Соңғы ми,аралық ми,ортаңғы ми,сопақша ми топографиясы Сопақша ми


) Қалқанша без. Қалқанша маңы безі



бет5/5
Дата11.12.2023
өлшемі28,67 Kb.
#137672
1   2   3   4   5
Байланысты:
16,17,18,19

18) Қалқанша без. Қалқанша маңы безі.


Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula без, гр. thyreos —қалқан) –
шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер
ұлпалық қапшықпен қапталған. 
Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына
орналаскан. Ересек адамдарда оның салмағы
шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі
өзара байланысқан екі бөліктен тұрады.
Қалқанша безде іші шырышты затқа толы
қуыстар бар. Шырышты
заттан тироксин гормоны бөлінеді, ал оның
құрамында йод болады. 50 жастан әрі қарай
калқанша бездің салмағы мен мөлшері
кішірейеді.
Голотопиясы Қалқанша без мойынының алдыңғы аймағында орналасады.
Скелетопиясы: Қалқанша без ІҮ-ҮІ мойын омыртқаларының деңгейінде орналасқан
Оң және сол жақ үлестері жоғары жағында қалқанша шеміршегінің жоғарғы жиегіне дейін жетеді, төменгі ұшы кеңірдектің 5-6 жартылай сақиналы шеміршегінің тұсында
Орналасады.
Қылтасы кеңірдектің бастапқы екі жартылай сақиналы шеміршектерінің алдында немесе жүзік тәрізді шеміршектің доғасының деңгейінде орналасқан.


Қызметі:
1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;
2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;
3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының
қозуын арттырады.
Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар.Қалқанша безінің жұмысы бұзылғанда гормондардың бөлініп шығуы бәсеңдейді(гипофункция)немесе олар көп бөлініп бастайды(гиперфункция).
Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады.
Қалқанша безінің негізгі гормоны тироксин және трийодтиронин .
Қалқаншамаңы безі (glandula parathyroideae, лат. glandula - без; гр. рага - маңы, қасы; thyreos — қалқан) — қалқанша безі маңында немесе оның ішінде орналасқан кішкене денешік тәрізді ішкі секреция безі. Ол сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Без паренхимасында жасушалар тізбектеліп немесе топталып орналасып, безді жасушалар бағандарын құрайды. Олардың аралықтарында қан тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпасының жұқа қабаттары болады. Қалқаншамаңы безі жасушаларын паратироциттер деп атайды. Олар негізгі (базофилді) және ацидофилды (оксифилді) паратироциттер болып екі топқа бөлінеді. Негізгі паратироциттер қандағы кальцийдің деңгейін жоғарылататын паратирин гормонын бөліп шығарады. Ацидофильді жасушалар — қызметін тоқтатқан, ескіру кезеңіндегі паратироциттер.
Құрылысы: Бездердің екеуі қалқанша бездің жоғарғы жағына, екеуі төменгі жағына жабысып, оған жанаса орналасқан. Қалқанша безге жақын жабыса орналасқанымен құрылысы мен қызметі мүлдем өзгеше. Бездердің үлкендігі асбұршақтай, салмағы 20-50 мг. Ересек адамда әр бездің ұзындығы 6-8 мм, ені 3-4 мм, калыңдығы 1-2 мм. Салмағы ер адамда 30 жасқа дейін, әйелдерде 46-50 дейін өседі.
Қызметі:

1) бездерден бөлінетін гормондар қан мен ұлпа сұйықтығындағы фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттейді;


2) 1 құрамындағы кальций мен фосфордың ішекке тез сіңуіне әсер етеді.
3) денеден кальций мен фосфордың зәр мен нәжіс аркылы шығарылуын қамтамасыз етеді.
Бөлетін гормоны :паратгормон және кальцитонин .
19. Бүйрекүсті безі. Гипофиз.Эпифиз

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет