Соңғы ми,аралық ми,ортаңғы ми,сопақша ми топографиясы Сопақша ми



бет2/5
Дата11.12.2023
өлшемі28,67 Kb.
#137672
1   2   3   4   5
Байланысты:
16,17,18,19

Үлкен ми сыңарларының аймақтары.Үлкен ми сыңарларының қатпарлы иірімдері ми қыртысының көлемін ұлғайтады. Сезу-қимыл аймағы маңдай, төбе бөліктерінде орналасқан. Мұнда аяқ, тұлға, қол, мойын, тіл, бет, ерінді қозғалту және сөйлеу орталығы болады. Көру аймағы – шүйде бөлігінде, одан көру жүйкелері арқылы қозу өтеді. Есту аймағы – самай бөлігіндедәм сезу, иіс сезу аймағы – маңдай бөлігінің ішкі жағында. Артқы орталық иірімде – тері, буын-бұлшықет, сезу аймағы бар. Денеге ыстық, суықпен әсер еткенде қайтаратын жауабы (қолды тартып алу) осы аймаққа байланысты. Адамдағы психикалық әрекеттер (есте сақтау, сөйлеу, ойлау және т. б.) ми сыңарларының барлық аймақтарымен байланысы бар. Жүйке ауруларын емдейтін дәрігерді невропатолог (невролог) дейді.
17) Сезім ағзалары, көз бен құлақтың құрылысы
Адамда 5 түрлі сезім мүшелері бар, олар: көру мүшесі – көз; есту мүшесі – құлақ; иіс сезу мүшесі – мұрын; сипап сезу мүшесі – тері; дәм сезу мүшесі – тіл. Сезім мүшелері қоршаған ортаның белгілі бір тітіркендіргіштерін ғана қабылдайды. Мысалы, құлақ – тек дыбысты, көз – тек жарықты және т. б.
Анализатор. Анализаторда 3 бөлік болады: 1) тітіркендіруді қабылдайтын шеткі бөлігі – рецепторлық; 2) қозуды (тірі жасушалардың тітіркенуге жауабы) рецептордан орталық жүйке жүйесіне өткізетін – өткізгіш бөлігі; 3) ми қыртысында қозуды талдайтын – орталық бөлігі. Сонымен анализатордың бөліктері – шеткі, өткізгіш, орталық деп аталады. Анализаторлардың барлық бөлігі бір-бірімен тығыз байланысты. Егер анализатордың бір бөлігі зақымданса басқа бөліктеріне әсер етіп, тітіркенуді ажырату қабілеті жоғалады (жойылады).
Көру ағзасы (organum visus)адамның қоршаған ортамен арақатынасын қамтамасыз ететін сезім ағзаларының өте маңызды бөлігі.Көру ағзасының құрамына :көз алмасы (oculus),көру нерві және көздің қосалқы ағзалары .
Көз алмасында алдыңғы және артқы полюстерді ажыратады.Алдыңғы полюс көз алмасының алдыңғы дөңесінің ортасына ,артқы полюс артқы дөңесінің орталығына сәйкес келеді.Көздің екі полюсін қосатын сызық көз алмасының сыртқы білігі деп аталады,оның ұзындығы 24мм шамасында болады .Көз алмасы қабықтардан және ядродан түзілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет