Жамиғ Ат-Тауарих ("Жылнамалар жинағы") — Қадырғали Жалайыри еңбегінің атауы. Бұл XVII ғасырда жазылған шежіре. Оны кезінде 1825 Қазан университетінің қызыметкері Ибраһим Халифінен Илья Березин (1854) алып Қазанда бастырған.Түпнұсқа тіліАраб тілі, жазылған жылы1602 жыл.Бұл басылыммен Шоқан Уәлиханов, көптеген татар, қазақ ғалымдары таныс болған. Шежіре қазақ тілінде алғаш 1989, содан кейін 1991, 1997 ж. жарық көрді.Жазбаның бас жағы Борис Годунов патшаға мадақ, орта тұсы Рашид әд-Дин шежіресінің ықшам баяны, аяғы Орыс хан мен Оразмұхаммед аралығындағы оқиғаларды қамтыған Шыңғыс ұрпақтарының тарихы.Қадырғали Жалайыри шежіресі Рашид әд-Дин жазбасының көшірмесі емес. Көлемі шағын, бірақ тың тараулары бар жеке тарихи жазба.Ол Қазақстан, Орта Азия, Алтай, Моңғолия елдерінің тарихын зерттеуде тарихи дерек көздердің бірі ретінде қолданылып келеді.
Шығармада қолданылған араб сөздерінің дені – дерексіз (абстракт) ұғым атаулары. Олардың да басым көпшілігі түркі тілдеріне еніп, күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан дәулет, асыл, илтифат, ихлас, ишарат, файда, рәсім, адат тәрізді сөздер. Қадырғали бидің «Жамиғат-ат тауарих» атты шығармасы – XVI ғасыр соңғы ширегіндегі қазақтың ескі жазба әдеби тілінің прозадағы, оның ішінде тарихи-шежіре жанрындағы тұңғыш үлгісі.

Қадырғали шежіресінің құрылымын үш бөліктен тұрады деуге болады: 1-шартты түрде «Мадақ сөз» немесе «Арнау сөз» деп атауға болатынбөлік. Бұл – осы шығарманың « айналасы алты хан, төңірегі төрт хан, дүниенің төрт бұрышын билеген, дүйім хрестиян падишасы атты жақсы – Борис ханға», Борис Годуновқа тарту екенін айтып, оны мадақтау. Мадақ сөз – Қадырғалидың өз төл тумасы. 2 – бөлігі Шыңғыс ханның арғы – бергі шежіресі, ол Рашид ад – дин материалдарының түркі (ескі қазақ) тілінде баяндалуы немесе еркін аудармасы. 3 – бөлігі «Алла тағалла жәрдем беріп», естіген-білгенінен, оқып-тоқығанынан өзі теріп жазғандары. Олар шежіренің соң жағындағы «Урус хан дастаны», «Тоқтамыш хан дастаны», «Темүр Құтлу хан дастаны», «Хажы Керей хан дастаны», «Едіге би дастаны», «Оразмұхамет хан дастаны» сияқты материалдар.