8
№107 (2885)
28 қыркүйек 2016
zangazet@mail.ru
(Соңы. Басы 1-бетте)
АЙМАҚ
Форум
Алтын көпір
ЖАҢАРҒАН, ЖАСАРҒАН ҚЫЗЫЛОРДА!
– «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік.
Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерек
ше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек», – деп
Елбасы баса айтқан болатын. Сондықтан да, бүгін
Сыр елі нің орталығы Қызылорда қала сының кү
ніне орай, өңіріміздің «Үлкен маржаны» санала
тын Сырдарияның жағалауынан көк байрағымызды
биікке көтеріп, «Мемлекеттік рәміздер аллеясы»
ашылып отыр. Баршаңызды мерейлі мерекемен
шын жүректен құттық таймын, тәуелсіздігіміз ба
янды, бірлігіміз бекем болсын! Жігерін еңбекке
жа ныған халқы бар еліміздің ертеңі жарқын бол
ғай! Көк туымыз көкте мәң гі желбірей берсін!
Тәуел сіз Қазақстан жасасын! Еліміз, Елбасымыз
аман болсын! – деді кіріспе сөзінде аймақ басшы
сы.
Тәуелсіздік – қасиетті ұғым, ел бола ша ғы ның
кепілі. Атабабамыз осы күнді аңсап қан мен тер
төкті, алмағайып замандарды бастан кешірді.
Аллаға мың тәубе, бүгінгі ұрпақ осынау бақытты
шақтың бесігінде тербеліп, азат елдің азаматы боп
ержетіп келеді. Аймақ басшысы құттықтау сөзінде
егемен еліміздің бүгін гі биікке жетуі жолын дағы
Елбасымыздың ерен еңбегін тілге тиек етті.
– Алтай құлазып, Арқа аңырап, Тұран тұнжы
раған заман артта қалды. Екі ғасыр тоғысында
жаңаша тарихқа бастайтын Тұлға дүниеге келді,
Тәңір ден іздегенін Байқоңыр Үшқоңырдан тапты.
Тәуелсіз ел болдық, кеше ғана Еділден айырылған
қазақ Есілден де айырылар сәтте Еуразия төрінде,
қазақ тың Сарыар қа сында зәулім Астана бой
көтерді. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан азат
еліміздің көк байрағы көтерілді. Тіліміз жаңғырып,
діліміз бекіді, діні міз оралды, тәуелсіз ел дамуының
тағдыры таң дал ды. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан
Әбішұлы ның «Тәуелсіздік жылдарын дағы жетіс
тікті бір ғана Қызылорда облысынан көруге бола
ды» деген сөзі ша па ғат дарыған киелі Сырдың
келбетін айғақтап тұр, – деді Қырымбек Елеуұлы.
Тәуелсіздік жылдарында Сыр елі шыққан
тұғыр еңселі. Облыс әкімі осы уақыт аралығында
аймақтың өсіпөр кендеуіне, Қызылорда қала сы
ның жыл сайын әлеуеті артып келе жатқан дығына
тоқталды.
– Тәуелсіздік жылдарынан бері облыс тұр ғын
дарының саны 800 мыңға жетті. Елбасы
қамқорлығының арқа сында Арал теңізі қайта ора
луда. Жыл сайын 197 мың тонна шыны табақша
ларын шығаратын Қызылорда қаласын дағы шыны
зауытын, «Шалқия» кен байыту фабрикасын, Қар
мақшы ауданында жоғары экологиялық сипаттағы
К4, К5 класты мотор майларын өндіре тін зауытты,
БалаСауысқандық ванадий кенішін игеру, Аралда
кальцийлендірілген сода зауытын, жылына 160
мың тонна аз алюминийлі ферросицилий шығара
тын ферро қо рытпа зауытын және 2 цемент зауы
тын іске қосу жос пар ланса, соңғы жылда тәулігіне
Биыл облыста 8 еңбек әулеті
жеңім паз деп танылды. Олардың ара
сында еңбек тәжірибелері 700 жылдан
асатын әулеттер де бар. Мәселен,
Әбді рах мановтардың теміржол сала
сындағы тәжірибесі 752 жыл болса,
ұстаздық жолын жалғап келе жатқан
Бауыржан Момышұлы даңғылында
орна лас қан Оқушылар сарайының
алдындағы авто тұ рақта өтетін ауылша
руашылық жәрмең кесінде аймақтың
тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсы
нады. Мұндай ауқымды шараның Аста
на төрінде ұйымдастырылуы аталмыш
сала ауқы мы ның одан әрі кеңеюіне зор
мүмкіндік туғызбақ. Айта кетейік, жәр
меңкеде 300 тоннадан астам өнім, со
ның ішінде жарма, жеміс, көкөніс, сүт
тауарлары, ет, шұжық өнімдері, балық,
бал, нантоқаш және кондитерлік өнім
дер сатылымға шығарылады. Сонымен
қатар, елордалықтар талант пен өнерге
бай Сыр елінің дарынды өнерпаз
дарының «Ырысты, күрішті – Қызыл
орда» атты концерттік бағдар ла масы
мен арнайы шатырда ашылатын Ыбы
рай Жақаевтың 125 жылдығына арнал
ған «Ақ күріштің атасы – Ыбырай»
көрмесін тамашалайды. Жәрмең кеде
«Қазақстанда жасалған» акциясы ая
сында шығарылған отандық өнімдер де
көпшілік назарына ұсынылады.
Мұхтар Әуезов атындағы қалалық
МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ
«СЫР — АЛАШТЫҢ АНАСЫ»
Қызылордада еңбек
әулеттерінің ІІІ облыстық
форумы өтті. Онда аймақтағы
теміржолшылар, дәрігерлер,
ұстаздар, диқаншылар және
өзге де еңбек династиялары
қоғамға жоғары кәсіби
мамандар әзірлеуге үлкен үлес
қосқаны үшін облыс әкімінің
алғысхатымен және бағалы
сыйлықтармен марапатталды.
Жыл сайын айнымас дәстүрге айналған елордада өтетін Қызылорда
облысының күндері биыл да жалғасын табады. Облыс әкімі
Қ.Көшербаев бастаған делегаттар астаналықтарға мерекелік көңіл
күй сыйлап, Қызылорда облысының мәдениеті мен жалпы даму
деңгейін таныстырады.
орталық кітапханада «Туы биік, тұғыры
берік Сыр елі» атты кітап көрмесі
ұйым дастырылады. Онда елордалықтар
мен қала қонақтары тарихы терең Сыр
өңірінің сырлы тарихы мен мәде ниеті,
жал пы экономикалық ахуалы мен бүгін
гі даму деңгейінен хабардар болады.
Мерекелік шара Л.Н.Гумилев атын дағы
Еуразия ұлттық университетінде өтетін
«Тәуелсіздік жылда рындағы Сыр өңірі
нің жеткен жетістіктері» тақырыбында
мемлекет және қоғам қайрат керлері,
белгілі тұлға лармен және студенттердің
кездесуімен жалғасты.
«Бәрі де бала бақыты үшін!» Дәл
осы тақы рыпта Астана балалар ауы
лында қайырымдылық шарасы өтті.
Онда облыс әкімі Қ.Көшербаев бала
ларға игі тілектерін айтып, естелік сый
лық тарын тапсырды. Осы күні Кон
грессхоллда Сыр елі таланттары «Сыр
– Алаштың анасы» атты мерекелік кон
цертте өнерлерін ортаға салған бола
тын. Сондайақ, фойеде «Тәуел сіз діктің
дара жолы – Сыр елі жетістігі» фото
көрмесі өтті.
80 тонна құрама жем шығаратын «Жан Арай Жем»
құрама жем зауыты құры лып, жылына 80 мың
текше метр темірбетон бұйымдарын шығаратын
үй құ ры лысы комбинаты ашылды. Сонымен бірге
бірнеше ірі инфрақұрылым дық жобалар тұрақты
пайдалануға берілді, олардың қатарында «Батыс
Еуропа – Батыс Қытай» халықара лық автодәлізі,
«ЖезқазғанСексеуілБейнеу» теміржолы, «Бей
неуБозойШымкент» магистральдық газ құбыры
бар. Соңғы төрт жыл да әлеуметтік мәселелер ді
қар жыландыру бойын ша алға шыққан аймағымыз
дың бюджеті 2,5 есе өсті. Мұның барлығы Тәуел
сіздік таңы ат қан нан кейін ғана қойылған талап
тар, жүзеге асқан мақсат тар, – деген аймақ басшы
сы өңірдің дамуы үшін іргелі қадамдар жасалып
жатқандығын, Елбасы қам қор лығындағы өңірдің
болашағы зор екендігін айтты.
Иә, Алаштың анасы атанған елдің бүгінгі
бағын дыр ған белесі көпке үлгі боларлықтай. Об
лыс экономикасын әр тараптандыру нәтижесінде
өңдеуші сек торда өнім өндіру соңғы төрт жыл дың
өзінде ғана 40 пайызға өсті. 2015 жылы барлық
қаржы көздері есебінен тұрғызылатын тұрғын үй
көлемі облыс бойынша 3,5 есеге, Қызылорда қала
сы бойынша 8 есеге артты. Облыс орталы ғында
соңғы үш жылда жаңа 11 шағын мөлтекаудан бой
көтерді. Алдағы мақсат – дарияның сол жағалауына
жаңа қала салынбақ.
Облыс әкімінің сөзінен соң, Рәміздер алаңын
дағы көк байрағымыз көкке көте ріліп, ел әнұраны
орындалды. Шара ға келген тұрғындар мен қала
қо нақ тары рәміздердің көркіне көз тояр әсем ор на
тылғандығына ризашылық тарын жеткізді. Жас тар
дың патриоттық тұрғыда тәрбиеленіп, отан
сүйгіштік қасиетті бойларына сіңіруіне сеп болар
дүние жасалғандығына, бой сергітіп, демалатын
орындар қатарының көбейген дігіне қуанысты.
Дарияны бойлай орын тепкен Қызылорда қала
сын картадан көр гендер, әлбетте, басқаша елесте
теді. Өзенге қарап, жасыл желек астында бой ты
нық тыр ғандар, қол ұстасқан жас тардың сумен
сыр ласа серуен дегені, ертемен тұрып дарияның
таңғы таза ауасымен жүгіргендер. Әрине, шын
өмір де мұндайға жағ дай жасалмағанын қайдан
біл сін! Қуантарлық жаңалық – енді бұған да қол
жетті. Қала күні қарса ңын да Сырдария өзенін жа
ға лай орналасқан Тәуелсіз дік даңғылы ел игілігіне
ұсынылды. Сұлтан Бейбарыс көшесі мен Әбіл
қайыр хан көшесі аралы ғындағы 7,5 шақырымды
құрай тын әсем даңғылға Тәуелсіздік атауы берілді.
Азаттықтың ақ таңымен қауыш тырған қасиетті
Тәуелсіздікке деген құрметі міз дің бір белгісіндей
болған шара ға облыс әкімі Қырымбек Көшер баев
пен арнайы шақырылған құрметті қонақтар, қала
тұрғындары қатысты.
Шара мектеп оқушыларының өлең оқуымен бас
талды. Қаракөздеріміз туған жерге, Отанға, Тәуел
сіздікке деген құрметін сөз патшасының сиқы ры мен
көпшілік назарына ұсынды. Содан соң аймақ бас
шысы сөз сөйлеп, өз құттықтауын жеткізді.
– Ұзындығы 7 шақырымды құрай тын айналма
жол құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен
1 млрд 932 млн теңге бөлінді. Бұл жолдың бойын
да барлық стандарттарға сәйкес жарық бағаналары,
аялдамалар және 7 шақы рымды құрайтын жаяу
жүргіншілер жолы мен арнайы веложолақ қарас
тырылған. Салтанатты түрде ашылғалы тұрған
жаңа көше ынтымақты халқы мыздың мерейін
асқақтататын көрікті орындардың бірі бола берсін,
– деп мерекемен құттықтады.
Тәуелсіздік даңғылының лентасы қиылған нан
кейін автошеру басталды. Көк байрағымызды жел
біреткен темір тұлпарлар шеруін велосипед мін
ген дер мен жүгірушілер жалғастырып, даңғыл
бойымен шеру тартып өтті.
Содан кейін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев
БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, мәртебесі артқан
аймақтың тыныстіршілігі жөнінде айтып берді.
– Халқымыз Тәуелсіздіктің арқасында асыл
арманына қол жеткізіп, бейбіт те берекелі тірлік
кешуде. Осынша уақытта Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаевтың көреген саясатының нәтижесінде
Қазақстанды әлемдік қауымдастық мойындап
үлгерді. Еліміздегі тыныш тық, тұрақтылыққа қы
зы ға да қызғана қарайтындар бар. Елбасы өзі баға
берген Алаштың анасы – Сыр елінің бүгінгі бағын
дырған биігі қуантарлықтай. Тарихқа шегініс жа
сасақ, қиын кезең дерде Елбасының алдына 2 ше
шім жобасы әкелінді. Бірі – Қызылорда облысын
та рату, екіншісі – Арал аймағындағы халықты
бас қа облыстарға көшіру. Бірақ, Елбасымыз екеуін
де қуаттаған жоқ. Керісінше, Сыр халқына қолдау
көрсетіп, қамқорлық танытты. Нәтиже сінде ғасыр
лық жоба қолға алынып, көк теңізіміз қайтып
келді. Экономикамыз өсті. Облыс экономикасын
әртараптан дыру жалғасып, өңдеуші секторда өнім
өндіру соңғы төрт жылдың өзінде ғана 40 пайызға
өсіп, қарқынды дамуда. Облыс орталығында соңғы
үш жылда жаңа 11 шағынаудан салынса, биылдың
өзінде 80 жаңа көпқабатты үй тұрғызы лу да. Ендігі
кезекте – сол жақ жағалаудағы жаңа қаланың құры
лысына кірісу маңызды. Қазіргі кез де 1450 гектар
аумақтың инженерлікинфрақұ ры лы мын дайын
дау үшін «Азия даму» банкімен келі сімдер жаса
лып жатыр. Бүгін, міне, дария жа ға сын дағы даң
ғыл ашылды. Сол жағалаудағы қала ға баспалдақ
болар көпір қараша айында пайдала нуға беріледі.
Яғни, халық дария жағасында тұ рып, оның раха
тын сезінуі керек, – деді аймақ басшысы.
Сондайақ, мереке күні қадірлі қонақтар қала
дағы шыны зауыты құры лысының қарқынды жү
ріп жатқанына куә болды. Аталған нысан құры
лысы ел үкіметінің қолдауымен «Бәйтерек холдин
гі» АҚмен бірлесе басталған болатын. Зауыттың
жалпы құны 52,1 млрд теңгені құрайды. Ал, жоба
ның страте гиялық инвесторы – АҚШтың Steward
Engineers компаниясы. Зауыт үшін Қызылорда
қаласындағы индустриалды аумақтан 50 га жер
бөлінген болатын. Жуырда зауыт қоймаларының
құры лысы аяқталып, барлық құралжабдық тар
әкелінбек. Өз жұмысын келер жыл дың алғашқы
жартыжылды ғында бастайды деп күтілуде. Жылы
на 197 мың тоннадан астам табақша шынысын
шығаруға қауқарлы өндіріс орны энергия үнем деу
ші, оқшауланған, ламинат талған және айна өнім де
рін жасап шығармақ. Сондайақ, зауыт толық іске
қосылғанда 300 тұрақты жаңа жұмыс орны ашыла
тын болады. Осы күні меймандар «ЖанАрай»
ЖШСнің агро өнер кәсіп кешенінің жұмысымен де
танысты. Кәсіпорын негізінен күріш жармасын,
түйіршіктелген құрама жем өндірумен, халықара
лық стандарттар бойынша күрішті ақтаумен айна
лысады. Соған орай, агроиндустриялық кешен
күріш ақтау зауытынан және құрама жем өндіру
зауытынан тұрады. Зауыттардың жобалық қуаты
тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіруге және
тәулігіне 150 тонна күріш ақтауға лайықталған.
Сондайақ, бұл күні шаңырақ көтер ген 25 жұп
отбасына облыс әкімі Қырым бек Көшербаев неке
куәлігін тап сырып, үйленгендеріне 25 жыл болған
«Күміс той» иелерін құттықтады.
– Құрметті жас жұбайлар, үлкен өмірге қадам
басып, адам өмірінде болатын бір реттік қуаныш
тарыңызбен бүкіл Сыр елі атынан шын жүректен
құттықтаймын. Есейіп азамат болып, атаанала
рыңыздың ақ батасын алып, қазақтың дәстүрімен
шаңырақ көтеріп жатырсыздар. Өмір деген – ұлы
көш. Сондықтан, бар жауапкершілік ераза мат
тардың мойнында. Қазақтың әрбір ару қызы ақ
босағаны аттап, ару ана атаныңыздар. Үлкен қара
шаңы рақтың анасы болуларыңызға тілектеспін.
Сіздерге тарихымыздағы белгілі Ұлпан, Домалақ
аналардың жолын берсін. Қазақстандағы бақытты
отбасы қатарын толықтырып, еліміздің демогра
фиялық жағдайын жақсартуға өз үлестеріңізді
қосады деген сенімдемін, – деді ол.
Аймағымызда соңғы уақыттарда отау тіккен
отбасылар саны артып келеді. Мәселен, биылғы
жыл дың 8 айының қорытындысы бойынша Қы
зыл ор да қаласында 1650 жас отбасының некесі
қиыл ған. Ал, Сыр елінде бала туу көр сеткіші жоға
ры лап, республикада алдыңғы қатарға шықты.
Нақ ты айтар болсақ, 2016 жылдың алты айында
об лыс бойынша 8963 сәби дүниеге келген. Қуан
тар лығы, табиғи өсім көрсеткіші 10,4 пайызды
құрап отыр.
Облыс орталығының төл мерекесінде, сондай
ақ, тұрғындар жаңа пәтер кілтіне ие болып қоныс
тойын тойлады. Сонымен қатар, «Романов и К»
ЖШСның автобус стансасы өз жұмысын бастады.
Мемлекеттікжекеменшік әріп тестік негізінде
салынған 80 орын дық «Мерейлім» балабақшасы
есігін айқара ашты. Сенбі күні кешкілік орта лық
алаңда биші субұрқақ іске қосылып, отандық
эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік
бағдарлама ұйымдастырылды. Ертеңіне аудандар
дың ұйымдастыруымен ауыл шаруашы лығы
өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Нағымжан САУЯЕВ,
«Заң газеті»
Остаевтар әулетінің жалпы тәжіри
белері 800 жылдан асады.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев еңбек
ди настияларын ұлықтаудың, қара
пайым еңбек адамдарын құрметтеудің
маңызына ерекше тоқталып, шараға
арқау болған еңбекші отбасыларын
мерекемен құттықтады.
– «Еңбек – әлемнің әміршісі» дейді
халық дана лығы. Сыр елінің даңқын
дала академигі Ыбырай Жақаев бас
таған 102 Социалистік Еңбек Ері шы
ғарса, еразаматтармен бірдей иық ті
рес тіре еңбек етіп, мемлекет байлы
ғын еселеп өсірген Шырынкүл Қазан
баева, Сәлима Жұмабекова, Ұлбала
Алтайбаева, Жадыра Таспамбетова,
Зәкира Ержанова сияқты ақ жаулықты
аналарымыздың ерен еңбектері бүгінгі
жас ұрпақ үшін аңызға айналды. Дала
төсін дүбірлеткен еңбек ерлерінің
жалғасы Сыр елінің перзенттері –
кәсіпкер Абзал Ералиев пен денсаулық
сақтау саласының майталманы Юрий
Пя сынды еңбек ерлері – Тәуелсіз
Қазақстанның мақтаныштары, – деді
аймақ басшысы Қ.Көшербаев.
Форумда еңбек әулеттерінің өкіл
дері еңбекші отбасыларының мерейін
үстем еткен аймақ басшысына алғы
сын білдірді. Шара соңы мерекелік
концертке ұласты.
Салтанат ШАХАНОВА,
Қызылорда облысы әкімі
баспасөз қызметінің инспекторы