СөЖ №4 Пән: Электроника Тақырыбы: Күшейткіш каскадтар. Күшейткіш каскадтар жұмыс режимі. Орындаған: Қуантқали т топ: ау-601 Тексерген: Турусбекова Б. Ш. Семей 2018 Жоспар



бет1/4
Дата17.10.2023
өлшемі63,18 Kb.
#116838
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
Автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасы


СӨЖ №4

Пән: Электроника


Тақырыбы: Күшейткіш каскадтар. Күшейткіш каскадтар жұмыс режимі.
Орындаған: Қуантқали Т
Топ: АУ-601
Тексерген: Турусбекова Б. Ш.

Семей 2018


Жоспар:
Кіріспе 3

  1. Күшейткіш каскады.................................................................................................4

  2. Күшейткіштердің шығыс каскадтары. Күшейткіштердің жұмыс режимі 4

  3. Күшейткіштердің қызметі......................................................................................4

Қорытынды 9
Пайданылған әдебиеттер 9

Кіріспе
Күшейту режимінде транзистордың қалыпты жұмысын бірнеше параметрлер анықтайды. Бұл ең алдымен транзистордың коллекторлық тізбегіндегі бастапқы ток , оны көбінесе тыныштық тогы деп атайды, яғни өз кезегінде қоректендіру көзінің кернеуінен және базалық R1 жүктемелік R2 резистордың кедергісінен тәуелді болатын кірістік сигнал болмаған жағдайдағы коллекторлық ток. Жүктемелік резистордың кедергісін кірістік сигнал болмағанда қоректендіру көзінің кедергісі онда және транзистордың эмиттер-коллектор аймағында шамамен тең бөлінетіндей етіп таңдайды.
Транзистордың ұсынылған жұмыс істеу режимін тұрақты ток бойынша R1 резисторын таңдау арқылы орнатады, ол арқылы транзистор базасына (эмиттерге қатысты) оны ашатын біріктіру кернеуін (n-p-n транзисторы үшін оң) береді. Біріктірусіз транзистор күшейетін сигналды бұрмалайды немесе күшейту қызметін мүлдем орындамайды.
Транзистор электрлік тербелісті күшейте алатын негізгі шарт – эммитерлі р-n ауысуда тура және коллекторлыда кері кернеудің бар болуы. Бұл шарт n-p-n құрылымды транзисторға қолданылады, егер Uпит тұрақты ток көзінен эммитерге қатысты коллекторға UКЭ оң кернеуді берсе және Rб базалық резистор арқылы базаны қоректендіру көзінің оң полюсімен қосса. Бастапқы кернеулік қосу деп аталатын базадағы оң кернеу транзисторды ашады, және коллектор арқылы мәні транзистордың күшейтуші қасиетінен және қоректендіру көзіндегі кернеуден тәуелді болатын IКколлектор тогы өте бастайды. Базаға электрлік тербелістер (С1 конденсатор арқылы) берілгенде, коллектордағы ток базалық тізбектегі токты үлкен аралықпен қайталай отырып тербеліске түседі.
Күшейткішті жобалау статикалық режим деп аталатын тұрақты ток бойынша транзистор режимін анықтаудан басталады.
Күшейткіштер деп аз қуатты кірістік сигнал қоректендіру көзінен жүктемеге аса үлкен қуатпен жіберуді басқаратын құрылғыны айтады. Күшейетін шама тегі бойынша кернеуді, токты және қуатты күшейткіштер болады.
Жартылай өткізгішті күшейткіш элементтерден (биполярлы және өрістік транзисторларда) құралған күшейткіштер кеңінен қолданылады. Күшейтуді жүргізу мүмкіндігін беретін қарапайым ұяшық күшейткіш каскад деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет