СӨЖ: Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі фузиялық өзгерістер. Орындаған: Темирбекова Еркежан Топ: 313 Түркі тілдері тарихи дамуының VII-IX ғасырлардағы жай-күйін си паттайтын Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тілінің морфология- лық қүрылымын саралау қазіргі түркі тілдері морфологиялық жүйесін қүрайтын түбір морфемалар мен қосымша морфемалардың түлғалық-мағыналық даму бағытын, грамматикалық-функционалдық әлеуетін айқындауға мүмкіндік беретін өзекті мәселе. Көне түркі тілінің морфологиялық құрылымына талдау жасау ең алдымен ескерткіштер тілінің морфологиялық жүйесін құрайтын түбір мор фемалар мен қосымша морфемалардың жадны корпусын сомдауды, олардың қазіргі түркі тілдеріндегі сақталу деңгейі мен өзгерістерін ажыратуды міндеттейді. Қазақ халқының дәстүрлерінің рухани тамырлары, ішкі негіздері сақ, ғұн, түркі мәдениетінде жатқандығын қазіргі таңда зерттеушілеріміз ғылыми тұрғыда дәлелдеп, тұжырымдай түсуде. Өткенді зерделемей бүгінгіні жүзеге асыру, алға қадам басуымыз мүмкін емес екендігі белгілі. «Іздену, ұғыну, өткенге құрметпен қарау - бұл халықтың іштей түлеп, өзін-өзі тану жолына түсуі, өркениетті қоғамдағы озық халықтардың қатарына терезесі тең қатар қосылуы» - дейді көрнекті философ А.Х. Қасымжанов.
Бүгінгі таңда қазақ және өзге де түркі елдері алдында өзекті мәселелердің бірі руникалық түркі жазба ескерткіштері өзін зерттеуді тек көне тарих жазылып қалдырған кезеңнен емес, бастауын сонау ғұн, сақ мәдениетінен іздеуді меңзейді. Орталық Азиядағы алғашқы ірі көппелі ғұндар империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың соңында құрылды. Бұл ұлы патшалық Байкалдан Тибетке, Орта Азиядан Қытайдағы Хуанхэ өзеніне дейінгі аралықты мекендеп, сандаған жылдар бойы осы территорияда өз үстемдігін жүргізіп отырды. Ғұн тайпалары алтай тілдес тайпалар қатарына жатқанымен, оның құрамында әртүрлі тілдерде сөйлейтін тайпалық одақтар мен шағын рулар да бар еді. Осындай тайпалық одақтардың түрлі жағдайларға байланысты әлсіреуі нәтижесінде Орта Азия территориясында түркі этногенезінің, яғни түркі тілдес тайпалық одақтарының бірігу процесі басталды.
Жалпытүркілік тектілден (протоязык) өрбіп, өзара тоғысу, қайта ыдырау тәрізді тілдік үдерістерді бірнеше мәрте басынан өткізген, өзіндік ерекшеліктерімен, бітім- болмысымен сараланатын, сан ғасырлық дербес даму жолынан өтсе де жалпытүркілік табиғатын сақтап келе жатқан қазіргі түркі тілдерінің қалыптасу ерекшеліктерін, өзара туыстық деңгейін анықтауға арқау болып отырған құнды тілдік дерек - YII-IX ғасырлардан жеткен көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Орхон, Енисей, Таласескерткіштері тілі түркі жазба тілінің бізге жеткен ең көне нұсқасы болғандықтан қазіргі барлық түркі тілдеріне тән басты фонетикалық, грамматикалық заңдылықтардың бағыт- бағдарын, өткен кезеңдердегі қалып-күйін, ортақ лексикалық жүйенің дамуын айқындауға мүмкіндік береді. Көне жазба мұралар тілінің лексикалық құрамы, фонетикалық жүйесі мен морфологиялық, синтаксистік құрылымы, стильдік ерекшелігі қазіргі түркі тілдерінен де көрініс тауып отыруы тек табиғи-генеалогиялық сабақтастықты ғана көрсетіп қоймайды, жалпытүркілік рухтың, тілдік сананың беріктігіне де дәлел бола алады. Түркі халықтарының ұлттық-мәдени болмысын, тарихи-әлеуметтік сипатын танытуға қызмет ететін жалпытүркілік танымды жаңғыртып, түркі жұртшылығы арасындағы рухани үйлесімділік пен тарихи тұтастықты сақтауға жол ашады. Бұл көне түркі жазба мұраларын зерттеудің тек түркілік тілтану ғылымында ғана емес жалпы түркі әлемі аясындағы өзекті мәселе екенін көрсетеді.
Көне түркі дәуірінде өмір сүріп, артына мол жазба мұра қалдырған мемлекеттік деңгейдегі түркілік бірлестіктер тек этникалық негізде ғана емес, географиялық-аумақтық негізде де құрылғаны тарихтан белгілі. Кең байтақ аумақты алып жатқан түркі елі өзіндік тілдік ерекшеліктері бар бірнеше түркі этникалық топтарын қамтығанын, сол көне тайпалардың қазіргі түркі халықтарының этностық құрамына шашырай таралғанын ескерсек, көне түркі жазбаларының барлық түркі халықтарына ортақ жәдігер, ортақ құндылық екені анық. Көне тілдің ерекше белгілері қазіргі тілдердің тек біреуінен ғанаемес, әр топтағы бірнеше тілдерден көрініс беруі де кезінде өзіндік диалектǐлǐк ерекшелǐктерǐ бар жалпытүркілік ортақ жазба әдеби тілінің қолданыста болғанының куәсі. Сондай-ақ әрбір мемлекеттік деңгейдегі тайпалық бірлестіктер құрамындағы саны жағынан басым топтардың немесе билеуші тайпалардың тілі де басымдыққа ие болатынын естен шығармау керек. Соған орай, көне түркілердің қазіргі мұрагерлерінің көне түркі жазба ескерткіштеріне қатысы қаншалықты дәрежеде, үлес-салмағы қандай деген мәселелердің туындауы да заңды. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде көне түркі тілінің фонетикалық, лексика-грамматикалық құрылымын дәлме-дәл қайталайтын бірде-бір тіл жоқ.
Тіл үнемі даму үстіндегі құбылыс болғандықтан, бұл – табиғи лингвистикалық заңдылық. Сондықтан ҮП-ІХ ғасырлардағы көне түркі елінің ортақ әдеби тіліне арқау болған тайпа тілін немесе диалектісін анықтау көне жазба мұралар тілін қазіргі түркі тілдерімен бірден жеке-дара салыстыру негізінде емес, сол дәуірлерде өмір сүріп, түркі қағанаттарының құрамында болған көне тайпаларға тікелей қатысы бар қазіргі түркі тілдерінің макротоптарын құрайтын бірнеше тілдер деректері негізінде қарастырса нәтижелі болмақ. Сондай түркілік макротоптардың бірі – көне түркі бірлестіктерінің құрамында болған көне қыпшақ тайпаларымен тікелей генетикалық-тарихи жалғастықта қалыптасқан, қазіргі түркі тілдерінің қыпшақ тобын құрайтын – қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, қырым татарлары, башқұрт, құмық, қарайым, қарашай-балқар халықтарының тілдері. Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тілі мен қазiргi қыпшақ тілдері салыстырмалы-тарихи негǐзде арнайы зерттеу нысаны ретǐнде алынбауы көне мұралар тілін оғыздық, ұйғыр-оғыздық, қырғыз-қыпшақтық сипатта тануды қалыптастырып, батыс қыпшақ тǐлдерǐне қатысы күңгірт қалып отыр, бұл жұмыстың өзектiлiгiнiң тағы бǐр қырын анықтайды.
Рәміз - ерекше тарихи құбылыс ретінде байырғы түркі халықтарының рухани және материалдық мәдениетінің ақиқат болмысын айқындайды. Жазба тілі мәдениеттің құбылысы және ол рухани күш. Сондықтан рәмізбен семиотикалық таңбалар арқылы адам кез келген құбылысты қабылдап, оған баға беріп, өз көзқарасы мен ойын білдіре алады, өрнектейді. Мәдениеттанушы Л. Фоллерс «ұлттар мен ұлттық мемлекеттердің ең елеулі мәселелері көбіне-көп экономикаға, саясатқа және қорғанысқа қатысты емес, материалданбаған, көзге көрінбейтін рәміздерге қатысты болып келеді», - деп ой түйеді.Осы тұрғыдан алғанда, дәстүрлі түркілік дүниетанымның рәміздік астарларын айқындау өте маңызды. Байырғы түркілік рәміздерді талдау халқымыздың рухани дамуының дүниетанымдық мәселелерін козғау мен болашақ дамуының жолдарын айқындауға түрткі болмақ.
Шығу тегіміздің тамыры, асыл қасиетіміз, бай тарихымыз ата-бабамыз ер түріктермен байланысты екенін көрсетеді. Олай болса, көне түркі жазуының сипатын айшықтамай, түркілік болмыстың ерекшелігін түсіну мүмкін емес екені анық, ал бұл арнадағы зерттеулер соңғы жылдары ғана қолға алынып келеді. Сондықтан да байырғы түркілердің ұрпағы, жалғасы, яғни біздер үшін, бүгінгі өмір сүріп отырған ұрпақ үшін тасқа қашалып жазылған сырға толы рәміздік жазулардың деректік мағынасы мен негізгі идеясын ашу зерттеудің көкейтестілігі болмақ.