СӨЖ: «Қазіргі қазақстандық жастардың құндылықтарын әлеуметтанулық талдау» Кез келген мемлекеттің негізгі қозғаушы күші, заманауи тілмен айтқанда, драйвері – жастар. Олардың ұстанымы, көзқарасы елдің ертеңі, бағдар алған бағыты екені түсінікті. Осы орайда тәуелсіздіктен кейін дүниеге келген жастардың құндылықтары қандай? Олар үшін не маңызды? Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін!» деп жырлап кетті. Ал бүгінгі жастар неге немесе кімге сенеді?
Таяуда Jastar ғылыми зерттеу орталығы «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын жариялады. Баяндамаға сүйенсек, Мәңгілік елдің оғландары құндылықтарының өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, жастардың басым бөлігі дәстүрлі құндылықтарға, атап айтқанда, отбасына басымдық береді екен. Яғни респонденттердің 82,5 % отбасын алғашқы орынға қойған. Бұдан кейін денсаулық (45,6 %), үшінші орында достық тұр (23,1%). Әр бесінші жас қазақстандық басты құндылық ретінде материалдық қамсыз өмірді атап өтеді. Сондай-ақ тізімде сенім, дін (16,2%) секілді басымдықтар бар. Ең қызығы, заманауи Қазақстанның жастары «қоғамның мойындауы, абырой» (1,4%) және «шығармашылық» (1,5%) және «билікке ие болу» (2,8%) секілді мәселелерге мән бермейтін көрінеді. Зерттеу көрсеткендей, жас қазақстандықтардың негізгі құндылықтары кейінгі 5 жыл бойы тұрақты және өзгеріссіз. Ерекшелігі сол, құндылық бағдарының өзіндік симбиозында дәстүрлі және қазіргі заманғы көзқарастардың қиылысуы, сондай-ақ қабаттасуы байқалады. Тағы бір айта кетерлік мәселе, жастар арасында қоғамдық пікірге ықпал ететіндерді саусақпен санай аламыз. Жасөспірімдердің үштен бір бөлігі «мен үшін беделді адамдар жоқ» деп жауап беріпті. Дегенмен «билік өкілдері», «блогерлер, вайнерлер, тиктокерлер» белгілі бір деңгейде ықпал ете алатын көрінеді. Осыдан-ақ дәстүрлі және заманауи көзқарастар тоғысқанын көремізЖастардың құндылық бағдарларын қалыптастыруға объектив және субъектив факторлар әсер етеді. Ендеше, олар сенімді сезініп, дамуы үшін не қажет? Жастардың пікірінше, оны дамытуға қажет үш басты шарт – дәстүрлі материалистік құндылықтар: тұрақты жұмыс (52,8%), жеке тұрғын үй (40,9%) және лайық табыс деңгейі (39,9%). Зерттеу авторлары қоғамда осындай құндылықтар басым болғанда, оның мәдениеті халықтың физикалық күнкөрісін қамтамасыз етуді ғана мақсат ететінін айтады. Күнкөріс қамтамасыз етілгеннен кейін ғана қоғамның мәдениеті оның мүшелерінің субъектив әл-ауқатын арттыруға бейімделе бастайды. Осылайша, заманауи жастардың құндылық жүйесі - бұл дәстүрлі құндылықтардың: отбасы, денсаулық, қарым-қатынас және табысқа жетуіне байланысты құндылықтар: ақша, тәуелсіздік, өзін-өзі жүзеге асыру және т.б. Олардың арасындағы тепе-теңдік әлі тұрақсыз, бірақ алдағы онжылдықтарда оның негізінде жаңа құнды қоғам құндылықтары жүйесі қалыптасады.
Орындаған:Мутигуллиан Аружан,МФК-221
СӨЖ: «Білім беру жəне Қазақстанның үшінші жаңғыруы» Елбасы Н. Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы мемлекет дамуының алдағы басым бағыттарын белгілеп берген маңызды құжат. ақыт бір орында тұрмайды, ол үнемі алға жылжиды. Оның талабына сай адам мен қоғамның өзгеруі де ақиқат. Тәуелсіздігіне ширек ғасыр толған даму үрдісі де өзгеріс үстінде.
Қазақстанда жүріп жатқан білім беру саласындағы өзгерістер мен білім беру бағдарламасын өзгерту үлкен ауқымды іс.
Қазақстанда Білім беру мазмұнын жаңартудың алғы шарттары: «Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаһандану мен жаңғыртудың әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Мектептер оқушыларды түрлі мәдениет өкілдерімен әріптестік қарым - қатынас жасауды, алуан түрлі идеяларды, көзқарастармен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан түрлігіне қарамастан, технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып, бір - біріне сенім білдіруін және әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін әлемде, адамдардың өмірі ұлттық шекаралар аумағынан тыс мәселелерге байланысты болатын әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындауы керек. XXI ғасырдың мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымды өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаhандық пікір алғандығының шынайлығын ұғына отырып, өзінің дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек»
Мұғалім теориялық білімін жаңартылған бағдарлама бойынша іске асырса Қазақстанның әрбір азаматы XXI ғасырда табысты болу үшін қажетті білім мен дағдыны қалыптастырып бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасады.
Мұғалімдердің жаңартылған бағдарламамен біліктерін көтеріп практикада іске асырып жатқан іс - әрекеттері бағдарлама идеясы бойынша «Күтілетін оқу нәтижелеріне» қол жеткізетіні анық және ешкімнің күмәні жоқ. Қорыта келе, ақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпы еуропалық стандартқа сай жаңа білім беру - жеке тұлғаның жан - жақты дамуына әкелетін бірден - бір жол!