  болып  табылады,  атап 
айтқанда,  тұрмыс,  бос  уақыт,  сондай-ақ  өз  қылықтары  мен  құрдастарының  қылықтары.  Оның 
үстіне, көмескі ғана құндылықты  түсініктері бар  жас адам күрделі  жағдайға  ұшырағанда, қағида 
бойынша,  оған  жол  таба,  жүріс-тұрыстың  дұрыс  түрін  таңдай  алмайды,  ал  ересектердің  кейбір 
талаптары оған кейде үстірт болып көрінеді. 
Екінші кезең жастық шақ – жас адамның өзі үшін əлеуметтік өмірдің жаңа саласына қадам 
басуымен байланысты (Қарулы Күштер қатарындағы қызмет, жоғары оқу орнында оқу, өндірістік 
қызмет  жəне  т.б.),  мұнда  оның  жеке  тəжірибесі  құндылықты  сипаттамаларды  жете  түсінуде 
шешуші рөл атқарады. Адамның жеке-дара тəжірибесі оның тіршілік əрекетіндегі мына деңгейді 
сипаттайды,  мұнда  құндылықты  түсініктер  өмірлік  қажет  материалдық  жəне  рухани 
қажеттіліктерді  қанағаттандырумен  тығыз  байланысты  болады.  Жас  адамның  дамуының  осы 
деңгейіндегі  құндылықты  түсініктерінде  кездейсоқтықтың,  шектеуліліктің  (өресіздіктің), 
өзімшілдіктің  үлкен  элементі  байқалады.  Соған  қарамастан,  құндылықтарды  игерудің  осы 
сатысында  құндылықты  бағдарларды  қалыптастырудағы  реттеуші  үдерістің  белгілері  көрінеді 
жəне  «кітап»  білімдерінің  жүйесі  мен  бұқаралық  ақпарат  жүйесі  жəне  тікелей  тəжірибелік 
(практикалық) білімі арқылы жанама тəжірибе жолымен меңгеру аңғарылады. 
Үшінші  кезеңде  (сатыда)  жастардың  сана-сезіміндегі  қарама-қайшылықтар  еңсеріліп, 
адамның  тіршілік  əрекетіндегі  мағына  құраушы,  базистік  мақсаттары  мен  құралдары  сияқты 
моральдық  құндылықтарға  терең  жеке  тұрғыда,  бастамалық-шығармашылық  қатынас  негізінде 
құндылықты  бағдарлардың  жүйесі  дами  жəне  жетіле  түседі.  Нақ  сол  кəсиби  маңызды  қызмет 
үдерісінде  жас  адамның  құндылықты  бағдарлары  нығаяды  жəне  тұрақтылық  сипат  алады.  Оның 
бастапқы  құндылықты  түсініктері  белгілі  бір  анықтық  пен  айқындыққа  жетіп,  жеке  адамның 
анағұрлым  көрнекі  орнықты  ерекшеліктерін  көрсетеді.  Құндылықтарды  игерудің  үшінші 
кезеңіндегі  елеулі  ерекшелік  мынада,  жеке  адам  қоғам  мен  оның  əлеуметтік  институттарының 
тарапынан  реттеуге  қатысты  басқарылатын  əлеуметтік-экономикалық  жəне  əлеуметтік-мəдени 
факторлардың тұтас жүйесінің бөлігі болып табылады. 
Əлеуметтену – қысқа мерзімді, бір жолғы  емес, ал ұзаққа созылатын көпаспектілі үдеріс, 
ол  адамның  бүкіл  өмірі  арасында  жүзеге  асырылады,  өмір  сүру  барысында  адам  нақты  қоғамда, 
əлеуметтік топтар мен ұйымдарда іс жүргізудің əлеуметтік тəжірибесін  жинақтайды. Əрбір жаңа 
ұрпақ өздері туып-өсетін жəне тіршілік ететін қоғамның мəдени мұрасын игерудің дербес, бірегей 
тəжірибесінен  өтеді.  Қоғам  мен  оның  құрылымдары  осы  үдерісті  ұйымдастырады  жəне 
бақылайды,  бірақ  стихиялық  (кездейсоқ)  əсерлердің  дəрежесі  соған  қарамастан  біршама  жоғары. 
Осы  қоғамда  үстемдік  ететін  əлеуметтік  институттар,  əлеуметтендірудің  тетіктері  мен  тəсілдері 
əлеуметтік  тəжірибені  игеру,  сыртқы  топтық  нормалар  мен  құндылықтарды  жеке  адамның  ішкі 
реттеуші  жүйесіне  интериоризациялау  үдерісін  қамтамасыз  етеді  де,  сол  арқылы  əлеуметтену 
үдерісінің функционалды жағын белгілейді [6, 94-96 бб.].  
Сонымен,  қорыта  келгенде,  мынадай  тұжырымдар  жасауға  болады:  біріншіден, 
сабақтастықтың  қазіргі  жағдайлардағы  жаңа  тетігі  жеке  адамның  өзін-өзі  тəрбиелеуіне,  оның 
байыпты шешімдер қабылдау қабілетіне бағытталған əлеуметтену жүйесін ұйғарады. Тəрбие жəне 
білім беру жүйесі осы міндетті алдына қоюы тиіс. Тəрбие өмірдегі қолайсыз факторларға төзімді, 
соларға  жауап  беретін  шешімдер  қабылдауға  қабілетті,  дербес  əлеуметтік-белсенді  жеке  адамды 
қалыптастыруға бағытталуы керек. Қоғам жастарға рухани арқау (негіз) беруі қажет, сонда қоғам 
жастарға  ұсынған  дербестік  олардың  игілігіне  айналады  да,  жастар  өткенді  дұрыс  бағалай  жəне 
болашақта  озық  нені  дамыту  керек  екенін  таңдай  алады.  Əрбір  жас  адамның  бойында  жеке 
психологиялық  жəне  азаматтық  қасиеттер  болуы  тиіс,  осы  қасиеттер  қатаң  жағдайларға  шыдау 
жəне  жеке  тұлғаға  айналу,  содан  кейін  өз  əлеуетін  пайдалану  мүмкіндігін  қамтамасыз  етеді. 
Қазіргі заманғы жағдайларда жеке адамның даралығы мен қоғам дамуында шешуші рөл атқаратын 
түбегейлі (іргелі) рухани-имандылық құндылықтар жаңа тəрбие жүйесінің негізі болуы тиіс. 

 
369 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Екіншіден, жас адамның даралығының қалыптасуы мен дамуы біршама күрделі үдеріс, ол 
кезең бойынша жастарды əлеуметке қосады, əрі əлеуметтік-мəдени институттардың орнықтылығы 
мен  белсенділігіне  жеке  адамның  өз  мүмкіндігін  пайдалану  жəне  өзін-өзі  бейімдеу  дəрежесі 
байланысты  болады.  Жас  адамның  мінез-құлқы,  ұстанымы  жəне  дүниетанымы  көбіне  сыртқы 
жағдайлардың əсерімен қалыптасады, бірақ оларға басым рөлді телу дұрыс емес.  
Жастардың  əлеуметтік  тəжірибемен  нығайтылмаған  əлеуметтенуі  ересектермен 
салыстырғанда  анағұрлым  осал.  Сондықтан  олардың  саяси  мақсаттары,  діни  көзқарастары 
анағұрлым  тұрлаусыз,  ал  құндылықты  бағдарлары  құбылмалы.  Бірақ,  екінші  жағынан,  жастар 
қоғамдағы барлық өзгерістерді жіті қадағалайды, олар өздерінің қылықтарына жауап беруге, сын 
көзбен  сараптауға,  проблемаларды  өздігінен  шешуге  жəне  өмірлік  перспективасын  жасауға 
қабілетті. 
Үшіншіден,  қазақстандық  қоғамды  реформалау  жастардың  ойдағыдай  əлеуметтену 
эталондарын,  ұрпақтан-ұрпаққа  əлеуметтік  нормалар  мен  мəдени  құндылықтарды  табыстау 
ережелерінің жиынтығын қолдануды туындатты. Əлеуметтенудің кеңестік үлгісінен (нормативтігі 
бойынша  біркелкі,  бірдей  бастапқы  мүмкіндіктер  мен  кепілдіктер,  олар  өмір  жолының 
болжамдылығын  қамтамасыз  етеді)  басқа  үлгіге  (əзірше  енді  ғана  қалыптасу  үстіндегі,  көп 
нұсқалы,  стратификацияланған)  ауысуды  ескеру  арқылы  ғасырлар  тоғысындағы  қазақстандық 
жастардың  əлеуметтенуіндегі  мына  ерекшеліктерді  атауға  болады:  əлеуметтенудің  негізгі 
институттарының  түрленуі;  əлеуметтік  реттеудің  құндылықты-нормативтік  тетігінің  бұзылуы 
жəне əлеуметтік бақылаудың жаңа жүйесінің қалыптасуы. 
 
 
1.  Омельченко Е.Л. Молодежные культуры и субкультуры. – М.: Институт социологии РАН, 
2000. – 261 с. 
2.  Бекежанова Г.Б. Глобализация и информационное пространство // Глобализация и вопросы 
социокультурной адаптации. – Астана, 2005. – С.60–65. 
3.  Щербакова  И.В.  Социальные  и  социально-психологические  механизмы  формирования 
политической  идентичности  молодежи:  теоретические  аспекты // Вестник  Московского 
университета. Сер. 18: Социология и политология. – 2004. – №1. – С. 139–152. 
4.  Кебина  Н.А.  Молодое  поколение  Казахстана  сегодня  и  завтра // Социологические 
исследования. – 2004. – №3. – С.107–112. 
5.  Ковалева А.И. Социализация личности: Норма и отклонение. – М.: Институт молодежи. – 
1996. – 224 с. 
6.  Джерелиевская И.К. Человек в социокультурной реальности. – М.: Московский психолого-
социальный институт, 2005. – 320 с. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет