СөЖ-1 Жылу, система, процесс күйі. Орындаған: Нұрмұха Д. Лесбек Қ. Өмірқұл Е. Нұралы Р. Тексерген: Қожабекова Н. Н



Дата15.02.2023
өлшемі1,43 Mb.
#68047

СӨЖ-1 Жылу, система, процесс күйі.

Орындаған: Нұрмұха Д.

Лесбек Қ.

Өмірқұл Е.

Нұралы Р.

Тексерген: Қожабекова Н.Н.

Жоспар:

Күй теңдеуі

  • Күй теңдеуі — термодинамикалық жүйенің температура, қысым, көлем және химиялық потенциал секілді макроскопиялық шамаларын өзара байланыстыратын теңдеу. Күй теңдеуі термодинамикалық құбылыстар орын алатын жүйелерде ақиқат болады. Алайда, шынайы өмірдегі құбылыстардың күй теңдеулері аса қиын болады.

Жылу заңы

  • Г.И.Гесс 1836 жылы өзінің тәжірибесі негізінде жылу заңын ашты. Химиялық реакцияның жылу эффектісі қатысушы заттардың алғашқы және кейінгі жағдайымен байланысты, реакцияның қай жолмен өткеніне тәуелсіз.
  • Мәселен, көміртегі жанып, көмір қышқыл газ түзіледі. Ол газ екі жолмен түзілуі мүмкін:
  • а) C + O2 = CO2 + Q1
  • b) 2CO + O2 = 2CO2 + Q2

Күй параметрлері

  • Экстенсивтік

Интенсивтік

Күй параметрлері

  • Күй параметрлерін экстенсивтік және интенсивтік деп бөледі. Экстенсивтік параметрлер мысалы, көлем, масса системадағы заттың санына пропорционалды. Ал интенсивтік параметрлер мәселен, температура, қысым, тұтқырлық, концентрация заттың санына (мөлшеріне) тәуелді емес. Бұған зер салып қарасақ, энергиянын параметрлермен табиғи байланысын көріп, көптеген коэффициенттерді пайдаланып, энергияның бір түрі басқа түрге қалай ауысатынын және олардың өлшем бірліктерінің де қалай өзгеретінін, ішкі байланысын байқаймыз. Интенсивтік не экстенсивтік параметрлерді интенсивтік фактор және экстенсивтік (сыйымдылық) фактор деп те атайды. Энергияның әр түрлі мәнінде тұрған интенсивтік немесе экстенсивтік параметрлердің орнын ауыстыруға болатыны сияқты, жекеленген параметрлерді (интенсивтік не экстенсивтік (сыйымдылық) фактор болсын) осындағы басқа параметрлермен ауыстыруға болмайды.

Система күйіндегі параметрлердің кез келген өзгерісі процесс деп аталады. Оқулықта жиі кездесетін процестердің кейбір түрлері мыналар:

  • Система күйіндегі параметрлердің кез келген өзгерісі процесс деп аталады. Оқулықта жиі кездесетін процестердің кейбір түрлері мыналар:
  • 1. Изотермалық процесс (T = сопst). 2.Изобаралық процесс (р = сопst)
  • 3. Изохоралық процесс (V=сопst)
  • 4. Адиабаталық процесс (Q = 0)
  • 5. Изобара-изотермалық процесс (р = сопst T=сопst )
  • 6. Изохора-изотермалық процесс (V = сопst T=сопst).

Тұйық процесс

  • Система күйінің біраз параметрлері процесс нәтижесінде өзгеріп, соңында өздерінің бастапқы мәнше қайта оралса, онда мұндай процестерді тұйық процестер деп атайды.

Күй теңдігі

  • Егер системада энергия немесе зат алмасу болмаса және онын, қасиеті уақыт өткен сайын өзгермесе, онда мұндай системаның күйін күй теңдігі дейді. Әйтсе де, ортадан тепкіш күштің, электр-лік және басқа сыртқы әсер ету күштерінің өрісіндегі системаның тепе-теңдік кезіндегі интенсивті қасиеттері бір нүктеден екінші нүктеге ауыса алады, яғни өзгереді, бұл өзгерістерді ескермеуге де болады. Системаның тепе-теңдік күйін уақыт өткен сайын қасиеті өзгеріссіз қалатын тұрақты күйден ажырата білу қажет.

Назарларыңызға рахмет

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет