8
№18 (2943)
7 наурыз 2017
zangazet@mail.ru
түзеу мекемесі
Орайы келген әңгіме
Бақыт НҰРТАЗАЕВ,
«Қылмыстық жазасын өтеген
адамдарды әлеуметтік бейімдеу
және оңалту орталығы»
КММ директоры:
«ЖАЗАСЫН
ӨТЕГЕНДЕРГЕ
КӨЗҚАРАС
ӨЗГЕРУІ КЕРЕК»
Жүлдегер
Қымбаттың жеңісі
Брифинг
– Жазаны ізгілендіру, қиыс кеткендердің
түзу жолға түсуіне мүмкіндік беру бүгінгі
қоғамның басты ұстанымы. Осы мақсатта
«Пробация туралы» заң қабылданып, «Қыл-
мыстық жазасын өтеген адамдарды әлеумет-
тік бейімдеу және оңалту орталығы» құрылға-
нынан хабардармыз. Нәтиже қалай?
– Орталық өткен жылдың маусым айында
қызметіне кірісті. Негізгі миссиямыз – қыл-
мыстық жазасын өтеген адамдардың еңбекке
орналасуына, мамандық алу үшін оқытуға,
жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсім-
деуге, қоғамнан оқшауланбауына жәрдемдесіп,
құқықтық-психологиялық көмек көрсету. Әзірге
қала деңгейінде жұмыс жасалып жатыр. Өзіңіз
білетіндей, республиканың түкпір-түкпірінде
жазасын өтеп жатқан қызылордалық азаматтар
бар. Түзеу мекемелеріне арнайы хат жіберілген,
бізге мәлімет уақытылы түсіп тұрады. Мәселен,
жыл басынан бері солардың 182-сі бостандыққа
шықты. Тар қапастан еркіндікке қадам басқан
оларға деген қоғамның көзқарасы қандай бола-
тыны белгілі жайт. Шындығында, өмірін қайтадан
бастағысы келетіндерді отбасының өзі қабылдай
ма, қабылдамай ма? Қабылдамаса, оның арты
қайта қылмыс жасауға ұласуы әбден мүмкін.
Бұл – бір ғана себеп. Мінеки, біздің қызметіміз
– осыған жол бермеу. Әлгі айтып өткен 182 жа-
засын өтегеннің 59-ын тауып, әлеуметтік карта
толтырдық. Қандай мамандығы бар? Оқымаған
болса, оқытудың мүмкіндіктері қалай? Соны
анықтаймыз. Психологиялық, құқықтық көмекке
зәрулерге орталықтың 1 психологі, 2 заңгері
көмектеседі. Бастысы мұның барлығы – тегін.
– Жасалған көмекті тарқатып айтып бер-
сеңіз.
– Неге айтпасқа?! Қайта жұмысымызды айту
арқылы халық арасында насихатты кеңейтуге
тиіспіз. Өйткені бұл орталық жайында көпшілік
біле бермейді. Тарқатып айтсам, 59 жанның
7-еуін тұрақты жұмысқа орналастырдық. 6-уы
жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы қоғам-
дық жұмысқа тұрды. Нақтыласақ, бірі – пош-
ташы, бірі – әскери комиссариаттың шақырту
қағазын тасиды, 4-уі – тазалықпен айналысатын
мекемеде. Сондай-ақ 5 адам қайта оқыту курста-
рына қабылданды.
– Бәке, бәрекелді дегізетін жаңалықта-
рыңыз бар екен. Әлгінде, үй-іші қабылдамай-
тын жандар бар деп едіңіз. Ондай жағдайда
не амал бар?
– Рас, қазір 2 адамды отбасы қабылдамады.
Оларды қалалық жұмыспен қамту және әлеу-
меттік бағдарламалар бөлімінің қарамағындағы
оңалту орталығына жібердік. Онда бір жылға
дейін тегін тұра алады. 4 мезгіл тамағы бар,
жатын орындары таза. Әйтеуір жағдайсыз бол-
майды. Бір қуантарлығы, сол екеудің бірі жақын-
да орталықта жартысын тауып, Алматыға көшіп
кетті. Қазір үй болды, отбасылық өмірге қадам
басты. Бізге алғысын айтып, хабарласып тұрады.
– Жөн екен! Белгілі нәрсе, темір тордың ар
Таяуда Алматы қаласы Алатау аудандық
соты аудандық пробация қызметі өкіл-
дерінің және аудандық прокурор көмек-
шісінің қатысуымен рақымшылыққа бай-
ланысты брифинг өткізді. Онда аталмыш
мәселе бойынша атқарылған шаралар сөз
болып, рақымшылық жасау туралы сотпен
қаралған істердің деректері келтірілді.
2017 жылдың 28 ақпанындағы жағдай
бойынша, Алматы қаласы Алатау аудандық
сотына «Тәуелсіздіктің жиырма бес жыл-
дығына байланысты рақымшылық жасау
туралы» заңына сәйкес аудандық пробация
қызметінен 169 іс келіп түскен. Оның 98-і
жазадан босату туралы (79 – бас бостан-
дығын шектеу, 11 – шартты жаза, 8 – қоғам-
дық жұмысқа тарту) болса, 71 іс (55-і бас
бостандығын шектеу, 16-сы шартты жаза)
мерзімді қысқарту бойынша жолданған.
Белгілі болғандай, сотпен 109 іс, тарқатып
айтар болсақ, 92 іс жазадан босату, ал 17-сі
жаза мерзімін қысқарту бойынша қаралған.
С.ҚАЛДЫБАЕВ,
«Заң газеті»
Қызылордадағы ЗК-
169/5 түзеу мекемесі
облыстық дене шы-
нықтыру және спорт
басқармасымен бірле-
се отырып, мекемедегі
жазасын өтеушілер-
ге спорттық іс-шара
ұйым дастырды.
Кіші футбол, гір тасын
көтеру, арқан тарту сияқ-
ты ойын түрлерінен бақ
сынаған жазасын өтеу ші-
лер ерекше құлшыныс пен
тартысты ойын көрсетті.
Ел Президенті Н.Назарбаевтың Тәуел-
сіздіктің 25 жылдығына орай рақымшылық
жасау туралы заңға қол қойғаны белгілі.
25 жылдың ішінде түрмедегілердің саны
азайып, 105 мыңнан 36 мыңға дейін қысқар-
тылған. Соңғы 4 жылдың ішінде бірде-бір
рақымшылық жасамай, түрме тұрғындары-
ның саны 30 пайызға кеміді. Оған Жоғарғы
Cотпен бірлесіп жасалған «түрмедегілерді
азайтудың 10 шарасы» жобасы себеп
болған еді. Оның идеясы – «бостандыққа
шығу өз қолында» қағидасына негізделген.
Жобаға сай әрбір сотталған түзелемін десе,
зиянды өтесе, түрмеден ерте шыға алады.
Кезекті рақымшылық шарасы заң бұзған
азаматтарға қатысты ізгілік актісі, мемлекет
тарапынан мейірімділік пен сенім білдіру
болып саналады. Аталған заң бойынша теріс
қылықтар және онша ауыр емес қылмыс жа-
саған адамдар, ауырлығы орташа қылмыс
үшін сотталған адамдар, кейбір жағдайлар-
да ауыр қылмыстар қысқартуға бағыттала-
ды. Ал, террористік-экстремистік бағыттағы
қылмыстар мен қайта қылмыс жасаған,
қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған
азаматтарға рақымшылық қолданылмайды.
Рақымшылық түрмедегілерді босатып,
олардың санын азайтуды көздемейді. Бү-
гінде кісі өлтіру, денсаулыққа зиян келтіру,
қарақшылық жасау сияқты аса қауіпті қыл-
мыстар саны 20 жыл қатарынан азайып
келеді. Әлемдегі қоғам қауіпсіздігі тап осы
қылмыс түрлерімен бағаланатынын ескер-
сек, қоғамды қылмыссыздандырудағы жұ-
мысымыз нәтижелі.
Сакен БЕРТІЛЕУОВ,
Мұғалжар ауданы прокуратурасының
аға прокуроры
АҚТӨБЕ ОБлыСы
Кітап толы сөмкесін мықшия кө-
теріп, мектепке қарай құлдыраң дап
бара жататын кішкентай Қым баттың
өзгелерге қарағанда дене бітімі-
нің шағын болғанына қарамас тан,
спортқа бейім екендігін аңғарған
әкесі оны арнайы секцияға беру
жөніндегі ойын жұбайына айтып еді,
жолдасы:
– Әлі буыны қата қоймаған қыз-
дың денесіне салмақ түсіргеніміз
қалай болар екен деп күмілжіген.
Ақыры Қымбаттың спортты таң-
дай тындығы туралы шешімі екіге
жа рылған отбасы мүшелерін сөз-
ден тосылдырған. Содан Елеусіз
қызын Талдықорған қаласындағы
дарынды балаларға арналған спорт
мектеп-интернатына берді. Ол осы
жерде оныншы сыныпқа дейін оқып,
орта білімді сол баяғы өзі білім
алған Есік қаласындағы Райымбек
атындағы орта мектепті тәмамдап
алды.
Талдырмаш қыздың бойындағы
дарынды ең алдымен спорт мек-
теп-интернатындағы жаттықты-
рушысы, білікті спорт маманы Ба-
тыр Мастеков байқап, кішкентай
Қымбатты самбо күресінің қыр-сы-
рына баулыды. Нәтижесі жаман
болмады. 2013 жылы ол Греция
мем лекетінің Салоники қаласында
самбо күресінен өткен Әлем чем-
пионатында шаршы алаңға шығып,
дүниежүзінің дүлдүлдері қатысқан
жарыста мықтылармен белдесіп,
үшінші орынды жеңіп алды. Бұл
Қымбат Ахметтің алғашқы жеңіс-
терінің бірі еді. Одан кейін қыздар
арасындағы самбо күресі мен пан-
кратион сайыстарында қарсыласта-
рын айқын басымдықпен жеңіп,
еліміздің чемпионы атанды. Өткен
жылы Чехия мемлекетінің Бруно
қаласында жекпе-жек күресінен өт-
кен Еуропа чемпионатында жүлделі
екінші орынды жеңіп алды. Панкра-
тионнан Азия чемпионатында да 3
орынның жүлдесі Қымбат Ахметтің
қанжығасына байланды.
Қазір Қымбат самбо күресі мен
панкратионнан спорт шебері. Оны
білікті бапкер Қайрат Мұхамедиев
жаттықтырады. Екі жылдан бері ол
қылмыстық атқару жүйесінің Алма-
ты қаласы бойынша департаментіне
қарасты лА-155/1 тергеу абақты-
сында режим және күзет бөлімін-
де бақылаушы қызметін атқарып
келеді. Қымбаттың өзі мінез-құлқы
әртүрлі сотталғандар мен тергеуде
жүргендермен тікелей жұмыс жа-
сайтын жауапты мамандықты жүрек
қалауымен таңдағанын айтады.
Қазір жоғары оқу орнында сырттай
Жер Ананың жасарып, жаңаратын
әдемі шағы көктем мезгілімен ілесе ке-
летін 8-наурыз халықаралық қыз-келін-
шектер күнін әлемнің көптеген мемлекет-
тері тойлап, күллі адамзат нәзіктігімен,
мейірімділігімен әлемді табындыратын
әйел құдіретінің алдында тағы да басын
иеді. Отбасының берекесі, ошақ қасы-
ның сәні әйелдер мерекесін 1910 жылы
Копенгаген қаласында өткен әйелдер-
дің 2-халықаралық конференция сында
Германияның социал-демократтар пар-
тиясы тобының көсемі Клара Цеткин-
нің бүкіл әлем болып тойлау туралы
көтерген бастамасының қазір дәстүрге
айналғанын кейбіреулердің білмеуі мүм-
кін. Клара бұл мейрамды атап өтудегі
негізгі мақсатты әлем әйелдерінің өз
құқықтарын қорғау жолындағы күреспен
байланыстырған. Ал кейбір деректер
8 наурыз халықаралық әйелдер мейра-
мының аталып өтілуін 1857 жылғы дәл
осы күні Нью-Йоркте өткен тоқымашы-
лардың шеруімен байланыстырады.
Қалай десек те, өз құқықтары үшін
күрескен нәзік жандылардың бұған
дейін әр жерде аталып өтіліп келген
мерекесіне 1975 жылы Біріккен Ұлттар
Ұйымы өз шешімімен арнайы мәртебе
беріп, 8 наурыз күнін әлемдегі әйелдер
қауымының түрі мен ұлтына қарамастан,
өз құқықтары үшін күресетін халықтық
мерекесі ретінде бекітті.
Қазақстанда да бұл мереке лайықты
тойланып келеді. Еліміздегі гендерлік
саясаттың жүйелі жүргізілуі әйелдердің
отбасындағы, саясаттағы теңдігін қамта-
масыз ету бағытында өз нәтижесін
беруде. Қазір еліміздің кез келген са-
ласында ер-азаматтармен бірдей еңбек
етіп жүрген іскер әйелдер көп. Өзім
қызмет атқаратын қылмыстық атқару
жүйесінің Алматы қаласы бойынша де-
партаментіне қарасты лА-155/18 тергеу
абақтысындағы медициналық қызметте-
гі жауапты жұмыстардың қомақты бөлігін
әйелдер қауымы атқарады. Олар тергеу-
де жүргендер мен түзеу мекемесінің
шаруашылық қызмет көрсету жасағында
жазасын өтеп жүрген сотталғандардың
денсаулықтарын бақылап, кейбірін ем-
деу орнына жатқызып, шаралар қабыл-
дайды.
Дәрігерге сырқаттың қылмыс жасап,
істі болғаны емес, ауруына шипа тапқа-
ны ғана маңызды . Сондықтан да меди-
циналық қызметте жүрген қыз-келін-
шектеріміз мінсіз қызметтері арқылы
анттарына адалдық танытып, әрдайым
науқастардың көңілдерінен шығуға ты-
рысып отырады. Біз бүгін бірге қызмет
ететін әріптестерімді мерекесімен құт-
тықтап, олардың жұмыстарына сәттілік
тілегіміз келеді.
Гүлшат СЕЙДАХОВА,
Қылмыстық атқару жүйесінің Алматы
қаласы бойынша департаментіне
қарасты ЛА-155/18 тергеу
абақтысы бастығының емдеу
жұмыстары жөніндегі орынбасары
жағынан келгендердің көбісі ауру тауып ке-
леді. Олардың емделуіне көмек жағы қалай?
– Әрине, көмектесеміз. Жыл басынан бері
бір адамды ауруханаға жатқыздық. Және айта
кетейін, отбасылық жағдайына орай берілетін
әлеуметтік жәрдемақымен 4 адам қамтылды.
– Байқауымша, жұмыстарыңызда қиындық
жеткілікті сияқты...
– Оңай деп айта алмаймын. Біріншіден, жа-
засын өтеп келгендерді түзеу мекемесі ұсынған
мекенжайдан табу қиын. 182-нің 59-ымен ғана
жұмыс жасалып жатқандығы сондықтан. Өз үйі
қабылдамаған соң, әр жерге бір паналайды.
Тап қан күннің өзінде кездескісі келмейді. Он-
дай жағдайда тәртіп сақшыларының көмегіне
жү гінеміз. Сонан кейін оларды ешкім жұмысқа
қабылдағысы келмейді. Өткен жылдың қыркү йе г-
індегі аудан, қала әкімдерінің қаулысына сәй-
кес мекемелер 2-5 пайыз аралығында жазасын
өтеп келгендерді жұмысқа қабылдауға міндетті.
Өкінішке қарай, қаулы қағаз күйінде қалып отыр.
Сонымен қатар, құжаттар бірінде бар, екіншісін-
де жоқ. Құжаттарын дайындап беру оңай бітетін
шаруа емес. Десе де, қоғам болып бірігіп, бірле-
се әрекет етсек, қиындықты еркін еңсеретініміз
анық.
– Білуімше, мұндай мекеме әзірге респуб-
ликада 3 қалада екен. Солай ғой!
– Иә, әуелі Павлодарда, кейін Шымкентте
ашылды, содан соң бізде.
– Оларда жағдай қалай?
– Біздің мамандар Павлодарға барып қайтты.
Бұл мекеме біздікінен 4 есе үлкен екен. Жанында
30 орындық оңалту орталығы бар. Қысқартып
айтқанда, бізге қарағанда мүмкіндіктері зор.
– Шамасы мәселе айтпақ ойыңыз бар-ау!
– Айтсам, мекеме жанында бос ғимарат тұр.
Соны 15 орындық оңалту орталығына айналдыр-
сақ дейміз. Онда дәрігері, аспазы болса, шаруа-
ның бәрі қасымыздан реттелер еді. Сұраныс
берілген, қажетті 32 млн теңгені қалалық әкімдік
биыл шешіп берсе деген өтінішіміз бар. Сонан
кейін, біздің қызметті облыстық деңгейде көрсе-
ту керек деп санаймыз. Ең болмаса аудандарда
бір адамнан отырса. Әйтпесе ауданда тұратын-
дардың не істеп, не қойып жатқаны тасада қалып
отыр, біздің мүмкіндік шектеулі.
Бабаларымыз «Адасқанның айыбы жоқ,
қайтып үйірін тапқан соң» дейді. Сондықтан қа-
телікке бой алдырған жанның қатарға қосылуына
қоғам боп көмектескеніміз абзал. Әйтпесе қайта
теріс жолдан табылуы ғажап емес. Бір мысал ай-
тайын, біз облыстағы түзеу мекемелеріндегілер-
мен кездесіп, іс-шара өткізіп тұрамыз. Сонда
бір жазасын өтеуші көлік басқарып келе жатып,
жол-көлік оқиғасына түскенін, жанындағы жол-
дасы қайтыс болғанын айтты. Әке-шешесі кеші-
рім бермегендіктен түрмеге тоғытқан. Кешірім
бергенде, темір торға қамалмас еді. Айтпағым,
кішкене қателікке бола адам тағдырын тәлкекке
салу әділетсіздік болады. Керісінше, жазаны
жеңілдету жағын қарастыру керек деп санаймын.
Сондай-ақ жазасын өтеушілер бостандыққа
шыққан соң, біздің орталыққа өз еріктерімен
келсе деген өтінішіміз бар.
– Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Нағымжан САУЯЕВ,
«Заң газеті»
Рақымшылық есебі тыңдалды
Сайыс
Жігерді
жаныған
жарыс
Ар қан тартыс түрінен І орын
1-жасаққа бұйырса, ІІ орын
2-жасаққа, ІІІ орын 5-жа-
саққа бұйырды. Сондай-ақ
гір тасын көтеру бойынша
ерекше жетістігімен жүлделі
І орынды Г.Қуанышбекұлы
иеленсе, ІІ орынды А.Мау-
ленов, ІІ орынды А.Ажибаев
қанжығалады. Жүлдегер-
лерді Қызылорда облысы-
ның дене шынықтыру және
спорт басқармасының қыз-
меткері Ж.Оспанов марапат-
тады. Шара мерзімін өтеу-
шілердің жігерін шыңдап,
спортқа деген құлшыныста-
рын арттырған осындай игі
шаралар алдағы уақыттарда
да жалғасын таба бермек.
Б.ІСКЕНДІР,
сотталғандар арасында
тәрбие жұмыстарын
жүргізу бөлімінің жасақ
бастығы, әділет майоры
Игі іс
Түрме тұрғындарының саны
30 пайызға кеміді
оқып жүргенін, амандық болса, оны
бітіргеннен кейін осы саладағы қыз-
метін одан әрі жалғастыратынын да
жасырмады.
– Қымбат Елеусізқызының спорт
саласындағы қол жеткізген жетіс-
тіктерінің өзі бір бөлек әңгіме. Ал
оның қызметтегі ұқыптылығы мен
өз міндетін жауапкершілікпен орын-
дайтын қасиеті жұрттың бәріне үлгі.
Әлемдік жарыстарға қатысқан сай-
ын Қымбаттың жүлдемен оралуын
тілеп отырамыз, – дейді мекеме
бас тығының орынбасары Әбдірах-
ман Әбділдин.
Е.КАМАЛ
Дерек пен дәйек
Әйелдің қырық жаны бар