Соңы 8-бетте) (Соңы 2-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата03.03.2017
өлшемі5,09 Mb.
#6434
1   2   3   4   5   6

Б.СЕРҒАЛИЕВ

Жаңаарқа аудандық сотының төрағасы

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ 



Б.КҮНЧАЕВ,

Алматы қаласы Медеу 

аудандық №2 сотының судьясы

ЗАҢСЫЗДЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ 

ТЕТІКТЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛУДА

ПРОЦЕСТІ ҚАСАҚАНА СОЗУ МҮМКІНДІГІ АЗАЙДЫ

жоғары білікті судьялар корпу-

сын қалыптастыруға негізделген. 

Қазіргі  кезде  кандидаттың  сот 

істерін  жүргізуге  қатысудың  5 

жылдық өтілі болуы міндетті түр-

дегі талап болып саналады. Бұл 

жаңашылдықтардың барлығы сот 

корпусын тек қана кәсіби тұрғыда, 

өмірлік мол тағылымы бар, барын-

ша тәжірибелі, дайындығы жоғары 

мамандармен қамтамасыз ететіні 

сөзсіз. Сонымен қатар, судья кадр-

ларын дайындайтын Сот төрелігі 

институты Президент жанындағы 

Мемлекеттік басқару академия-

сынан бөліп алынып, Қазақстан Ре-

спубликасы  Жоғарғы  Сотының 

жанында Сот төрелігі академиясы 

болып құрылды. Бұл болашақ су-

дьялардың тек теориямен шектеліп 

қалмай, сот тәжірибесін неғұрлым 

терең меңгеруіне мүмкіндік беріп, 

оқу мен сот тәжірибесі арасындағы 

өзара байланысты күшейтуге ықпал 

етеді. Сонымен қатар, алдағы уақыт-

та соттардағы кадр тапшылығын 

жоюға септігін тигізеді. 

Қазіргі таңда Ақтөбе облысы 

соттарының 4 бірдей маманы­сот 

отырысының хатшылары  академи-

яға оқуға түсіп, білім алуда. Олар-

ды ынталандыру мақсатында жұ-

мыстағы жетістіктері үшін Ақтөбе 

облыстық сотының төрағасымен 

арнайы алғысхаттар тапсырылды.  

Судьялардың есеп беру тәр­

тібін  күшейту  үшін  Қазақстан 

Республикасы  Жоғарғы  Соты-

ның жанындағы Сот жюриі қайта 

құрылды. Бұл құрылым азаматтар-

дың судьялар әрекеттеріне және 

судьялар  корпусы  өкілдерінің 

Әдеп кодексінің нормаларын бұзу 

жағдайларына қатысты азамат-

тардың шағымдарын қарайтын 

болады. Сонымен бірге, Қылмы-

стық процесс шеңберінде сотта, 

сотқа дейінгі сатыда айыпталушы 

мен қорғаушы арасындағы тең-

герімді қамтамасыз ету мақса-

тында адамның конституциялық 

құқықтары мен бостандықтарын 

шектейтін барлық тергеу әрекет-

терін санкция лау бойынша тергеу 

судьяларының  құзыретін  одан 

әрі кеңейтудің заңнамалық тетік-

тері қабылданды. Жалпы алғанда, 

жаңартылған заңдар қоғамның сот 

жүйесіне деген сенімін арттырып, 

даулардың түпкілікті түрде заңды 

шешілуіне ықпал етуде. 

Ұлт жоспары аясында, сонымен 

қатар, «Жоғары сот кеңесі туралы» 

жаңа заң қабылданды, «Сот жүй-

есі және судьялардың мәртебесі 

туралы» конституциялық заңға, 

Қылмыстық процестік кодекс пен 

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы 

кодекске тиісті өзгерістер енгізілді. 

Бұл оңды өзгерістердің барлығы-

ның құқықтық саланы дамытудағы 

әлеуеті зор екені, қоғамның сот жүй-

есіне деген сенімін арттыруға ықпал 

ететіні баршаға белгілі. 

Сейфулла ТАСЫМБЕТОВ,

Мұғалжар аудандық 

сотының төрағасы

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ



№107 (2885) 

28 қыркүйек 2016

5

zangazet@mail.ru



ТАРАЗЫ

Орайы келген әңгіме

Дерек пен дәйек

Съезд қарсаңында



–  Нұргүл  Жекенқызы, 

қазан айында судьялардың 

VII cъезі болады.  Алдыңғы 

съезде белгіленген межеден 

табыла алдық па?

 – 2013 жылы өткен VI съез-

де сот жүйесіне аз тапсырма 

берілген жоқ. Дегенмен, «Бір 

жағадан бас, бір жеңнен қол 

шығара» білуіміздің арқасында 

берілген тапсырманың барлығы 

орындалды. Қазан айында өтетін 

VІІ съезде алдыңғы жиынның 

қорытындыланатыны белгілі. 

Сонымен қатар, бұл басқосуда 

Ұлт жоспарының орындалуы да 

таразы басына салынады. Сот 

саласының қол жеткізген нәти-

жесі Елбасының да, халықтың 

да көңілінен шығар деген ой-

дамын. 

Ұлт жоспарында көрсетілген 



тапсырманың 11-і сот саласына 

бағытталғаны белгілі. Әсіре-

се, Елбасы медиация институ-

тына, бітімгершілікке келтіру, 

дау-жанжалдарды шешудің ба-

ламалы  тәсілдерін  дамытуға 

ерекше назар аударуда. Біздің 

сотта да медиацияның қолда-

нылу аясын кеңейту үшін қолға 

алынып жатқан шаралар көп. 

Медиацияны қолдануда Алматы 

облысының соттары республи-

ка  бойынша  бірінші  орында 

тұрмыз. Екі жыл бұрын медиа-

ция тәртібі бойынша облыстық 

соттарында екі-ақ іс болған еді. 

Қазіргі таңда медиациямен 1084 

азаматтық іс қысқартылып,  660 

қылмыстық  іс өз шешімін тап-

ты. 


– Медияциялық істердің 

санында өсім бар екен. Ал, 

сапасы қай деңгейде?

– Сауалыңыз орынды. Біз 

жаңа  бастаманы  қолданған-

да  әуелі  сапаға  мән  береміз. 

Медиа ция лық істерді көбейту 

үшін біз әр аудан, қалаларда 



Нұргүл ЖЕКЕНОВА, Алматы облыстық сотының судьясы:

«МЕДИАЦИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ 

ЖАСАУДАН АЛДАМЫЗ»

үйлестірушілер (координаторы) 

тағайындадық. Олар ай сайын, 

тіпті, апта сайын бейнебақы-

лау жүйесі арқылы судьяларға 

семинар және оқу сабақтарын 

өткізді. Сонымен қатар, кәсіби 

мамандарды, медиаторларды, 

психологтарды  шақырып,  әр 

аудандағы координаторларды 

қатыстыра отырып, жұмыс жүр-

гізудеміз.  

2016 жылдың 1 қаңтарынан 

заңды күшіне енген Азаматтық 

процестік кодекс талабына сай 

енді  медиациямен  судьялар-

дың өздері айналысады. Біз істі 

қараған кезде даулы мәселені 

бітімге келтіруге бола ма, жоқ 

па, сол жағына назар аударамыз. 

Егер бітімгершілікпен шешуге 

болатыны байқалса екі тарапқа 

да дауды медиация жолымен ше-

шуді ұсынамыз. Оларды бөлек 

бөлмеге шақырып, үстіміздегі 

мантиямызды шешіп, бітімгер-

шілік жолдарын көрсетіп, ақыл-

кеңесімізді береміз. Бәрі заң та-

лабына сай жүзеге асырылады.

Жақында  Жоғарғы  Сот 

төрағасы  Қайрат Мәми өткізген 

дөңгелек үстелге республика-

ның Бас прокуроры Ж.Асанов 

қатысты. Бұл жиын әділеттік 

жүйесін қалыптастыруға бағыт-

талған. Шыны керек, сот саласы-

на медиация жүйесі енгізілгелі 

қыруар жұмыстар атқарылды. 

Жәбірленуші мен айыпталушы 

немесе  дауласып  жатқан  екі 

тарапты бір бітімге келтіріп, екі 

тараптың да көңілінен шыға-

тындай шешім қабылдау бізге 

де тиімді.  Бұл адамдарға адами 

көзқараспен қарау, әрі әділетті 

шешім  қабылдауға  үндейді. 

Мысалы, біреу біреуден қарыз 

алып, оны уақытында қайтара 

алмайды, болмаса пәтер дауы 

делік.  Заң  жүзінде мұндай іс 

өндіруге жатады. Бірақ, адами 

тұрғыда қарыз алушының қай-

таратын ақшасы жоқ, жағдайы 

да мәз емес. Соны бір келісімге 

келтіріп, ай сайын шама-шарқы-

на қарай бөліп төлеуге, алған 

қарызды қайтаруына жағдай жа-

саймыз. Болмаса, оған міндетті 

орындау парағын аласыз деп 

түсіндіріп береміз. Бұған көп 

судьялар әлі көше алмай жатыр. 

Шешім шығардым болды деп 

ойлайды. Негізінде, бұл үрдіс 

ата-бабамыздан  келе  жатыр. 

Сондықтан, оны жандандыру 

бәрімізге пайдалы екенін түсі-

нетін кез жетті. 

–  Бітімгершілік  жо-

лымен іс шешуде судьялар 

қаншалықты  тәжірибе 

жинақтай алды?

– Бұған қатысты жұмыстар-

ды да біртіндеп жандандырып 

жатырмыз.  Кәсіби  психолог, 

медиатор мамандарды шақырта-

мыз. Алматы облыстық сотында 

судья-медиатор ретінде жұмыс 

істеп жатқаныма көп бола қой-

ған жоқ. Дегенмен, қазірдің өзін-

де біраз жұмыстар тындырып, 

тәжірибе жинақтап қалдық.   

Облыстық сот төрағасы Мей-

рамбек Таймерденовтің қолда-

уымен әр аудандық, қалалық 

соттарда  үйлестіруші-судья-

лар  тағайындалып,  олардың 

алаңсыз жұмыс істеуіне барлық 

жағдай жасалған. Сонымен қа-

тар, Жоғарғы Сотта да үйрету 

сабақтары жиі қолға алынып, 

өңірдегі судьяларға методика-

лық кеңестер беріліп тұрады. 



– Тараптардың бітімге 

келуі судьялар үшін де, дау­

ласушы тараптың өздері 

үшін де пайдалы екенін ха-

лыққа қаншалықты жеткі-

зе алып жатырсыздар?

– Әрине, сөздің басында ай-

тылғандай, біз істі қарайтын 

кезде дауласушы тараптардың 

даулы  мәселесін  медиация 

жолымен шешуге болатынын 

түсіндіреміз. Бірақ, соңғы сөз екі 

тараптың өзінде қалады. Медиа-

цияны қолданама, жоқ па, оны 

өздері шешеді. Өйткені, олар 

келіспесе, біз істі мәжбүрлеп 

медиация тәртібімен қарай ал-

маймыз. Ал, ортақ келісімге ке-

лудің тиімді тұстарын, пайдалы 

жақтарын халыққа түсіндіруге 

барынша тырысып жатырмыз. 

БАҚ-пен біріге отырып медиа-

цияны түсіндіруге бағытталған 

мақалалар  жарыққа  шығуда. 

Арнайы дөңгелек үстел, жиын-

дарда да ортақ келісімге келудің 

жақсы қырлары насихатталуда.



– Бұған дейін қолданыс­

та болған Әдеп кодексінің 

қоғам талабына жауап бере 

алмайтыны белгілі болып 

отыр. Жаңа заңнамадан не 

күтесіз? Жалпы, Әдеп ко-

дексі бойынша Алматы об-

лысында тәртібі қаралған 

судьялар бар ма?

 – Бауыржан Момышұлының 

«Тәртіпке бағынған құл болмай-

ды» деген нақыл сөзі бар. Бес 

саусақ бірдей емес, былтырғы 

жылға  қарағанда  биыл  Әдеп 

кодексінің талаптарын бұзғаны 

үшін жазаланғандар азайды. Бұл 

туралы жақында өткен Жоғарғы 

Сот төрағасының баспасөз кон-

ференциясында да айтылған. 

Ал,  енді  заман  алға  жыл-

жыған сайын тәртіптің, талап-

тың өсетіні мәлім. Сол тұрғыдан 

алғанда 2009 жылы қабылданған 

Әдеп кодексінің ескірген тұста-

рының бары рас. Биыл талқыға 

түскелі отырған жаңа заңнама 

халықаралық тәжірибе ескеріле 

отырып толықтырылған. Судья-

ларға қатысты тәртіп күшейтіле 

түспек.  Демек,  судьялардың 

әдебі жіті бақылауда болады. 

Онда біздің жүріс-тұрысымыз, 

не кигеніміз, қайда барғаны-

мыз, адамдармен қарым-қаты-

насымыз, сот процесінде сөйлеу 

әдебімізге дейін ескеріліп, тайға 

таңба  басқандай  жазылатын 

болады.


– Жалпы, осынша көп 

тыйымды енгізу судьялар-

дың еркін жүруіне кедергі 

келтіріп,  қазы болсам деу­

шілерді азайтпай ма?

– Қазы – адам тағдырына 

жауапты тұлға. Мұндай лауа-

зымға тәуекел еткен жан өзіне 

қойылатын жоғары талапқа да 

түсіністікпен қарап, төзе білуі 

керек. Негізі біз халықтың қыз-

метшісіміз. Біздің жұмысымыз 

халықтың көз алдында өтеді. Ал, 

адам тағдырын шешетін тұлға-

ның ашық-шашық киініп, өзін 

дөрекі ұстауы келісті ме? Сотқа 

келген азаматтар судьяның киім 

киісіне, түр әлпетіне, сөйлеу мә-

неріне қарайды. Тіпті өзіміздің 

араласатын  ортамызға  дейін 

бақылау болуы керек, жолдасты 

да таңдай білу маңызды.



– Әңгімеңізге рақмет.

                                                                              

   Айтақын БҰЛҒАҚОВ,

            «Заң газеті»         

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ



Қазақстан Республикасы 

қазыларының тұңғыш съезі 

1996 жылдың 19 желтоқса-

нында сол кездегі еліміздің 

астанасы  –  Алматы  қала-

сында өткенін бәріміз де жақ-

сы білеміз. 

Еліміз егемендік алғаннан кейін 

өткен  осынау  үлкен  басқосуда  сол 

жылдардағы Қазақстан Республикасы 

Жоғарғы Сотының төрағасы М.Нәрікба-

ев, Қазақстан Республикасының Әділет 

министрі К.Колпаков, прокуратура, 

құқық қорғау органдарының  басшыла-

ры,  кең байтақ республикамыздың сот-

тарынан сайланған съезд делегаттары 

баяндама жасап, өздерін толғандырған 

мәселелер туралы ойларын биік мін-

берден жеткізді. Сот төрелігін жүзеге 

асырудағы қол жеткен жетістіктері 

мен бірге жіберілген кемшіліктерді де 

айтып, одан шығудың жолдары туралы 

ойларын ортаға салды.   

Содан  бері  Мемлекет  басшысы 

Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолда-

уының  нәтижесінде съездерде көтеріл-

ген маңызды мәселелер жан-жақты 

сараланып, жүзеге асырылып келеді. 

Осы алқалы басқосулардың нәтиже-

сінде Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш 

Судьялар одағы құрылды. Қазақстан 

Республикасы атынан сот төрелігін 

жүзеге асыратын судьялар арасындағы 

моральдық тазалықты, кәсіби білік-

тілікті, антқа  адалдықты қамтамасыз 

ететін, қоғамымыздың жегі құрты бо-

лып табылатын жемқорлықпен батыл 

күресуді басты назарда ұстайтын Судья 

әдебі кодексі қабылданды.

VI съезде айтылған ұсыныстар не-

гізінде доғарыстағы судьяларға өмір 

бойғы ай сайын қамтылатын ақы төлеу 

туралы шешім қабылданып, «Сот жүй-

есі мен судьялардың мәртебесі туралы» 

конситуциялық заңға толықтырулар 

енгізілді. Бұған дейінгі бес сатылық 

сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне 

көшу халықтың сотқа деген сенімін 

одан әрі жоғарылата түсті. 

Әсіресе, съездер соттағы заманауи 

технологияның қолданылуына үлкен 

серпін берді. Бүгінде Қазақстан Рес-

публикасы  Жоғарғы  Сотының  ин-

тернет-ресурсында  «Сот  кабинеті» 

Елбасымыз Н.Назарбаевтың судья-

лар съезіне тікелей қатысуы сот қыз-

метіне байланысты түйткілді мәселе-

лердің дер кезінде шешімін табуға көп 

көмегін тигізді. Мемлекет басшысы 

Қазақстан  Республикасы  судьяла-

рының VI сезінде сот құрылымын 

әрі қарай жетілдіріп, судьялар жүк-

темесін азайтуда дауларды шешудің 

баламалы жолдарын енгізуді, соның 

ішінде, «Медиация туралы» отандық 

заңнаманы халықаралық стандарттар-

мен сәйкестендіру қажеттігін, яғни, 

бітімгершілік заңын қолдануды дамы-

ту жолдарын қадап айтқан еді. 

Тапсырма бүгінгі күні толық іске 

асырылды деуге негіз бар. 2016 жыл-

дан бастап қолданысқа енгізілген жаңа 

Азаматтық процестік кодексте тарап-

тарды бітістіруге арналған «Татулас-

тыру рәсімдері» атты арнайы тарау 

енгізілген. Осы тұрғыда, сот тараптар-

дың, яғни, екі жақтың татуласуы үшін 

шаралар қолданып, дауды сот отыры-

сының барлық сатыларында реттеуге 

жәрдемдеседі. Кодексте татуласу рә-

сімінің 4 түрі қарастырылған, олар –  

татуласу келісімі, медиативті келісім, 

сот медиациясы және партисипативті 

келісім. Яғни, бүгінде татуласудың 

осы түрлері бойынша қысқартылған 

істер саны артып келеді. Мысалы, Қы-

зылқоға аудандық сотында былтырғы 

жылдың осы мерзімінде 21 азаматтық 

іс медиация тәртібімен,  8 азаматтық іс 

татуласу рәсімдерін қолданып аяқтал-

са, биылғы 2016 жылдың 9 айында  

23 азаматтық іс медиация тәртібімен 

шешіліп, 8 азаматтық іске татуласу 

рәсімі қолданылған,  сонымен қатар, 

3 қылмыстық іс медиация тәртібімен 

қысқартылып отыр. 

Медиация жұмысын насихаттау, 

халық арасында түсіндіру жұмыстарын 

жүргізу, сондай-ақ, сотқа дейінгі меди-

ацияны дамыту, аудан көлемінде кәсі-

би емес медиаторлар санын арттыру 

бағытында БАҚ-пен тығыз байланыса 

отырып, тиісті жұмыстар өз деңгейінде 

ұйымдастырылып келеді. Күні бүгінге 

дейін медиация бойынша Атырау об-

лыстық сотының ресми сайтында 14 

ақпарат жарияланып, 3 дөңгелек үстел 

өткізілді,  округтерге іссапармен барып,   

халықпен 4 кездесу ұйымдастырылды. 

Жергілікті, облыстық, республикалық 

БАҚ-қа 7 мақала жолданды. Алдағы 

уақытта да медиация институтын да-

мытуға өз үлесімізді қосып, жергілік-

ті атқарушы органдармен бірлесіп 

ауқымды жұмыстарды одан әрі жүзеге 

асыруымыз қажет.                            

Иә, «Дау мұраты – біту» демекші, 

медиацияның мақсаты да, дауласқан 

тараптарды татуластыру, бітістіру, 

олардың шиеленіскен мәселелерін 

бейбіт жолмен шешу болып табылады. 

Жоғарыда айтылғандай, бүгінде осы 

даңғыл жол  жанданып, оның  биік 

тұғыры нығая түсті. Оған сот жүйесін-

де өз жемісін берген реформалар дәлел 

болып отыр.

Елбасы  Н.Назарбаев  сот  жүй-

есінің еркін жұмыс істеп, әділ үкім, 

тура шешім шығаруына толыққанды 

жағдай жасап отыр. Тәуелсіз елмен 

бірге жасасып, бірге қалыптасып, 

бірге түлеген сот жүйесі бүгінде мате-

риалдық-техникалық жағынан толық 

қамтамасыз етілген, рухани жақтан 

жан-жақты  қолдау  тапқан  мықты 

құрылымға айналды. Ең бастысы, 

Елбасымыз судьялардың тәуелсіздігін 

бекітті. Сот жүйесінің ескі қағидалар-

мен өмір сүрмей, жаңаша тыныстауы-

на зор септігін тигізді.



ТАЛАПТЫҢ 

ӨСКЕНІ ДҰРЫС

электрондық сервисі ашылып, жеке 

және заңды тұлғалар, мемлекеттік ор-

гандар мен басқа да ұйымдардың арыз, 

шағымдарын, өтініштері мен басқа да 

тілектерін кез келген жерден  ғаламтор 

желісі арқылы жіберуге жағдай жасал-

ды. 

Қолданысқа енген «Төрелік» бағдар-



ламасы  республикамыздың  барлық 

мемлекеттік басқару органдары мен 

басқа  да  ұйымдар  арасындағы  хат 

алмасуды жеделдетті. Сотқа шақырту 

қағаздарын электрондық әдіспен тарап-

тардың ұялы телефондарына «СМС» 

– хабалама, гибридтық электрондық 

пошта арқылы жіберу бұл бағдарлама-

ның мүмкіншілігі зор екендігін көрсетіп 

отыр.


Алдағы съезде қабылданады деп 

күтіліп отырған жаңа Судья әдебі ко-

дексінде судья лауазымына кір кел-

тіретін жағдайларға тыйым салынып, 

шектеулер қойылмақ. Судья өз ісінде 

адал болып, тек қана заң талаптарына 

бағынып, күнделікті қызметінде және 

басқа да қарым-қатынастарда, өз жұ-

мысына байланысты адамдар мен сот 

қызметкерлеріне ғана емес, алдына 

келген адамға сабырлылық танытып, 

әдептілік пен кішіпейілдік білдіруі тиіс 

екендігі туралы заңның жаңа нұсқасын-

да жан-жақты жазылған. Сол сияқты, 

судья жауапты қызметіне дақ түсіріп, 

абырой-беделіне  нұқсан  келтіретін 

және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде 

өзінің объективтілігі мен тәуелсіздігіне 

күмән тудыратын жағдайлардың бәрі-

нен өзін аулақ ұс тауға тиістігі де құжат-

та нақты жазылған.

            

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ 

Дина ТУХФАТОВА, 

Индер аудандық сотының 

төрайымы

2016 жылдың 7 қазанында  Қазақстан Республикасы судья-

ларының VII  съезін өткізу жоспарланып отыр. Бұған дейінгі 

өткізілген басқосуларда сот саласын одан әрі қарай жетілдіру, 

жаңғырту, жергілікті соттардың рөлін арттыру, Мемлекет 

басшысының белгілеп берген тапсырмалары мен міндеттерін 

іске асырудың қорытындылары шығарылып, «Қазақстан-2050» 

стратегиясы мен Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 

бастап 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат 

тұжырымдамасы шеңберінде іс-шаралар әзірлеу міндеті алға 

қойылған еді. 

ҚАЗЫЛАР ПІКІРІН 

АШЫҚ АЙТАТЫН АЛАҢ

Бұған қоса Ұлт жоспарының «100 

нақты қадамы» жасампаз еліміздің 

жаңа дәуірдегі сот реформасын жаңа 

белеске көтерді. Осы Ұлт жоспары 

аясында сот жүйесінің қызметін түбе-

гейлі жаңғыртқан жаңа заңдар қабыл-

данып, қолданысқа берілді. Көптеген 

заңдарға өзгерістер мен толықтырулар 

енгізіліп, жаңғыртылды. Бұл үш са-

тылы сот жүйесі жағдайында заманауи 

озық технологияларды және бітімгер-

шілік қағидаларын кеңінен қолдана 

отырып, сот төрелігін атқаруға кең 

мүмкіндіктер берді. 

Алдағы өткізілгелі отырған Қа-

зақстан Республикасы Судьяларының 

кезектен тыс VІI съезі дәстүрлі басқо-

су ғана емес, бұл сот саласын дамы-

тудың өзекті мәселелері жайлы ортақ 

ой бөлісетін маңызды мәжіліс алаңы 

болмақ. Оған Мемлекет басшысының 

қатысуы қазыларға үлкен жауапкер-

шілік жүктеп отырғаны ақиқат. Бұған 

дейін Елбасы Судьялар одағының VI 

съезінде алдымызға маңызды міндет-

тер қойды. Қазақстанның сот жүйесін-

де кемшіліксіз сот төрелігіне қалай қол 

жеткізуге болатындығын ашып көрсет-

ті. Алдағы съездің басты міндеттерінің 

бірі Судьялар әдебі кодексінің жаңа 

нұсқасын қабылдау болып табылады. 

Бұл да «100 нақты қадам» тапсырма-

ларының бірі болатын.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

Айдарбек ДЮСЕБАЛИЕВ, 

Қызылқоға аудандық

сотының төрағасы


6

№107 (2885) 

28 қыркүйек 2016

zangazet@mail.ru

ТЕМІРҚАЗЫҚ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАМУ 

СОТ  ТӨРЕЛІГІНІҢ 

МАҢЫЗЫН КҮШЕЙТТІ

«СОТ КАБИНЕТІ» ҰСЫНЫП 

ОТЫРҒАН МҮМКІНДІК КӨП

Тәуелсіздікке – 25 жыл

Азаматтардың конституциялық құқықта-

ры мен бостандықтарының сақталуы де-

мократиялық  даму  жолын  таңдаған  мем-

лекет үшін аса маңызды. Тәуелсіздікке қол 

жеткізген  алғашқы  жылдардан  бастап-ақ 

Қазақстан өзінің конституциялық құрылысы 

мен құқықтық жүйесін берік бекемдеді.

Жаңа технология

1990 жылғы 25 қа занда қа-

былданған Тәуелсіздік Дек­

ларациясы  Қазақстанның 

ұлттық мемлекет құрып, оны 

нығайтып,  сақтап,  қорғай 

алатындығын жария етті. Ал 

1991 жылғы 16 желтоқсанда 

Қазақстан Республикасының 

Тұңғыш Президенті Н.Назар-

баев «Қазақстан Республика-

сының мемлекеттік тәуелсіздігі 

туралы» конституциялық заңға 

қол қойды.

Тәуелсіздіктің  бастапқы 

жылдары кеңестік жүйе негі­

зінде жасақталған 1993 жыл ғы 

алғашқы Конституция өтпел і­

лік сипат алды. Арада екі жыл 

өткенде оны қайта жаңартуға 

тура келді. Сөйтіп, 1995 жылы 

30 тамызда жалпы халықтың 

талқылауынан өткен қазіргі 

қолданыстағы Конституция қа-

былданды. Бұл Конституцияда 

еліміздегі мемлекеттік биліктің 

үш  тармағы:  атқарушы,  заң 

шығарушы, сот билігінің рөлі 

нақты айқындалды. Осы сәттен 

бастап сот жүйесі елімізде-

гі құқықтық реформалардың 

көшбасшысы ретінде танылып, 

соттарға  қоғам  мен  Елбасы 

тарапынан зор сенім артылып 

қоймай, зор жауапкершіліктер 

де жүктеліп келеді. 

Тәуелсіздік жылдары ішін-

де қазақстандық сот жүйесі 

мемлекеттік  биліктің  шын 

мәнінде конституциялық тар-

мағына айналып қана қоймай, 

өзіне берілген өкілеттіктер бой-

ынша соттар азаматтар мен ұй-

ымдардың құқықтары мен мүд-

делерін, бостандығын қорғап, 

Конституцияның,  заңдардың 

мүлтіксіз орындалуын қамта-

масыз етіп отыр.  

Қазақстан бүгінде жаһан-

дық бәсекелестікке төтеп бере 

отырып, әлемнің ең дамыған 

отыздығының  қатарына  қо-

сылуды мақсат тұтуда. Ол үшін 

қоғамды  кемелдендіре оты-

рып,  жаңғырту  реформала-

рын  әлемдік  стандарттарға 

бейімдеп,  дүниежүзілік  қа-

уымдастықтан Қазақстанның 

өз орнын, өз жолын табудың 

тетіктері қарастырылуда. Оның 

нақты көрінісі бүгінде еліміз-

де құқықтық және азаматтық 

қоғам  институттары  жетіл-

діріліп, соттардың рөлі күшейе 

түсті. 


 Елбасы ұсынған бес инсти-

туттық реформаны іс жүзінде 

орнықтыру жолында қабыл-

данған 100 нақты қадамнан 

тұратын Ұлт жоспарының жү-

зеге  асырылуы  елдігіміздің 

дамуындағы айрықша белес 

болып отыр. Сот жүйесіне қа-

тысты қадамдар қысқа мерзім 

ішінде заңдылық тұрғысында 

жасақталып, қоғамды жаңғыр­

ту жағдайындағы жұмыстар 

жалғасуда. 

Жуырда Қазақстан Респуб­

ликасы  Жоғарғы  Сотының 

төрағасы Қайрат Мәми Елба-

сының қабылдауында болған-

да Ұлт жоспарында Жоғарғы 



Б

ұрынғы даналар шежіресіне көз 

жүгіртсек, онда әйел адамға тек 

«шаңырақтың  сақтаушысы»,  «бала 

күтушісі» деп қаралғаны байқалады. Со-

дан болар, нәзік жандыларды қоғамдық 

жұмыстарға араластырмаған. Қазіргі 

заманда әйел адамдар қоғамдық жұмыс­

тардың барлық түріне білек сыбанып 

араласып жүр. Қыз­келіншектерді билік 

басынан  да,  жеке  кәсіпкерлер  қата-

рынан да, әскери істен де, ғылымнан да 

табасың.

Көптеген зерттеулер әйел адам жоғары бей-

імді, қиыншылықтарды кешуге және күрделі 

жағдайларға жұмыла кірісуге икемді екенін 

растайды. Әйел болмысын, білімін тиімді пай-

даланса, ол  мемлекеттік саясатты теңгерімді 

және  жарқынды  тұжырымдауға  және  жүр-

гізуге келтіре алады. Батылдық, ынталылық, 

тапқырлық, әлеуметтік әділеттік әйелдерге тән 

қасиеттер. 

Қазақстан Республикасында гендерлік сая-

сатты дамытуда көп жұмыстар атқарылды.1998 

жылы Қазақстан Республикасының Прези-

дентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi 

жөнiндегi ұлттық комиссия құрылды. Осы ко-

миссияның ұйытқы болуымен 2011 жылдың 5 

наурызында Қазақстан әйелдерінің тұңғыш съезі 

болып өтті. Съезде сөз сөйлеген Қазақстан Рес­

публикасының Президенті Н.Назарбаев ер мен 

елге қиын болған кезеңде әйел­аналар отбасы 

мен қоғам жүгін қайыспай қатар көтере білген-

дігін атап өтті. Сондай­ақ, Елбасы әйелдердің 

өмірлік маңызды салаларда жұмыс істейтіндік-

теріне назар аударды.

Гендерлік саясаттың біздің ұлтымызға тағы 

бір бергені, қырыққа келгенше карьера қуып, 

«кемпір» болғанын білмей қалған қыздар көбей-

ді. Демограф­ғалымдардың айтуына қарағанда 

елімізде 300 мыңнан аса кәрі қыз бар екен. Келе-

шекте олардың саны өседі деп күтілуде. Себебі 

бүгінгі саясат соларға жұмыс жасап жатыр. 

Бүгінгі  кәрі  қыздардың  көбі  қызметтің 

«құлына» айналғандар. Осыдан келіп ұлттың де-

мографиясы құлдырауда. Қазақтың өсуіне қауіп 

төніп тұр. Мына дерекке көз салыңыз. Тәуел-

сіздік алғалы туу көрсеткіші 1989 жылғы деңгей-

ге жетпеген. «Гендерлік саясат стратегиясынан 

отбасындағы тепе­теңдік пен үйлесімділік, яғни 

гармония жоғалмайды. Ал, үйлесім таппағандар 

тек өзіне өкпелеуге тиіс» дейтіндер де соңғы 

кезде қара көрсетіп жүр. Оларға айтарым, еркек 

түздің адамы. Онымен қосылып әйелі далаға 

шап қыласа не болғаны? Үйдегі бала тәрбиесіне 

зардабы тигенімен қоймай, әйелдер «байтал 

шауып бәйге алмайтынын» ескеруі керек. Тек 

он әйелдің министр, жиырма әйелдің депутат 

болғаны үшін ғана аталған саясатты қолда-

уға болмайды. Теңдік деп жүрген, бизнеспен 

айналысып жүрген қыздарымыздың көбінің, 

жасыратыны жоқ, толыққанды отбасылары жоқ. 

Әрқайсысында бір­бір ғана баладан, кейбіре-

уінде бір бала да жоқ. Бұл саясат өркендеп­өсе 

беретін болса, еліміздің демографиясына үлкен 

қауіп туғызуы мүмкін.

Дініміз бен менталитетіміз бойынша, әйел 

адамның ең басты мақсаты біріншіден отба-

сын құрып, бала тәрбиелеу және шаңырақтың 

сақтаушысы болу. Осы мақсаттарға қолы жеткен 

жағдайда, әйел адамға өзін даму, жеке басын 

қалыптастыру және шекті әлеуметтік мәртебеге 

жету үшін жұмыс істеу  кердергі келтірмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет