Қорытынды
Қорытындылай келе, мемлекеттің көп бөлігін шөлді аймақтар алып жатқаны белгілі. Алайда Африканың басқа мемлекеттерімен салыстырмалы түрде елде қара және түсті металлургия саласы қарқынды дамыған. Елдің басты дамыған саласы негізінен мұнай газ саласы болып табылады. Бірақ жоғарыда мәліметтерден байқағанымыздай елдің ауыр металлургия салаларыда артта қалмай, дамып келе жатыр.
Қара металлургияның негізгі шикізаты - темір кені елдің солтүстік-батысында Бахария ауданында, шығысында Эль-Кусейр ауданы, оңтүстігінде Асуан ауданында жоғары деңгейде дамып отыр. Сонымен қатар, марганец және темір-марганец кендері Қызыл теңіз жағалауында және Синай түбегіндегі Халаиб өндіріс аймағында кездеседі. Кендер талшықты және метасоматикалық жыныстармен ұсынылған.
Египеттегі қара металдар нарығының даму перспективалары көбінесе ел экономикасының жағдайына байланысты болып отыр. Мемлекетте болат өндірісі мен жаңа заманауи зауыттардың құрылысы кеңейген сайын, жақын арада болат өнімдерінің көптеген түрлерімен толық қамтамасыз етілуге және тіпті болат импорттаушыдан оның экспорттаушысына айналуға қабілетті екенін атап өткен жөн.
Елде қара металлургия мен қоса түсті металлургия саласыда қатар дамып келеді. Мұнда алюминий, титан, мыс, қорғасын, мырыш және қалайы, вольфрам,тантал, ниобий, молибден, алтын және уран кендері тараған.
«Египет – Нілдің сыйы» деп ежелгі грек тарихшысы бекер айтпаса керек, себебі жері құмды болса да материктік басқа мемлекеттерімен салыстырғанда тап осы ауыр металлургияның екі саласы қарқынды түрде дамып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
В Египте намечается приватизация металлургических предприятий // Металлы мира. - 2017. - №2. - 56 бет.
В Египте построен первый завод по производству специальных сортов стали // Металлы мира. - 2000. - №2. - 16-17 бет.
В чёрной металлургии Египта // Новости чёрной металлургии за рубежом. - 2018. - №1. - 98-102бет.
Египет расширяет производство стали // Металлы мира. - 2017. - №2. - 12-16 бет.
Перспективы развития чёрной металлургии АРЕ // Бюллетень ино-странной коммерческой информации. - 2017. - №58. 14-15 бет.
http://www.mining-enc.ru/e/egipet/
http://www.cgntb.dp.ua/menu_165.html
Достарыңызбен бөлісу: |