жердің иесі болу керек.
да бір ерекше мүмкіндігі ғой.
ауқымды.
6
№18 (2943)
7 наурыз 2017
zangazet@mail.ru
темірқазық
Сұхбат
Гүлажар Бақытжанова,
Маңғыстау облыстық сотының судьясы
«АнА деген Алтын
қазық, алтын бақ»
Сауалына-жауабы
Түйткіл
Газетімізге неке және
отбасына қатыс ты
мәселелер бойынша
кеңес сұрап келетін
жандар көп. Редак-
ция қоржынына түскен
сауалдарға Ақтөбе
облысы Қобда аудан-
дық сотының судьясы
Ш.ЕСЖАНОВА жауап
берген еді.
– Небәрі 26 жасыңызда судья
болып, алғырлығыңызбен көзге
түскен екенсіз. Бұл қызметке қалай
келдіңіз?
– Мен бала кезден судья болуды
армандадым. бұл істің қолымнан ке-
летініне ата-анамның көзі жетті, сон-
дықтан ешқашан қарсылық білдірген
емес. қазақ мемлекеттік заң универ-
ситетін заңгер мамандығы бойын ша
бітіргеннен кейін туған елге келіп,
про куратурада қызмет атқардым. 2005
жылы Елбасы Жарлығымен Маңғыстау
аудандық сотына судьялыққа тағай-
ындалдым. алты жыл қызмет атқарған
соң осы сотқа төрағалық ету туралы
Жарлық шықты. Кез келген адам өзіне
тапсырылған істің шырайын шығарып,
қолынан келгенінше мінсіз атқаруы
керек. Сонда ғана ол өз ісінің нағыз
маманы деген атқа ие болады емес
пе?! Мен де қолымнан келгенше өзіме
жүктелген міндетті ар алдында бол-
сын, адам алдында болсын сапалы
орындауға тырыстым.
«Жас келсе іске» деген аталы сөз
бар ғой. бізді ата-анамыз білімге құш-
тарлыққа, ізденімпаздыққа, еңбекқор-
лыққа тәрбиеледі. Әкем мен анамның
әр сөзінде және ісінде осындай қа-
сиетке баулитын белгілер жататын
еді. Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда
ата-анасының мойнына масыл болып,
«өмірге әкелген екенсің, енді өмірден
орнымды да өзің тауып бер» деп қыл-
жиып жататын жастар аз емес. Мен
ондай түсінікті ешқашан ойыма алып
көрмеппін. Жастар керісінше, өз ісіне
жауапты, кез келген бастамада бел-
сенді, жаңалыққа жаны құмар, ойы
зерек, ұстанымы берік болуы керек.
Сондай жастардан сөзсіз ел тұтқалары
шығады.
– Сіз аудандық сотта судья бо-
лып шыңдалып, төраға болып, ой
тоқтатып, жан-жақты кәсіби қа-
білетіңізді дамыта келе, Маңғыстау
облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотына
судья болып тағайындалдыңыз. Бұл
соттың жұмыс жүктемесі мен жау-
апкершігі қалай?
– Судьялық қызметке қойылатын
ортақ бір талап бар – ол заң мен
ар алдында әділ болу. біз мемлекет
атынан шешім шығаратындықтан, әр
ісімізге, әр мәселеге аса байыппен
қарап, өзімізге артылған жауапкер-
шілікке адал болуымыз керек. бізден
Елбасының да, Жоғарғы сот төрағасы-
ның да талап ететіні сол. Сондықтан,
судьялардың қателесуге құқы жоқ.
аудандық соттағы қызмет жылдарым
мен үшін үлкен тәжірибелік мектеп
болды. Сыналдық та, шыңдалдық та.
ал инвесторлардың ісін қарайтын сот-
тың жүгі де, жауапкершілігі де ауыр.
Маңғыстау облысының маманданды-
рылған ауданаралық экономикалық
сотында әр судья аптасына 20-дан аса
іс қарайды. Мұнда даулар күрделілігі,
уақыттың жетіспеушілігі бізді одан әрі
шыңдап, белсенді әрі ширақ болуы-
мызды талап етті. Десе де, жұмыстың
қиындығы мен ауырлығы тек жұмыста
жүргенде ғана білінуі керек, ал жұмыс-
тан соң үйге кіріп барғанда, барлық
жағымсыз әсерлер мен ауырлықты
табалдырықтың сыртында қалды-
рып кетеміз. Осылайша, қызмет пен
отбасымызды қалыпты күйде қатар
алып жүруімізге болады. Әрбір сотта
сот төрелігін атқаруда ашықтық пен
жария лылықты қамтамасыз ету мақса-
тында арнайы бақ-пен байланыс жұ-
мысын үлестіруші судьялар бекітіледі.
Экономикалық сотта мен осы жұмы-
сты қатар алып жүрдім. Сол сияқты
әр судьяның өзіне бекітілген негізгі
жұмысынан бөлек қосымша қоғамдық
міндеттері де бар. ал өткен жылы
облыстық сотқа судья болып тағай-
ындалдым. Менің үйренгендерімнің
барлығы алдымнан шығып отыр. Әлі
де үйренерім көп.
– Көп әйелдер, әсіресе, өзіңіз
секілді көпбалалы аналар қоғамда
белсенділік танытуға асықпайды.
ал сіз, сондай замандастарыңызға
қуат көзін қайдан алуға кеңес берер
едіңіз?
– адам өз белсенділігін өзі арт-
тырып отыруы керек. Мен мектеп-
те оқып жүргеннен бастап түрлі
жарыс-сайысқа қатысатынмын. Өз
бойымдағы білімім мен қабілетімді
өзгелермен салыстыра отырып, да-
мытуды жақсы көремін. Судьялық
қызмет атқарып жүріп облыстық,
республикалық деңгейде судьялар
мен сот қызметкерлері арасында
өткізілген «Патриоттық тәрбиедегі
мемлекеттік рәміздердің маңызы»,
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты
сайыстарға қатысып, жүлделі орын-
дарды иеленіп жүрдім. түрлі ғылы-
ми-практикалық конференцияларда,
семинар, дөңгелек үстелдерде өз
пікірімді айқын түрде білдіріп отыра-
мын. Себебі демократиялық қоғамда
әрбір қазақстандықтың ашық айты-
латын ойы мен пікірі аса маңызды.
ал енді осының бәрінің үдесінен
шығу үшін, әрине, өзіңіз айтқандай,
қуат керек. біз, әйелдер, қуат көзін
тікелей өзімізден аламыз. Өзіміздің
сүйіспеншілігіміз, махаббатымыз бен
мейіріміміз бізге нағыз қуат береді.
«ана деген алтын қазық, алтын бақ»
деген атқа лайық болсақ құба-құп.
– азаматтар мен түрлі ұйымдар-
дың құқығын, бостандығын және
заңды мүдделерінің қорғалуын
қамтамасыз етумен қатар, отба-
сының ұйытқысына айналып, нағыз
әйел-ана, әйел-жар, іскер әйел ата-
нып жүрсіз. Енді отбасыңыз туралы
айтып өтсеңіз?
– Шаңырағымыздың отағасы екеу-
міз 5 ұл-қызды тәрбиелеп, өсіріп,
оларға нағыз қазақы тәрбие беруге
талпынып жүрміз. Мен ата-анама
қандай ерке қыз болсам, келін болып
түскен жерім де маған сондай жақын,
тиісінше менің де қайын жұртыма
деген құрмет-ілтипатым жоғары. бос
уақытымда дүкен аралап, демалыс
орындарына барып, шаршағым кел-
мейді. ас үйде дәмді, ерекше тағамдар
пісірсем, содан ләззат аламын. қыз-
метте жауапкершілігім жоғары, жүк-
темем ауыр болғанымен, ешқашан
да отбасымдағы өз міндетімді кей-
інге ысырып қоймаймын. Яғни, бала
тәрбиелеп, ас әзірлеу, отағасының
қас-қабағын бағып, киімін дайындау
тікелей менің міндетім. бұл қасиет-
тердің барлығы әрбір қазақ қызының
бойынан табылатын, табылуға тиіс
қарапайым қасиеттер. Менің бағыма
қарай, жолдасым да мейірбан, қамқор
жан. Жағдайымыз жеткенше екі жақты
тең көріп, бірдей көмек көрсетуге ты-
рысамыз. Отбасы тыныштығы, бала
тәрбиесі біз үшін бірінші орында. Се-
бебі қазіргі өмір неше түрлі жаңашыл-
дыққа толы. балаға оң әсер ететіні де
бар, зияны тиетін жайттар да аз емес.
Сондықтан баланың тиісті деңгейде
білім алып, пайдалы нәрсемен айна-
лысуы біз үшін аса маңызды.
– қазіргі жас отбасылар көпба-
лалы болуға ынталы емес. оған не
себеп деп ойлайсыз?
– құдай берсе, денсаулық жарап
жатса, бала өсіретін жағдайы болса,
отбасын толықтырудан қашпау керек.
қазіргі кезде Мемлекет басшысы
нұрсұлтан назарбаевтың сындарлы
саясатының арқасында ана мен балаға
көп қамқорлық жасалып, көңіл бөлініп
отыр. Сондықтан мансап қуып, бала
тууды шектеп қоятын отбасылардың
көзқарасына мен үзілді-кесілді қар-
сымын. біздің қазақта әйел, ең ал-
дымен, отбасындағы орнымен қадірлі
саналған. Сондықтан отбасы мәселесі
әйел үшін басты орында тұру керек.
Жақсы әйел лауазымды қызмет ба-
сында отырса да отбасын құрып, бала
тууды ұмытпағаны абзал.
– Риясыз сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан
Мейірдос МоМыханов
месе баланың әкесiнiң өтініші болмаған кезде баланың туу тегiн
анықтау сот тәртiбiмен жүргізіледі. неке (ерлі-зайыптылық) және
отбасы туралы кодекстің 48-бабына сай, осы санаттағы азаматтық
істерде арызданушы ретінде ата-ананың бiреуi, бала қорғаншысы не-
месе қамқоршысы, баланы асырап отырған адам, сондай-ақ кәмелет-
ке толған соң баланың өзі өтініш бере алады. алайда осы санаттағы
істер бойынша жасақталған талдаудан байқағанымыз, әке болуды
анықтау және баланы бағып-күту үшін алимент өндіріп беру туралы
талап қоюды көбінесе кәмелетке толмаған балалардың аналары ғана
береді екен.
Іс бойынша сот қандай
дәлелдемелерге мән береді?
«неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 48-ба-
бына және «Әке болуды анықтау және әке болуды тану фактілері
жөніндегі сот тәжірибесі туралы» Жоғарғы соттың нормативтік қау-
лысының 2-тармағына сәйкес, соттар баланың нақты шығу тегін
растайтын дәлелдемелерді (бірге тұратыны, бала туғанға дейін бірге
шаруашылық жүргізіп, олардың баланы бірге асырап тәрбиелеуі,
генетикалық сот сараптамасының қорытындысы және т.б.) назарға
алады. Осы мән-жайлар аПК-нің 63-бабының 2-бөлігінде аталған та-
раптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың
айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қоры-
тындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен, iс жүргiзу
әрекеттерiнiң барысын және нәтижелерiн көрсететiн сот отырысы
хаттамаларымен және өзге де дәлелдеу құралдарын пайдаланумен
анықталуы тиіс.
Алимент мәселесі қалай
шешіледі?
алиментті өндіріп алу барлық жағдайда да «неке (ерлі-зайыптылық)
және отбасы туралы» кодексінің талаптарына сәйкес жүргізіледі. Яғни,
аталған кодексте қарастырылғандай алимент бала басына шағылып,
мөлшері белгіленіп, жауапкерден бала кәмелет жасқа толғанша өн-
діріледі. Мұндай істер бойынша шешім шығарғанда сот алдымен та-
лапты қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту мәселесін
шешеді. қанағаттандырылған жағдайда алимент мәселесі, содан соң
сот шығындарының және мемлекеттік баж салығының өндірілу мәсе-
лелері, қаржының кімнен, қандай мөлшерде және қандай мерзімде
өндірілуі керектігі дәйектеледі.
Сот шешімі қандай мерзімде
орындалуға жіберіледі?
қР аПК-нің талабы бойынша, бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi, егер
оған шағым жасалмаса немесе наразылық білдірілмесе, оған апелля-
циялық шағым жасау, наразылық білдіру мерзімі өткеннен кейін заңды
күшіне енеді. ал апелляциялық шағым, наразылық – шешім түпкілікті
нысанда шығарылған күннен бастап берілуі, сот талқылауына қа-
тыспаған тұлғалар өздеріне шешімнің көшірмелері жіберілген күннен
бастап бір ай ішінде беруі мүмкін.
Сонымен қатар, кодекс талабына сай, дереу орындалуға жататын
шешімнің түрлері бар, соның бірі алимент алып беру туралы шешім.
Яғни, сот алимент өндіру туралы шешім шығарса, шешімнің сол бөлігі
дереу, ал қалған бөлігі жалпы талапқа сай үш жұмыс күні ішінде орын-
далуға жіберіледі.
Дайындаған нұрдәулет алайДаР
Егер құқық бұзушы отбасы – тұр-
мыстық қатынастарда адамдарға
сыйламаушылық көрсетiп, былапыт
сөйлесе, қорлап, тиiссе, кемсiтсе,
үй тұрмысындағы заттарды бүлдiріп,
отбасының тыныштығын бұзса, басқа
да жағымсыз әрекеттер жасаса және
бұл әрекеттерде қылмыстық жазала-
натын іс-әрекет белгiсi болмаса – он-
дай құқық бұзушыларға ескерту, не
үш тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк
қамаққа алу түріндегі жаза қолданы-
лады. ал әкiмшiлiк жаза қолданылған-
нан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап
жасалған осындай әрекеттер – он
тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк
қамаққа алуға әкеп соғады.
Кейінгі жылдары елімізде осы
саладағы заңдылық нығайтылып,
тұрмыстық зорлық-зомбылықтың
профилактикасы туралы заң қабыл-
данды. бұл заң зорлық-зомбылыққа
ұшырағандарды қорғауды және от-
басылық жанжалшыларға қатысты
қылмыстық-процестік мәжбүрлеу-
ді қамтамасыз ету мүмкіндіктерін
едәуір кеңейтті. Соның арқасында
отбасылық-тұрмыстық саладағы
Б
иліктің үшінші тармағы болып табылатын сот жүйесінде
мемлекет атынан сот төрелігін жүргізіп отырған нәзік жан-
ды судьялар аз емес. Маңғыстау облысында барлығы 84 судья
болса, соның 36-сы әйелдер екен. Солардың бірі – мемлекет
атынан шешім шығарып, жемісті еңбегімен ұжымның абыройын
асқақтатып жүрген Маңғыстау облыстық сотының судьясы –
Гүлажар қоянбайқызы Бақытжанова дер едім. Бүгінгі нөмірімізде
қызметі мен отбасын қатар алып, екі жауапкершіліктің де үдесі-
нен шығып, өзгелерге үлгі болып жүрген жас судья, көпбалалы
ананың ой-пікірін оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Баланың тегі
қалай
анықталады?
бiр-бiрiмен некеде тұр-
майтын (ерлі-зайыпты емес)
ата-аналардан бала туған
жағдайда және ата-анала-
рының бiрлескен өтініші не-
қылмыстардың азаю динамикасына
қол жеткізу мүмкін болды. алай-
да бұл проблема әлі де өзектілігін
жоғалтқан жоқ. тұрмыстық зор-
лық-зомбылық сол күйінде маңызды
әлеуметтік проблема болып қалып
отыр.
Статистика бойынша қазақстанда
отбасындағы зорлық-зомбылықтың
90 пайызға жуығы әйел адамдарға
қатысты жасалады. Егде адамдар мен
балалардың да зорлық-зомбылық
әрекеттеріне тап болатын жағдай-
лары аз емес. Орал қаласының ма-
мандандырылған әкімшілік сотында
2016 жылы ӘқбтК-нің 73-бабымен
отбасы тұрмыстық қатынастар аясын-
дағы құқыққа қарсы әрекеттер жасау
бойынша 1098 әкімшілік іс қаралып,
оның ішінде екі жақтың татуласуына
байланысты – 352, әкімшілік құқық-
бұзушылық құрамының болмауына
байланысты – 3, әкімшілік жауап-
тылыққа тартудың ескіру мерзімінің
өтуіне байланысты – 1, барлығы – 357
әкімшілік іс қысқартылды. Отбасы
тұрмыстық қатынастар аясындағы
құқыққа қарсы әрекеттер жасауға
байланысты әкімшілік жауаптылыққа
тартылған 1098 тұлғаның ішінде 48-і
әйел, 1050-і ер адамдар.
Отбасында тұрмыстық зорлық-
зомбылықты, әлсізге озбырлықты
көріп өскен жасөспірімдер ауыр мо-
ральдық соққы алып, күндегі көрген
мұндай қиянатты ол әділдік, тезге
салудың жолы деген тоқтамға келуі,
өсе келе оны өзі де қайталауы мүм-
кін. Сол себепті бүгін отбасындағы
зорлық-зомбылық фактілерінің ал-
дын алудың жаңа жолдарын іздестіру
маңызды. Әсіресе, түсінік, насихат
жұмыстарына, әлеуметтік-құқықтық
шараларға басымдық беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: