Содержание № Название статьи Стр


МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ «ОТЫРАР» БАЛЛАДАСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет40/55
Дата05.02.2017
өлшемі4,01 Mb.
#3430
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55

МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ «ОТЫРАР» БАЛЛАДАСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ 
БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті 
 
Г.Т.Туменбаева 
 
Күллі адамзаттың биік те асқақ сезімі  - өзінің туған жеріне, еліне деген ыстық махаббаты. 
Əрбір  адам  туған  жердің,  елдің  ыстығы  мен  суығын  сезініп,  саналы  ғұмырының  Отанымен 

 
269 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
тұтастықта  екенін  түсінген  сəттен  бастап,  ол  отанына,  туған  жеріне  деген  зор  сүйіспеншілік 
сезімінің шуағына бөленеді. Бұл шынайы да мөлдір махаббат. 
Отан – қасиетті,  киелі  ұғым.  Отанға  деген  патриоттық  сезімінді,  оның  алдындағы 
борышыңды тебіренбей жеткізу мүмкін емес. 
Туған  жерінің  өмір  тынысы  мен  тірлігін,  елінің  ерлігі  мен  өрлігін  жырлаушы  əрбір  ақын 
бойынан сол қасиеттердің табылатындығы даусыз. Өйткені өзін терең тебіренткен, жүрегін жарып 
шыққан сезімге өрілген өлеңнің нəрлі де ғұмырлы болуы осыған байланысты. 
Қазіргі  қазақ  əдебиетінің  жарық  жұлдыздарының  бірі  Мұхтар  Шахановтың  «Отырар» 
балладасы жасөспірімдер мен оқушылар бойында отансүйгіштік ізгі қасиеттерді қалыптастыратын 
жалынды жыр жолдары. Тарих шындығын арқау еткен ақын өз шығармасында қаһармандық ерлік 
пен сатқындықты, бірлік пен алауыздық қатар қойып суреттеу арқылы оқушының ішкі жан сезімін 
толқытып, жан тебіренісін тудыра жырлады. 
Шыңғыс ханның Отырар қаласына жасаған шабуылы қазақ халқының тарихындағы қайғылы 
оқиғалардың бірі. 
                                     -Даңқың қайда төске өрлеген 
                                      Екі жүз мың əскерменен 
                                     Алты ай бойы кіп – кішкентай Отырарды ала алмау... 
-деген немесе. 
                                    -Тек жеңіспен көзін ашқан, 
                                     Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба. 
                                     Намысыма сызат түсті мына сенің арқанда, -  
деп  өр  көкіректігіне – айласы,  жауыздығына – ашкөздігі  сай  келген  Шыңғыс  ханның  Шағатайға 
ашу  сөз  айтқызуы  арқылы  оқушыға  мəдениеті  мен  өнері  дамыған  отырарлықтардың    дұшпанға 
деген қайсарлықтарын паш еткендей. 
           Тарихқа үңілсек, тəуелсіздігі мен бостандығы жолында күрескен, Отанын қорғау жолында 
ерлік  пен  патриоттық  сезімін  көрсеткен,  азаттық  айқасында  құрбан  болған  ерлердің  даңқы 
ешқашан өшпейтіндігі хақ. Ерлік – отансүйгіштіктің, патриоттықтың шырқау шыңы. 
Мəселен, Шағатайдың: 
                                     -Бірақ əке жүргенім жоқ аянып. 
                                      Қанша үмітім желге ұшты, 
                                      Қанша əскерім жер құшты. 
                                     Дала жатыр қызыл қанға боялып, -  
деп  шарасыздық  танытуынан  Отанын  сүйген  патриот  халықтың  қорғанын  бұзып  өту  мүмкін 
еместігін жыр жолымен айқындай жеткізеді. 
            Ересен  ерлік  пен  табандылықты,  патриотизм  мен  Отан  алдындағы  борышты  əрбір 
отырарлықтың бойынан тани білген оқушының да туған еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі арта 
түспек.  Отансүйгіштік  атты  ғажайып  сезім  күшінің    нəзіктігі  де  осында.  Отаным  деген  əр 
азаматтың  саналы  түрде  елін,  жерін  қорғау  кезіндегі  көрсеткен  ерлігі – жоғары  рухтың  жарқын 
көрініс.  Əрине,  қашанда  адамның  айтуға  аузы  бармайтын,  бірақ  ерлік  істің  артынан  қалмайтын 
«сатқындықтың»  жасаған  бір  ғана  ісінен – үлкен  қаланың  жермен – жексен  жойылғандығы 
оқушының көз алдына ар – намыстан жұрдай, жиіркенішті адамның бейнесін елестететіні анық.  
Осындай жайттарды суреттей келе ақын: 
                                   -Ақыл – ойын жалындатқан , 
                                    Өнер, ғылым шамын жаққан, 
                                    Ұлы қала Азияның маңдайына сыймады,- 
деп  зұлымдықтың  бір  халық  тарихына  өшпес  таңба  қалдырған  қайғысын  жырлайды.  Отанын 
жауыздықтың ажалды аузынан қорғаған Қайырхан мен оның сарбаздарының ерліктері оқушының 
отансүйгіштік сезімдерін ширықтыра шыңдай түседі. 
           Сондай – ақ,  Қайырханның  тұтқындалған  кезіндегі  жүрек  қызуын,  жауыздық  атаулының 
бəрін күйдіріп жоқ етердей өшпес жалынын ақын сəтті əрі қисынмен бейнелеген. 
                                -Батырлықтан бағың бірақ жанған, ə 
                                 Маған қарап күліп тұрсың сонда да. 
                                 Олар сенің жеңгенімен тəніңді, 
                                 Амал нешік, жеңе алмапты жаныңды, - 
деп  Шыңғыс  ханның  Қайғырхан  бойындағы  отансүйгіштік  қасиетіне  таңданған  сөзі  арқылы 
жеңілген  жеңімпазды  сомдайды.  Барлық  күш – жігерін  Отанын  қорғап  қалуға  бағыттаған  нағыз 
нағыз ердің оқушыны бей – жай қалдырмайтындығы түсінікті. 

 
270 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане» 
         Сонымен  қатар  ақын  еліне,  Отанына  опасыздық,  сатқындық  жасаған  адамның  іс - əрекетін 
жазалау кілтін де қапысыз тауып ала білген  
                               -Опасыздық жасадың ба еліңн 
                                Ертең саған мені сату түк емес. 
                                Шарам нешік тұрмын сені тіпті аяп, 
                                Сорлы Отансыз қарайыпсың қаныңа. 
                                Қашан мені сатарыңды күтпей – ақ, 
                                Алдыңды орап кеткеніме налыма,- 
деп  Шыңғыс  ханның  опасыз  сатқынға  өзіндік  үкімін  кесуі  арқылы  ешкімнің  жүрегінің 
сатқындықты кешірмейіндігін күшті əсермен түйіндеген. 
           Өз  елінде  құл  болып  өмір  өткізгенше,  дұшпанының  алдында  енкеймейтін  ер  болып  өткен 
Қайырханның  ерлігі,  жеңілсе  де  жеңілмеген  тірлігі  бала  жүрегінде  ерліктің  үздік  үлгісі  болып 
қалары сөзсіз. Бас иетін бабасындай, қадір түтар анасындай, елінін мəңгі мақтанышына айналған 
Отырардың тарихын зерделеу ұрпақтарға аманат. 
          Ақын  Мұхтар  Шаханов  ағамыздың  «Отырар»  балладасының  тəрбиелік  мəнділігі  еліміздің 
ұландарының  бойында  патриоттық  сезімдерді  оятып,  асыл  қасиеттерді    қалыптастыруға  үлес 
қосары даусыз. 
          Отырар  өңірінде  дүниеге  келген  «кішкене  қара  баланың»  бүгінде  «ақын  болып,  ата  жолын 
қуып, кеудесіне кең даланы сыйдырып», кешегі тарихтың ақ пен қарасын бөліп қарауы жəне оны 
жырға қосуы – ақындық жүректегі патриоттық сезімінің шыңдалғандығы емес пе?! 
         Өлеңнің бүкіл жан дүниеңді баурап алар түйіні де осында. 
 
Əдебиеттер 
1.  М.Шаханов.   Ғасырларды безбендеу. Алматы «Жазушы» 1988жыл. 
2.  М.Шаханов.  Жаңа қазақтар Алматы «Білім» 2000жыл 
 
 
 
 
 
ƏОЖ 687.012 
 
КИІМНІҢ КӨРКЕМДІК ЖОБАЛАУЫНДАҒЫ ҚОЛДАНАТЫН  
ТƏСІЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ 
 
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 
 
А.С.Туребекова, Б.М.Уалиев  
 
Сəнді  киім  əр  қашанда  адамның  əлеуметтік  жағдайын  көрсететін  əдіс  болатын,  яғни, 
тұтынушы  өзінің  əлеуметтік  жағдайын  бір  саты  жоғары  көрсету  үшін  жақсы,  сəнді  киім  киуге 
тырысады. 
Киім дизайнері костюм жасаған кезеңдерінде уақыт өткізу процессіне жұмыс істейді. Бұл 
феномен  ХХ  ғасырдың  соңғы  жылдарына  жатады.  Оның  нəтижесі  мынадай  түсінік  арқылы 
құралады. Сəнді киім сатып алушы, сатып алатын үдерісті ұнатады. Түрлі киімдерді, бұйымдарды 
киіп  көріп,  тұтынушы  түрлі  образдарға  кіруге  тырысады  жəне  өзінің  күнделікті  өмір  сүру 
шекарасын жылжыта түседі. Ол түрлі «рольдарды ойнап» өзінің көзқарасы бойынша, өзіне лайық 
түрін таңдауға тырысады. 
Киімнің  көркемдік  жобалауындағы  қолданатын  тəсілдері  шығармашылық  үдеріс  арқылы 
пайда болады. 
Шығармашылық үдеріс – ол өте күрделі, кейбір кезде түсінікке келмейтін құбылыс, бірақ 
оны айтарлықтай талдауға келтіруге болады. 
Қоршаған болмыстың ықпалы арқылы дизайнерде біршама ой-идеялар пайда болады. Сол ой 
бір  кезеңде  нақтылы,  болмаса  талдау  түрінде  көркемдік  образға  айналады.  Образ  ойға  сəйкес 
пішінге  айналады.  Ой – композицияның  структуралық  элементі,  басқаша  айтқанда,  көркемдік 
идеяның айтылу əдісі.  

 
271 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Композиция – айқындықтың  нақтылы  тəсілі,  бұйымның  болмаса  заттың  бір  тұтастық, 
эстетикалық түрін түрлі жүйелер арқылы жасау əдісі болып табылады. 
Дизайнер жобалап отырған бұйымдарының дəрежелерін анықтап, заттың екінші дəрежелері 
қасиеттерін  төмен  түсіріп,  яғни,  талдауға  жеткізбей,  ал  қажетті  идеяны  анықтап  дұрыс  бағытта 
зерттеп, дамыту деген – композицияның алдына қойған мақсатына жеткізеді. 
Шығармашылық  үдеріс – пішінмен  мазмұның  біркелкілігін  біріктіріп,  ұйымдастыру  деген 
түсінік. 
Дизайнердің  алдына  қойатын  мақсаты,  кəсіптік  бағыты  дамып  жетілген  кезеңде  дұрыс 
шешілуі мүмкін, ал дизайнердің өзі келесі қасиеттерге ие болуы тиіс: алдына қойған тапсырманы 
тұтас көріп, оның ережесін қыйсындап мазмұндауын білу; тез аралықта, шенеулі мерзімде едəуір 
идеяларды тудыру қабілетін білу; соңғылық  шешімдерді іздестіріп табу; проблеманы шешу үшін 
түрлі шешімдерді қолдану. 
Дизайнердің  шығармашылық    үдерісі  белгілі  жоспар  арқылы  айқындалады:  ойдың  пайда 
болуы жəне оған мақсат қою; материал жинау жəне оны толықтыру, бастапқы шығармашылықты 
анықтау. 
Дизайнердің  ассоциациялық  ойының  дамуы – заттардың  абстракцияларлық  жəне 
психологиялық ассоциацияларды өзгертіп қайта графикалық түрде жасау. 
Ассоциациялық ой шығармашылық кезеңде өте маңызды болып келеді. Себебі дизайнердің 
қабілеті шығармашылықтың негізі арқылы айқындалып, өнердің қайсысы болсада заттардың жəне 
өмірдің ақиқат шындығын ассоциациялық ұсыну арқылы өзгертуге болады [1]. 
Киімнің  дизайнері  ақиқаттық  өмірден  көзге  ілінетін  барын  алады  да,  оны  трансформация 
арқылы, киімде қолданады. Трансформациялауға фрагменттер, мотивтер жəне шығармашылықтың 
өзіде ілігуі мүмкін. 
Ассоциациялар  əр  түрлі  болуы  мүмкін:  затты,  абстракты,  психологиялы,  ақиқатты. 
Шығармашылық  үдеріс  жалғыз  эмоциональдық  сезіммен  емес,  адамның  абстракциялық  ойлану 
қабілетімен байланысты. 
Абстракциялау – затты  белгісінен,  қасиетінен  ажыратып  ойша  дерексіздендіру,  яғни,  оның 
басты қасиетін анықтау.  
Киім  үлгілеуде  бастапқы  шығармашылықтар  тарихи  жəне  ұлттық  костюмдер,  ретросəн, 
ағылшын классикасы, қолданбалы өнердің бұйымдары, өсімдік жəне жан-жануарлық т.б. түрлері 
болады.  Қазіргі  заманға  сай  қиялдық  қозғалыс  цивилизация,  ғарыштық  зерттеулер,  инженерлік 
идеялар,  машиналардың  пішіндері,  жаңа  материалдар  жəне  технологиялар  т.б.  арқылы  шешілуі 
мүмкін. 
Жобалаудың барлық этаптарында теориялық жəне тəжірибелік жұмыстар бір жобалау тəсіл 
арқылы  шешілуі  мүмкін:  проблемалық  жағдайды  ұғу;  жобалау  алдындағы  талдау;  тапсырманың 
əдістерімен  принциптерін  анықтау;  ақиқат  образды  қалыптастыру;  жобалау  жағдайды  талдау; 
негізгі шешімінің эскиздік ізденісін қарастыру; жобалауды талқылау. 
Киімді  жобалау  кезеңдерінде  шығармашылық  бастапқылар  табиғаттың  құбылыстары, 
қоғамда  болып  жатқан  оқиғалар,  күнделікті  заттық  шындықтар,  дизайнерді  қоршаған  зат-
бұйымдар болуы мүмкін.  
Киім  дизайнерін  барлық  көріністермен  пішіндер  қызықтырады,  көлемдердің 
байланыстары, құрылымдарын қарым-қатынастары т.б. 
Шығармашылық бастапқылар мыналар болуы мүмкін:  

сəулет  шығармалары,  біріккен  машина  пішіндері,  инженерлік  құрылыстар,  тұрмыстық 
заттар, қолданбалы өнерден (шыны, темір, ағаш, керамика), бионика өсімдік пішіндер. 

асфальттағы шалшық судың пішіні, мұздың жылтыры, жолдағы батпақтың түрі, терезедегі 
жаңбырдың  тамшысы,  əйнектегі  аяздың  суреті  т.б.  Осылардың 
барлығы
  дизайнерге  ой 
тудырады. 
Бұның  барын  жетіле  қолдану үшін  күнделікті  кəсіптік жаттығу  керек. К. Диор мынандай 
дейтін «Мен көргенімді, естігенімді, білгенімді, сезгенімді – барлығын киімге айландырамын».  
Көркем  əдебиет,  кино,  театр,  цирк,  əлемдегі  оқиғалар  дəстүрлі  шығармашылық 
бастапқылар:  тарихи,  ұлттық,  классикалық  костюм,  ретросəн;  сəндік  элементтердің 
қолданылуымен орналасуы бастапқымен бірдей  құрастыру сызықта болуы; қолданып келе жатқан 
өңдеу əдістерін жаңа матада қолдану; стилизациялық тəсілді жеңілдету жағына, алғашқы белгісін 
жоймай  қолдану; «цитат  тəсілі» - бүтін  комплекстен  фрагменттерін  алып,  оларды  қажетті  болса, 
жаңа  комплекске  енгізу; «эклектика  тəсілі»
 
-  түрлі  стилдердің,  пішіндердің,  фрагменттердің 

 
272 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане» 
қосылысы; «пародия тəсілі» - əр дизайнер өзіне ұнайтын шығармашылық бастапқысымен жұмыс 
істеу керек. 
Бір  дизайнерлер  ұлттық  костюмге  назар  аударса,  екіншілері  ХХ  ғасырдың  əр  уақытынан 
(ретросəн)  идея  алады,  ал  үшіншілер  классиканың  апологеты  болып  келеді,  төртіншілер 
шығармашылық шабытты костюмнің тарихын зерттеу арқылы іздестіреді. 
Атақты  кутюрьелер – П.  Карден,  П.  Рабан,  И.  Мияке,  Р.Кавакубо  «артқа  қарамандар»  деп 
ақыл  айтады  екен.  Олар  шығармашылық  бастапқыларды  қолданбайды,  классикаға,  ретросəнге, 
костюм тарихына көңіл аудармайды. Жаңа пішін, жаңа материал, жаңа жасау технологиясы жəне 
киімнің  жаңа  түрлерін  ойластырады.  Мысалы:  П.  Рабан 1960 жылдан  бері  киімді  пластикадан, 
темірден,  пленка  жəне  шыныдан  ұсынуда.  П.  Карден  ғарыштық  эраға  шабыттанып,  ғарыштық 
костюмдермен  жаңа  материалды  іздестіруде.  И.  Мияке  бəріне  бірдей  трикотаж  матасынан 
жасалған  дайын  рулондар  ұсынған.  Рулонның  қажетті  жерінен  қырқып  алып  киіп  кете  бересің 
деген [2]. 
Киімнің көркемдік жобалауында əр түрлі тəсілдерді қолдануға болады: 
Модульдік жобалаудың тəсілі - Модуль дегеніміз - өлшем.  
Бұрын адам денесінің бөлшектері өлшем болатын: дюйм – үлкен саусақтың ұзындығы; пядь 
– (қарыс) – үлкен  (басбармақ)  саусақпен – екінші  саусақтың  аралығы;  фут – адам  табанының 
ұзындығы т.б.  
Саулеттерде модульді қолданып сол арқылы ғимараттарды тұрғызатын көрінеді. 
Модуль – бірліктің өлшемі, сол өлшем бүтін пішінде толық қайталанып, артықсыз жатады.  
Қазіргі  сəулеттік  модуль = 10см,  құрылыстық  модуль=30-40см.  Прибор  станок  жасайтын 
модуль =5см. 
Модульдік  қайталанулар  сəндік  пішіндерде  кездеседі,  себебі:  түрлі  есептеулі  сандардан  əр 
түрлі  шығармашылық  жасау – халық  өнерінің  бір  ерекшелігі.  Мысалы  оюды  алсақ,  ол 
қайталанатын  екі-үш  элементтерден  тұрады.  Дагестанның  зергерлері  қару-жарақтарын 
стандарттық  оюдың  элементтерімен  оюлайды.  Олардың  саны 27-ден  аспайды.  Азербайжан 
кестелерінде  үштен  беске  дейін  біркелкі  ою  түрлері  қолданады.  Молдавандардың  кілемдерінде 
геометриялық оюлар кездеседі де, олардың өрнектері ірі, майда болып қайталанады. Сондықтан, 
модуль тəсілі жаңа емес, оны баяғыдан сəулетте, қолданбалы өнерде қолданатын. 
Киімде модуль бір өлшемнен тұруы мүмкін, ол адамның антриологиялық құрылысына жəне 
киімнің мөлшеріне байланысты. 
Модульдер жай геометриялық денелерден тұрады. Оларды біріктіргенде, мысалы: капюшон, 
қысқа  жилет-көкірекше,  орташа  жəне  ұзын  жилет,  қысқа  жəне  ұзын  жең  пайда  болады. 
Технологиялық  жағынан  қарасақ  əр  модуль  екі  жағынан  бірдей  өңделеді – үлбірімен,  терімен 
жылы астарлармен. 
Киімнің  дизайндағы  модульдің  ең  басты  ерекшелігі – бұйымды  екі  жағынан  бірдей  өңдеу. 
Модуль екі жағынан бірдей матадан, болмаса түрлі ою-өрнектер қолданып, оның екі жағын бірдей 
қолдануға болады. 
Жай модульдердің (квадрат, тік төртбұрыштар, үш бұрыштар, шеңбер, ромбтар) жинақтауы 
қиындыққа  түседі,  себебі  оларды  бір-бірімен  қиылыстыру,  келістіру  күрделі  болуы  мүмкін. 
Модульдердің  бір-бірімен  байқатпай  біріктіру  үшін  супаттық  түймелеу, «Велькро»  таспасын, 
ілгектер т.б. қолданады. 
Модуль арқылы бұйымның пішінінің өзгеруі былай бөлінеді: 
-    кішкентай бұйымнан үлкен, қысқа бұйымнан ұзын бұйым жасау. Бұл   
     тəсілде модульді орау жəне жазу арқылы орындайды.  
-    жай пішінен күрделі пішін, керісінше, күрделі пішінен жай пішін  
      жасау (мысалы: көкірекшеден модульдер қосу арқылы ұзын пальто   
      шығару, оларға сумка, бас киім, қалта, болмаса, жай модульдерден –  
      квадрат, тік төртбұрыштардан, үш бұрыштардан біріктіріп күрделі  
      əшекейлі өрнек жасап оны бұйымға енгізу. 
-  пішінді өзгерту арқылы бұйымның қолданатын функциясын өзгерту  
     (мысалы – көкірекше – пальтоға айналды т.б.) 
Бір  модульден  түрлі  бұйымдар  жасауға  болады,  түрлі  бұйымдардың  ұзындығы  өзгеріп 
жартылай пальто, пальто т.б. өзгерістер енгізуге болады.  
Модульдің  пішіндері  əр  түрлі  болады:  гүлдер,  жапырақтар,  көбелектер,  жан-жануарлар. 
Олардың  күрделіліктеріне  байланысты  түймелеу,  ілу  қиындыққа  түседі,  сондықтан  оларды 
қатырып тігіп тастайды. 

 
273 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Модульдік  тəсілде  матаны  дұрыс  таңдау  бір  ерекшелік  болып  табылады.  Себебі  матаның 
түрі, сапасы модульге үлкен əсер етеді. Модульге екі жағы бірдей трикотаж, тафта, атластар дұрыс 
келеді.  
Модульдік  жобалаудың  тағыда  бір  айта  кетер  ерекшелігінің  бірі – оңайлығы.  Бұл  тəсілді 
үйде жасауға да болады. 
Деконструкциялық  тəсіл - Деконструкция тəсілін жапон дизайнерлері Й. Ямальочо жəне Р. 
Кавакубо 1980 жылдарының  басында  ұсынған.  Содан  соң,  киім  дизайндағы  «бельгия  мектебі» 
Дван Нотен, Домельмейстер жалғастырған. 
Деконструкция əдісі киім үлгілерін  жаңа тəсіл арқылы шешу, тұлғамен киімнің пішіні кең, 
бос  түрде  шешілу  арқылы  анықталады,  басқаша  айтқанда  жақсы  мəнерлерден  бас  тарту  деген 
түсінік береді.  
Жапон  дизайнерлердің  жұмыстары  Европа  дизайнерлеріне  үлкен  əсерін  тигізді.  Олар 
өздерінің  жұмыстарында  асимметриялық  пішін,  киімнің  шеттерін  қисық,  түрлі  тесіктермен 
қиылған,  ойылған  бөлшектерін  қолданған,  инверсия  тəсілі  (тігістері  сыртында),  жаға  ұштары 
артқы  бойында,  ілгіштері  түрлі  жерлерде,  бөлшектердің  элементтері  шешілмеген,  тігу 
технологиясының шарттары бұзылған.  
Сонымен  деконструкция 1990 жылдағы  дизайнның  ерекше  белгісі  болып  қалды.  Бұл  тəсіл 
киім жобалауында көп қолданды. Адам тұлғасының ерекшеліктеріне көңіл аудармай түрлі пішін, 
қыртыс орындап, денемен киімнің ортасында көп орын қалдырып, сондықтан киім ыңғайлы болып 
қалыптаса бастады. 
Алға  қойған  мақсатты  шығарашылық  ізденіс  кезеңдерінде,  дəстүрлік  тəсілдер  арқылы 
шешуіне мүмкіндік болмаса, эвристика тəсілдерін қолдануға болады. 
Эвристика  дегеніміз - өнімді шығармашылық  ойды зерттейтін ғылым. Эвристика тəсілі – 
шығармашылық  қиялдың  күшейтілу  тəсілі.  Шығармашылық  үдеріс - өте  күрделі  көп  түрлі 
құбылыс. Шығармашылық ой-пікірдің дамуы, жобалаудың түрлі, ойға келмейтін шығармашылық 
шешімдерін  ойластыруы,  психологиялық  инерциядан  аса  түсу – осылардың  барлығы 
эвристикалық тəсілдердің мүмкіншіліктері [3]. 
Шығармашылық  үдеріс – пішінмен  мазмұның  іздестіру  бірлестігі.  Кейбір  кездерде  
дəстүрлі тəсілдерді қолданып, шығармашылық ізденістерді шешу кезеңдерінде, ойдағыдай қызық 
шешімдер  туындамауы  мүмкін.  Сондықтан,  жобалауда  шығармашылық  ізденісті  нығайтып, 
дизайнердің шығармашылық жобалау ойын дамыту керек. 
Дүние жүзіндегі дизайнерлер дизайнның түрлі саласында  жаңа идея ізденуде. Біріншіден 
–  талапқа  сай,  екіншіден  жаңа  тауарлар  шығару  үшін.  Өнім  шығаратын  фирмалар  бір  идеяға 
қанағаттанбайды,  оларға  таусылмас,  жаңа  идеялар  келіп  тұрса  дейді.  Сондықтан,  бұл  жерде 
суретшілердің,  жобалаушылардың,  дизайнерлердің  шығармашылық  қиялдық  ойлары  бір-бірінен 
аса түсуге тиіс.  
 
Əдебиеттер 
1.  Т.О. Бердник, Т.П. Неклюдова «Дизайн костюма».  Ростов-на-Дону «Феникс» 2000 г. 
2.  Пармон    Ф.  М.   Композиция    костюма:  одежда,  обувь,  аксессуары:  Учебник  для  вузов.-
М.:Легпромбытиздат, 1985 г. 
3.  Ермилова  В.В.,  Ермилова  Д.Ю.  Моделирование  и  художественное  оформление 
одежды:Учеб. пособие для вузов.-М.:Мастерство, 2001г. 
 
 
 
 
ƏЛЕУМЕТТІК ЖАРНАМА АДАМДАРДЫ МОТИВТЕНДІРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ 
 
ҚазҰУ 
 
С.М.Дуйсенова  
 
 
Қазіргі  уақытта  Қазақстан  жəне  басқа  да  посткеңестік  мемлекеттер  демократиялың 
демократиялық өзгерістерге байланысты уақытты басынан кешіріп жатыр. Жарнама процестердің 
көрінісі болып табылады.  Əлемдік жарнама тарихы əртүрлі елдердегі демократиялық процестерді 

 
274 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане» 
өте  айқын  көрсетеді  жəне  сол  арқылы  қоғам  демократиясымен  жарнама  дамуының 
коммуникациясының ең күшті құралы ретінде болады.  
 
Жарнаманың  түрлері  өте  көп.  Жарнама  тарихында    терминнің  өзі  тек  сауда  жəне 
комерциямен сəйкестендірілетін. Жарнаманың басты мақсаты да осы болып көрінетін, алайда ерте 
заманнан  бері  комерциялық  жарнамамен  қатар  саяси  жарнамапайда  болды.  Аталған 
классификацияға жарнаманың тағы бір түрі - əлеуметтік жарнама қосылады. 
 
Əлемде «əлеуметтік жарнама» терминін «комерциялық емес», «қоғамдық» деген түсініктер 
сəйкес келеді. Дəл осы жерден терминдерді талқылаудағы айырмашылық туындайды. «Қоғамдық 
жарнама»  кез-келген  пазитивті  құбылысты  үгіттейтін  хабар  жібереді.  Мамандар  бұл  туралы 
жарнаманы ақысыз жасайды, БАҚ-ғы орны мен уақыты ақысыз белгіленеді. [1. 112б.] 
 
«Ақысыз жарнама» үкіметтік емес институттар тарапынан қаржыландырылатын белгілі бір 
тұлғаның  пайдасына  үгіттеу,  қоғамдық  жұмыстарға  адам  назарын  тарту  мақсатындағы  жарнама 
болып табылады. [2. 609-611б.] 
 
Ресми түрде əлеуметттік жарнама тарихы   ғасырдың бастапқы кезеңінен басталады. 1906 
жылы  қоғамдық  ұйым  энергетикалық  компаниялардан  зардап  көретін  Ниагаралық  сарқыраманы 
қорғауға  шақыратын  «Америкалық    азаматтық  ассоциация»  деп  аталатын  алғашқы  əлеуметтік 
жранаманы  құрды.  Əлеуметтік  жарнаманың  ерекше  мəн-мағынасы  мен  бағытталуы  дағдарыстық 
жағдайларда , соғыс кезеңдерінде өсіп отырды. Бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде,    1917жылы 
Америкада  Дж.  М.Флеггтің    «Сен  америка  əскеріне  қажетсің»  атты  рекрутингтік  плакаты 
танымалдыққа  ие  болды,  ол  плакатта  Сэм  аға  жаңа  адамдарды  əскерге  шақырды.  Оның  идеясы 
мен  композициясы  Англияда  кең  таралған  «Сенің  елің  сені  қажет  етеді»  деген  үндеуді  жəне 20-
жылдардағы  КСРО-дағы  атақты  «Сен  өз  қалауыңмен  жазылдың  ба?»  плакатын  еске  түсіреді. 
Кеңестік  нұсқау    батыстық  үлгілер  идеяларынан  біршама  нақтырақ  идеяларын  алды  деген 
мəліметтер  бар.  Егер  олар  соғыс  кезіндегі  мемлекеттік  немесе  қоғамдық  кеңестер  тарапынан 
өткізілетін əлеуметтік жарнама компанияларының бөлігі болып табылмағанда, осы мысалдардың  
барлығы тек қана  бір жарнама түрлерінің тарихы бола алар еді – яғни саяси. Бірінші дүние жүзілік 
соғыс  жылдарында  америка  үкіметі  халқы  арасында  үндеу  құралдары  немесе  стихиялық 
дағдарыстық PR арқылы  білімді  жұмыстар  жүргізеді.  Қоғамдық  ақпарат  комитеті  құрылды.  Ол 
соғыстың  жүріс-тұрыстары , мотивтері  мен  себептерін  түсіндіруге  байланысты  халықпен  жұмыс 
жүргізді.  Сонымен  бірге  басқа  да  тиімді  шаралар  жүргізілді,  мысалы,  əскерге,  əскери  парадқа, 
мемлекеттік  құнды  қағаздарды  сатуға  щақыруда  ақысыз  жарнамалар  публикациялары.  Осы 
шаралардың  барлығы  əлеуметтік  жарнаманы,  басқаша  айтсақ,  əлеуметтік    PR-ды  біріктіріп,  өз 
жұмыстарын  жақсы  атқарды.  АҚШ  президенті  Д.Эйзенхауер: «америка  сəттілігі  тарихын  айтуға 
шығындалған  əрбір 1 доллар қару-жараққа жұмсалған қаражаттың бесеуімен тең»  деп айтылған 
сөзі ескеріледі.  
 1942 
жылы  Америкада  Жарнаманың  Кеңес  құрылды.  Соғыс  жылдарында  ол  жеңіс  үшін 
халық  мобилизациясы  мəселесін  шешумен    айналысты.  Сонымен  бірге,  ол  бірінші  дүниежүзілік 
соғыс  кезеңіндегідей,  адамдардың  əскерге  келу,  əскери  құнды  қағаздардың  сатылу  мəселелерін 
шешумен  жəне  Жеңіс  саябақтарының  құрылуы  мен  фронтқа  почталық  жіберілімдерге  көмегін 
тигізді.  Соғыстан  кейін  Кеңес  əлеуметтік  жарнама  координацияларына  қатысты  жұмысты  өз 
міндетіне алды. 
 50-ші  жəне 60-шы  жылдары  Кеңес  іс  əрекет  шеңберін  кеңейтті.  Дағдарыстық  əскери 
жағдайлардағы  жұмыстардан  басқа  (Корея  жəне  Вьетнамдағы  соғысушы  солдаттарға  хат  жазуға 
шақырулар). Ол маңызды əлеуметтік мəселелерді шешуді қолға алды – жолдардағы  қауіпсіздікті 
жоғарылату,  орман  өрттері  өсімін  профилактикалау  жұмыстары.  Осы  жарнамалық 
компаниялардың  кейіпкерлерінің  ішінде  ерекше  атақты  болғандары:  Милика  Смоки  мен 
Плачущий  Индеец.  Жарнамалық  Кеңес  америкалықтар  арасындағы  білімсіздік,  балаларды 
зорлыққа  алу  мəселелерін  көтерді.  Олардың  шешілулеріне  көптеген  үкіметтік  жəне  қоғамдық 
ұйымдар қосылды: имиграция қызметтері, Байланыс министірлігі, Денсаулық Сақтау Министрлігі. 
 
Əлеуметтік  жарнаманы  Америкада,  ал  қазір  барлық  əлемде  əр  түрлі  коммерциялық  емес 
институттар қолданып келеді: шіркеулер, мектептер, ауруханалар, университеттер, коммерциялық 
емес  ұйымдар  жəне  əр  түрлі  ассоциациялар.  АҚШ-та  «Бұл  өмір  мен  өлім  мəселесі»  деген  сөз 
бəріне таныс. Америкалық жеңіл ассоциациясы, яғни жылдық компанияларда он миллион доллар 
бюджетпен  өткізеді.  Ассоциация  қоғамды  темекі  тартудың  зияны,  эмфиземаның,  қатерлі  ісіктің 
жəне  туберкулез  ауруларының  алғашқы  белгілері  туралы  ақпарат  тарату  аса  маңызды  деп 
саналды. БАҚ-та ассоциацияның ақпараттарын басып шығару тегін қаралады. [3] 

 
275 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
 
Назарет  шіркеуі  мына  девизді  «біздің  шіркеу  сіздердің  үйлеріңіз  болуы  мүмкін»  деп 
өздерінің іс-əрекеттері  мен  миссиялары туралы  ақпаратты  таратады.  əр  түрлі  ассоциациялар  мен 
профсоюздар  БАҚ-тан  жарнамаларды  ақысыз  түрде  таратқандарын  қалайды. CBS 
телекомпаниясына  жыл  сайын  əлеуметтік  жобаларды  өткізуде 6000-ға  жуық  ұсыныстар  келіп 
түседі  жəне  əлеуметтік  жарнаманың  екі  ондықтан  аса  жəрмеңкелер  ақысыз  түрде  өтті.  БАҚ 
коммерциялық  емес  ұйымның  тегін  əлеуметтік  жарнамаларға  арналған  баспа  беті  жəне  эфирді 
көрсетуде ақпарат көлемі ұлғайғандықтан шектеуге мəжбүр болды. Сондықтан барлық əлеуметтік 
жарнамалар  тегін  емес  БАҚ  коммерциялық  емес  институттар  компаниясынан  жарнама  үшін 
расында ақша ала бастады, бірақ көп емес жəне жарнаманың таралуына жеңілдіктер береді. 
 
Басқа  іс-əлеуметтік  жарнамаға  мемлекеттік  ұйым  жарнамамен  байланысы:  əуе  қорғаныс 
күші, əскери теңіз флоты, армия, почта қызметі, үкіметтің бюро жəне департаменттер. АҚШ-та 70 
ж. əскери қызметтерді таңдауда мəселелер туындайды, яғни əскерге өз еркімен барушыларды алу 
керек делінді. Сол кезде жас жігіттер мен қыздарды əскери қызметке тарту үшін ірі компаниялар 
болған. Қазіргі уақытта бұл елдің Қорғаныс министрі корпаративті жарнамаларды қолданады. 90-
шы  жылдық  бюджет 20 млн  долларды  құрады  жəне  оның  көп  бөлігі  теле  жарнамаға  жұмсалды. 
Сонымен қатар əлеуметтік жарнаманы үкімет штатының көбі қолданды. Огайо штаты өндіріс п.к. 
концернге тапсырыс беру қызметі бар екенін хабарлайды. 
 
КСРО билігі одақтағы жарнаманың іс-əрекет сферасын толығымен бақылаған. 1917 жылы 
Қазан  революциясынан 14 күн  өткен  соң,  билік  үкімі  шыққан  соң  «хабарламада  мемлекеттік 
монополия кіріспесі туралы» деген декреті шыққан болатын. 
 
Большевиктердің басты мақсаты хабарландыруды газеттен басқа жерге шықпауына тыйым 
салды,  яғни  Кеңес  провинциясында  жəне  Кеңес  қалалары  мен  орталықтарында,  Питер  кеңесінде 
жəне барлық Ресей баспаларында тыйым салынды. 
 
Кеңестік  билік  уақытында  əлеуметтік    жарнама  толықтай  бір  саяси  типке    келтірілді. 
Кеңестік  билік  жарнаманы  өзінің  атағын  шығаруға  халықты  Қызыл  əскерге  мобилизациялауға 
құралдар жəне құрбандартар жинауға қолданды. Содан кейін, соғыс мəселесі жəне ақтармен күрес 
екінші  кезекке  көшкенде  əлеуметттік  жарнама  тақырыптары  кең  ауқымды  болды.  Алайда, 
əлеуметтік  жарнаманы  таратушылар  аясы  тар  болды.  Көбінесе  түрлі-түсті  плакаттар  болды.  Біз 
енді болашақта қарастыратынымыз жарнаманың осы түрі.  
 
Тарихшылардың бағалауы бойынша, кеіестік жарнаманың деңгейі жоғары болды.  
 
Кеңестік  уақыттты  мемлекеттік  жарнамалар  тақырыптары  негізінде  мемлекеттік  саясат  
бейнелі болғанын атап кеткеніміз дұрыс болар. Кеңестік уақыттағы əлеуметтік жарнамалар үлгісін 
қарастыра  келіп,  мемлекеттік  билікті  алаңдататын  келесі  тақырыптарды  бөліп  қарастыруға 
болады: 
•  Соғыс;  Николайдың    биліктен  кеткенннен  кейінгі    мемлекет  өмірінің  барлық  сферасына  
соғыстың  əсері.  Адамдар  əр  түрлі  есте  қалатын  созунгтары  бар  плакаттармен  шықты. 
Соғыстың  əсері  туралы  мемлекеттік - əлеуметтік  жарнамалар  негізінде  жараланған  
əскерлермен жəне олардың отбасына көмек көрсетуді қарастырады; 
•  Басқаша ойлатындармен күрес;  
•  Ашыққандар мен ауруларға көмек көрсету; 
•  Салауатты өмір салтына шақыру; 
•  Коммунистік құндылықтардың көтерілуі. 
 
Жоғарыда  атап,  көрсеткен  тақырыптар  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болады. 
Тақырыптардың  ішіндегі  ең  маңыздысы  большевиктердің  ақтариен  əскери  қайшылық  болды. 
Бірінші  Ұлы  Отан  соғыс  уақытындағы  Пастернаның  плакатының  мазмұны  келесі  алғанда 
құрайды: «20-21 тамызда  болған  соғыстағы  құрбандарға  көмек». [4. 155б.]  Алайда,  əлеуметтік 
жарнаманың  көмегімен  халық  көзқарасына  əсер  етуге  тырысқан  тек  қана  большевиктер  болған 
жоқ.  Сол  уақыттағы  əлеуметтік  жарнамаларда  ашаршылық  тақырыбы  өте  көп  кездесетін. 20-
жылдардың басындағы өнімсіздік халықтың көп бөлігін аштықтан күйзелуіне əкеп соқты. Үкімет 
көбінесе  астығы  бар  адамдарда  бағытталған  шакаттарды  шығарып  отырды. 1921ж  И.  Симаков 
жасап  шығарған  шакатта  аштықтан  қиналып  жүрген  адамдар  жəне  су  мен  бір  үзім  нан 
бейнеленген.  
 
Коммунистік  құндылықтарды  үгіттеу  Кеңес  үкіметінің  маңызды  істерінің  бірі  болды. 
Партия коммунизм идеялардың жылжуы үшін əлеуметтік жарнаманы жиі қолданды. Коммунистік 
құндылықтар  болып,  адамгершіліктік  жəне  маңызды  идеялар  болып  табылады.  Тіпті  əлеуметтік 
жарнамаларды  жарнамалағанда  үкімет  саяси  түр  беретін.  Мысалы,  Кеңес  кезіндегі  шакаттардың 

 
276 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане» 
бірінде В.И.Ленин трибунада бейнеленген жəне плакатта мынадай жазу болған. «Əлем əміршісі ол 
–еңбек»  Бұл  плакатта  тек  ол  екі  сөз  көзге  түседі.  Сондықтан  əлем  əміршісі  деген  сөз  ресиоция 
ретінде емес, нақты коммунизм  құндылығы ретінде көрсетіледі. 
 
Белгілі  емес  суретші  тарапынан  жасалған  плакат  қолдарында  жалаулары  бар  үш 
фонындағы  бақытты  адамдармен  оның  астындағы  сөзді  бейнелейді.   Жоғарыда  «Коммунистік 
партияға  барыңыздар»  Ұжымдастыру  кезінде  адамдарға  үкімет  тарапынан  болып  жатқан  іс-
əрекеттердің қажетті жəне оларды көмектесуге көндіру өте маңызды болған. [4. 334 б.]   
 
Əскери  коммунизм  кезінде  шаруаларға  ерекше  міндет  жүктелді:  бүкіл  Кеңес  Одағын  
нанмен  қамтамасыз  ету . Бұл  ұмтылыста  оларды  əлеуметтік  жарнама  қолдауға  тиісті  болды. 
Осындай  жарнаманың  бір  мысалы,  А.  Сапожниковтің  плакаты,  онда  желкесін  ұсап  ойланып 
тұрған  шаруа бейнеленген  жəне  мынадай сөздер бар: «əсерді өңдеу үшін, сокаң  болуы керек, ал 
соқаны жасау керек, ал мен оны ұмытып кетіппін. Жұмысшыларды əлдендіріп қою керек еді». 
     Əлеуметтік  жарнама  қоғам  санасын  өзгертуге  бағытталған.  Кеңес  уақытында  үкімет,  қоғам 
санасына  «дұрыс»  көзқарастар  енгізуге  тырысты,  қоғамға  қажетті,  батыл  іс-əрекеттерге 
итермеледі. Кеңес кезеңіндегі əлеуметтік жарнама тез есте сақталатын болған, көптеген слогондар 
қанатты сөздерге айналды. Большевиктер партиясының лозингтері əлеуметтік жарнамаға айналды 
деп  айтуға  болады.  Бəріне  белгілі: «Экономика  экономды  болуы  керек»  қанатты  сөзін  де, 
қоғамның  актуальды  проблемасына  назар  аударту  үшін  қолданған  деуге  болады.  Кеңестік 
асханаларда ілініп тұрған плакаттар, азаматарды асықпай тамақтануға шақырды. 
 
«Қазан төңкерісі – жарқын болашақ көпірі», - лозингі көпке мəлім, ол көпір үстінде кетіп 
бара  жатқан  қызыл  тулы  локомотив  фонында  салынған.  Бұл  плакат  кеңес  кезеңінднгі 
идеологияландырылған жарнаманың бір құрамдас бөлігі. Басқаша ойлатындармен күрес жүргізуге 
арналған, 1947ж В. Иванов шығарған плакатта жас инженер мен оның ту сыртында тұрған орыс 
батыры  бейнеленген.  Онда  келесі  сөздер  жазылған: «Орыс  халқы  жасасын – батыр-халық,  дана-
халық!».  Мұндай  плакат,  кеңес  үкіметінің , Ресей  халқының  өткен  тарихынан  қол  ұзгісі 
келмейтінін аңғартады. [4. 477б.]  
 50-ж. аяғында жүйенің əлсіреуі барысында əлеуметтік жарнаманың мазмұны өзгереді, онда 
идеологияның азаюы байқалады, онда тек қана партияның ғана емес, сонымен қатар азаматтардың 
қажеттілігін  де  ескереді.  Кеңес  кезінде  кейбір  əндер  мен  кинофильмдер  де  жарнама  ретінде 
қолданылған.  Мысалы, «Əрқашан  күн  сөнбесін!»  əнін  əлеуметттік  жарнама  түріне  жатқызуға 
болады.  
 
Сонымен,  кеңес  кезіндегі  жарнамалар  бір  сарында , көп  жағдайда  саясаттандырылған, 
идеологияландырылған, дегенмен, сол уақыттағы мамандардың  айтуынша жоғары сапалы болған. 
Кеңестік əлеуметтік жарнама бірқатар маңызды қызметтерді атқарып отырған. Олар: ақпараттық, 
коммуникативті,  имидждік,  тəрбиелеу  жəне  насихаттау.  Бұл  жерде  оның  қаншалықты  тиімді 
екендігі  туралы  сұрақ  туындайды.  Сол  кездегі  жағдайлар  бойынша  айтатын  болсақ,  ол  тиімді 
жүргізілген де шығар , алайда, кеңес кезіндегі ақпараттардың шындыққа жанаспауы да мүмкін.  
 
Ресейде əлеуметтік жарнама жайлы алғаш рет 1994-95ж.ж барлық орталық телеканалдарда 
«Ата-анаңа звонда» атты жобаның шығуымен айтыла бастады.Сəл кейінірек,  оның негізін салушы 
Мəскеу  қаласында  ұйымдастырылған  жарнамалық  Кеңес  екені  белгілі  болды.  Əлеуметтік 
жарнаманы  белсенді  насихаттаушылардың  бірі – И.  Буренков  болды.  Ол  əлеуметтік  жарнама 
туралы  заң  қабылдауға  атсалысты  жəне  Ресейде  əлеуметтік  жобаларды  дамытуға  шынайы 
қызығушылық  танытты.  И.  Буренковтың  айтуы  бойынша,  əлеуметтік  жарнама – қоғамның 
адамгершілік  қалпын  сақтау  мен  көзқарастарын  қалыптастыруда  маңызды  болып  табылады.  Ол: 
«коммерциялық  емес  əлеуметтік  жарнама – жалпы  жарнамаға  деген  жағымды  қатынасты 
қалыптастырады. 
 
И.  Буренков  өзінің  «Жақсы  идеялар  Америкада  жарнамаланады»  атты  мақаласында  ол 
АҚШ-та  əлеуметтік  жарнаманың  даму  тарихын  жəне  жарнама  бойынша  Америкалық  Кеңесінің 
қызмет  ету  прициптерін  көрсетті.  Əлеуметттік  жарнама  жалпы  адамзаттық  мəселелерді 
қарастыратын  ең  кең  аудиторияға  арналған. PSА-ның    мақсаты – белгілі  бір  мəселеге  қатысты 
қоғамның көзқарасын өзгерту, ал ұзақ мерзімді перспиктивада – жаңа əлеуметтік құндылықтарды 
қалыптастыру болып табылады. 
 PSА-ның  мақсаты мемлекеттік емес жарнамалардың мақсатына өте жақын,  ол қоғамның 
мінез-құлықтың моделін өзгертуге талпынады. Сонымен қатар, мақсатты түрде біріктіруде барлық 
қолданылатын  əр  түлрлі  зерттеу  терминдері  «əлеуметтік», «қоғамдық» , «мемлекеттік  емес» 
жарнама-əлеуметтік барлығы бір түсінігі. 

 
277 
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
 
Барлық  əр  түрлі  үкіметтік  жəне  саяси  жарнамалардың  түрлері  əлеуметтік  жорамалмен 
болуы  жəй  емес.  Оның  мақсаты  мен  мазмұны  жарнамалардың  басқа  түрлерінің  мақсаттары  мен 
мазмұндарымен , журналистика  араласқан.  Əскери  қимылдар  кезінде  халықтың  мобилизациясы, 
қаражат  компаниясын  жүргізу  жəне  қайырымдылық  көмек  көрсетуді  тең  дəрежеде  саяси  жəне 
əлеуметтік  жарнамаға  жатқызуға  болады. 1914 жылы  «Дамский  мир»  жариялау  журналында 
анықтаушы материалдар қатарында Ресейдегі бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде госпитальдағы 
əйелдердің  жұмысы  жайлы  өздерінің  əлеуметтік PR-ына  жəне  əлеуметттік  журналистикаға  тең 
деңгейде қарайды. 
 1987 
ж.  Америка  еңі  танымал  жəне  жоғары  бюджетті  əлеуметтік  компанияларды    өткізу 
жұмысын  бастады. «Трезвость  за  рулем    СПИД», «Это  может  случится  с  тобой».  Нашақорлық 
тақырыбы,  топтардың  қолға  алынуы  мен        PR  -акциясының  масштабының  басы  ретінде  қолға 
алынып,  жалпы  мемлекеттңік  мəселелер  деңгейінде  көтерілді.  Акцияда  жүздеген  жарнамалық 
газеттер мен  радиоларға 50 қайырымдар қойылды, 1 жылға 500 млн доллар көлеміндей эфирлік 
уақыт пен жарнамалық кеңістікті БАҚ берді. 
 
Əлеуметтік жарнаманың дамуы мен қоғамдағы орны қазіргі таңда жоғары көрсеткішке ие. 
Оған  мысал,  Атақты    жоғарғы  дəрежедегі  коммерциялық  корпорациялар  өз  бетінше  əлеуметтік 
жарнаманы  əске  асырып  жатқаны  қатерлі  ісіктің  алдын  алудағы  Америкадағы  танымал AVON 
атты жарнамалық компания жұмысын атап айтуға болады. 
 
Əрине əлеуметтік жарнаманы – бұл қоғамның өзіндік іске асыру көрінісі оның прициптік 
бағыты  əлеуметтік  бағалы  құндылықтарға  қарым-қатынас.  Америкада  əлеуметтік    жарнаманы 
өзіндік    əлеуметтік  дəрі  ретінде  қабылдайды.  Профилактикалық  инструментті  əлеуметтік 
кедейлілік. Сондықтан əлеуметтік жарнама жоғары мақсаттарға ие. [5. 15-16б.]  
 
Посткеңестік  мемлекеттерде 1994-95 ж.ж.  қоғамдық  аренада  пайда  болған  əлеуметттік 
жарнама,  ол  саясаткерлердің  қолында  болды.  Біздің  мемлекетімізге  əлеуметтік    жарнама  заңды 
түрде 90-жылдардың  ортасында  пайда  болды,  бұған  себеп  біздің  мемлекетіміздің  ең  алғашқы 
демократиялық  сайлау, екінші  жағынан  ол  жаңа  нарықтық экономикаға  көшудің  тоқырау кезеңі. 
Бұл  кезеңдегі  əлеуметтік  сұрақтар:  жұмыссыздық,  зейнет  ақы,  төлем  ақы,  жалақылардың 
төленбеуі  жəне  де  аурулар  мен    ашаршылықтың  болуы – ресей  азаматтарына  осылар  ең  бірінші 
проблема  болды.  Осындай  проблемаларды  политехнологтар  шектеулі  түрде  талқылады, 
кандидатор сайлау алдында осындай проблемаларды символикалық үлгісін көрсетті. 
 
Қазақстандағы  алдыңғы  қатардағы  компаниялар  əлеуметтік  ортаға  жеткілікті  назар 
аударады  жəне  əлеуметтік  жарнаманың  құрылуына  өз  үлесін  қосып  отыр.  Мемлекеттерде 
əлеуметтік  проблемаларға  өз  назарын  аударуда  жəне  əлеуметтік  мəні  бар  ақпаратты  жариялау 
үшін  керекті  қаражат  бөлуде.  Осы  себептен  əлеуметтік  жарнама  мен  əлеуметтік PR қазіргі 
қоғамның  гуманизациялануына  жəне  адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастыруда  маңызды 
құралдар болып табылады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет