Модификациялық инновация — бұл, қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған, В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектілері және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық инновация — бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация — білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады. [3]
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру — жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:
оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кеенді түрде қарастыру;
жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;
оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу .
Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың танымалдыққа ие:
Саралап оқыту;
Дамыта оқыту;
Деңгейлеп оқыту;
Шоғырландырып, қарқынды оқыту;
Модульдік оқыту;
Блок-модульдік оқыту;
СӨЖ-10: Критериалды бағалау жүйесі Критериалдық бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.