СөЖ №1 Тақырыбы: Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесі құрылымы


Техникалық реттеу жүйесінің құрылымы



бет2/5
Дата14.03.2023
өлшемі34,62 Kb.
#74212
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат срсп сертификат 1 (1) (копия)

1.Техникалық реттеу жүйесінің құрылымы
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі – техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар.
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі – техникалық регламенттерді және нормативтік техникалық құжаттарды, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын, сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы - аудиторларды және сәйкестікті растау саласында берілген құжаттарды есепке алу құжаты.
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымын:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкiлетті орган;
3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдар;
3-1) аккредиттеу жөніндегі орган;
4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;
5) Саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы;
6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;
7) сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, зертханалар;
8) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар;
9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры .
Қазақстан Республикасы Үкіметінің техникалық реттеу саласындағы құзыретіне мыналар жатады:

  1. техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

  2. мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құру;

  3. техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету;

  4. мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламасын бекіту;

  5. қорғану технологияларын қолдану ережелерін және міндетті қорғалуға жататын құжаттар мен объектілер тізбесін бекіту;

  6. техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің депозитариін құру және жүргізу ережелерін бекіту;

  7. өнімнің, көрсетілетін қызметің, процесстердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесі үшін консультациялық – қеңесші органдар құру;

  8. техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде қабылдау, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, олардың күшін жою;

  9. сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды акредиттеу тәртібін белгілеу;

  10. ҚР Конституциясында, заңдарында және ҚР Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды атқару.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет