1. Күшейткіш каскады. Каскад — радиотехникада активті элементтен және оның тиісті жұмыс режімін қамтамасыз ететін ең аз элементтерден тұратын түйін.Құрамындағы элементтер түріне қарай бөлінеді:каскадтар резисторлы,трансформаторлы,дроссельді каскадтар.Күшейткіш элементтер түріне қарай:Бір тактілі каскад - бір күшейткіш элементтен тұратын және шығысынан бір полярлы кернеу алынатын күшейту каскады.Eкі тактілі каскад - екі күшейткіш элементтен тұратын және шығысындағы ортақ шығыс нүктесімен салыстырғанда екі полярлы кернеужәне шамалары жағынан өзара тең, ал бағыттары бойынша бір-біріне қарамақарсы екі ток алуға болатын каскад.Екі тактілі каскадтың күшейткіш элементтер енгізілетін тақ гармоникаларды, ток көзінен енетін тосқауылдар мен фондарьды, шығыстрансформатор өзегіндегі тұрақты қосымша магниггелулерді залалсыздандыратын қасиеті бар.Екі тактілі каскад көбіне трансформатор арқылы жасалады, бірақ ондай каскадты әр түрлі ауысудағы (р-п-р, п-р-гі) транзисторларды аралас қосу арқылы да алуға болады. Екі тактілі каскадтың кірісі де симметриялы болатындықтан, оның алдындағы каскадтың шығысы симметриялы болуы тиіс. Кірісі симметриялы емес, бірақ шығысы симметриялы каскад инверсиялық каскад деп аталады. Ондай каскад екі тактілі каскад пен бір тактілі каскадтар арасына немесе сигнал көзі мен екі тактілі каскад арасына үйлестіруші каскад ретінде қосылады.Ал кірісі симметриялы, бірақ шығысы симметриялы емес каскаддифференциалдық каскад деп аталады.Каскад жүктемесіКаскад жүктемесі (Нагрузка каскада) — кез келген каскадтың шығыс энергиясы берілетін кедергі.Мысалы, кез келген күшейткіш каскадының кіріс кедергісі алдыңғы каскадтың жүктемесі, сондай-ақ қатты сөйлегіш кедергісі соңғы жүктемесі болып табылады.Каскадтық күшейткішiКаскадтық күшейткішi — бір каскадқа кіретін екі күшейту элементінен (әдетте, транзисторлардан) тұратын күшейткіш.Транзисторлар тізбектей, мысалы, бір биполярлық (орістік) транзистор екінші транзистордың коллекторлық (бастау) тізбегіне қосылады. Радиотехникада ішкі шуыл деңгейі төмен, кіріс кедергісі үлкен сызба қажет болғанда қолданылады.