Әрбір білім беру ұйымының міндеті-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдылары бар және оны қоршаған болмыста бәсекеге қабілетті бола алатын білім алушы тұлғасыныңүйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру.
2022-2023 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге назар аудару керек:
✓ білім алушылардың білімін толықтыру;
✓ қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;
✓ білім алушыларға сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
✓ цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау;
✓ инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету [2, 7 б.]
«2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат.
2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы осы әдістемелік нұсқау хат қолданыстағы заңнаманы ұстануға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Әдістемелік нұсқау хат келесі нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдарды қамтиды:
- 2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесін реттейтін негізгі нормативтік құжаттарға сілтемелер;
- құндылыққа бағдарланған, құзыреттілік, STEAM/ STEAM педагогикалық тәсілдерді іске асыру бойынша ұсыныстар;
- пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылықты (оқу және жазу сауаттылығы, математикалық, ғылыми жаратылыстану сауаттылығы) қалыптастыру бойынша ұсыныстар;
- пәндік, метапәндік және түйінді құзыреттерді; цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту бойынша ұсынымдар.
Білім беру процесінде білім алушы басты назарда тұруы тиіс. Барлық оқыту процесі оған қолайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталуы қажет.
Алдағы оқу жылында үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау өзекті міндет болады [3, 3 б. ]