қатысып қайтты.
жүргізіліп келеді.
халықтың сотқа деген сенімі нығаяды деген сөз.
қалыптасуы – сот жүйесінің ахуалына байланысты» деген болатын.
қысқартып, судьялардың жүктемесін азайтуға мүмкіндіктер береді.
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ.
соғады.
мақұлданып, бекітілді.
қосады деген сенімдемін.
№87 (2865)
9 тамыз 2016
5
zangazet@mail.ru
МІНБЕР
Бүгінгінің бас тақырыбы
(Соңы. Басы 1-бетте)
Ақсақалын ардақтаған, үлкендерін құрметтеген
дана халқымыз хансыз, ауылнай, төрелерсіз, тіпті,
абыз билерсіз өмір сүрген қиын-қыстау кезеңдерде
әзиз аналар мен ғазиз ақсақалдардың өсиеті мен
ақылын тындап ләм демей құлақ асатын. Соның
арқасында қилы замандарда бірлікпен ынтымақты
сақтап, ырысы несібесінен айырлыған емес.
Бірде-бір кітапсыз, диктофонсыз, компьютер-
сіз, жазба құралдарынысыз қазақ өркениетінің,
мәдениетінің, әдебиетінің, салт-дәстүрінің бүгінгі
дамыған заманға дейін қаншама алпауыт замандар-
дан саф қалпында аман-есен жетуін ұлттық дүние-
тану мен ұлттық тәрбиенің ұрпақтан-ұрпаққа
рухани сіңірілуінің арқасы десек қателеспейміз.
Сонымен қатар, шетелдегі және шетелден келген
қандастарымыздың туған тіліміз бен дінімізді,
салт-жоралғыларымызды ұмытпай, ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізуі осы сөзіміздің айқын айғағы.
Әйелі мен күйеуінің, әкесі мен баласының, көрші
мен көршінің, ағайын мен ағайынның арасындағы
дау-дамайлар дамыған қазіргі заманда абыз
ақсақалдар мен ақжаулықты аналардың төрелігі
түймедей болып түйедей өрбіген мәселенің әділ
әрі тең шешілуіне, әсіресе, сотқа жетпей байыбына
келуіне ауадай қажет.
Көпке топырақ шашпаймыз, десек те, ақсақал
абыройы мен беделінің шарықтауына кері ық пал
ететін әкімдер, аудан, ауыл әкімдері тек өзде-
рін мақтайтын, жағымпаз ақсақалдар ортасын
тәрбиелеуден аулақ болуы тиіс. Олар, керісін-
ше, ақсақалдармен маңызды істерін ақылдасса,
олардың кеңесіне құлақ асса, халық арасында
туындаған дауды тек сот шешеді деп отырмай,
сотқа жеткізбей, алдын алу мақсатында ақсалдар
мен әжелерді шақырып тараптарды татуластыруға
үлес қосуы керек. Себебі, ұлттың ұлы мұратын
ұлықтап, мемлекеттің ұлттық діңгегін қатайтатын,
елдің тентегін жөнге салатын, ұятты ұл, арлы қыз
тәрбиелеп, ер баланың намысын, қыздарының ар –
ұятын қорғайтын аузы дуалы, өмірден көргені мен
түйгені мол ақсақалдардың қоғам тәрбиелеушісі
ретіндегі тұлғалық болмысының зор екенін естен
шығармағанымыз жөн.
«Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер»
дегендей, ақсақалдар мен ақжаулықты аналардың
батасы жорыққа шыққанда, жол жүргенде періш-
тедей қорған болғаны тарихтан белгілі, ал, теріс
батаның кесірі де тарихи уақиғалардан баршамызға
мәлім. Тіпті, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың
Абайдың ақын шәкірті, көнекөз қария, тоқсанның
алқымына келген Шәкір Әбеновтен өз алдымызға
ел болып мерейленген тұста бата алуы тектілік пен
көрегенділіктің үлгісі. Ал, ақсақалдар билік пен
халықтың арасын жалғайтын алтын көпір іспеттес
болуы керек. Олар қарапайым халыққа, елдің зиялы
қауымына, мемлекеттің жүргізіп отырған саясатын
жік-жіктеп сараптап, ұлттық мұратымызды наси-
хаттап, ұлттың бірлігімен ынтымағын ұйыстырып
отыратын қоғамның қорғаушы күші. Қай заманды
алсақ та бұқара халық әуелі ақсақалдар мен үлкен
кісілердің сөзіне мән берген. Ел арасында біздің
сүйікті Отанымыздың жетістіктерін, еліміздің
азаттығын, ынтымағымыз бен бірлігімізді көре
алмайтын арандатушылардың арбауына халықты
ілестірмейтін, азаматтарға сөзі өтетін, халықтың
көзін аша білетін дария ақсақалдардың беделін
арттырудың ұлттық, рухани, саяси маңызы зор.
Бабаларымыз «Әділ бидің елін дау алмайды,
Әділ патшаның елін жау алмайды» деп қанатты
сөз қалдырды. Ұлы даламыздың дана биі Бәйдібек
бабамыздың: «Керуенбасы мықты болса, түйесі
азбайды, қолбасы мықты болса, сарбазы тозбай-
ды» – деген ұлағатты ұлы сөзінің астарында терең
ой жатқандығы, яғни, ел болудың саяси қазығы
бейнеленгендей. Расымен де, қай заманды, қай
дәуірді алсақ та, ел болудың халықтың бірлігі мен
берекесінің жарасуы, ұлттың ұлт болып дамуы,
ынтымақ пен ырыстың қанат жаюы бірінші ке-
зекте көшбасшылардың мойнына артылатын ауыр
жүк екені даусыз.
Кешегі дария қарттарымыздың, орақ ауыз-
ды, алмас тілді шешендеріміз бен қара қылды
қақ жарған абыз билердің ел басқару, әсіресе,
халықтың тұрақтылығы мен бірлігін ұйыстырып,
еліміздің шетелдермен өзара ынтымақтастығын
реттеп отырған бітімгершілік үрдісінің бүгінгі
заман талабына сай Тұңғыш Президентіміздің
бастамасымен ұштасып, жандануы қуантарлық
жайт. Егемен еліміздегі 100-ден астам ұлт пен
ұлыстың басын қасиетті қазақ елінің киелі қара
шаңырағының астына жинап, ынтымағы мен
бірлігі, ырысы мен несібесі жарасқан мемлекет
болып қалыптасуымыздың негізі Елбасымыздың
көрегенділігі мен саяси алғырлығының, Бәйдібек
бабамыз айтқандай, Тәуелсіз Қазақстанымыздың
керуенбасының мықты болуында.
Бітімгершілік уәжге құлақ аспау көргенсіздік,
тексіздік ретінде бағаланған. «Бітімшілікке
тоқтамағаннан – береке іздеме» деген сөз осы-
дан шыққан. Сондықтан да, 2011 жылдың 28
қаңтарында ҚР-ның «Медиация туралы» заңы
қабылданды. Аталған заңға сәйкес, Қазақстанда
дауларды баламалы шешудің жаңа түрі – медиа-
ция енгізілді. Себебі, қазақ халқы үшін бітімгер-
БІТІМГЕ КЕЛУДІҢ
БЕРЕКЕЛІ ЖОЛЫ ҚАЛЫПТАСУДА
шілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Еліміз-
де «Медиация туралы» заңның қабылдануы,
өркениет көшіне бет түзеген батыл қадамдардың
жасалуы біздің қоғамымызда оң өзгерістердің
жүзеге асыры лып жатқандығының айқын көрінісі
екендігін айғақтайды. Бұл заң – қазақ халқының
дәстүрлі билер мен ата-бабалар тағылымын, әдет-
ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған
игі қадамдардың бірі. Кешегі бабаларымыздың
бітімгершілік заңымен бүгінгі Медиация заңының
арасында үлкен сабақтастық жатыр. Сондықтан
да, Елбасы Судьялар одағының VІ съезінде сот
тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды
азайту мәселесіне назар аударуды, соттан тыс
рет теу дің баламалы тетіктерін, соның ішінде
бітім гершілік және медиация процедураларын
ен гізуді тапсырған болатын. Президентіміздің
сын ескертпелерінен кейін медиация заңы мен
тату ластыру рәсімдерінің маңыздылығы мен
мақ саты елімізде қарқынды түрде насихатталып,
іске асырылуда. Ең бастысы, «Медиация туралы»
заңның қолданыс аясы кеңейіп, дауларды шешу
кезінде тараптарды бітімге келтірудің берекелі
жолы қалыптасуда.
Осы орайда, атап өтетін қуанышты жаңалық
– бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында жер-
гілікті ақсақалдардан құралған кәсіби емес ме-
диаторлар ортасы қалыптасып келеді. Құқықтық
мемлекеттің талаптарына жауап беретін заманауи
отандық сот жүйесінде дауларды бейбіт түрде
шешуге ықпал ететін кәсіби және кәсіби емес
медиаторларға кез келген азаматтың жүгіне ала-
тыны, әсіресе, Елбасымыздың «Медиация туралы»
заңды қабылдап, оны дамыту жолында біршама
нақты бастамаларды көтеруі, құқықтық, зайыр-
лы мемлекет болуымыздың, адамдардың қадір-
қасиетінің сақталуына зор ықпал етіп отыр.
Биылғы жылдың 24 ақпаны күні облыстық
әкімдікпен бірлесіп, арнайы медиация бойын-
ша оқу орталықтары мен кабинеттерді өңірдегі
қалалар мен аудандардан ашу туралы келіссөзге
келдік. Келіссөз қорытындысы бойынша облыстық
соттың және Қазақстан халқы Ассамблеясы
ШҚО хатшылығының бастамасымен облыстық
Достық үйінде Шығыс Қазақстан облыстық соты,
Қазақстан Халқы Ассамблеясы ШҚО хат шы лығы,
ШҚО Әділет департаменті, ШҚО Ішкі Істер депар-
таменті, ШҚО Білім басқармасы және Денсаулық
сақтау басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының
Адвокаттар коллегиясы, «Шанырақ» медиация
орталықтары араларында татуластыру шарала-
ры бойынша өзара әріптестік қызмет жөнінде
меморандумға қол қойылды.
Атаулы меморандумды орындауда республика
бойынша Өскеменде облыстық Достық үйінде ең
алғашқы «Медиация бойынша оқу орталығы» және
«медиация кабинеті» ашылды. Атаулы меморан-
думда тараптар болашақта медиация институтын
дамыту шаралары бойынша қажетті іс-қимылдар
жасауы тиіс екендігін көрсетті. Бекітілген келісім
негізінде облыстағы 14 Достық үйінде осындай
орталықтар ашу туралы шарт жасалды. Шығыс
Қазақстан облысының барлық аудан орталықтары
мен қалаларында, тіпті, ауылдық округтерінде
медиация орталықтарымен кабинеттері толық
ашылып, жүйелі жұмыс атқаруда.
Аймағымыздағы медиация кабинеттері мен
орталықтарының тиісті дәрежеде жұмыс істеуі-
не тек мемлекеттік органдардың ғана емес
ауыл, аудан, қала ақсақалдарының, зиялы қауым
өкілдерінің белсенді атсалысуы, қоғамдағы
бірлікті ұйытуға үлес қосуының маңызы зор.
Сондықтан да, облыс орталығындағы медиация
орталығынан кейін алғашқы медиация орталығы
мен кабинетін Ұлы Абай бабамыздың кіндік қаны
тамған өлкеден бастадық. Игілікті шараға жер-
гілікті тұрғындармен Шығыс Қазақстан облыс-
тық сотының судьяларымен қатар өңірімізге,
тіпті, елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері Арап
Еспенбетов, Кенжеш Мұқашұлы сынды белгі лі
азаматтар арнайы барып, ақ баталары мен қолдау-
ларын білдірді. Осындай көргені мен түйгені
мол елағаларының қолдауынан қанаттанған бас-
тама мыз бүгінгі таңда барша облысымызда қанат
жайып, халықтың алғысы мен ақ батасын алуда.
Еуразия кіндігі Жидебай өлкесінде дүние есігін
ашқан дана Абай барша қазаққа шуақ нұрын шаш-
қандай, осы қасиетті өлкеден бастау алған баста-
мамыз жақсы ниеттің нәтижесі. Атаулы шараға
Абай ауданының әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков
аудан ақсақалдары мен ауылдық округ әкімдерін
арнайы жинап, «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас
шығарып», игілікті істің қарқын алуына өзіндік
үлес қосты. Абай ауданында 2016 жылдың екі
айының қорытындысы бойынша қаралған істер-
дің 6 пайызы татуластыру рәсімімен аяқталса,
әкімдер мен аудан ақсақалдарының белсенді атса-
лысуының арқасында 2016 жылдың 6 айының
қорытындысында қаралған істердің 22 пайыздан
астамы татуласу тәртібінде аяқталуы үлкен нәти -
же. Бүгінгі таңда атаулы бастамаға сәйкес, бар лық
аудан орталықтары мен елді мекендеріне Шығыс
Қазақстан облыстық сотының судялары мен
«Шаңырақ» медиация орталығының медиаторла-
ры арнайы іссапарларға барып, тәжірибелік се-
минарлар мен конференциялар ұйымдастыруда.
Мұндай игі бастамамыз әуелі зиялы қауым өкілдері
және ақсақалдармен ақжаулықты аналардан қолдау
алып, қарқынды жүзеге асуда. Сонымен қатар,
Медиация институтын қолдану мен түсіндіру
және туындайтын проблемалық сұрақтарды шешу
әдістерін анықтау мақсатында Республикалық
және жергілікті БАҚ-тарда мақалалар жария-
лап, телеарналар мен радиоларда сұхбат берілу-
де. Кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың,
адвокатура, ақсақалдар мен БАҚ өкілдерінің
қатысуымен дөңгелек үстелдер, семинарлар,
баспа сөз мәслихаттары ұйымдастырылып, үгіт
насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2015
жылдың қорытындысы бойынша аймағымызда
2 мыңнан астам іс-шара медиация заңын бұқара
халыққа насихаттау мен түсіндіру мақсатында
ұйымдастырылса, биылғы жылдың бірінші
жартыжылдығының қорытындысы бойынша
өңірімізде 2 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылуы
халықтың медиация заңының мән мағынасын
кеңінен түсінуіне, дауларды сотқа жеткізбей ше-
шуге өзіндік ықпалын тигізбек.
2016 жылдан бастап Жаңа азаматтық-құқықтық
кодекстің нормаларына сәйкес, енді қорғаушылар
мен судья дауласқан екі жақты татуластыра ала-
ды. Бүгінгі күні бұл өте құптарлық жайт. Себебі,
2016 жылдың бірінші жартыжылдығында осы
атқарылған іс-шаралар мен оң өзгерістердің
арқасында медиация заңының қолданыс аясы
кеңеюде. Статистикалық мәліметтерге көз
жүгіртсек Шығыс Қазақстан облысы соттарын-
да 2014 жылы барлығы аяқталған істердің 2094
(1,9%) медиаторлардың қатысуымен қаралса, ал
2015 жылдың қорытындысы бойынша барлығы
аяқталған 107218 істің 3577-і (3,3%) медиатордың
қатысуымен қаралған. Ал, биылғы жылы бірінші
жартыжылдықта қаралған 52259 істің – 4336-і
(8,3%) татуласу рәсімімен аяқталуы үлкен жетістік
деп білеміз. Бұл тұрғыда, шығысқазақстандық
судьялардың жоғарыдағы көрсеткіштердің ар-
туына қосқан үлесі зор екеніндігін атап өткеніміз
абзал. Себебі, судьялардың дауды әділ әрі тез, тату-
ластыру тәрбінде кәсіби тәжірибелерін қолданып
өткізулеріне азаматтар дән риза екендіктерін жет-
кізіп, апта сайын алғысхаттар келіп түсіп жатса,
арыздар мен шағымдар саны жыл сайын азаюда.
Сонымен қатар, татуластыру рәсімдері бойынша
қаралған істердің көпшілігі ақсақалдардың, яғни,
кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен өткен.
Медиация заңының насихатталуы және тату-
ластыру рәсімдерінің көбеюі сот төрелігін жүзеге
асырудың сапасын жақсартумен тығыз байланыс-
ты болғандықтан біз бұл бағыттағы жұмыстарды
бұдан да жоғары көрсеткіштерге жеткізу аясында
қарқынды жұмыстар жүргізуге күш саламыз. Сот
төрелігін сапалы әрі дер кезінде жүзеге асыру
заңдылық пен әділдіктің салтанат құруының ке-
пілі болып табылатынын ескеріп, осы қағиданы
әрқашан да ту етіп ұстамақпыз.
Міне, өз алдымызға ел болып, тәуелсіздік алған
тұстан бастап, жыртығымызды жамап, кереге-
мізді кеңейтіп, бабалар аманатын жандандырып
жатырмыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
бас тамасымен «Қазақ елі – Мәңгілік Ел» атанып,
Керей мен Жәнібек хандар бастап кеткен жолды
жалғастырудамыз. Тәуелсіз ел болуымызға алғаш
тұғыр болған сол заманнан бері Қазақ хандығы
«Тар жол – тайғақ кешуде» тағдырдың талай
тәлкегінен өтті. Ұлтымыздың ауызбірлікке ұйыта
білген мызғымас татулығы, өшпес рухы, жалынды
намысы, елдігіміздің еңсесін тіктеп берді.
Қазіргі қиын-қыстау заманда да әлемнің түпкір-
түпкірінде болып жатқан ел ішіндегі зұлымдық
даулардың өрбуі, халықтың бірлігі мен берекесінің
жараспауының зардаптары екені баршамызға аян.
Сондықтан да, «Мәңгілік ел» болуды көксеген
халқымыздың басты мүддесі – Отанды сүю, баба-
лардан мирас болып қалған жеріміз бен елімізді
қорғау, атадан балаға берілетін ұлы мұра – салт-
дәстүрді қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау
және кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау идеясы
жатқанын әрқашан жадымыздан шығармағанымыз
абзал. Атап өтетін өзекті мәселелердің бірі сот
төрелігінің сапалы жүзеге асырылуы. Бүгінгі күні
сот жүйесінде Мемлекет басшысының «Ұлт жоспа-
ры – 100 нақты қадам» бағдарламасын, сот төрелігін
жүйелі іске асыру аясында Жоғарғы Сот төрағасы
Қайрат Әбдіразақұлының басшылығымен жүйелі
жұмыстар жүргізілуде. Елімізде соттан ашық, соттан
жария бірде-бір мекеме жоқ десем қателеспеймін.
Иә, халықтың сотқа деген көзқа ра сы жақсарды.
Дегенмен, халықтың әлі де сотқа үрке қарайтыны
да шындық. Десек те бүгінгі сот жүйесімен кеше-
гі сот жүйесінің айырмашылығы жер мен көктей.
Сот – тәуелсіз, сот – әділ, сот – халықтың тірегі.
Тәуелсіз еліміз сатылап, сан соқ пақ тан өтіп, бүгінгі
күнге жеткен болса, егемен елдің сот саласын да
түлеткен жылдар бойы жасалған жұмыс, ізденіс,
еңбек болатын. Осы күнге дейін Қазақстанның сот
саласы талай жаңашыл реформалардың шеңберінде
қалыптасып, алға дамыды. Заманмен бірге заңның
өзгергенін ха лық біліп те, көріп те жүр. Сол көреген
көздер ке ше гі сот ғимаратын бүгінгі ғимараттармен,
кешегі судья ларға жасалған мүмкіндік пен бүгінгі
қазы лар ға жасалған игіліктің айырмашылығы жер
мен көктей екенін біледі. Кешегі билердің жолын
жал ғап жүрген судьяларға деген құрмет те жоғары,
оларға қойылатын талап та биік. Мемлекеттік ме-
кемелер арасында жариялылық пен ашықтықтың
үлгісі болып отырған сот жүйесі осы уақытқа дейін
қолдаудан, Елбасының назарынан тыс қалған емес.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өз сөзінде:
«Сот-құқықтық реформа сот жүйесінің тиім-
ді лігіне байланысты түбегейлі проблемаларды
шешуді көздейді, бұл мемлекеттің әрі қоғам-
ның басты назарында болуы керек. Соттарда
мыңдаған адамдардың тағдыры, өзара дау ла ры
шешілетіні, олардың құқықтары мен бос тан -
дықтарының қорғалатыны баршамызға мәлім.
Соттар қызметінің тиімділігі, олардың шығара-
тын шешімдерінің әділеттілігі мен жедел және
толық орындалуы – кез келген мемлекеттің
демо кра тиялық дамуының негізгі көрсеткіші.
Соттардың шешімдеріне қарап қоғамның мем-
лекетке деген көзқарасы қалыптасады, заңның
үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың
мүдделерін қорғау қабілеті бағаланады», – деп атап
көрсетті. Шынында да, соттың беделін көтеретін
жариялылық, ашықтық, қолжетімділік қана емес,
оның пәрменділігі сот шешімдерінің орында-
луымен де қуатты болмақ. Сот реформаларының
арқасында қазір аудандық соттардың барлығында
электронды құжат айналымы жолға қойылып,
талап арыздарды көпшіліктің ғаламтор желілері
арқылы жіберіп, бақылап отыруына жағдай
жасалуда. Қағазбастылықтан арылып, уақытты
үнемдеп отырғанымыз да осы реформалардың
жемісі. Соңғы уақытта сот жүйесіне енгізілген
алқабилер соты, медиациялық тәсілмен дау-
ларды шешу тетігінің табылуы, инновациялық
технологиялардың қолданылуы судьялардың
жүктемесін азайтуға үлкен серпін беретін бастама-
лар сот жүйесі дамуының айқын көрсеткіші.
Ұлт жоспарындағы сот қызметіне қатысты
қадамдардағы Президент тапсырмалары мен алға
қойған мақсат-міндеттердің нақтылығы – ұлттық
сот жүйесін дамытудың қайнар көзі. Тұңғыш
Президентіміз айтқандай: «Береке басы – бірлік».
Ендеше бірлігіміз берік, болашағымыз баянды
болсын. Халқымыздың үш данасы, үш көсемі,
қасиетті бабаларымыз – Төле, Қазыбек, Әйтеке
билердің аруағы қолдап жүрсін!» – демекпін.
Достарыңызбен бөлісу: