СөЖ 2 Тақырыбы: Мектепте биологиядан білім берудің әдіснамалық мәселелері Орындаған: Бг-31 Жақып Ақерке Қабылдаған: Ақмарал Жексенбаевна Астана қаласы 2023жыл Жоспар
СӨЖ 2 Тақырыбы: Мектепте биологиядан білім берудің
әдіснамалық мәселелері
Орындаған: Бг-31 Жақып Ақерке
Қабылдаған: Ақмарал Жексенбаевна
Астана қаласы 2023жыл Жоспар
Кіріспе Жас ұрпаққа биологиялық білім беруді үйрету дегеніміз-жер бетіндегі тірі ағзалардың тіршілігін, өмірдің қыр-сырын түсіндірудегі ең басты бағалы міндет деп қарау.
-Биологияны зерттеп, оқып-біліп, табиғаттағы болатын үдерістерді түсінуге және биосфераны сақтауға мүмкіндік туғыза отырып, адамзат баласының дамуының басты шарты деп ұғыну керек. Табиғатпен тең құқылы қарым-қатынас, адам мен биосфера арасындағы коэволюция-міндетті түрде болатын үдеріс. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, биология жаратылыстану ғылымы ішіндегі ең бірінші көшбастары деп айтуға болады.
Бүгінгі таңдағы, яғни ХХІ ғасырдағы ең басты проблема мектеп оқушыларына білім беруде биологиялық үдерістердің маңызы үйретудің рөлін күрт жоғарылату деп қарастыру керек. Әрбір мұғалім оқушылардың интеллектуалды потенциалын күшейтуді, қалай іске асыруды және қазіргі өркениетке, мәдениетке сай, білім беруге жұмылдыру, т.б.сияқты мәселелерге жауап беруге борышты. Биологиялық білім беруді жетілдіру үшін оның міндетін, мақсатын анықтай отырып, тіршілік жайлы ілімнің құрылымын, біртұтастығын қалыптастыру барысында теориясын, әдіснамасын,, оның формасы мен әдістерінің арасындағы байланыстарды ашып көрсете білу-ең басты мақсат.
Сондықтан әдіснамалық негізсіз биологияны жеке пән ретінде басқа білім салаларымен байланыссыз қалыптастыруға болмайды.
Оқу-тәрбие беру үдерісінде пәннің мақсатын, мазмұнын дұрыс құруда және қолайлы тиімді формаларымен әдіс-тәсілдерін үйретуде басты көмекті әдіснамадан іздеу,, былайша айтқанда, әдіснамалық тұрғыдан түсіндіру керек; құрылымы, оқу үдерісін логикалық жүйемен ұйымдастыруда әдіснаманың маңызы зор.
Әдістеменің басты мақсаты-әдіснаманың көмегімен теориялық қағидаларды, заңдылықтарды практика жүзінде іске асыру әдістерін қолдана білу.