Дискуссия Дискуссия мақсаты: Дискуссия қатысушыларының белгілі тақырыптар мен мәселелерге қатысты қызығушылығын оята алу; кереғар пікірлерге жетелейтін оқу мазмұнын әр қырынан қарастыру; мүмкін көзқарастарды анықтау.
Дискуссия барысы: Дискуссияны оқытушының немесе жүргізуші студенттің ашуы:
¨ талқылайтын тақырыптың мақсаты мен міндетін көрсету. Сөз алуға шақыру;
¨ Дискуссияны баяндамаларды тыңдаудан бастауға болады.
¨ Ең болмаса, бір альтернативті сұрақтың болуын қадағалау;
¨ жақтаушы және керіге шығарушы 3-5 аргументов шығарылады.
¨ Қатысушылар сұрақтар қояды, өз пікірін айтады, ұсыныстарын айтады;
¨ соңынан «ия» немесе «жоқ» деген пікірлер саналады.
Дискуссияның жағымды жақтары:
¨ Мәселелер әр қырынан талқыланады;
¨ Жүргізуші дискуссияны үйлестіріп отырады, өз пікірін ала алады, алайда пікірталастыруға міндетті емес.
¨ Оқытушы қорытындыны жинақтап түсіндіреді.
Дебаттар Егер дискуссия соңында топ екіге бөлініп кетсе, онда дебат өткізу жөн. Ол
Бір бірімен айтысуға;
Түрлі пікірлерді айтуға;
Оппоненттерді тыңдауға үйретеді.
Дебат өткізуде қажетті нәрселер: – Оппонент не айтқанын мұқият тыңдау.
– Әр 15 минут сайын студенттер дебаттарды тоқтатып, сенімді аргументтерді жазып алып отырады.
– түрлі пікірлерді тыңдап, олармен келісу яки керіге шығару.
– Соңында оқытушы аргументтерді қорытындылайды, маңызды сәттер мен қисынды қорытындыларды шығарады.
9. Білім алушылардың білімін (пәндік біліктілігінің қалыптасу деңгейін) мониторингілеуге және бақылауға арналған материалдар: Білім алушылардың білімін (пәндік біліктілігінің қалыптасу деңгейін) мониторингілеу: