Организмдегі минералды заттар энергиялық роль атқармаса да, барлық алмасу процестеріне қатысып, азықтардың сіңірілуіне, ткандар мен сұйықтардың қалыпты реакциясын ұстап тұруға, нервтер мен бұлшық еттердің қозу қасиеттеріне әсер етіп, малдардың өсіп өнуі және денсаулығы мен өнім шамасына өзгерістер еңгізеді. Минералды көректенуде негізгі рольді макроэлементтер (кальций, фосфор, магний, калий, натрий, хлор, күкірт) және микроэлементтер (темір, мыс, кобальт, цинк, марганец, йод, селен т.б.) атқарады. Олардың азықта жетіспеушілігі, немесе қатынастарының бұзылуы алмасу процестеріне үлкен өзгерістер кіргізіп, аурулар тудырады.