СөЖ №6 Тақырыбы: Көркем еңбек сабақтарын ұйымдастырудың маңызы, сабақтың түрлері Тапсырма



бет2/4
Дата11.12.2023
өлшемі54,28 Kb.
#137809
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
сөж 6

Көркем еңбек сабағының мақсаты: көркем еңбекке оқыту сабағының мазмұны жайлы түсінік беру, көркем еңбекке оқыту мазмұнын талдау принципімен таныстыру.
Еңбекке баулу оқу пәнінің мазмұны:

  • техникалық еңбек;

  • көркем еңбек;

  • дизайн;

  • тұрмыстық еңбек.

Техникалық еңбек. Қағаз, қатырма кағаз, тоқыма, табиғи материалдар, ағашпен және сымтемірмен, техникалық үлгілеумен жұмыс.
Көркем еңбек. Сәндік-қолданбалы қолөнер бұйымдарымен таныстыру: ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар, жиһаз, ыдыс-аяқтар,түрлі тұрмыстық бұйымдары, бұл бұйымдарды әр түрлі ою-өрнектер (геометриялық, зооморф-тық, өсімдік) қолдану арқылы дайындау. Өру элементтерімен таныстыру.
Дизайн. Көркем безендіру; түрлі-түсті қағаздар мен матадан әр түрлі бұйымдарды құрастыру жөне жасау, оларды ұлттық ою-өрнек элементтерін безендіруде қолдану.
Тұрмыстық еңбек. Өзінің киімдерін, оқу жабдықтарын күту; гигиенаны сақ-тау; мектептің (сынып) аумағын жинаудағы бүкіл мектептік түрлі шараларға қатысу. Бөлме өсімдіктерін күту. Бұл бөлімге сабақ уақытында жалпы жүктемеден оқу уақыты бөлінбейді, қажетті дағдылар оқу-тәрбие үрдісі барысында меңгеріледі.
Құрастыру жұмыстарында 1-2 сынып оқушылары конструктордың жиын-тықтарынан бұрауышпен, кілтпен түрлі бұйымдар құрастыруға үйренеді. Ал 3-4 сыныпта осындай бұйымдарды белгілеу, өлшеу,қию, желімдеу арқылы қағаздан, қатырма қағаздан жазық немесе көлемді ойыншықтар жасауға үйренеді.



  1. «Көркем еңбек» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру




  1. Әр сыныпқа арналған оқу жүктемесі:

1-кесте

Сынып

Аптадағы сағат саны

Жылдық сағат саны

1

1 сағат

33 сағат

2

1 сағат

34 сағат

3

1 сағат

34 сағат

4

1 сағат

34 сағат

  1. Әртүрлі жұмыстарды орындау барысында еңбек гигиенасы ережелері мен қауіпсіздік техникасын сақтау қажет.

  2. Оқу пәнінің мазмұны:

1-бөлім «Шығармашылық идеяларды зерттеу және дамыту» - қазақ халқының және басқа халықтардың дәстүрі мен мәдениетін меңгеріп, қоршаған ортада әртүрлі материалдарға зерттеу жасау процесінде, зерттеу дағдыларын және шығармашылық елестету қабілеттерін дамыту бағытында өз идеяларын жасайды;
2-бөлім «Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау» -әртүрлі жұмыс техникаларын меңгеріп және өзінің іс-әрекетін жоспарлап, әртүрлі материалдармен жүргізіп, қоршаған ортаның бейнелеу дағдыларының тәжірибелерін дамытуға бағытталған;
3-бөлім «Презентация, талдау және бағалау» комуникативтік және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған, соның аясында өзінің және басқалардың жұмысын бағалайды, презентациялайды және түсіндіреді;
2-кесте



Бөлім

Бөлімше

1

Шығармашылық идеяларды зерттеу және дамыту

1.1 Қоршаған ортаны білу және түсіну

1.2 Өнер, мәдениет және дәстүрлерді білу және түсіну

1.3 Шығармашылық идеяларды дамыту

1.4 Жоспарлау

2

Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

2.1 Қоршаған ортаны бейнелеу

2.2 Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен техникалары

2.3 Дайындау технологиялары

2.4 Қауіпсіздік техникасын сақтау

3

Презентация, талдау және бағалау

3.1 Презентация

3.2 Өнердегі тәсілдерді талдау

3.3 Шығармашылық жұмысты талқылау және бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет