Жаңаша зерттеулер минералдық заттардың тіршілік үшін маңызды екендігін және биологиялық белсенді заттар – биомикроэлементтердің үлкен топтарын бөліп қарастыруға болатын биологиялық әсерінің жаңа жақта
Жаңаша зерттеулер минералдық заттардың тіршілік үшін маңызды екендігін және биологиялық белсенді заттар – биомикроэлементтердің үлкен топтарын бөліп қарастыруға болатын биологиялық әсерінің жаңа жақтарын айқындады.

Тамақтанудың қажетті құрамдық бөлігі болып табылатын минералдық заттарды зерттеу эпидемиялық аурулардың: эндемиялық жемсау, флюороз, тіс жегісі, стронцийлі мешел қатарларын қысқартылуын және таралуын ескертумен тығыз байланысты.
Минералдық элементтердің физиологиялық маңызы негізінен олардың қатысуымен анықталады:
Минералдық элементтердің физиологиялық маңызы негізінен олардың қатысуымен анықталады:
1) пластикалық үдерістерде және ағза тіндерінің құрамында, әсіресе сүйек тінінде фосфор мен кальций негізгі құрылымдық компоненттер болып табылады;
3) қандағы тұздың құрамын бір қалыпты ұстап тұру және оның элементтерінің формалық құрылымына қатысу.
4) сулы – тұзды алмасуды қалыптандыру.
Кальций мен фосфор тұздарының сүйек жүйесінің басты құрамдық бөліктері болып табылатын белгілі, фосфор жүйке және басқа да тіндердің құрамына кіреді. Қазіргі уақытта жүрек бұлшық еті мен жалпы алғанда барлық бұлшықет жүйесінің дұрыс жұмыс жасауы үшін кальций мен магний тұздарының орны ерекше. Темір тұздары қанның бояушы затының құрамына кіреді де, оттегінің тіндерге тасымалдануына себеп болады, ал мыс тұздарының қанның жасалуындағы ролі ерекше.
Ағза үшін көпшіліктің оны тек дәм беруші зат деп санап кеткен кәдімгі ас тұзының маңызы ерекше. Шын мәніне келгенде, тамақта ас тұзының болмауы немесе ағзаның артық мөлшерде қабылдауы салмақты бұзылыстарға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Ғылыми зерттеулер дәлелденгендей, егер ағза ұзақ уақыт көлемінде ас тұзын қабылдамаған болса, бас айналу, естен тану, жүрек қызметінің бұзылыстары болады. Тұзды артық мөлшерде қабылдау жүрек қантамыр жүйесіне, бүйрек пен басқа да мүшелер жұмысына әсерін тигізбей қоймайды.

Ағзаның минералды заттарды пайдалануы, олардың ішек қабырғалары арқылы сіңірілуі, біраз мөлшерде шығарылатын өнімдерге байланысты. Кальций көздері сүт, сүтқышқылды өнімдер, сүт сарысуы, сыр.
Фосфор ағзаға жануар және өсімдік текті өнімдермен түседі, ішекте жақсы сңіріледі. Жануар текті өнімдерден алынған фосфорлы қосылыстар, бауыр, ми, ет, сыр, жұмыртқа жақсы қолданыста және жүйке жүйесіне, әсіресе ой жұмысымен қызу жұмыс жасағанда қолайлы әсерін тигізеді.
Магнийдің де ағза үшін рөлі үлкен. Ол жүрек қызметіне, сүйек жүйесі жағдайына әсер етеді. Магний тұздары көздеріне қара нан, жарма жатады. Егер қара нан аз қолданылатын болса, яғни бидай нанының ең жоғары сорты пайдаланылатын болса, онда адамдарға жүргізілген зерттеулер көрсеткен-дей магний ағзада азаяды. Осы өнімдерді – қара нан, жарманы көп пайдаланғанда, тағамда сүт және өнімдерінің жетімсіздігі кезінде ағза кальцийді жоғалтады, бұл сүйек жүйесінің зақымдануын болдыруы мүмкін.