Сөж жоспар: Жоспар


Витаминдердің гигиеналық маңызы



бет3/4
Дата26.12.2023
өлшемі1,03 Mb.
#143527
1   2   3   4
Байланысты:
Зоогигиена Даулет

Витаминдердің гигиеналық маңызы.

Отызға жуық витаминдер белгілі болса , оны екі топқа бөледі. Майда еритіндер (А, Д, Е, К) және ерімейтіндер (С, В топтары т.б.). Организмде қандай болмасын бір витаминнің жетіспеушілігі – гиповитаминоз, ал артық мөлшері – гипервитаминоз, ауруларын тудырады.

  • Отызға жуық витаминдер белгілі болса , оны екі топқа бөледі. Майда еритіндер (А, Д, Е, К) және ерімейтіндер (С, В топтары т.б.). Организмде қандай болмасын бір витаминнің жетіспеушілігі – гиповитаминоз, ал артық мөлшері – гипервитаминоз, ауруларын тудырады.
  • Гиповитаминоздың тууына, көбінесе малдарды дұрыс күтіп – бақпау, бір жақты белокты немесе углеводтты азықтар мен көректендіру, сапасы төмен, улы заттары бар, әсіресе витаминдер мен байланысқа түсетін және алмасу процестерін бұзатын азықтар себепші болады. Малдар арасындағы гиповитаминоздар шығу тегіне байланысты бірінші – сырттан азықпен келетін (альминтарлы) және екінші іштен туатын болып бөлінеді. Витаминдердің жетіспеушілігіне, әсіресе жас малдар, буаз, сауылатың сиырлар, ауру немесе ауырып, жазылған малдар өте сезімтал болады.
  • Витаминдер, көптеген ферменттердің негізгі құрамына кіріп, белокты, липидті, углеводты және минералды заттардың алмасу процестерінде елеулі роль атқарады. Олар организмдегі алмасу реакцияларына қатысып, әртүрлі физиологиялық процестерге әсер етіп, өсуі, дамуы, қан алмасуына, жыныстық жүйелердің қызметіне, иммунитетіне, өніміне т.б. әсерін тигізіп өзгертеді. Витаминдердің азықтарда жетіспеушілігінен малдардың өнімдерінде де аз болып, азық шығынын жоғарлатады. Витаминдерге малдардың сұранысы олардың түріне, жасына, физиологиялық жағдайына, күтіміне, протеинді азықтандырудың шамасына, тағы басқа стрессті факторларға байланысты болады.

Витамин А (ретинол, антиксерофталмиялық). Жасыл өсімдіктердің құрамында сары түсті пигмент каротин немесе провитамин А болады. Каротин азықпен бірге малдың ішіне түскен соң, қанға және бауырға сіңіріліп, фермент каротиназының әсерінен, одан витамин А түзіледі. Витамин А-ның каротиннен түзілуі, сол сияқты ащы ішектің қабырғасында да жүреді.

  • Витамин А (ретинол, антиксерофталмиялық). Жасыл өсімдіктердің құрамында сары түсті пигмент каротин немесе провитамин А болады. Каротин азықпен бірге малдың ішіне түскен соң, қанға және бауырға сіңіріліп, фермент каротиназының әсерінен, одан витамин А түзіледі. Витамин А-ның каротиннен түзілуі, сол сияқты ащы ішектің қабырғасында да жүреді.
  • Витамин А-ның ең басты функциясы – көздің, терінің, тыныс жолдарының, жыныс жүйелерінің, бездердің, ас қорту органдарының эпителиялдық тканьдарының қалыпты жағдайын сақтап тұру болып саналады. Бұл витамин-эпителидің «қорғаушысы» - деп аталады
  • Витамин Д (эргокалциферол, антирахитті) – фосфорлы-кальций алмасу процесін қалыптап және сүйек ткандарының түзулуіне әсер етеді. Қарбалас бездердің функциясына әсер етіп, витамин Д, организм мен кальцийді пайдалануына көмектеседі. Витамин Д түрлері Д2 және Д3 болады. Д2 – кальций ферол өсімдіктегі эргостериннен, ал Д 3 - мал терісінде ультракүлгін сәулелерінің әсерінен дегидрохолестериннен түзіледі. Витамин Д жетіспеушілігі минералды алмасуды бұзып, жас малдардың рахит, үлкен малдардың – остеомаляция ауруларына ұшыратады. Ол кезде сүйек ткандарындағы кальцийдің мөлшері азайып, сүйектің беріктігі төмендеп, деформацияға ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет