СөЖ 2 Тақырыбы: Нематодтар немесе жұмыр құрттар класы


Қан айналу және тыныс алу жүйесі нематодтарда болмайды



бет3/4
Дата02.12.2022
өлшемі91,48 Kb.
#54387
1   2   3   4
Қан айналу және тыныс алу жүйесі нематодтарда болмайды. Еркін тіршілік ететін түрлері бүкіл денесі (терісі) арқылы тыныс алады, ал эндопаразиттік нематодтарда тыныс алу процесі анаэробты, яғни оттегі жоқ жерде гликогеннің ашуы арқылы іске асады. Гликоген қоры жұмыр құрттарда белгілі бір жолмен гиподермада жиналады. Гликогеннің анаэробты ыдырауы нәтижесінде түзілген соңғы өнімдері - органикалық қышқылдар, соның ішінде май және валериан қышқылдары қуыс сұйықтығында жиналып, улы, күйдіргіш затқа айналады. Сондықтан құртты сойғанда өте мұқият және абай болу керек.


Жұмыр құрттар типіне тән негізгі белгілеріге жатады:
1. Денесі бунақталмаған (сегменттелмеген).
2. Денеде алғашқы қуыс пайда болады, ол қоршаған ұлпалармен шекараласып
жататын ішкі мүшелердің арасындағы саңылаулар.
3. Жалпақ құрттардан айырмашылығы - көпшілік жұмыр құрттар дара жынысты
және жыныс аппараты өте қарапайым құрылысты.
4. Қан айналу және тыныс алу жүйелері болмайды.
5. Зәр шығару жүйесі түрі өзгерген тері бездері немесе протонефридий типтес
немесе мүлдем болмайды.
6. Жүйке жүйесі ортогон типтес және жабынымен тығыз байланысты, сезім
мүшелері нашар дамыған.
7. Ас қорыту жүйесінде артқы ішегі мен аналь тесігі болады.





Тапсырма. 1 Жұмыр құрттардың құрылыс ерекшеліктерін жалпақ құрттармен салыстырыңдар.
Жалпақ құрттардың негізгі ерекшелігі – тері-бұлшық ет қапшығының болуы. Ол эпителий мен оның астында орналасқан бұлшық ет талшықтарының бірігуінен түзілген. Бұл талшықтар бірнеше қабат (сақина тәрізді, ұзына бойына, қиғаш) түзеді. Жалпақ құрттар осы бұлшық ет талшықтарының жиырылуынан қозғалады.
Жұмыр құрттардың негізгі ерекшелігі - денесі сірқабықпен (кутикула) қапталады. Ауыз қуысы денесінің алдыңғы жағында, ал аналь тесігі – артқы жағында орналасады. Көптеген жұмыр құрттарда тері-бұлшықет қапшығы болады. Көлденең жолақты бұлшықеттері жоқ. Сондықтан жұмыр құрттар денесін қысқарта да, соза да алмайды. Олар денесін тек жан-жағына ғана ие алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет