түскені бар.
шықты».
марқұм Жекен апамыз.
болғанына шүкіршілік етеміз.
айтып, ризашылықтарын білдірді.
жіберілген, тоналған.
№49 (2827)
6 мамыр 2016
5
zangazet@mail.ru
ТАҒЗЫМ
«СЕН ҚҰРМЕТТЕ
ОНЫ...»
Биыл бұрынғы Кеңес Одағына мүше елдер Ұлы Жеңістің
71 жылдығын тойлайды. Сұм соғысқа Сайрам ауданынан
20 195 адам кетсе, соның 8115-і жат жерде жан тапсырды.
Ұлы ақынымыз Абай Құ нан баев айтпақшы, «Жас қартай мақ,
жоқ тумақ, туған өлмек». Солай болса да, арамыздағы ардагер-
лердің саны күннен-күнге сиреп бара жатқаны өзекті өртейді.
Ресми деректерге сүйенсек, Сайрам ауданында Ұлы Жеңістің 50
жылдығын көзі тірі 1100 ардагер қарсы алса, 55 жылдығын – 592,
60 жылдығын – 438, 65 жылдығын – 110, 70 жылдығын 30 арда-
гер ғана мерекелеу бақытына кенелді. Биыл арамызда 21 ардагер
қалды. Ал, облыс бойынша өткен жылы 432 ардагерге құрмет
көрсетілсе, биыл олардың қатары 326-ға дейін кеміді.
Санаулы ардагерге қандай құрмет-қошемет көрсетсек те ар-
тықтық етпейді. Сайрам аудандық сотының ұжымы жыл сайын
бір ардагердің үйіне арнайы барып, сый-сияпат жасауды үрдіске
айналдырған. Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай, аудан орта-
лығы Ақсукентте тұратын Иван Курчевтің шаңырағына барып,
мерекесімен құттықтап, өзінің қалауы бойынша теледидар сыйға
тартып, азық-түлік жағынан көмектескен болатынбыз. Биыл да
осы ардагерге көмек қо лын созуды жоспарлап отырмыз. Өйткені,
өткен жылы ол кісінің
өте қиын жағдайда тұра-
тынына көз жеткізген
болатынбыз. Кін дігінен
тараған үш ұлы Ресейде
тұрады екен, ал, құдай
қосқан қосағы қайтыс
болып, бір үйде жалғыз
жан қалып қойған. Жасы
тоқсан ды алқымдаған шақта бір шаңырақ астында жападан
жалғыз ғұ мыр кешу өте қиын екені айтпаса да түсінікті. Әйтеуір,
көршісі күн сайын келіп жағдайын сұрап, көмектесіп тұрады
екен. Біз де арда гер атаны назардан тыс қалдырмай, қолдан кел-
ген көмегімізді ұсынуды азаматтық парызымыз санаймыз. Бүгінгі
ұрпақтың, біздің бейбіт өмір сүруіміз осы кісілердің жанқиярлық
ерлігінің арқасы емес пе? Ардагерлер аман болсын деп тілейміз.
Олардың ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталмақ.
Динара ХОЖАМУРАТОВА,
Сайрам аудандық сотының судьясы
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
«Сен құрметте оны,
Түсіндің бе, қарағым.
Ол ақшаға сатқан жоқ
Тізеден кесіп аяғын», –
деп басталатын ақын Әбу Сәр-
сенбаевтың өлеңін бала кез-
ден жаттап, көңілімізге түйіп
өстік. Сол кезден-ақ біздің бала
көңілімізде кеудесі орден-ме-
дальға толы қарияларға деген
үлкен құрмет, ерекше ілтипат
қалыптасқан болатын. Шынында
да, бүгін бізге ертегідей көрінген
сұм соғысқа қаншама бауыры-
мыз аттанып, қаншамасы жат
жерде жантәсілім етті. Майдан-
ға азаматын шығарып салып,
ошағын өшірмей, отбасының
бү тіндігін сақтаған аналарымыз-
дың да сын сағаттағы еңбегі
ерен. Ендеше, тылдағы жұмысты
ты нымсыз атқарған аналар мен
жас балалардың еңбегі де еске-
рілмей, еленбей қалмауы тиіс.
Екінші дүниежүзілік соғысқа
Қазақстан халқының қосқан үле-
сі аз емес. Өйткені, бүкіл одақ тас
елдер атсалысқан майданнан
қан дастарымыз шет қалған жоқ.
Елден аттанған батырлардың
бар лығы жеңісті жақындату жо-
лында тер төкті, барын салды,
жанын берді. 1941-1945 жыл-
дардағы Ұлы Отан соғысына
Қазақстандағы әр отбасынан
жүздеген мың адам қолына қару
алып, ұрысқа өз еркімен қаты-
суға өтініш білдірді. Осының өзі
сол кездегі идеологияның, Отан-
ға деген махаббаттың қаншалық-
ты жоғары, қаншалықты биік
болғанын көрсетсе керек.
Көзі тірі ардагерлердің есте-
лігін тыңдағанда олардың көзсіз
батыр, намысшыл ер болғанын
аңғару қиын емес. Мысалы,
өрімдей жас Мәншүк Мәметова-
ның: «Отбасымыздан майданға
жіберетін ешкім жоқ, ағам да,
апам да жоқ, сондықтан, өзімді
жіберуді өтінемін», – деп әске-
ри комиссариатқа өтініш беруі
жастарды соғыс өртінің еш жа-
сыта алмағанын дәлелдейді.
Әйтпесе осы өтінішті жазғанда
артында тірегі, сүйенер туысы
жоқ Мәншүк Алматы медицина
институтында білім алып жүрген
өрімдей қыз болатын. Жас қызды
бұл кезде ешкім майдан даласы-
на баруға итермелеген жоқ. Осы
әрекеті арқылы, майдандағы
ерлігі арқылы Мәншүк қазақ
халқының батырлығын, өжетті-
гін, рухының өрлігін паш етті.
Осы кезде республика бо-
йынша 2 миллионнан астам адам
әскери даярлықтан өтті. Со-
ғыстың алғашқы кезеңінде 14
ат қыштар және атты әскер диви-
зиясы, 6 бригада құрылып, май-
данға жіберілді. Қазақстандық
36 жеке атқыштар бригадасы
30-дан астам ұлттан құрылды.
Мұның өзі еліміздегі ұлттар
достығының тереңнен тамыр
алатынын айғақтайды. Соғыс
қазақ пен орысты, украин мен
ұйғырды, қырғыз бен кәрісті та-
ныстырып қана қойған жоқ, та-
быстырып, бір мақсатқа жұмыл-
дырып, бауыр, дос етіп жіберді.
Атақты Панфилов дивизия сы-
ның танылғаны да осы шақ.
Генерал М.Панфиловтың басқа-
руымен құрылған 316-атқыштар
дивизиясына Алматы, Жамбыл,
Оңтүстік Қазақстан, Қырғыз-
станнан шақырылған жігіттер
жинақталған болатын. Қазір аты
аңызға айналған бұл батырлар
соғыс кезінде де қандастарға
үлгі болғаны ақиқат. Қазақстан-
дық жауынгерлер Украинаны,
Белоруссияны, Балтық бойын,
Молдовияны азат етуге қатысты.
Мыңдаған қазақ жігіттері кеңес
әскерінің құрамында Шығыс Еу-
ропа халықтарын Гитлердің теп-
кісінен азат етуіне атсалысты.
Берлинге шабуыл жасауға жер-
лестеріміз И.Сянов, Х.Қайдау-
сов, З.Тұрарбеков, Х.Көбеков,
Т.Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Ше-
лихов секілді батырлар қатысты.
Қазақстандықтар партизандық
қозғалыстан да шет қалмады.
Украинаның партизандық құра-
малары мен отрядтарында 1500,
Ленинград облысында 220-дан
астам қазақ жігіті соғысқан де-
ген мәлімет бар.
Екінші дүниежүзілік соғыс-
тағы жанқиярлық жеңіс бізге
оңайлықпен келген жоқ. Бұл же-
ңіс бізге 27 миллионнан астам
сарбаздың қанымен келді. Бес
жылға созылған майдан 27 млн
шаңырақтың отын сөндіріп, қан-
шама ананы жесір, қаншама
баланы жетім етті. Соның ішінде
603 мың қазақстандық азамат-
тық борышын өтеуге кетіп, май-
дан даласында қалды. Кейінгі
ұрпақ олардың рухына бас иіп,
өмірін өнеге тұтады.
Бұл зұлматты соғыста Қа-
зақстан тылдық қажеттілік жақ-
тан үлкен қолдау көрсетті. Бей-
біт мақсаттарға жұмсалатын
қар жы мейлінше қысқартылды.
Осылайша көптеген кәсіпорын-
дар қорғаныс өнімдерін шығара
бастады. Соғыс жүріп жатқан
жерлерден және майданға жақын
аймақтардан 220 зауыт пен фаб-
риканы, кәсіпорындарды Қазақ-
станға көшіру жүргізілді. Сын
шақтарда Қазақстан КСРО-ның
негізгі әскери-өнеркәсіп ба засы-
на айналды. 1942 жылы Одақта
өндірілген қорғасынның 85 па-
йызын, көмірдің 18 пайызын, мо-
либденнің 60 пайызын, октанды
мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын
біздің еліміз берді. Бұл жылдары
күрек ұстауға жараған баладан
бастап, еңкейген қартқа дейін
«Барлығы соғыс үшін, барлығы
майдан үшін!» ұранымен жұмыс
істеді. Ашқұрсақ жүрсе де, Отан
қорғап жатқан батырлардың
азы ғы мен қаруын сайлаудың
қамына кірісті. Ендеше, тылда
еңбек еткен жандардың Ұлы
Отан соғысына қатысушылар-
мен теңестірілуі дұрыс қадам.
Әрине, Жеңіс күні жақын-
дағанда шаралар өткізіліп, кез-
десулер, дөң гелек үстелдер
ұйым дастыру, ар дагерлерге
сый-сияпат тарту ету дәстүрге
ай налған. Бірақ, Отан үшін от
кеш кен жандарға деген құрмет,
тағ зым осы бір күндік шараның
ая сында шектеліп қалмауы ке-
рек. Бүгінгі ұрпақ батырлардың
ерлігін санасына тоқып өсуі
шарт. Ол үшін өмірлік, мәң-
гілік мұра болар игілікті істерді
қолға алатын кез келді. Осыған
дейін соғыс туралы фильмдерді
тек Ресей, Украина елдерінің
шығаруымен тамашалаушы
едік. Олардың өз киносында
қазақстандық батырларға екпін
түсіріп, олардың еңбегін ерекше-
леп көрсетпейтіні белгілі жайт.
Ал, бүгінгі идеологияның бас-
ты құралы бұқаралық ақпарат
құралдары мен кино болған-
дықтан, қазақстандық батырлар
өмірінен фильм түсіру керек-ақ.
Бауыржан Момышұлы, Рақым-
жан Қошқарбаев, Қасым Қайсе-
нов секілді аталарымыздың өмір
тарихынан ұрпақ осы азғантай
фильмдер арқылы хабардар бол-
ды. Соғысқа кеткен сарбаздар-
дың ішінде 500-ге жуығы батыр
атанған Қазақстан үшін ерлік-
ті насихаттап бар болғаны 3-4
фильм жасау аздық етеді. Әлі
де болса отандастарымыздың
бейнесі фильмдерде сомдалады
деген үміттеміз. Сондай-ақ, егіс
даласында ерлерден артық еңбек
еткен қазақ аналарының абзал
бейнесін де ерекше етіп сурет-
тейтін көркем шығарма, көркем
фильм түсіру керек.
Қазір Елбасының салиқалы
саясатының арқасында соғыс
ардагерлеріне ерекше көңіл
бөлініп, көп құрмет көрсетіліп
жатыр. Дегенмен, біз қадірлеуге,
көзі тірісінде өнегесін алуға тиіс
ардагерлер қазір тым аз. Ең бас-
тысы, біз сол арамызда жүрген
тірі шежірелерден шындықты
жазып, айтқызып алуымыз ке-
рек. Соғыс жайлы олардан ар-
тық айта алатын, олардан артық
баяндай алатын ешкім жоқ. Ота-
нын қорғау жолында қасық қаны
қалғанша айқасқан, осынау сын
сағатта кеудесін отқа төсеген
жа уынгерлердің ерлігі тарих бе-
тінде мәңгі сақталып, есімдері
ал тын әріппен жазылуы үшін
бәріміз бір кісідей атсалысып,
батырлар ерлігін баянды етуге
тиіспіз.
Ғ.НӘСІРДІНОВ,
Алматы аудандық сотының
төрағасы
АСТАНА ҚАЛАСЫ
Адамзат баласы әрбір көктем келген
сайын табиғаттан, айналаны қоршаған
ортадан бір жылулық, шапағат, мейірім
күтеді. Себебі, бұл мезгілдің өз ерекшелігі
бар. Бірі тіршілікке нәр берген табиғат тү-
лейтін, жаңаратын кез болса, екіншісі – көз
жасыңды ұялатар – Ұлы Жеңіс күні.
Өткенсіз болашақ бұлдыр. Осы күнге
қайсар ұландарымыздың қанымен, ора-
малы желбіреген апаларымыздың көз
жасымен жеттік. Қаншама отбасында бос
бесіктер шайқалып, шаңырақтың түндігі
ортасына түсті десеңізші. Осындай жан-
қияр лық ерліктің арқасында әлем фашизм-
нен құтқарылды. Бүгін, міне, сол Ұлы
Жеңістің 71 жылдығын атап өтуге ел болып
атсалысып жатырмыз.
Алайда, тарихтың тағылымы тереңде.
Оның парақтарын ашқан сайын сырына
қанық болып, тың мағлұматтарға тап бо-
ласың. Соғыс кезінде Қазақстан халқының
24 пайызы әскерге жұмылдырылды. Ал, екі
майданда соғыс жүргізген фашистік Герма-
ниядағы бұл көрсеткіш небары 12 пайызды
ғана құраған екен.
Біздің әкелеріміз бен аталарымыз асқан
батырлықтың, ерлік пен қаһармандықтың,
туған жер мен еліне деген сүйіспеншілік-
тің теңдесі жоқ үлгісін көрсетті. 500 қа-
зақстандық Кеңес Одағының Батыры
атанды, 100-ден астамы «Даңқ» орденінің
толық иегері болды. Талғат Бигелдинов,
Сергей Луганский, Леонид Беда, Иван
Павлов Кеңес Одағының Батыры атағын
екі рет иеленді.
Қазақстан соғыс жылдары қуатты әске-
ри лагерьге айналды. Жерлестеріміздің жа-
уынгерлік жолдары 1941 жылғы Мәскеудің
түбінде ел үшін ауыр уақытта басталып,
1945 жылы Берлинде аяқталды. Майдан-
ның нағыз бір арсеналына айналған біздің
еліміздің аумағында шамалы ғана мерзім
ішінде Кеңес мемлекетінің батыс өңірлері-
нен ауыстырылған өндіріс ошақтарын қоса
алғанда, 500 зауыт, фабрикалар, шахталар
мен рудниктер ұйымдастырылып, іске
МЕРГЕН
қосылды. Бұл жылдары
тиісті дайындығы жоқ
әскери кадрлардың, тех-
никаның, қорғаныс шеп-
терінің қажетті мөлшерде
болмауынан отандаста-
рымыз үлкен қиындыққа
тап болды. Ақыры әскери
басшылар тығырықтан
шығар жол таппай адам
ресурстарын соғыс шебі-
не қолданып, жазықсыз
жандардың көз жасы-
на қалғаны да жасырын
емес. Осындай қилы ке-
зеңде Отанына жанкешті
қызмет етіп, халқының
бақытын ойлаған аза-
мат жайлы сыр шерткім
келеді. Ол – Жанұзақов
Нұрмұхан еді.
Нұрмұхан атамыз
1925 жылы 10 қыркүйек-
те Солтүстік Қазақстан
облысының Қызылту
ауданындағы Ақсары
селосының Көтөшолақ
ауылында дүниеге кел-
ген. 1943 жылы небары
17 жастағы жігітке май-
даннан шақырту қағазы
келеді. Бұл хабар Жанұ-
зақовтардың шаңыра ғын
шайқалтты. Себебі, осы
хабардың алдында бұл
отбасы қара жамылып отырған еді. Соғыс
бастала салып өз еркімен майдан дала-
сына аттанған Әбікен Жанұзақов кеңес
армиясының құрамына кіріп, темірдей
құрсанған немістердің алғашқы құрбаны-
на айналғандардың бірі болды. Үмітпен
аттанып, кейіннен хабар-ошарсыз кеткен
Әбікеннің 1942 жылдың көктемінде Украи-
наның Харьков қаласы үшін шайқаста қаза
тапқаны белгілі болды.
Алайда, ағасының өлімі жас Нұрмұхан-
ды жасыта алған жоқ. Жер-ананы қорғау
ұландардың басты парызы екенін іштей
түйсінген ол алдымен Петропавл қала-
сында жас жауынгерлер курсынан өтеді.
Осылайша 17 жастағы Нұрмұхан 1943
жылғы 10 наурызда Калинин майданына
жіберілді.
Алғашқы соғыс тәжірибесін, жау-
дан қорғану айла-тәсілін Калинин облы-
сындағы Холм кенті түбінде Панфилов
атындағы 8-ші гвардиялық дивизияның
(бұрынғы 316-шы гвардиялық дивизия-
сы) құрамында жүріп үйренеді. Басында
фашистерге оқ жаудыратын автоматшы
болып, кейін қысқа мерзімді курстан өткен
соң біраз тәжірибе жинап, нысананы дәл
көздейтін снайпер болады. Жау тылында
жүріп, әрбір атылған оқ артта қалған ба-
уырлар, ағайындар, ақ жаулықты аналар
мен ақ уызға мейірі қанбаған балалар үшін
екенін жас жүрегі іштей сезетін.
Қазақстаннан келген жас мергеннің қа-
рымды қадамы, епті қимылынан кейін бұл
ротаның жұмысы алға басты. Әрине, тек
Нұрмұханның ғана емес, барлық жауын-
герлердің қаһармандық ерліктері жауды
таптауға үлкен рух берді. Жан алысып,
жан берісіп жүрген бір ұрыста снайпер
жігіт жараланады, осындай тосыннан
келген әрекет бірнеше рет қайталанады.
Ақыры Нұрмұханды госпитальдан кейін
319-дивизияның 1344-атқыштар полкіне
жібереді. 1944 жылғы 26 қаңтарда Калинин
облысындағы немістердің қорғанысын
бұзу шайқастарында батыр жігіт екінші
рет ауыр жараланады. Әскери госпитальда
емделіп шыққан соң, ол тиісінше үш айлық
демалысқа еліне жіберіледі. Алайда, жа-
уынгердің толық демалуына мүмкіншілік
бермей, бір айдан кейін ол 26-гвардиялық
атқыштар дивизиясының 79-гвардиялық
атқыштар полкіне аттанады. 1945 жылғы
13 қаңтарда немістердің Шығыс Пруссия-
дағы қорғанысын бұзуға қатысады. Дәл
осы кездері Нұрмұханға Кеңес Одағының
Батыры Юрий Смирновпен бірге қызмет-
тес болу бақыты бұйырыпты. Орша түбін-
дегі әйгілі танктік десант рейдін жүзеге
асыру кезінде ауыр жараланған Ю.Смир-
нов жау қолына тұтқынға түсіп, сол жерде
Отан үшін жанын қиды.
– Сол алапат жылдары фашистердің
жантүршігерлік азаптары жауынгер
Ю.Смирновтың сағын сындыра алмады.
Артынан жаудан тартып алынған шептер-
дегі блиндаждардың бірінен батырдың
азап талған денесі табылды. Кейін Смир-
нов тың анасы келіп, қантөгіс ұрыс тарда
аман қалған бізді – Юрийдің жерлес терін
сапқа тұрғызды. Асыл ана бізді құшағына
алып, көзімізге қарап, құса болып жылады.
Сол кездегі ананың жанарындағы қай-
ғының лебі әлі күнге көз алдымнан кетпей-
ді, – дейді батыр өз естелігінде.
1945 жылдың 26 қаңтарында Нұрмұхан
жеңіл жараланып емделген соң, Ленин,
Қызыл Ту ордені және Суворов орденді
Карачевск 16-гвардиялық атқыштар диви-
зиясының 49-атқыштар полкіне бөлімше
командирі болып тағайындалады. Алайда,
Кенигсбергтің оңтүстік-батысында неміс-
тердің шығыспруссиялық әскери топтама-
ларын талқандау кезінде қайтадан жара-
ланады. Соған қарамастан, Великие Луки,
Смоленск, Витебск, Орша, Каунас, Вильно,
Пилау, Фришенау, Инстербург, Кенигсберг
түптеріндегі сұрапыл ұрыстардағы жеңісте
оның үлесі үлкен. Соғыстың аяғына қарай
шығыспруссияда ауыр жарақат алған ол
1945 жылы қазан айында елге оралған
екен. Шайқаста көрсеткен жанқиярлық
ерлігі үшін екі рет «Қызыл Жұлдыз» ор-
денімен, «1-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы
орденімен», «Кенигсбергті алған үшін»
медалімен және соғыстан кейінгі мерей-
тойлық медальдармен марапатталған.
Соғыстан кейінгі жылдары соғыс арда-
гері Көкшетау облысының Қызылту, Ленин
және Ленинград аудандарының шаруа-
шылықтарына араласты. Қолы қалт еткен
сәтте балалары мен немерелерін алақанына
салып тәрбиеледі.
Сүйегі асыл азаматтың өмірі қанды
азапқа толы болды. Сол 30-жылдардағы
ашаршылық, 41-дегі зобалаң, күштеп
ұжымдастыру сынды қаралы белестер
оның өмірінде өшпес із қалдырды. Содан
болар, бұл ұрпақтың бітімі өзгелерге қа-
рағанда тым ерекше. Содан шығар, бұл
жандар өмірге ойлы көзбен қарап, бір түйір
нанның қадірін біледі. Содан болар, жан-
тәнімен ақиқатты, әділдікті сүйеді. Себебі,
Отанның ұлы сөз екенін олардан артық
жете түсінген ешкім жоқ.
Адам үшін әке-шешенің орны ерекше.
Менің әкем де ұрпаққа үлгі боларлық жан.
Сыныптай сырғыған уақыт алды-артыңа
қаратпайды, сол аяулы жаннан айырылға-
нымызға, міне, 16 жылдай уақыт өтіпті.
Ұрпағының есінде ол асқар таудай әке,
үлкен шаңырақтың тірегі, тағдырдың та-
лай тауқыметіне төтеп бере алған қажыр-
лықтың, даналық пен әділдіктің шынайы
үлгісіндей сақталып қалды.
Жыл сайын 9 Мамырды асыға күтемін.
Бұл мереке – мен үшін және барша қа-
зақстандықтар үшін аса мәртебелі мереке.
Отандастарыма көгінде күні күлімдеген
бейбіт өмір тілеймін!
Достарыңызбен бөлісу: