СөЖ Қабылдады: Есимова Р. Ж. Группа: 1-006 педиатрия Дайындады: Абдиганиева Р



бет2/3
Дата07.12.2023
өлшемі20,94 Kb.
#134674
1   2   3
Байланысты:
Қарағанды медициналық университеті

Гистологиялық зерттеу әдістері:
1) оптикалық (жарық сәулесінің көмегімен) микроскопия — жануарлар мүшелерінің тіндері мен жасушаларының ұсақ құрылымын көріп талдаудың негізгі әдісі;
2) фазалық контрасттық микроскопия жануарлардың тірі ттіндері мен жасушаларынан алынған, боялмаған мөлдір гистологиялық жонындыларды зерттеу әдісі;
3) ультракүлгіндік микроскопия — әдіс қысқа ультракүлгін сәулелерді пайдалануға негізделген. Ультракүлгіндік микроскопияда препараттың көрінісін люминесцентті экранда зерттеп, анықтап көріп, фотопластинкаларға түсіріп талдайды;
4) Флуоресценттік (люминесценттік) микроскопия — флуоресценция құбылысына, яғни зерттелетін гистологиялық нысанның сәулелі энергия әсерінен қозуына бағытталған. Флуоресцентті микроскопта флуоресценцияны қоздыру үшін, сәулелі энегия көзі ретінде, өте жоғарғы қысымдағы сынап немесе ксенонды парафиндер қолданылады. Флуоресценцияның екі түрі ажыратылады: 1. өзіндік (біріншілік) флуоресценция — гистологиялық препараттағы жасуша құрылымдарының сәулелі энергия әсеріне байланысты жарық шығарып өздігінен жарқырауы. 2. жасанды (екіншілік) флуоресценция — жасуша құрылымдарының арнайы бояғыш заттар—флуорохромдармен боялуы нәтижесінде ерекше түспен жарық беру қасиеті. Мысалы, қызыл-сары акридин флуорохромымен боялған ДНҚ жасыл, ал РНҚ қызыл түс береді. Екіншілік флуоресценция — өте сезімтал әдіс. Оның көмегімен жасушаның химиялық құрамын да анықтауға болады;
5) авторадиография — жануарлар тіндері мен жасушаларындағы радиоактивті изотоптармен белгіленген заттарды анықтауға бағытталған цитологиялық әдіс Радиографиялык,зерттеуге радиоактивті фосфорды(Р ),көміртегті(С ),күкіртті(S ), сутегті (Н ), немесе осы радиоактивті элементтермен белгіленген қосылыстарды қолданады. Зерттеу кезінде препараттағы белгіленген радиоактивті изотоптан бөлінген сәулелердің әсерінен көріністі тұсірген фотопластинка фотоэмульсиясы құрамындағы бромды күмістен таза күміс түйіршіктері бөлініп,тіндер мен жасушалардағы белгіленген заттардың орын алу орындарын көрсетеді;
6) электронды микроскопия жарық сәулелері толқындарына қарағанда 100000 есе қысқа электромагнит толқындарын пайдалану арқылы нысандарды 100000- нан миллиондаған есеге дейін үлкейтіп көрсететін жаңа өте нәзік микроскопиялық (субмикроскопиялық) зертеу әдісі.Соңғы кезде шыққан микроскоптар гистологиялық нысандардың кеңістіктік үшөлшемдік көлемді зерттелуін қамтамасыз етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет