СөЖ 6: «Тиімді оқыту мен оқу»



бет5/6
Дата22.12.2022
өлшемі62,19 Kb.
#59038
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
6-10 сөж қазақ тілі

Модификациялық инновация — бұл, қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған, В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектілері және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық инновациябұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация —  білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады. [3]
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру — жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:

  • оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

  • оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кеенді түрде қарастыру;

  • оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;

  • жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;

  • оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу .

Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың танымалдыққа ие:

  • Саралап оқыту;

  • Дамыта оқыту;

  • Деңгейлеп оқыту;

  • Шоғырландырып, қарқынды оқыту;

  • Модульдік оқыту;

  • Блок-модульдік оқыту;

СӨЖ-10: Критериалды бағалау жүйесі
Критериалдық бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет