СөЖ 2 Тақырыбы: Мектепте биологиядан білім берудің әдіснамалық мәселелері Орындаған: Бг-31 Жақып Ақерке Қабылдаған: Ақмарал Жексенбаевна Астана қаласы 2023жыл Жоспар



бет2/2
Дата10.02.2023
өлшемі23,75 Kb.
#66896
1   2
Байланысты:
Ж.Ақерке сөж 3

Негізгі бөлім
Биологиялық білім беруді жетілдіру дамыту үшін ең бастылары оның міндетін, мақсатын анықайтай отырып, тіршілік ілімнің құрылымын қалыптастыра, оның жеке - жеке пәндерін айқындай отырып, ғылыми тұрғыдан білім беру жүйесінің бірұтастығын қалыптастыру болып табылады. Жасөспірімге дүниетану көзқарасын қалыптастыру барысында теориясын, методологиясын оның формасы мен әдісерінің арасындағы байланыстарды ашып көрсете білу ең басты мақсаты. Методологиялық негізсіз биологияны жеке пән ретінде, басқа білім салаларымен байланыссыз қалыптастыруға болмайды.
Оқу тәрбие беру процесінде пәннің мақсатын, мазмұнын дұрыс құруда және қолайлы тиімді формаларымен әдіс тәсілдерін үйретуде басты көмекті метологиядан іздеу, былайша айтқанда метологиялық іздеу, былайша айтқанда методологиялық тұрғыдан түсіндіру керек. Құрылымын және үрдісін логикалық жүйемен ұйымдастыруда методологияның маңызы зор. Жалпылама мектеп қабырғасында білім беру оның ішінде жеке биология пәнінен білім беру методологияның көмегімен қалыптасты. Оның бірінші негізін қалаушы - Ф. Бэкон (1561-1626). Оның идеяларының ең маңыздылары мынадай бес сатыдан тұрады: Ф. Бэкон философиясының негізгі қағидаларын дидактика саласына таратқан, дидактиканың басты негізін қалаушы - Я. А. Коменский (1592-1670). Бұл ғалымның басты идеясы - "Дүниенің құрылымы" түсіну үшін көптеген ғылымдардың ішінен оның ең басты бөлігін сұрыптай, таңдай ала білуі.
Танымды қалыптастыру адамның сезім мүшелері арқылы қабылдап, оның байланыс себеперін айқындай отырып, тәртіпке, табиғи қалыпке келтіру: басқаша айтқанда, белгіліден-белгісізге, жақыннан алысқа, жекеден-жалпыға, жеңілден-ауырға, нақтыдан-дерексіз түсінің. Мемлекет мәдениетінің айнасы-мектеп. Шын мәнісінде еліміздің әлеу-меттік, мәдени, саяси, психологиялық жай-күйі халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс-әрекетінен анық аңғарылады. Осы орайда, жазушы Ә.Кекілбаевтың Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол - арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс -деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала - мектеп және оның мұғалімі.
Жаңа ғасырдың ақпараттық қоғамына қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мәселесіне байланысты 2005 жылы 18 тамызда Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы және Қазақстан Республика-сындағы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасының жобалары ұсынылды. Осы екі жобаның біріншісінде жаңа тұрпатты мұғалімге - рухани жетілген, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне сын көзбен қарай алатын, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашыл-дыққа ұмтылатын тұлға ретінде анықтама берілген.
Мұғалім идеалы - білімнің құндылығын айқын түсінетін, мәдениеті жоғары адам, өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған педагоги-калық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс делінеді.
Кәсіпқой мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үдерістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзыретті тұлға болу керектігіне назар аударылады. Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, оларды топтастыру Оқыту әдістері педагогика саласында талас тудыратын күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Соған орай бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған.
Бұл мәселені зерттеуші авторлар (С. И. Архангельский, С. И. Зиновьев, Н. В. Кузьмина, Т. А. Ильина, Н. Д. Никандоров т.б.) оқыту әдістеріне түрліше анықтама беріп, оларды әр түрлі негізде топтастыруды ұсынады. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам түрі бар
В.В.Всесвятский бойынша XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді. Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік кұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20- 30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар.
М.А.Данилов (1899 1973). Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс- әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген. И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын керсетеді.
Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы.
Биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстарды тиімді қолданулардың алғы шарттары: Осы жоғарыда айтылғандарға сүйене отыра, көздейтін мәселе «Биологияны оқытудағы пән аралық байларыстардың» мән- мағанасын ашу болып табылады Сондықтан: қазіргі заман мектебіне қойылатын талапқа сай.
Биологиялық түсініктерді қалыптастыр уда пән аралық байланыстардың тиімді жолдарын жан- жақты талқылап оны іс жүзінде насихаттау. Пәнаралық байланысты қолданудың әдістемелік көкейтесті мәселесі: оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып, олардың өз беттерімен ізденіс жұмыстарын арттыруга арналады.
Пәнаралық байланысты күнделікті сабақ өткізуге пайдалану биолгия пәнінің мұғалімінің теориялық білімінің тендігін, және жан- жақтылығын, эрудициясын, іздемпаздығын талап етеді. Оқушылардың басқа пәндерден алған білім деңгейі қаншалықты екенін биология пән мұғалім жағында болу тиіс. Себебі, биологиялық түсініктерді кең мағанада түсіну үшін оларды басқа пәндерден алған білімдерін ескере отырып, сабақта тақырыпқа сай сол элементтерді қолдану кажет. Өсімдіктану курсын өткенде тақырыпқа сай «география » пәндерінен алған білімдеріне ой күгірту керек. Өйткені олар география сабағында тропикалық, субтропикалық, шөлді және гаы басқа белдеулердегі топырақтық түрлерін, теңіз балдырын, сондай- ақ көптеген өсімдіктердің таралу аймақтарын жан-жақты, кең мағынада өткен болатын.
Оқушылардың білімін қалыптастырудағы пәнаралық байланыстың негізгі үш тобына тоқталайық:
Биологияны оқытуда мектеп оқушыларына білім мен тәрбие берудің танымдық жағын аттыру әдістерінің бірі пәнаралық байланыстарды пайдаланып, биологиялық есептері шығаруды үйрету. Пән аралық танымды қалыптастырушы есептерді басты үш топқа бөлуге болады.
Биология пәнін оқытуда қазіргі кезде койылатын талаптары мынандай:

  • Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану Жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану;

  • Негізгі білімділік ұғымдарды терең меңгерту;

  • Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • Топтық негізде іздене білу дағдыларын қалыптастыру;

  • Тақырыптық зерттеу жүргізу; Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, өз ойын қорытуға дағдыландыру;

  • Оқушының өз бетімен жұмыс жасау қабілетін жетілдіру, дамыту;

  • Шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы қабілеттерін арттыру. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.

  • Тәжірибе жүзінде білім, біліктілік дағдыларын қалыптастыру;

  • Жаңа терминдер мен сөздіктермен жұмыс жасауға-дағдыландыру;

  • Жаңа технологияларды сабақта пайдалану;

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.Н.Т.Торманов, С.Т.Төлеуханов, Н.Т.Абылайханова, Б.И.Уршеева «Биологиядан білім беру концепциясы және оқытудың инновациялық әдістемелері», оқу құралы, -Алматы: Қазақ университеті, 2016. -281 б. ISBN 978-601-04-1481-5

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет