СөЖ 6 Ақын жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азамматтық әуендер


СӨЖ 10 Шортанбай мұрасының жариялануы, зерттелуі. Шортанбай шығармаларын бағалаудағы бұрынғы сыңаржақ пікірлер



бет5/5
Дата18.05.2023
өлшемі35,22 Kb.
#94482
1   2   3   4   5
Байланысты:
19ғ әдебиеті сөж 6-10 (копия)

СӨЖ 10
Шортанбай мұрасының жариялануы, зерттелуі. Шортанбай шығармаларын бағалаудағы бұрынғы сыңаржақ пікірлер
Ақын 1818ж Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түркістан ауданының Қаратау бойында туып, Арқадағы Қарқаралы өңірін жайлаған елде 1881 жылы қайтыс болады. Шортанбайдың туған, өлген жылдары мен өмірлік деректерін алғаш беруші белгілі жазушы С.Бегалин. Шортанбай ақын әдебиетіндегі «Зар заман» деп аталатын әйгілі кезеңнің ірі өкілдерінің бірі Шортанбай шығармашылығына толымды пікір айтқан ғалым М.Әуезов болды: «Бұл кезде сауда капиталы артты. Бұдан ол жеріді. Оның жырының аты «Зар заман» болды. Оның бағыты дін болды. Осы жағынан қарағанда, көп үлгі, көп сарыны Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикметіне» ұқсайды. «Ақырзаман нышаны байқалады» деп көрсетеді. Келесі бір елеулі зерттеу «Қазақ әдебиеті тарихының» 1961ж жарық көрген 2-ші томы Ы.Дүйсенбаев жазған «Ш.Қанайұлы» деген тарау. Ол былай дейді: Шортанбай - өз кезеңіндегі әлеуметтік мәселені тұңғыш рет дерлік тиісті дәрежеде көтере білді. Сонымен қатар соған өзінің шама-шарқынша жауап беруге ұмтылған әдебиет қайраткерлерінің бірі болды. Ол бір жағынан халықтың бай ауыз әдебиеті дәстүрінен қол үзбей отырып, екіншіден, жаңа ғана туа бастаған қазақ халқының жазба әдебиетінің іргесін қалау ісіне ат салысты». Тағы бір Шортанбай шығармашылығы туралы жазылған күрделі де құнды зерттеулердің иесі белгілі академик жазушы С.Мұқанов: «Реалист ақын Шортанбай заманының ірі суретшісі, қөырағы ақыны болғандықтан, ХІХ ғ-да ауылда тап қайшылығын күшейтуге себепкер болған саяси шаруашылық жағдайларды да көреді, түсініп жырлайды» - деп жазады. Шортанбай өз дәуірінің шындығын бұлтарсыз жырлап, көңілдегісін кімге болса да бетке айтатын болған. Қоғамдағы адамның мін-кемшілігін аяусыз сынап жөнге салуды мақсат тұтады.Ақыннан қалған «Зарларда» ел басына төнген қауіп – қатердің зардабы мен нәтижесі не болмақ деген өзекті мәселе дамыта жырланады.С.Мұқанов осы күрделі сұрақты ұтымды оймен жинақтап: «Шортанбайдың үш зары бар, олар: «Зар заман», «Бала зар», «Өлең зар». Осы үш зарда да ол халық басына түскен зарды, заманының зарын айтқан. Бұл үш зарды үш поэма деуге болады, сюжет жағынан бір-біріне жалғап, бірінің мазмұнын бірі өрбітетін поэма» деп жазады.
Ақынның «Зар заман» топтамасына кіретін жырлары оның дүниеге көзқарас, танымын ашып белгілейді. Мұнда ол заманының бұзылып танымастай болып өзгергенін үй – іші, отбасындағы көріністер арқылы дәлелдемек болады: Мұның өзі қар заман
Қарлығаштың белгісі:
Ұл сыйламас атасын,
Қыз сыйламас анасын...
Ақын қазақ даласына жаңадан ене бастаған сауда – саттық пен ақша жайын ақын шошына жырлайды. Ақынның сөз қолдану, көркемдік шеберлігіне келсек, Шортанбай ең алдымен суырып салма дәстүрді берік ұстанған ақын болғандықтан, жыр үлгісіне бейім тұрады. Халық ауыз әдебиетіндегі мақал – мәтелдер мен сөз тіркестерін орнымен тиімді қолданып отырады. Ақын шығармаларында сирек те болса ауыспалы мағынада алынған ұтымды тіркестер де ұшырасады. М: Орыс бүркіт, біз түлкі деген сияқты. Ақын қолданған теңеулерінің өзі нысанаға дөп тиетін өткірлігімен дараланады. «Аюдайын ақырған», «Жөнсіз оқтай қаңғырып», «Шолақ иттей діңкілдеп» т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет