2.Техникалық реттеу «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес декларациялау сызбаларында Еуропалық модульдерге тән типті сертификаттау, сәйкестік туралы декларация берілген өнімге инспекциялық тексеру жүргізу, жобаны сертификаттау сияқты элементтерді қолдануға мүмкіндік қарастырылмаған.
Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары:
1.Өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бақылау мен қадағалау жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
2.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімді еткізудің жолын кесуге және оған жол бермеуге ыңпал ету шараларын қолданады.
Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жататындар:
1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы – уәкілетті органның басшысы.
2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары — уәкілетті орган басшысының орынбасарлары.
3.Облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары – аумақтық органдардың басшылары.
4.Облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау мен қадағалау. Жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары – аумақтық органдар басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары.
5.Мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар – аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары.
Техникалық реттеу жүйесінің негізгі мақсаттары – өнімнің және онымен байланысты үрдістердің адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жабдыққа қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін және ішкі нарықты қорғауды қамтамасыз ету.
Осы Заң техникалық реттеу саласында өнімдерге, көрсетілетін қызметке, өмірлік цикл процестеріне қойылатын міндетті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау, сәйкестікті растау, аккредиттеу және мемлекеттік бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өнiмдердiң, көрсетiлетiн қызметтердiң және процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейді.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң техникалық реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
2) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құру;
3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету;
4) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламасын бекiту;
5) қорғау технологияларын қолдану ережелерiн және мiндеттi қорғалуға жататын құжаттар мен объектiлер тiзбесiн бекiту;
6) техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн құру және жүргiзу ережелерiн бекiту;
7) өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесi үшiн консультациялық-кеңесшi органдар құру;
8) техникалық регламенттерді бекіту;
8-1) техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібін белгілеу;
9) аккредиттеу жөніндегі органды айқындау;
10) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де функцияларды атқару.
10-1) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту.